Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛ...

Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабы 15), 22) және 23) тармақшаларына, 17-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Прокуратура органдарының заңдылықтың сақталуына тексеріс тағайындау және жүргізу, заңдылықтың жай-күйіне талдау жасау, сондай-ақ күшіне енген актілерді бағалау қағидалары, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

3) Заңды күшіне енген сот актілерінің, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, атқарушылық іс жүргізу бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтары осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку