Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 Қаулысы (2014.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 Қаулысы
(2014.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы |
А. Есімов |
ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 619 Қаулысымен ереже өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1469 қаулысымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға арналған рұқсат берудің тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесін пайдалануға арнайы рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне:
1) аң аулауға;
2) теңіз сүт қоректілері мен судағы омыртқасыз жануарларды аулауды қоса алғанда, балық аулауға;
3) ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;
5) ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсатында пайдалануға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 187 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Рұқсаттар бекітілген лимиттерге сәйкес және белгіленген алып қою квоталары шегінде мыналарды:
1) бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жануарларды ғылыми-зерттемелік аулауды;
2) балықтың қырылу шаралары ретінде жүзеге асырылатын балықты мелиорациялық аулауды;
3) ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) жануарлар түрлерінің санын реттеуді қоспағанда беріледі.
4. Рұқсаттар жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемдер енгізу шарттарына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жануарларды алып қоюдың белгіленген көлеміне (мөлшеріне) беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.26.06. № 702 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Осы Ереженің мақсаттары үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган деп Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган); балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство деп Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті; заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындарында және (немесе) олардың учаскелерінде мекендейтіндерді қоспағанда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - ведомстволар) түсініледі.
ҚР Yкіметінiң 2011.29.03. № 286 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 187 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.26.06. № 702 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды осы Ережеге 1, 1-1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша:
1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті) және оның аумақтық бөлімшелері;
2) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындарында және (немесе) олардың учаскелерінде мекендейтіндерді қоспағанда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері) береді.
2. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырықтарын алуға рұқсатты Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, сондай-ақ Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оларды арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу, аңшылықтың ұлттық түрлерін дамыту, ғылыми зерттеулер және селекциялау үшін береді.
ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жануарларды (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында және (немесе) учаскелерінде мекендейтін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға рұқсаттар береді.
9. Балық ресурстарын және өзге де су жануарларынан басқа жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттарды аңшылық шаруашылығы субъектілеріне Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері олардың жануарларды алудың бекітілген квотасы шегінде береді. Аңшылық алқаптардың резервтік қорында аңшылық жүргізуге арналған рұқсаттарды беруді Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жүзеге асырады.
10. Балық ресурстары және өзге су жануарларын пайдалану бөлігіндегі жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері береді.
ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 187 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерін алып қоюға рұқсаттар осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жануарлар санын реттеу тәртібіне сәйкес беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.26.06. № 702 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Рұқсаттар алуға мүдделі адамдар әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулаудан басқа, жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты тиісті ведомствоға немесе оның аумақтық бөлімшесіне «Е-Лицензиялау» веб-порталы арқылы электрондық нысанда немесе қағаз түрінде өтінім береді.
Өтінімде:
1) өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін реквизиттер, жеке тұлғалар үшін паспорт деректері, шетелдіктер үшін қосымша - келу және кету күндерін, келу мақсатын, қозғалыс бағытын, уақытша тұратын мекен-жайын көрсете отырып, Қазақстан Республикасында болу мерзімі);
2) жануарлар дүниесін пайдалану түрі;
3) алу мақсаты;
4) мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны;
5) жыныс-жас құрамы (қажет болған жағдайда);
6) алу мерзімдері;
7) алу болжамдалған учаскенің ауданы (аумағы) мен шекарасы;
8) алу тәсілдері (аулау, ұстау, ату, жинау, соғу);
9) ұстау, аулау қаруларының, жүзгіш құралдардың тізбесі көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) ҚР Үкіметінің 2014.26.06. № 702 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлегені туралы төлем құжаты;
3) жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысушы адамдардың тізімі.
ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.26.06. № 702 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді
14. Жануарлар дүниесін пайдаланудың түріне байланысты осы ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) аң аулауға (алғашқы өтінім кезінде):
аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған келісім-шарттың көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерін алу шетелдік адамдардың қатысуымен жүргізілетін болса - аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға жасалған келісімшарттың және аң аулау құқығын куәландыратын, тұратын елінде берілген құжаттың көшірмесі, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаты;
2) кәсіпшілік балық аулауға (алғашқы өтінім кезінде):
балық шаруашылығын жүргізуге келісім-шарттың көшірмесі (жағалауда аулауды жүзеге асыру үшін);
балық аулауға келісім-шарттың көшірмесі;
3) ғылыми-зерттемелік аулауға:
бейіндейтін ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспарының және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасының көшірмесі мен оларды салыстыруға арналған түпнұсқасы немесе осы құжаттардың түпнұсқасын салыстыруға ұсынбаған жағдайда нотариалды қуәландырылған көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін материалдар;
ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған келісім-шарттың көшірмесі.
4) ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп;
6) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатындағы аулауды қоспағанда, биологиялық негіздеме.
7) эксперименталды аулау жүргізуге:
биологиялық негіздеме және ғылыми ұйымдардың ұсынымдары;
8) жануарларды ғылыми мақсаттарға пайдалануға (алғашқы өтінім кезінде):
бейіндейтін ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспары үзіндісінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламаларының көшірмелері мен салыстыру үшін түпнұсқалары немесе осы түпнұсқасы ұсынбаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарттың көшірмесі;
9) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеменің көшірмелері).
Портал арқылы жүгінген кезде Ереженің 13 және 14-тармақтарында көрсетілген құжаттар өтінімнің электрондық нысанына электрондық көшірмелер түрінде қоса тіркеледі.
ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 187 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды қарап, өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсаттар беруді жүргізеді немесе жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.
Белгіленген мерзімде өтініш берушіге рұқсат немесе дәлелді бас тарту берілмеген жағдайда Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері берілген өтінімге сәйкес бір жұмыс күн ішінде рұқсат береді.
ҚР Үкіметінің 2012.07.03. № 305 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.26.06. № 702 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда
16. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін қоспағанда, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бір балықшы бір шыққанда бес килограммнан астам балық алып шығатын әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсатты бекітілген лимиттерге сәйкес және алу квоталары шегінде жүгіну күні Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері портал арқылы электрондық не қағаз нысанында береді.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы туралы төлем құжатын береді.
Порталда әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар өтінімнің электрондық нысанын және жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы туралы төлем құжатының электрондық көшірмесін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды
16-1. Бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шығатын балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен 16-2-тармақпен толықтырылды
16-2. Бақылау үшін аулауды Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсатсыз жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Рұқсатта:
1) рұқсатты берген ведомствоның аумақтық бөлімшесінің атауы;
2) заңды тұлғаның атауы және оның басшысының тегі, аты, әкесінін аты немесе рұқсат берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
3) жануарлар дүниесін пайдаланудың түрі;
4) алу мақсаты;
5) алуға рұқсат етілген жануарлар дүниесінің түрі, саны (биомассасы);
6) жыныс-жас құрамы (қажет жағдайда);
7) алудың мерзімдері;
8) алудың әдістері (аулау, ұстау, ату, жинау және тағы басқа);
9) алу болжалған учаскенің ауданы (аумағы) мен шекарасы;
10) жануарлар дүниесін алу тәсілдері мен құралы, пайдаланылатын жүзу құралдары;
11) жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысушы адамдардың саны;
12) аңшы куәлігінің берілген уақыты және нөмірі (тек қана аң аулау мақсатындағы рұқсат үшін);
13) төлемнің төленгенін растайтын құжатқа сүйене отырып, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленген төлемдердің сомалары көрсетіледі.
18. Рұқсаттар өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа адамға рұқсатты есепке алу журналына қол қою арқылы беріледі.
19. Рұқсатты басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге жол берілмейді.
Егер балық аулауға шарт ережесі бойынша балық аулау су тоғандардың және (немесе) учаскелердің сондай-ақ бірнеше кемемен, бригадамен немесе звеномен жүзеге асырылса, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат және ауланған балықты тіркеу журналы әрбір учаскеге, кемеге, бригада немесе звеноға беріледі.
20. Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдалануға арналған рұқсаттар маркалар нысанында болуы мүмкін. Маркада: жануардың бейнесі мен атауы, бір басқа төленетін ставка көрсетіледі. Рұқсаттар маркалар нысанында болуы мүмкін аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 187 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Рұқсаттарды беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) өтінімде көрсетілген мәліметтер толық емес болса;
2) өтінімде көрсетілген мәліметтер жалған болса;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы немесе ол болмаса.
Өтінімнің және құжаттардың толық болмау немесе дұрыс ресімделмеу фактілері орын алған жағдайда Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері екі жұмыс күні ішінде одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтінім және құжаттар жалпы негізде қаралады.
22. Рұқсат беру «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды есепке алу мен тіркеу» туралы арнайы журналда тіркеледі.
Аумақтық бөлімшелер жыл бойы берілген рұқсаттар туралы жиынтық мәліметті тиісті ведомствоға береді.
23. Өтінім, рұқсат беру журналының нысаны сонымен бірге олардың есептілігі мен санағы, уәкілетті органмен бекітіледі.
24. Аң аулау және балық аулау объектілеріне жататын жануарлар түрлерін пайдалануға арналған рұқсаттардың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
25. Пайдаланушы рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін отыз күн ішінде оны пайдалану нәтижелері туралы рұқсат берген органға есеп береді.
26. Ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешімдеріне немесе осы Ережеде белгіленген мерзімде рұқсаттар берілмегеніне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағымдануға болады.
