Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 36 бұйрығы

 «Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 36 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31753 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 15), 22) және 23) тармақшаларына, 17-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабының 1-2-тармағына және 276-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 8-бабының 7-бөлігіне, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 759-бабының 5-бөлігіне және 802-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Прокурормен инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды, тексеру жүргізу туралы шешімдерді, сотқа талап қоюларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуға шағым жасау қағидалары.»;

осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку