«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 187 Қаулысы (күші жойылды)
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 187 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 689-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Рұқсаттар бекітілген лимиттерге сәйкес және белгіленген алып қою квоталары шегінде мыналарды:
1) бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жануарларды ғылыми-зерттемелік аулауды;
2) балықтың қырылу шаралары ретінде жүзеге асырылатын балықты мелиорациялық аулауды;
3) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін жануарларды алмай және жоймай пайдалануды;
4) жануарлар түрлерінің санын реттеуді қоспағанда беріледі.»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Ереженің мақсаттары үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініледі, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті түсініледі, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті түсініледі (бұдан әрі - ведомстволар).
Документ утратил силу
Демо – версия документа