ҚР Yкіметінiң 2011.29.03. № 286 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 187 Қаулысымен қосымшалардың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді, орыс тілдегі мәтінге өзгерістер енгізіледі; ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 34 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.26.06. № 702 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1469 қаулысымен бекітілген
Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру ережесіне
1-қосымша
Алдыңғы бетi
_____________________________________________________________________
(облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының атауы)
Нөмірі:__________ Берілген күні: ________
Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбие және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға арналған
Берілді: ________________________________________________________________________________________________________ Aлу тәсілдері:___________________________________________________________________________________________________ Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _______________________________________________________________________________________________ Aлу үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:
Төлемнің жиынтық сомасы________________________________________________________________________________________ Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _____________________________________________________________________ Aлу мерзімі: _____________________________ бастап, ________________________ ____________________дейін. Aлу тәсілі:_______________________________________________________________________________________________________ Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілу мерзімі: ____________________________________________________________________ Бақылау: _______________________________________________________________________________________________ жүктеледі. Уәкілетті адам: ___________________________________________________________________________________________________ |
Ескертпе: жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның бланкісінде
Алдыңғы беті
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті | Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті | Aңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы |
____________________ облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы | ____________________ облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы | __________________ |
Жабайы жануарлар аулауға № __ РҰҚСAТ ТҮБІРТЕГІ (рұқсат берген облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясында қалады) Aңшылық шаруашылығы субъектісіне берілді ______________________ ______________________ ___________ аулауға (жануардың түрі, жынысы, саны) _________________мақсатында (әуесқойлық, спорттық, кәсіпшілік аң аулау, олжа үшін аулау) Қолданылу мерзімі _____жылғы «__» _______ бастап _____жылғы «__» ______ дейін Aң аулау орны ________________ ___________________ Жабайы жануарлар аулау үшін төленген сома _______________ теңге Берілген күні ______жылғы «__» _______ Берген _______________ (облыстық аумақтық инспекцияның беру үшін жауапты адамының қолы) Алдым _____________ (аңшылық шаруашылығы субъектісі өкілінің қолы) (облыстық аумақтық инспекция толтырады) | Жабайы жануарлар аулауға № __ РҰҚСAТ (пайдаланылмаған рұқсат рұқсат берген облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясына қайтарылады) Aңшылық шаруашылығы субъектісіне берілді ______________________ ______________________ ___________ аулауға (жануардың түрі, жынысы, саны) _____________мақсатында (әуесқойлық, спорттық, кәсіпшілік аң аулау, олжа үшін аулау) Қолданылу мерзімі _____жылғы «__» _______ бастап _____жылғы «__» ______ дейін Aң аулау орны ________________ ___________________ Жабайы жануарлар олжалау үшін төленген сома _______________ теңге Берілген күні ______жылғы «__» _______ Берген _______________ (облыстық аумақтық инспекция басшысының қолы) Алдым _____________ (аңшылық шаруашылығы субъектісі өкілінің қолы) (облыстық аумақтық инспекция толтырады) | Жабайы жануарлар аулауға № __ РҰҚСAТ ТАЛОНЫ (аңшылық шаруашылығы субъектісі аңшыға береді) Aңшыға берілді ______________________ Aңшы куәлігі _____________________ (сериясы, нөмірі) ____________мақсатында (әуесқойлық, спорттық, кәсіпшілік аң аулау, олжа үшін аулау) Aң аулау мерзімі _____жылғы «__» _______ бастап _____жылғы «__» ______ дейін Берілген күні _____жылғы «__» _______ Берген ________________ (аңшылық шаруашылығы субъектісінің беруге жауапты адамының қолы) Aңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы болған жағдайда аңшылық шаруашылығының аумағында ғана жарамды Aңшылық шаруашылығы ұйымы ______________________________________________ М.О. (аңшылық шаруашылығы субъектісі толтырады) |
Рұқсаттың сыртқы беті
РҰҚСAТ ТАЛОНЫН пайдалану туралы белгі (аңшылық шаруашылығы субъектісі толтырады)
Aңшы __________________________________ Aңшы куәлігі _______________________________________ сериясы, нөмірі Қатысады: ______________________________ (ұжымдық аң аулау кезінде толтырылады, ______________________________________ Т.A.Ә., аңшы куәлігінің сериясы және нөмірі) _______________________________________ _______________________________________ _______________________________________ Aң аулау орны __________________________ (болжамды аулау учаскесінің аумағы мен шекарасы) _______________________________________ аңшылық шаруашылығы субектісінің М.О. Олжаладым _______________________________________ ____ жылғы «___» _______________________ Aң аулауды бақылаған аңшылық шаруашылығы субъектісінің өкілі _______________________________________ (тегі мен аты-жөні _______________________________________ көрсетілген қолы) (аңшылық шаруашылығы субъектісі толтырады) | РҰҚСАТТЫҢ | ||||
Жануарлар түрі | Саны | Олжаланғаны барлығы, олжалау күні | Aңшының қолы | ||
аталықтар | ұрғашылар | төлі | |||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Aң аулауды бақылаған аңшылық шаруашылығы субъектісінің өкілі ____________________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, ____________________________________________________________________________________________________ лауазымы, қолы) |
Документ утратил силу