«Өтінімдердің, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру журналдарының, сонымен бірге олардың есептілігі мен санағының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 292-ө бұйрығы (күші жойылды)
Өтінімдердің, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру журналдарының, сонымен бірге олардың есептілігі мен санағының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 292-ө бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/104 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесінің 23-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) мынадай есепке алу журналдары:
осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға берілетін рұқсат қағаздарын;
осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес, жабайы жануарларды аулауға рұқсаттар беруді;
осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін пайдалануға берілетін рұқсат қағаздарын;
осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес, жабайы жануарларды аулауға таңбалар беруді;
осы бұйрықтың 5 қосымшасына сәйкес, саны жағынан реттеуге жататын жануарлардың түрін алуға берілетін рұқсат қағаздарын.
2) мынадай рұқсат алу өтінімдері:
осы бұйрықтың 6 қосымшасына сәйкес, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;
осы бұйрықтың 7 қосымшасына сәйкес, жануарлар дүниесін пайдалануға: аң аулауға рұқсат беруді;
осы бұйрықтың 8 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін пайдалануға;
осы бұйрықтың 9 қосымшасына сәйкес, саны жағынан реттеуге жататын жануарлардың түрін алуға.
3) мынадай есепке алу бойынша есептер:
осы бұйрықтың 10 қосымшасына сәйкес, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға берілетін рұқсат қағаздарын;
осы бұйрықтың 11 қосымшасына сәйкес, жабайы жануарларға аңшылық жүргізуге берілетін рұқсат қағаздарын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа