Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы
2001 ж. 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2-тарау. Мәслихаттарды құру, олардың құзыреті және қызметін ұйымдастыру | |
| |
3-тарау. Әкімдер және әкімдіктер. Құрылуы, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі», «орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің» деген сөздер тиісінше «орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі», «орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен тақырыпта, кіріспеде «жергілікті мемлекеттік басқару», «жергілікті мемлекеттік басқаруды», «Жергілікті мемлекеттік басқару», деген сөздерден кейін тиісінше «және өзін-өзі басқару», «және өзін-өзі басқаруды», «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылды; заңның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «әкімият» деген сөз тиісті жалғаулары ескеріле отырып «әкімдік» деген сөзбен ауыстырылды (бұр. ред. қара);
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)» деген сөздер тиісінше «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы», «облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1- бап жаңа редакцияда
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкім - жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі;
2) әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
3) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасы - тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі;
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
6) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
7) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) қызметінің мәселелері;
8) жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі;
9) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
10) жергілікті өзін-өзі басқару органдары - осы Заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
11) жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
12) мәслихат аппараты - тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
13) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны;
14) мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету функцияларын жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;
15) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-бап. Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заң Алматы қаласының айрықша мәртебесi және астана мәртебесi туралы заңдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде Алматы қаласы мен астананың аумағында қолданылады.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен Заң 2-1-баппен толықтырылды
2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері
1. Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) шегінде жеке жүзеге асырылады.
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтің, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың (селоның) әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
3-бап. Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi
Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн:
1) жергiлiктi бюджет;
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлiк;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.
4-бап. Мәслихаттар мен Әкімдіктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер
1. Мәслихаттар мен Әкімдіктер өз қызметiнде:
1) жалпы мемлекеттік сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Мәслихаттар мен Әкімдіктерге Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады.
3. Мәслихаттар мен Әкімдіктер қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.
2-тарау. Мәслихаттарды құру, олардың құзыреті және қызметін ұйымдастыру
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 5 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-бап. Мәслихаттарды құру тәртібі
1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
3. Тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi.
6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
7. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.
8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
11.05.04 ж. № 552-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 09.07.04 ж. № 583-II ҚР Заңымен; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен; (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен; (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен; (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Мәслихаттардың құзыретi
1. Мәслихаттардың құзыретiне:
1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
2) тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелердi шешу;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту;
4) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
4-1) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;
5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті Әкімдіктің дербес құрамын келісу;
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткізу жолымен сайлау;
8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;
9-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;
9-2) бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;
10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікті азайту бағдарламаларын бекіту;
12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
12-1) әкімнің ұсынысы бойынша «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру;
12-2) «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережелерін бекіту;
13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2008.24.12. № 111-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретіне сонымен бірге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу, әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекіту және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау жатады.
2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерін бес жылға қызметке тағайындау, сондай-ақ оларды қызметтен босату жатады.
3. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сонымен бірге тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады.
3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi Әкімдіктердің ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары қоршаған ортаға жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орман пайдаланғаны үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін эмиссия үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер ставкаларын бекітеді.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ядролық қондырғылар мен объектілерді салуға келісім беру туралы мәселені қарайды.
7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-бап. Мәслихаттың актілері
1. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актілері болып табылады.
2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
3. Мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресми жариялануға тиiс және ол тиiстi аумақта орындалуға мiндеттi.
4. Мәслихаттың жалпыға бiрдей мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты шешiмдерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Әдiлет министрлігінiң аумақтық органдарының мемлекеттік тiркеуiне жатады.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртібімен жойылады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
1. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
2. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың есептерiн тыңдайды;
2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;
3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгiленедi;
5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.
2006.04.11. № 186-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Мәслихат регламентi
Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау депутаттардың сауалдарын қарау тәртібі, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттігі, қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ дауыс беру тәртібі, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсiмдiк және ұйымдастыру мәселелерi сессияда бекітілетiн мәслихаттың регламентiнде белгiленедi.
