Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық
тізілімдерін жасау мақсатында Жеке
(заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiріне (сәйкестендiру нөмiріне
(бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 565 қаулысы
(2006.14.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2006.14.04. № 282 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.14.04. № 282 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау және Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне көшу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.14.04. № 282 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 (бұр. ред. қара); 2006.14.04. № 282 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі жоспарда айқындалған iс-шараларды Iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне есептi жарты жылдан кейiнгі айдың 10-күнiнен кешiктiрмей жарты жылдың қорытындылары бойынша олардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 (бұр. ред. қара); 2006.14.04. № 282 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Қазақстан Республикасының Үкіметіне есептi жарты жылдан кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.14.04. № 282 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И.Тасмағамбетов |
Үкіметінiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 565 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.14.04. № 282 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында
Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне
(бизнес-сәйкестендіру нөмiрiне)
көшу бағдарламасы
ҚР Үкіметінің 2006.14.04. № 282 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы
Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама).
Қысқаша мазмұны
Бағдарламада жеке (заңды) тұлғаларды есепке алудың бiрыңғай жүйесiн енгізу жөніндегі заң шығару және ұйымдастырушылық iс-шаралардың кешенi және осының негiзiнде Қазақстан Республикасында Жеке және заңды тұлғалардың Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау көзделген. Бағдарламада жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiнiң құрылымы және жеке тұлғалар үшiн, оның iшiнде қызметiн өзiндiк кәсіпкерлік негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшiн сәйкестендiру нөмiрiн (CH), ал заңды тұлғалар мен қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негізiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (БСН) қолдануға көшу тәртібі жөніндегі тұжырымдамалық ережелер қамтылады. Сонымен бiрге Бағдарламада CH және БСН-дi қолдануға көшуге жағдайлар жасау жөнiнде министрлiктер мен ведомстволардың әрекеттерiн үйлестiру мәселесi қамтылған. Бағдарламаны қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 шiлдедегi № 713 қаулысымен бекітілген Микропроцессорлық карточкалар негізiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыруға септiгiн тигiзетiн болады.
Iске асыру мерзiмi
2003-2007 жылдар.
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 (бұр. ред. қара); 2006.14.04. № 282 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-бөлім өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында "Жеке тұлғалар" және "Заңды тұлғалар" деген мемлекеттік дерекқорларын жасау көзделген.
Осы тапсырманы iске асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестiру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Ақпараттандыру жөніндегі комиссия) жұмысының шеңберiнде бiрыңғай нөмiрдiң құрылымына, сондай-ақ оларды қолдануға көшу жөніндегі шаралар кешенiне қатысты тұжырымдамалық ережелер әзiрлеу қажеттiгі туралы шешiм қабылданған болатын.
Осыған байланысты Ақпараттандыру жөніндегі комиссияның шеңберiнде әзiрленген оны iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарын қамтитын Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерді жасау және жүргiзу мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiн (CH (БСН) беру жөніндегі тұжырымдама Ақпараттандыру жөніндегі комиссияның 2003 жылғы 20 қаңтардағы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы отырысында қаралған және мақұлданған болатын.
ҚР Үкіметінің 2006.14.04. № 282 қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау
Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды есепке алудың бiрнеше жүйесi пайдаланылады. Атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу мақсатында жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға 12 сандық разрядтан тұратын салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН) бередi;
зейнетақылар мен әлеуметтiк жәрдемақыларды есептеу және төлеу үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 16 разрядтан тұратын әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) пайдаланады, мұнда разрядтарда сандармен қатар әрiптiк мәндер де пайдаланылады;
паспорттық бақылау үшiн Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 12 сандық разрядтан тұратын азаматтың сәйкестендiру коды (ID-код) пайдаланылады. Бұл код азаматтың жеке куәлiгiнде және (немесе) паспортында көрсетiледi.
Соның салдарынан әрқайсысы өзiнiң нөмiрiнде (кодында) құрылатын ведомстволық автоматтандырылған дерекқор жүйесiн жасау мәселесiне атқарушы билiк органдарының iс-әрекетiнде келісілмеген әрекеттер бар. Мысалға, салық органдары салық төлеушiлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi; Әділет министрлігі жеке басты куәландыратын берiлген құжаттар туралы дерекқорды қолдауда; көлiк полициясы органдары тiркелген көлiк құралдарының электронды дерекқорын қалыптастыруда; әлеуметтiк қорғау органдары әлеуметтiк жәрдемақыларды беру тiзiлiмiнiң жүргiзiлуiне жауап бередi және басқалары.
Қолда бар ведомстволық автоматтандырылған жүйелер, көбiнесе, әр орган жасап шығарған әдiстемелiк қағидаттар, персоналды ақпаратты жинаудың және пайдаланудың тұйықталған технологиялары, бiр iзге салынбаған ақпараттық-лингвистикалық құралдар негiзiнде қалыптасады; аса маңызды емес мәлiметтерден (тек азаматтардың тиiстi мемлекеттік органға жүгінуi сәтiнде ғана көкейкестi болады) тұрады және оларды қалыптастыру мен жүргiзудiң ортақ алгоритмдерi, сондай-ақ ведомстволық автоматтандырылған жүйелермен жұмыс iстеу кезiнде байланыстырушы "кiлт" ретiнде пайдалануға болатындай бiрыңғай нөмiр жоқ болуы себептi өзара байланыса алмайды.
