«Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығы (2025.06.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығы
(2025.06.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Бас Прокурорының 2025.18.05. № 36 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 6 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 15), 22) және 23) тармақшаларына, 17-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабының 1-2-тармағына және 276-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 8-бабының 7-бөлігіне, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 759-бабының 5-бөлігіне және 802-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Бас Прокурорының 2025.18.05. № 36 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Прокуратура органдарының заңдылықтың сақталуына тексеріс тағайындау және жүргізу, заңдылықтың жай-күйіне талдау жасау, сондай-ақ күшіне енген актілерді бағалау қағидалары, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Заңды күшіне енген сот актілерінің, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, атқарушылық іс жүргізу бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
Демо – версия документа