10-бап. Мәслихат сессиясын шақыру тәртібі
1. Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
2. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкiн.
3. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн қалғанда табыс етедi.
11-бап. Мәслихат сессиясын өткізу тәртібі
1. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткiзiледi.
2. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
3. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
Шешiмдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
4. Сессия жұмысында мәслихат шешiмi бойынша мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жасалуы мүмкiн.
5. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi.
6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiмен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледi.
7. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшылары, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшiн мәслихат сессиясына келуге мiндеттi.
12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi
1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.
3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.
13-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар
1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады.
2. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.
3. Тұрақты комитеттерде көпшiлiктiк тыңдаулар өткізу тәртібі мәслихат регламентiнде белгiленедi.
14-бап. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi
1. Тұрақты комиссиялар:
1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;
2) өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
3) өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
4) өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
2. Әкімдік, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі
1. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.
2. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
Комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комитеттiң төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
3. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.
ҚР 21.12.04 ж. № 15-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
17-бап. Мәслихаттың уақытша комиссиялары
1. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.
2. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
3. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.
18-бап. Мәслихат сессиясының төрағасы
1. Мәслихат сессиясының төрағасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
2. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау тәртібі мәслихат регламентiнде белгiленедi.
3. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.
4. Мәслихат сессиясының төрағасы:
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
2) мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
5. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады.
6. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
19-бап. Мәслихаттың хатшысы
1. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі iс-шараларды белгiлейдi;
11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының хатшысы тиісті мәслихаттың қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оны қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді.
4. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
5. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Мәслихат депутаты
1. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
3. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:
1) депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) депутатты әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) депутат қайтыс болған, депутатты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан тоқтатса;
6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкімі заңды күшiне енсе;
7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9) тармақша өзгертілді
9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса;
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
4. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.
5. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Өз қызметін мемлекеттік бюджет есебінен ақы төленетін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, шаруашылық субъектісін басқаруға дербес қатысуға, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
21.05.02 ж. № 324-II ҚР Заңымен; 11.05.04 ж. № 552-II ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2006.04.11. № 186-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Депутаттың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары мен мiндеттерi
1. Депутат:
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізуге;
5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
6) тиiстi Әкімдік отырыстарының жұмысына қатысуға;
7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
8) фракциялар мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы.
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы, жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе тұруға міндетті.
3. Мәслихаттың әрбір депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік беріледі.
Мәслихат депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша тиісті мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы.
Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға және оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге міндетті.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 21-1-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара);2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 21-1- бап өзгертілді
21-1-бап. Депутаттық сауалдар
Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.
Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.
Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.
ҚР 2006.04.11. № 186-III Заңымен 21-2-баппен толықтырылды
21-2-бап. Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
1. Мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Тексеру комиссиясының төрағасы және мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.
2. Фракция - заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол мәслихатта тиісті саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің мүдделерін білдіру мақсатында құрылады. Фракция мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс. Депутаттың тек бір ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
3. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттіктерін, сайлау округтеріндегі бірлескен жұмысын жүзеге асыруға арналған бірлестігі. Депутаттық топтың құрамында мәслихаттың кемінде бес депутаты болуға тиіс.
4. Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта болады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
22-бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу
Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 23- бап жаңа редакцияда(бұр. ред. қара)
23-бап. Мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері
1. Мәслихат өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген оның өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
2. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Қазақстан Республикасының Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда тоқтатылады.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 24- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
24-бап. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру өкілеттігі
1. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
2. Әкім ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіруі туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен Заң 24- 1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату
1. Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасау туралы шешімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаты қабылдайды, бұл туралы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясына және Парламент Сенатының депутатына үш күн мерзімде хабарланады.
2. Таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттарының атынан өкілдік ететін таңдаушылардың жалпы саны даусының кемінде жиырма бес проценті, бірақ бір мәслихаттан таңдаушылар даусының кемінде жиырма бес проценті қолдауға тиіс.