Ведомстволық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара iс-қимылдың мұндай бытыраңқылық, бәрiнен бұрын, халықты сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтердi жинауға және деректердi есепке алудың мемлекеттік жүйесiне бiрнеше мәрте енгізуге ақталмайтын шығындарды тудырады. Бұл орайда қолмен енгізуде қателер туындамай қоймайтындығы сияқты жалпыға белгiлi проблемамен қатар, әрбiр мемлекеттік орган ақпарат тiзiлiмiнiң өз пiшiмдерiн пайдаланады, сайып келгенде, дұрыс және кешендi ақпарат алудың мүмкiн еместiгiне әкелiп тiрейдi.
Қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке алу жүйесiнiң салыстырылмауын жою проблемасын шешу жеке (заңды) тұлғаларды есепке алудың бiрыңғай жүйесiн: сәйкестендiру нөмiрлерi мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiн енгiзген кезде мүмкiн болады, оны пайдалану олардың негiзiнде Қазақстан Республикасы Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi:
сәйкестендiру және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiн енгізудiң негiзiнде жеке (заңды) тұлғаларды есепке алудың бiрыңғай жүйесiне көшу;
сәйкестендiру және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң құрылымы жөніндегі тұжырымдамалық ережелердi бекіту;
қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке алу жүйелерiнiң салыстырылмауын жою проблемасын шешу, Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін қалыптастыру үшiн алғышарттар жасау;
мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорын көкейкестi етудi iске асыру және ақпаратты қайталауды болдырмау;
ақпараттық ресурстарды басқару және пайдалану тетiктерiн жетiлдiру;
азаматтардың және заңды тұлғалардың шағымдары кезiнде мемлекеттік рәсiмдердi жүргiзудi жеделдету мен жеңiлдету негiзiнде жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарын жетiлдiру;
қажеттi нормативтiк құқықтық базаны жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сәйкестендiру және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiн қолдануға көшу жөніндегі iс-шараларды жүргiзу болып табылады.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасында Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің бiрыңғай ақпараттық жүйесiн жасау мақсатында жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiн енгізудi Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерді құруға және жүргiзуге қатысты негiз құраушы қағидаттар мен нормаларды, халық пен мемлекеттiң бiрыңғай нөмiрдi гендеу жөніндегі өзара қарым-қатынастары рәсiмдерiн, ведомстволық автоматтандырылған есепке алу жүйесiн жүргiзу мақсатында мемлекеттік органдар арасындағы деректер алмасу регламентiн белгiлейтiн, жеке тұлғалар үшiн бiрыңғай нөмiрлердi қолдану аясын шектейтiн, персоналды дерекқорды қалыптастыру кезiнде мемлекеттік органдар алған ақпараттардың құпиялылығын сақтау жөніндегі ережелерден тұратын заңнамалық кесiмдердi қабылдау, сондай-ақ бiрыңғай нөмiрге өту жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу жолымен жүргізу қажет. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн көрсетiлген заңнамалық кесiмдерге сәйкес келтiру талап етiледi.
Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiнiң атаулары ретiнде мыналарды пайдалану ұсынылады:
сәйкестендiру нөмiрi (СН) - жеке тұлғалар, оның iшiнде қызметiн өзiндiк кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн;
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) - заңды тұлғалар және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн.
СН (БСН) жеке (заңды) тұлғаны Халық пен заңды тұлғалардың Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде (CH және БСН Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде) бiр мағыналы тiркеуге мүмкiндiк беретiн символдар кезектiлiгiн бiлдiруi тиiс.
СН (БСН) берiлген генерациялау алгоритмiне сәйкес берiледi. Бұл орайда CH (БСН) генерациялау деп бiрыңғай нөмiрдi қалыптастыру және оны тиiстi құжаттарға қою рәсiмi түсiндiрiледi.
CH бiр рет берiледi, CH құрылымына енетiн мәлiметтер өзгерген кезде сәйкестендiру нөмiрi өзгерiссiз қалады. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде СН (БСН) құрылымына енетiн мәлiметтердiң өзгеру тарихы жүргiзiледi, сондай-ақ жүргiзiлген қайта тiркеулер мен бұрын берiлген CH (БСН) жоюлар туралы ақпарат жинақталады.
СН (БСН) бiрегей болуы тиiс, CH (БСН) қайталауға жол берiлмейдi. CH-дi қолдану аясы заңнамамен қатаң шектеледi. СН (БСН) мемлекеттік органдардың мамандандырылған дерекқорын СН (БСН) "байлау" жолымен орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының ақпараттық жүйелерiн жасау және жүргiзу үшiн "кiлт" ретiнде пайдаланылады.
