Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрыққа 2-қосымша)
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 32 бұйрыққа 2-қосымша
Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалау міндеттері:
1) адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
2) заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою болып табылады.
3. Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында прокурор:
1) заңдылықтың жай-күйін талдайды;
2) заңдылықтың сақталуына тексерістер жүргізеді;
3) күшіне енген актілерді бағалайды;
4) жолданымдарды Конституциялық заңның 24-бабында және Бас Прокурордың актілерінде көзделген тәртіппен қарайды.
2-тарау. Қадағалау қызметін ұйымдастыру
Демо – версия документа