Таңдаушыларды қолдау олардың қолдар жинауымен куәландырылады. Қолдар жинаудың басталуы туралы шешімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаты қабылдайды. Қолдардың жиналуын Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасаған таңдаушылар ұйымдастырады.
3. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасау туралы мәслихаттың хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей бастамашыларға шығарылған шешімді қолдауға қолдарды жинау үшін қол қою парақтарын береді.
Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға, онда өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасалған Парламент Сенаты депутатының тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ өз қолдарын қоятын таңдаушылар туралы мынадай мәліметтер:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) өзі депутаты болып табылатын мәслихат;
3) туған күні, айы және жылы;
4) тұрғылықты мекенжайы;
5) жеке қолы қамтылған бағандар болуға тиіс.
Қол қою парағының үлгісін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.
4. Қолдарды жинау облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясынан таңдаушылар қол қою парақтарын алған күннен бастап отыз күннің ішінде жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзім аяқталған соң қол қою парақтары облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясының қабылдауына жатпайды.
Толтырылған қол қою парақтары облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясына тапсырылады, ол паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып, бес күн мерзімде жиналған қолдардың дұрыстығына тексеруді жүзеге асырады және тиісті хаттаманы ресімдейді.
5. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы қойылған қолдардың дұрыстығын тексергеннен кейін Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы мәселені дауыс беруге шығару туралы шешім қабылдайды.
6. Егер қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру нәтижесінде жиналған қолдардың бір проценттен астамының дұрыс еместігі, не жиналған қолдардың саны осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталса, тиісті сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы мәселені дауыс беруге шығарудан бас тартады.
Мәселені дауыс беруге шығарудан бас тартылған күннен бастап бір жылдың ішінде сол негіздер бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы мәселені қайтадан қозғауға жол берілмейді.
7. Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаттың хатшысы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы өкілеттігін тоқтату туралы мәселе қозғалған депутатқа мәселені дауыс беруге шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес күннен кешіктірмей жазбаша хабарлауға тиіс.
Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы дауыс беру бойынша таңдаушылардың бірлескен отырысы, дауыстарды есептеу және қорытындыларын белгілеу облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы мәселе қою жөнінде шешім қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей жүргізіледі.
Дауыс беруге арналған бюллетеньнің мәтінін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.
8. Егер бірлескен отырысқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттарының атынан өкілдік ететін сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі қатысса, бірлескен отырыс заңды деп есептеледі.
Бірлескен отырыста Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату бойынша дауыс беру, егер оған қатысып отырған таңдаушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп есептеледі.
Бірлескен отырыста төрағалық етуші облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаттың хатшысы болып табылады.
Таңдаушылардың бірлескен отырысына облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысады.
Таңдаушылардың бірлескен отырысы өтетін үй-жайда облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.
Тиісті мәслихаттың хатшысы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясына ұсынатын бірлескен отырыстың хаттамасы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату бойынша таңдаушылардың бірлескен отырыс өткізуін куәландыратын құжат болып табылады.
Бірлескен отырыс облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясының төрағасы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін жабылады.
9. Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өтетін облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.
Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша:
1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қоятын;
2) таңдаушылардың бірлескен отырысында жария етілетін;
3) Орталық сайлау комиссиясына дауыс беру күнінен бастап екі күн мерзімнен асырмай жіберілетін Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөніндегі дауыстарды санау хаттамасы жасалады.
10. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөніндегі дауыс беру өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей белгілейді.
Егер осы шешімге дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының елу проценттен астамы дауыс берсе, Парламент Сенаты депутатының өкілеттігі тоқтатылды деп есептеледі.
Дауыстарды санауға, дауыс беру қорытындыларын белгілеуге және жариялауға байланысты өзге де мәселелер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.
11. Сайлау комиссиясының шешіміне немесе іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күн ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер аяқталған соң сайлау комиссиясының шешіміне және (немесе) іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды.
Сайлау комиссиясының шешіміне немесе іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы өтініштерді қарау Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-тарауына сәйкес жүргізіледі.
1. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
2. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
4. Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды
2-1-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларын
құру және олардың қызметін ұйымдастыру
25-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары. Құрылуы және құрамы
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары мемлекеттік органдар болып табылады және жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну арқылы тиісті мәслихатқа тікелей есеп береді.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының құрылымы тексеру комиссиясының төрағасынан, тексеру комиссиясының төрт мүшесінен және тексеру комиссиясының аппаратынан құралады.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты бес жыл мерзімге тексеру комиссиясының төрағасын және тексеру комиссиясының төрт мүшесін тағайындайды.
Тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық саласында жоғары білімі және көрсетілген салаларда кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
25-2-бап. Тексеру комиссиясы төрағасының, тексеру комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері
1. Тексеру комиссиясының төрағасы:
1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;
2) тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекiтедi;
3) тексеру комиссиясы мүшелерiнiң және тексеру комиссиясы аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
4) бекітілген штат саны және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекiтедi;
5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының мүшелері қызметіне кандидатураларды, сондай-ақ оларды қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді.
Тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қоспағанда, аудан (облыстың маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа ұсыну тексеру комиссиясы мүшелерінің біреуіне жүктелуі мүмкін.
2. Тексеру комиссиясының мүшелері:
1) тексеру комиссиясының бақылау, сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерін қызметтен босатуды тиісті мәслихат Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырады.
4. Тексеру комиссиясының аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын қызметкерлерден тұрады.
Тексеру комиссиясының аппараты бақылау іс-шараларын жүргізуді, тексеру комиссиясының ақпараттық-талдамалық, құқықтық, консультациялық, ұйымдастырушылық және өзге де қызметін қамтамасыз етеді.
5. Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлері біліктілігін арттырудан өтуге міндетті, оның нәтижелері бойынша біліктілікті растау туралы сертификат беріледі.
Кейіннен сертификаттай отырып, біліктілігін арттыру Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын тәртіппен үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
25-3-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыру
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы бекітетін жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бақылау қызметін жоспарлау тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде жүзеге асырылады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту үшін:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін;
тиісті облысқа кіретін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін жібереді.
3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұратуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы, сондай-ақ бекітілген жұмыс жоспарларына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат ұсынады.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жұмысының жылдық жоспары облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен, сондай-ақ есепті жылы олардың әкімшілік-аумақтық бөлінісінде сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті облыстың құрамына кіретін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінен қаржыландырылатын бақылау объектілерін қамтуға тиіс.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін қаржыландыру облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қаржылық қызметін бақылау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының келісімімен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының өкілеттіктері мен жұмыс тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында, ережеде және регламентте айқындалады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы туралы ережені тиісті мәслихат бекітеді.
Тексеру комиссиясының регламентін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы бекітеді.
3-тарау. Әкімдер және әкімдіктер. Құрылуы, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы
26-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Әкімдіктері. Құрылуы және құрамы
1. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық Әкімдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттік саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.
2. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық Әкімдікті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі басқарады.
3. Әкiм облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық Әкімдікті әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.
4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана Әкімдігінің отырыстарын әзiрлеу мен өткізу, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртібі Әкімдіктің регламентiнде белгiленедi. Yлгi регламенттi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
5. Әкімдіктің дербес құрамы облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихат сессиясының шешiмiмен келісіледi.
6. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана Әкімдігінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.
7. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық Әкімдік алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.
25.04.01 ж. № 179-II; 24.12.01 ж № 276-II; 11.05.04 ж. № 552-II (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 21.12.04 ж. № 15-III (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен;2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен; 2007.19.06. № 264-III ҚР Заңымен; 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара);2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара);2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 239-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана Әкімдігінің құзыретi
1. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдайды және мәслихаттың бекітуiне ұсынып, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
1-1) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;
1-3) тиісті мәслихатқа және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді;
1-4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған тиісті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
1-5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;
1-6) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
1-8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарын бекітеді;
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі актілерінiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерінiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың қарауына енгiзедi; облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды сатудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекіту үшiн ұсынады;
6-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдарының сақталуға мемлекеттік бақылауды, құрылыс жобаларының бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес іске асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, құрылысы салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектілерге мониторингті және ведомстволық бағыныстағы аумақта салынып жатқан (реконструкцияланған, кеңейтілген, жаңартылып, күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан) объектілердің және кешендердің жүргізілу барысы мен сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастырады;
8) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
8-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
9) өз құзыреті шегінде ІІ, ІІІ және ІV санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;
10) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз етедi;
11) мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етедi;
11-1) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
14) белгіленген мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз етеді;
14-2) мемлекеттік меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады;
15) азаматтардың тегiн білiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз етедi;
16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын әзiрлеп, мәслихаттың бекітуiне ұсынады;
17) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды үйлестіреді;
18) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдеседі;
18-1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
19) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;
19-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi және нормативтері шегiнде белгiлейдi және оны аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiкке жеткізеді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мәслихат қарауына қарыз алу жөнiнде шешiмдер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi;
21) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
21-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
21-2) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;
21-3) елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерді, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;
21-4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
22) мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындар құрады, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиті және нормативтері шегінде белгiлейдi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат саны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
22-1) 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22-2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы белгілеген тәртіппен оларды өткізуден түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз етеді;
22-3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады, мемлекеттік аттестаттауды өткізеді;
22-4) салық төлеушінің тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
22-5) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22-6) 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22-7) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
23) Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережелерінің жобасын әзірлейді және оны мәслихаттың бекітуіне ұсынады.
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы қазақстандық қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға береді;
25) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзеді;
26) терроризм профилактикасына, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағындағы терроризм зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
27) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
28) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады.
2. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап бередi.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді ( бұр. ред. қара)
28-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімін қызметке тағайындау және қызметiнен босату тәртібі
1. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімін облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды.
2. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімін Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінiң құзыретi
1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мүддесiн білдiредi;
2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң актілерін, облыс әкімі мен Әкімдігінің актілерін олардың орындауға қатысты бөлiгіндегі қызметi туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерін орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметіне тиiстi қорытынды енгізуге құқылы;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;
3-1) тиісті мәслихатқа «Облыстың (қаланың) құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді;
4) мына лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінiң орынбасарларын;
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киім киіп жүру құқығы және әскери немесе өзге де арнаулы атақ берiлетiн басшыларды қоспағанда, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары құрылымдарының басшыларын тағайындау және қызметiнен босату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) Әкімдіктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;
7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын тиістi мәслихаттардың бекітуiне енгiзедi;
9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекітуге ұсынады;
10) алынып тасталды
11) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттік меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органымен тең дәрежеде келісім-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады.
13) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша және облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық Әкімдік құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі алдында жауап бередi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдіктер. Құрылуы және құрамы
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпымемлекеттік саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдікті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімi басқарады.
3. Әкім аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдікті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімiнің орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің отырыстарын әзірлеу мен өткізу, сондай-ақ олардың шешім қабылдау тәртібі әкімдіктің регламентінде белгіленеді. Үлгі регламентті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Әкімдіктің дербес құрамы аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
6. Аудан әкімдігінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.
11.05.04 ж. № 552-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 21.12.04 ж. № 15-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің құзыреті
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;
1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етеді;
1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-4) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;
1-5) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекітеді;
1-8) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеп, мақұлдайды және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекітуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
2) заң актілеріне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
6) осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;
7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
8) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөніндегі iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
9) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
11) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
12) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;
12-1) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
12-2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
12-3) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
12-4) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
12-5) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
12-6) 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12-7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
12-8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
13) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын іске асырады;
14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
17) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарды құрады.