СН (БСН) берудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен СН және БСН Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің бiрыңғай жүйесi бойынша ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 2006.14.04. № 282 қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
СН құрылымының негiзiне қазiргi таңда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі пайдаланып жүрген азаматтың он екi таңбалы сәйкестендiру кодын алу ұсынылады. Әділет министрлігінің ақпараты бойынша кодтың осыған ұқсас құрылымы Данияда, Финляндияда, Жапонияда, Германияда, АҚШ-та, Францияда, Кувейтте, Малайзияда, Мальтада, Ботсванада, Кипрде, Египетте, Латвияда, Литвада, Эстонияда, Белоруссияда және басқа елдерде қолданылады. Қазақстанда бұл код 1997 жылдан бастап пайдаланылады.
Бұл кодтың артықшылығы оның есте жақсы сақталатындығы мен жеке тұлғалар үшiн ақпараттылығында болып отыр, өйткенi азаматтың қолданыстағы сәйкестендiру кодының құрылымында белгiлi бiр комбинацияда азаматқа белгiлi туған күнi, айы және жылы, сондай-ақ жеке тұлғаның жынысы мен ғасыры бар.
БСН құрылымын әзiрлеу кезiнде бақылау разряды СН-нiң бақылау разрядына ұқсас есептелетiн он екi разрядты кодты пайдалану ұсынылады.
СН (БСН) құрылымында тек сандық мәндердi ғана пайдалану ұсынылады. Құрылым сандардың солдан оңға қарай кезектiлігінiң сипаттамасы түрiнде болады. Ыңғайлы болу үшiн ұқсас және (немесе) бiрдей сипаттамасы бар бiрнеше разрядтарды сипаттау үшiн бiр фасетқа бiрiктiрiлуi мүмкiн.
СН-дi генерациялаудың мынадай алгоритмi ұсынылады:
1) бiрiншi фасет - 6 разрядтан (а1 - а6) тұрады және жеке тұлғаның туған жылын (соңғы екi сан), айы мен күнiн сипаттайды;
2) екiнші фасет - 1 разрядтан (а7) тұрады және жеке тұлғаның жынысы мен оның туған ғасырын сипаттайды. Разрядтың мәнiн айқындау кезiнде ерлер үшiн тақ сандар, ал әйелдер үшiн - жұп сандар пайдаланылады.
Бұл разряд үшiн нақты мәндер мынадай түрде болады:
1 - 19 ғасырда туған ерлер үшiн;
2 - 19 ғасырда туған әйелдер үшiн;
3 - 20 ғасырда туған ерлер үшiн;
4 - 20 ғасырда туған әйелдер үшiн;
5 - 21 ғасырда туған ерлер үшiн;
6 - 21 ғасырда туған әйелдер үшiн;
Демек, бұл разрядта 7, 8, 9 және 0 резервтiк мәндерi бар;
3) үшiншi фасет - 4 разрядтан (а8 - а11) тұрады және жүйедегi тiркеудiң реттiк нөмiрiн сипаттайды. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң деректерi бойынша бiр күнде туылғандардың ең жоғарғы саны (1999 жылдан бастап) - 1229 адам, сондықтан тiркеудiң реттiк нөмiрi үшiн 4 таңба толықтай жеткiлiктi. Тiркеудiң реттiк нөмiрi бiр топтың шеңберiнде (туған жылы) жаппай нөмiрлеумен қойылады;
4) төртiншi фасет - 1 разрядтан (а12) тұрады және CH-нiң бақылау разряды болып табылады. CH-нiң бақылау разряды есебiнiң алгоритмi Бағдарламаның 5-тарауының 5-параграфында келтiрiлген.
Осылайша, CH құрылымы мына түрде болады (мұнда және бұдан әрi - аі i-разрядының мәнi):
а1а2 а3а4 а5а6 | а7 | а8а9а10а11 | а12 |
Жеке тұлғаның туған жылының соңғы екi саны, айы, күні | Жеке тұлғаның жынысы және оның туған ғасыры: ер жыныстылар үшiн: 1 - 19 ғасыр, 3 - 20 ғасыр, 5 - 21 ғасыр; әйел жыныстылар үшiн: 2 - 19 ғасыр, 4 - 20 ғасыр, 6 - 21 ғасыр. 7, 8, 9 және 0 резервтік мәндер. | Тiркеудiң реттiк нөмірі | Бақылау разряды. |
Қызметтерiн өзiндiк кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер (бұдан әрi - ЖК (Ө) жеке тұлғаға туылған кезде берiлген CH-дi пайдаланатын болады.
ҚР Үкіметінің 2005.01.03. № 188 Қаулысымен 4-кіші бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. БСН-дi генерациялау алгоритмi
БСН-дi генерациялаудың мынадай алгоритмi ұсынылады:
1) бiрiншi фасет - 4 разрядтан (а1 - a4 дейiн) тұрады және заңды тұлғаны немесе қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердi (бұдан әрi - ЗТ немесе ЖК (Б) тiркеудiң жылын (соңғы екi саны) және айын сипаттайды;
2) екiншi фасет - 1 разрядтан (а5) тұрады және ЗТ немесе ЖК(Б) түрiн сипаттайды. Бұдан басқа, осы разрядтың алгоритм есептерiнiң мәнi БСН-нiң СН-мен сәйкес келу мүмкiндiгін болдырмау үшiн пайдаланылады.
CH құрылымында a5 (бесiншi разряд) туған күнiнiң бiрiншi санын бiлдiретiн болғандықтан, ал туған күнi тек 0, 1, 2 немесе 3 (мысалы, 01, 11, 21, 31) санынан басталуы мүмкiн екендiгiн ескере отырып, БСН құрылымында а5 (бесiншi разрядта) генерациялаудың мiндеттi шарты 0, 1, 2 және 3 сандарын пайдалануды болдырмау болады.
Бұл разрядтың мынадай нақты мәндерiн пайдалану ұсынылады:
4 - резидент заңды тұлғалар үшiн;
5 - резидент емес заңды тұлғалар үшін;
6 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн.
Демек, бұл разрядта 7, 8 және 9 резервтiк мәндер бар;
3) үшiншi фасет - 1 разрядтан (а6) тұрады және а5 разрядын қосымша тәптiштеу болып табылатын арнайы белгiнi сипаттайды:
0 - ЗТ немесе ЖК(Б) бас бөлiмшесiнiң белгiсi;
1 - ЗТ немесе ЖК(Б) филиалының белгiсi;
2 - ЗТ немесе ЖК(Б) өкiлдiгiнiң белгiсi;
4 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығының белгiсi;
4) төртiншi фасет - 5 разрядтан (а7 - а11 дейiн) тұрады және жүйеде ЗТ немесе ЖК(Б), сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеудiң реттiк нөмiрiн сипаттайды;
5) бесiншi фасет - 1 разрядтан (а12) тұрады және БСН-нiң бақылау разряды болып табылады. БСН бақылау разряды есебiнiң алгоритмi Бағдарламаның 5-тарауының 5-параграфында келтiрiлген және СН бақылау разрядының есебiне ұқсас.
Осылайша, БСН құрылымы мынадай түрде болады:
а1а2 а3а4 | а5 | а6 | а7а8а9а10а11 | а12 |
ЗТ немесе ЖК(С) тiркеу жылының, соңғы екi саны, айы. | Салық төлеушiнiң түрi: 4 - резидент заңды тұлғалар; 5 - резидент емес заңды тұлғалар; 6 - бiрлескен кәсiпкерлiк негiзіндегі жеке кәсiпкерлер. CH-мен сәйкестiктi болдырмау мақсатында 0, 1, 2, 3 сандарын пайдаланбаңыз. 7, 8 және 9 резервтiк мәндер | Арнайы белгi (а5 разрядын қосымша тәптiштеу): 0 - бас бөлiмше; 1 - филиал; 2 - өкiлдiк; 4 - бiрлескен кәсiпкерлiк негiзіндегі шаруа (фермер) қожалығы. | ЗТ немесе ЖК(Б), сондай-ақ құрылымдық бөлiмшелерді тiркеудiң реттiк нөмiрi. | Бақылау разряды. |
ҚР Үкіметінің 2005.01.03. № 188 Қаулысымен 5-кіші бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Бақылау разрядының мәнiн есептеу алгоритмi
CH (БСН) құрамына бақылауды жүзеге асыру және клавиатуралық енгізу қателiктерiн кемiту мақсатында, 12 бақылау разрядының болуы көзделедi, оны есептегенде екі циклда мынадай алгоритм пайдаланылады:
а12 = (1*а1+3*а2+7*а3+9*а4+3*а5+1*а6+9*а7+7*а8+3*а9+9*а10+1*а11) mod 11,
мұнда аі - i-разрядтың мәнi.
Жеке басты куәландыратын, бұрын берiлген құжаттарды қайта тiркегенге және жаңа үлгiдегi құжаттарға (smart-карточкалар) ауыстыруға дейiн, Жеке (заңды) тұлғалардың мемлекеттік дерекқорын құру кезiнде екi циклда 11 модуль бойынша 12 бақылау разрядын есептеу алгоритмiмен, азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттарда басылған ID-коды пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 2005.01.03. № 188 Қаулысымен 6-кіші бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. CH (БСН) қолдану тетiгi мен аясы
СН Қазақстан Республикасының азаматтары - жеке тұлғаларына адам туылған кезде (туу туралы куәлiктi бергенде) берiледi, содан соң онымен өмiр бойы "бiрге жүредi":
жеке куәлiктi немесе төлқұжатты алғанда;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегенде;
мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстағанда және аударғанда;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн және көлiк құралдарын тiркегенде;
банк мекемелерiнде шот ашқанда;
рұқсат беру сипатындағы құжаттарды (лицензиялар, патенттер, жүргiзушiнiң куәлiгi, ластауға, су пайдалануға рұқсаттар және тағы басқа) алғанда;
тiркеу сипатындағы құжаттарды (жеке кәсiпкер куәлiгi, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретiнде тiркеу және тағы басқа) алғанда;
әскери билет, офицер (прапорщик) жеке куәлiгiн алғанда;
кедендiк-ресiмдеу кезiнде;
басқа.
