«Өтінім, рұқсат және кәсіншілік журнал нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 3 ақпандағы № 16-5/10п бұйрығы (күші жойылды)
Өтінім, рұқсат және кәсіншілік журнал нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 3 ақпандағы № 16-5/10п бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 18-03/652 бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысымен бекітілген жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат беру ережесінің 8, 14 және 17- тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі № 714 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті туралы ережесі негізінде бұйырамын:
1. Беріліп отырған:
1) балық аулау рұқсатын алуға арналған өтінім нысаны;
2) балық аулауға арналған өтінімге қоса тіркелетін құжаттар тізбесі;
3) балық аулауға арналған рұқсаттың нысаны;
4) кәсіпшілік журнал нысаны бекітілсін.
2. Балық ресурстарын қорғау мен балық аулауды реттеу бөлімі (Жүсіпов Е.Қ.) осы бұйрықты аумақтық органдарға жеткізсін.
3. Бұйрықтың орындалуына бақылау төрағаның орынбасары Т. Ромашовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға | Қ. Сүлейменов |
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитетінің
2005 жылғы 3 ақпандағы № 16-5/10п
бұйрығымен бекітілген
Балық аулау үшін рұқсатын алуға арналған
өтінім
Аумақтық уәкілетті органға ____________________________________________________
(аумақтық органның атауы)
____________________________________________________________________________
(жеке және заңды тұлғаның атауы, басшының аты-жөні)
Документ утратил силу
Демо – версия документа