(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.31.12. № 1469 ҚАУЛЫСЫ
Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 26 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы |
|
|
|
|
|
|
| А. Есімов |
Yкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1469 қаулысымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға, оның iшiнде шетелдiктерге жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға арналған рұқсат берудiң тәртібін айқындайды.
2. Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат (бұдан әрi - Рұқсат) жануарлар дүниесiн пайдаланудың бекітілген алу лимиттерiне сәйкес мынадай түрлерiне:
1) аң аулауға;
2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз сүт қоректілерін қоса алғанда, балық аулауға;
3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;
5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалануға берiледi.
Рұқсат жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн енгізiлген төлемге сәйкес, жануарларды алудың белгiлi бiр көлемiне (санына) берілуi мүмкiн.
3. Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру жөніндегі уәкiлеттi орган:
Редакция документа
Демо – версия документа