Қазақстан Республикасына келетiн және көшi-қон қызметiнде тiркелуге тиiс резидент емес жеке тұлғаларға СН беру жүргiзiлетiн болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында iс жүзiнде жоқ, алайда Қазақстан Республикасында салық салу объектiсi бар резидент емес жеке тұлғаларға СН беру талап етiледi.
Заңды тұлғаларға БСН беру мемлекеттік тiркеу кезiнде жүргiзiлетiн болады. Бұл ретте осы рәсiм заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу кезiнде де жүргiзiледi.
БСН беру рәсiмi қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлерге қатысты да жүргiзiлетiн болады.
Бұдан басқа, бизнес - сәйкестендiру нөмiрiнiң құрылымына кiретiн мәлiметтер өзгерген жағдайда, жаңа БСН-дi берумен қайта тiркеу рәсiмi жүргiзiледi. Бұл ретте Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерге СН бойынша да, БСН бойынша да соның iшiнде СН (БСН) беру, БСН құрылымына кiретiн мәлiметтердi өзгерту, сондай-ақ CH (БСН) жою бөлiгiнде барлық өзгерістердiң тарихы жүргiзiледi.
CH (БСН) берудiң нақты тетiктерiн, сондай-ақ CH (БСН) тiркеу және беру рәсiмдерiн жүргiзуге жауапты мемлекеттік органдарды айқындауды мемлекеттік шығыстарды мейлiнше азайту мен жеке және заңды тұлғаларға барынша қолайлы жағдай туғызу тұрғысынан қарау қажет.
CH (БСН) орталықтандырылған дерекқорына жүгiну жолымен CH-дi (БСН-дi) мiндеттi түрде "оn-line" режимiнде беру CH (БСН) қайталануын болдырмау мақсатында сақталуға тиiс негiзгi талап болып табылады. Сондықтан, тiркеу жүйесiнiң жұмыс iстеу мүмкiндiгiн аудандық деңгейде iске асыру талап етiледi.
СН жеке тұлғаның суретi мен CH-i бар smart-карточка түрiнде болатын жеке бас куәлiгiне микропроцессорлық технологияны қолдану арқылы микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыру кезiнде сәттi пайдаланыла алады. Мұндай куәлiк-карточка тiркеу мәлiметтерiн сақтау үшiн ғана пайдаланылып қоймай, сонымен қатар ағымдағы банктiк шоттағы қалдықтар туралы, зейнетақы жинақтары, әлеуметтiк, мiндеттi медициналық сақтандыру деректерi туралы, салықтық мiндеттемелердi орындау туралы және тағы да басқа ақпараттарды жадында сақтайтын электрондық әмиян ретiнде қолданылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2006.14.04. № 282 қаулысымен 7-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
CH және БСН енгізудi бiрқатар даярлық iс-шараларын iске асыру қажет болатын СН мен БСН-ге өту алдындағы уақытша кешеуiлдеудi анықтай отырып, белгiлi бiр күннен бастап жүргiзу орынды.
Атап айтқанда, «Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдері туралы», «Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды әзірлеу мен қабылдауды, сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы заң жобаларын іске асыру жөніндегі қаулыларын әзірлеу мен қабылдауды және ведомстволық кесімдерді қабылданған заң жобаларына сәйкес келтіруді қамтитын нормативтік базаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу талап етіледі.
Сондай-ақ белгiлi бiр күннен бастап "өтпелi" деп аталатын кезең iшiнде мынадай процестердi қатар жүргiзу ұсынылады:
туу туралы куәлiктердi, жеке басын куәландыратын құжаттарды, салық төлеушiнiң куәлiктерiн, заңды тұлғаны мемлекеттік (есептiк) тiркеу туралы куәлiктердi және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктердi тiркеу органдарына осындай құжаттарды бiрiншi рет алуға жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға СН (БСН) көрсетумен (бұдан әрi - CH (БСН) көрсетiлген құжаттар) беру;
тiркеу органдарына қайта тiркеу үшін жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға "ескi" құжаттардың орнына СН (БСН) көрсетiлген "жаңа" құжаттар беру.
"Өтпелi" кезеңге дейiн СН мен БСН-нің Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерін жасау мен енгізудi қамтамасыз ететiн бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеу мен пилоттық енгізудi жүргiзу, сондай-ақ Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерді жүргiзуге жауапты уәкiлеттi органды айқындау керек.
Мемлекеттік органдарға ведомстволық ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн пысықтауға бiршама уақыт қажет. Атап айтқанда, салық органдары мен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң бөлiмшелерi даярлық кезеңi iшiнде берiлген СН-дi бұрын берiлген СТН-мен және ӘЖК-пен "байлау" бойынша жұмыс жүргiзуi тиiс.
Бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер бойынша БСН беру және оларды бұрын берiлген CTH-мен "байлау" жөнiнде осыған ұқсас жұмыс жүргiзу қажет болады.
Банк жүйесiнде де белгiлi бiр жұмыстар жүргiзу қажет болады. Мысалы, төлем құжаттарының нысанына және тиiсiнше, төлемдерге қызмет көрсету бойынша, оның iшiнде CH және БСН дәлдiгiн тексеру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу қажет болады.