17-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
19) азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;
21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
22) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады;
23) терроризм профилактикасына, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала аумағындағы терроризм зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдік Қазақстан Республикасының заңдарында өзiне жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдік өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.
4. Осы бапта аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) Әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеге асырады.
32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін қызметке тағайындау қызметiнен босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртібі
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
11.05.04 ж. № 552-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара);2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң құзыретi
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
2) облыс әкіміне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкіметі актілерін олардың орындауға қатысты бөлiгіндегі қызметi туралы ұсыныс енгізуге құқылы;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгiзедi;
3-1) аудандық мәслихатқа «Ауданның құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді;
4) мынадай лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң орынбасарларын;
әкім аппаратының басшысы мен қызметкерлерін, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
8) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
11) әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқарудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиiстi мәслихаттардың бекітуiне енгiзедi;
12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекітуiне ұсынады;
13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
14) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;
15) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкін.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдіктің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкіметі және облыс әкімі алдында жауап бередi.
34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк Әкімдіктер
Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк Әкімдіктер құрылмайды.
11.05.04 ж. № 552-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 21.12.04 ж. № 15-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара);2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 35-бап өзгертілді
35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреті
1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) Әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
1-1. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жүзеге асырады.
2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
36-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімін қызметке тағайындау, қызметiнен босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртібі
1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.
2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
37-бап. Әкімдіктің, әкiмнiң актілерi
1. Әкімдік Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң актілері, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады.
2. Әкімдік қаулысына әкiм қол қояды.
3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
4. Әкімдіктің және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актілерінiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
5. Әкімдік және (немесе) әкiм актілерінiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.
6. Әкімдіктің және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актілері (Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.
7. Әкімдіктің және (немесе) әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң аумақтық органдарының мемлекеттік тiркеуiне жатады.
8. Қазақстан Республикасының Президентi, Үкіметі, жоғары тұрған Әкімдік және (немесе) әкiм, Әкімдіктің және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi Әкімдік және (немесе) әкiм актілері қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 21.12.04 ж. № 15-III Заңымен (бұр. ред. қара) Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты
1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.
2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппаратын тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және ұйымдастырады.
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
3. Әкiмнiң өкiлеттiгiн тоқтатуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттік қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
4. Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді.
5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар
1. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиісті мәслихат бекіткен әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы шеңберінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
2. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретi мен қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып тиісті әкімдік белгiлейдi.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен Заң 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуы
39-1-бап. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуының негіздері
Қазақстан Республикасының азаматын жергілікті қоғамдастық мүшесі деп тануға жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бөлініс шекарасының аумағындағы тұрғылықты жері бойынша оны тіркеу фактісі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті қоғамдастық мүшелігіне кіруінің осы бапта көзделген негіздерден басқа, қандай да бір өзге де шарттарының белгіленуіне жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда немесе халықаралық шартта белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.
39-2-бап. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
1. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің:
1) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, саяси партияларға және қоғамдық бірлестіктерге тиесілігіне қарамастан тікелей, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдары арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық мүшесінің жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берілмейді және сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
2. Жергілікті қоғамдастық мүшелері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға ықпал етуге;
3) мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға және олардың дамуына ықпал етуге міндетті.
39-3-бап. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны)
1. Тікелей өз еркін білдіру жолымен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) өткізілуі мүмкін.
2. Жиналыстар (жиындар) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібін облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттар айқындайды.
3. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында (жиынында) қабылданған шешімдер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберілуі мүмкін.
39-4-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеттері
1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
3) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
5) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтауға;
6) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
7) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстануға, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына еркін қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
8) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
39-5-бап. Мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы
1. Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседі.
2. Мемлекет осы Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік береді.
39-6-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауаптылығы
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті қоғамдастық халқының алдында жауапты болады.
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
40-бап.2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-бап. Осы Заңның өзге заң актілерімен арақатынасы және оның ережелерiн iске асыру тәртібі
1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н. Назарбаев |