Ақпараттандыру саласында жұмыстар жүргізу бөлiгіндегі iс-шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Сонымен, ақпараттық iс-шараларды жүргiзу туралы мәселеге мұқият болған жөн. Жұртшылық мемлекеттік органдардың қолданғалы отырған даярлық iс-әрекеттерi туралы кең құлақтандырылуы үшiн бар күштi салу қажет. Жүргiзiлетiн шешiмдердiң мерзiмдерi, жүйелiлiгi, СН-ге көшу мүмкiндiгiнше қалыпты өтетiндей және халыққа аса ыңғайсыздық туғызбайтындай етiп жоспарлануы тиiс.
6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру мемлекеттік бюджет қаражаттарынан қаржыландыруды талап етпейдi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiн қолдануға көшудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, бұл сайып келгенде, есепке алудың жалпы мемлекеттік жүйесi ретiнде Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерін жасау мiндетiн iске асыруға септiгiн тигiзедi.
Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрi негiзiнде Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдеріді жасау мен жүргiзудiң; бiрыңғай нөмiрдi берудiң, тиiстi растаушы құжаттарды берудiң тәртібі мен мерзiмдерiнiң; бiрыңғай нөмiрi көрсетiлмеген құжаттары бар жеке (заңды) тұлғаларға "қайта тiркеу" рәсiмiн жүргiзу мен тәртібін регламенттеу мен мерзiмдерiн белгiлеудiң тұжырымдамалық негiздерi; қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылданатын заң жобаларына сәйкес келтiру қажеттi құқықтық негiздемеге ие болады.
Мемлекет ақпараттық ресурстарды басқару және пайдалану тетiгiн жетiлдiру мүмкiндiгiне ие болады. Мемлекеттік атқарушы органдар Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің бiрыңғай жалпы мемлекеттік бағасына жүгiне отырып, өздерiнiң ведомстволық есепке алу жүйесiн қалыптастыра алады және мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорын жандандыру және ақпараттың қосарланушылығын болдырмау мiндеттерiн шеше алады, бұл сайып келгенде, әлеуметтiк-экономикалық жағдайды нығайтуға және мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
Бағдарламаны iске асыру азаматтардың және заңды тұлғалардың жүгiнуi кезiнде мемлекеттік рәсiмдердi жүргізудi жеделдету мен жеңiлдету негiзiнде жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарын жетiлдiруге ықпал етедi, бұл соның iшiнде кәсiпкерлердiң iскерлiк белсендiлiгiнiң дамуында да оң көрiнiс табады.
СН (БСН) байланыстырушы буын ретiнде пайдалану негiзiнде Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің бiрыңғай ақпараттық жүйелерiн жасау халықтан алынған ақпаратты бiрнеше мәрте енгізудi болдырмау есебiнен ақпаратты енгізуге мемлекеттік қызметкерлердiң еңбек шығындарын төмендетуге ықпал ететiн болады, қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке алу жүйелерiнiң салыстырылмауы проблемасын шешедi.
ҚР Үкіметінің 07.01.04 ж. № 13 (бұр. ред. қара); 27.08.04 ж. № 902 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгерді
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
а1а2 а3а4 а5а6 | а7 | а8а9а10а11 | а12 |
Жеке тұлғаның туған жылының соңғы екi саны, айы, күні | Жеке тұлғаның жынысы және оның туған ғасыры: ер жыныстылар үшiн: 1 - 19 ғасыр, 3 - 20 ғасыр, 5 - 21 ғасыр; әйел жыныстылар үшiн: 2 - 19 ғасыр, 4 - 20 ғасыр, 6 - 21 ғасыр. 7, 8, 9 және 0 резервтік мәндер. | Тiркеудiң реттiк нөмірі | Бақылау разряды. |
Қызметтерiн өзiндiк кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер (бұдан әрi - ЖК (Ө) жеке тұлғаға туылған кезде берiлген CH-дi пайдаланатын болады.
4. БСН-дi генерациялау алгоритмi
БСН-дi генерациялаудың мынадай алгоритмi ұсынылады:
1) бiрiншi фасет - 4 разрядтан (а1 - a4 дейiн) тұрады және заңды тұлғаны немесе қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердi (бұдан әрi - ЗТ немесе ЖК (Б) тiркеудiң жылын (соңғы екi саны) және айын сипаттайды;
2) екiншi фасет - 1 разрядтан (а5) тұрады және ЗТ немесе ЖК(Б) түрiн сипаттайды. Бұдан басқа, осы разрядтың алгоритм есептерiнiң мәнi БСН-нiң СН-мен сәйкес келу мүмкiндiгін болдырмау үшiн пайдаланылады.
CH құрылымында a5 (бесiншi разряд) туған күнiнiң бiрiншi санын бiлдiретiн болғандықтан, ал туған күнi тек 0, 1, 2 немесе 3 (мысалы, 01, 11, 21, 31) санынан басталуы мүмкiн екендiгiн ескере отырып, БСН құрылымында а5 (бесiншi разрядта) генерациялаудың мiндеттi шарты 0, 1, 2 және 3 сандарын пайдалануды болдырмау болады.
Бұл разрядтың мынадай нақты мәндерiн пайдалану ұсынылады:
4 - резидент заңды тұлғалар үшiн;
5 - резидент емес заңды тұлғалар үшін;
6 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн.
Демек, бұл разрядта 7, 8 және 9 резервтiк мәндер бар;
3) үшiншi фасет - 1 разрядтан (а6) тұрады және а5 разрядын қосымша тәптiштеу болып табылатын арнайы белгiнi сипаттайды:
0 - ЗТ немесе ЖК(Б) бас бөлiмшесiнiң белгiсi;
1 - ЗТ немесе ЖК(Б) филиалының белгiсi;
2 - ЗТ немесе ЖК(Б) өкiлдiгiнiң белгiсi;
3 - ЗТ немесе ЖК(Б) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiнiң белгiсi;
4 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығының белгiсi;
4) төртiншi фасет - 5 разрядтан (а7 - а11 дейiн) тұрады және жүйеде ЗТ немесе ЖК(Б), сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеудiң реттiк нөмiрiн сипаттайды;
5) бесiншi фасет - 1 разрядтан (а12) тұрады және БСН-нiң бақылау разряды болып табылады. БСН бақылау разряды есебiнiң алгоритмi Бағдарламаның 5-тарауының 5-параграфында келтiрiлген және СН бақылау разрядының есебiне ұқсас.
Осылайша, БСН құрылымы мынадай түрде болады:
а1а2 а3а4 | а5 | а6 | а7а8а9а10а11 | а12 |
ЗТ немесе ЖК(С) тiркеу жылының, соңғы екi саны, айы. | Салық төлеушiнiң түрi: 4 - резидент заңды тұлғалар; 5 - резидент емес заңды тұлғалар; 6 - бiрлескен кәсiпкерлiк негiзіндегі жеке кәсiпкерлер. CH-мен сәйкестiктi болдырмау мақсатында 0, 1, 2, 3 сандарын пайдаланбаңыз. 7, 8 және 9 резервтiк мәндер | Арнайы белгi (а5 разрядын қосымша тәптiштеу): 0 - бас бөлiмше; 1 - филиал; 2 - өкiлдiк; 3 - өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмше; 4 - бiрлескен кәсiпкерлiк негiзіндегі шаруа (фермер) қожалығы. | ЗТ немесе ЖК(Б), сондай-ақ құрылымдық бөлiмшелерді тiркеудiң реттiк нөмiрi. | Бақылау разряды. |
5. Бақылау разрядының мәнiн есептеу алгоритмi
CH (БСН) құрамына бақылауды жүзеге асыру және клавиатуралық енгізу қателiктерiн кемiту мақсатында, 12 бақылау разрядының болуы көзделедi, оны есептегенде бiр циклда мынадай алгоритм пайдаланылады:
а12 = (1*а1+3*а2+7*а3+9*а4+3*а5+1*а6+9*а7+7*а8+3*а9+9*а10+1*а11) mod 10,
мұнда аі - i-разрядтың мәнi.
10-модуль бойынша есептеп шығаруды жүргiзу СН (БСН) бiрыңғай нөмiрiнiң жол берiлмейтiн мәнiн бақылау сапасын елеулi дәрежеге жоғарылатады.
Қате үлгісi | Нәтиже |
Бір разрядтағы қате Екі разрядтағы қате Екі көршiлес разрядтар мәндерiнiң ауысуы Екi разряд мәндерiнiң ауысуы Разрядтардың екi жұбы мәндерiнiң ауысуы | 100% 91% 90% 81,8% 81% |
Жеке басты куәландыратын, бұрын берiлген құжаттарды қайта тiркегенге және жаңа үлгiдегi құжаттарға (smart-карточкалар) ауыстыруға дейiн, Жеке (заңды) тұлғалардың мемлекеттік дерекқорын құру кезiнде екi циклда 11 модуль бойынша 12 бақылау разрядын есептеу алгоритмiмен, азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттарда басылған ID-коды пайдаланылады.
6. CH (БСН) қолдану тетiгi мен аясы
СН Қазақстан Республикасының азаматтары - жеке тұлғаларына адам туылған кезде (туу туралы куәлiктi бергенде) берiледi, содан соң онымен өмiр бойы "бiрге жүредi":
жеке куәлiктi немесе төлқұжатты алғанда;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегенде;
мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстағанда және аударғанда;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн және көлiк құралдарын тiркегенде;
банк мекемелерiнде шот ашқанда;
рұқсат беру сипатындағы құжаттарды (лицензиялар, патенттер, жүргiзушiнiң куәлiгi, ластауға, су пайдалануға рұқсаттар және тағы басқа) алғанда;
тiркеу сипатындағы құжаттарды (жеке кәсiпкер куәлiгi, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретiнде тiркеу және тағы басқа) алғанда;
әскери билет, офицер (прапорщик) жеке куәлiгiн алғанда;
кедендiк-ресiмдеу кезiнде;
басқа.
Қазақстан Республикасына келетiн және көшi-қон қызметiнде тiркелуге тиiс резидент емес жеке тұлғаларға СН беру жүргiзiлетiн болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында iс жүзiнде жоқ, алайда Қазақстан Республикасында салық салу объектiсi бар резидент емес жеке тұлғаларға СН беру талап етiледi.
Заңды тұлғаларға БСН беру мемлекеттік тiркеу кезiнде жүргiзiлетiн болады. Бұл ретте осы рәсiм заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiн салық органдарында тiркеу кезiнде де жүргiзiледi.
БСН беру рәсiмi қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлерге қатысты да жүргiзiлетiн болады.
Бұдан басқа, бизнес - сәйкестендiру нөмiрiнiң құрылымына кiретiн мәлiметтер өзгерген жағдайда, жаңа БСН-дi берумен қайта тiркеу рәсiмi жүргiзiледi. Бұл ретте Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерге СН бойынша да, БСН бойынша да соның iшiнде СН (БСН) беру, БСН құрылымына кiретiн мәлiметтердi өзгерту, сондай-ақ CH (БСН) жою бөлiгiнде барлық өзгерістердiң тарихы жүргiзiледi. CH (БСН) берудiң нақты тетiктерiн, сондай-ақ CH (БСН) тiркеу және беру рәсiмдерiн жүргiзуге жауапты мемлекеттік органдарды айқындауды мемлекеттік шығыстарды мейлiнше азайту мен жеке және заңды тұлғаларға барынша қолайлы жағдай туғызу тұрғысынан қарау қажет.
CH (БСН) орталықтандырылған дерекқорына жүгiну жолымен CH-дi (БСН-дi) мiндеттi түрде "оn-line" режимiнде беру CH (БСН) қайталануын болдырмау мақсатында сақталуға тиiс негiзгi талап болып табылады. Сондықтан, тiркеу жүйесiнiң жұмыс iстеу мүмкiндiгiн аудандық деңгейде iске асыру талап етiледi.
СН жеке тұлғаның суретi мен CH-i бар smart-карточка түрiнде болатын жеке бас куәлiгiне микропроцессорлық технологияны қолдану арқылы микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыру кезiнде сәттi пайдаланыла алады. Мұндай куәлiк-карточка тiркеу мәлiметтерiн сақтау үшiн ғана пайдаланылып қоймай, сонымен қатар ағымдағы банктiк шоттағы қалдықтар туралы, зейнетақы жинақтары, әлеуметтiк, мiндеттi медициналық сақтандыру деректерi туралы, салықтық мiндеттемелердi орындау туралы және тағы да басқа ақпараттарды жадында сақтайтын электрондық әмиян ретiнде қолданылуы мүмкiн.
7. СН (БСН) көшу
CH және БСН енгізудi бiрқатар даярлық iс-шараларын iске асыру қажет болатын СН мен БСН-ге өту алдындағы уақытша кешеуiлдеудi анықтай отырып, белгiлi бiр күннен бастап жүргiзу орынды.
Оның iшiнде, "Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдер туралы", " Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы", "Кейбір заң актілеріне Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдер туралы Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарды әзiрлеу мен қабылдауды да, осы заң жобаларын iске асыру жөнiндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларын әзiрлеу мен қабылдау және ведомстволық актiлердi қабылданған заң жобаларына сәйкес келтiруді де қамтитын нормативтiк базаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргiзу талап етiледi.
Сондай-ақ белгiлi бiр күннен бастап "өтпелi" деп аталатын кезең iшiнде мынадай процестердi қатар жүргiзу ұсынылады:
туу туралы куәлiктердi, жеке басын куәландыратын құжаттарды, салық төлеушiнiң куәлiктерiн, заңды тұлғаны мемлекеттік (есептiк) тiркеу туралы куәлiктердi және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктердi тiркеу органдарына осындай құжаттарды бiрiншi рет алуға жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға СН (БСН) көрсетумен (бұдан әрi - CH (БСН) көрсетiлген құжаттар) беру;
тiркеу органдарына қайта тiркеу үшін жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға "ескi" құжаттардың орнына СН (БСН) көрсетiлген "жаңа" құжаттар беру.
"Өтпелi" кезеңге дейiн СН мен БСН-нің Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мен енгізудi қамтамасыз ететiн бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеу мен пилоттық енгізудi жүргiзу, сондай-ақ Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерді жүргiзуге жауапты уәкiлеттi органды айқындау керек.
Мемлекеттік органдарға ведомстволық ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн пысықтауға бiршама уақыт қажет. Атап айтқанда, салық органдары мен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң бөлiмшелерi даярлық кезеңi iшiнде берiлген СН-дi бұрын берiлген СТН-мен және ӘЖК-пен "байлау" бойынша жұмыс жүргiзуi тиiс.
Бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер бойынша БСН беру және оларды бұрын берiлген CTH-мен "байлау" жөнiнде осыған ұқсас жұмыс жүргiзу қажет болады.
Банк жүйесiнде де белгiлi бiр жұмыстар жүргiзу қажет болады. Мысалы, төлем құжаттарының нысанына және тиiсiнше, төлемдерге қызмет көрсету бойынша, оның iшiнде CH және БСН дәлдiгiн тексеру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу қажет болады.
Ақпараттандыру саласында жұмыстар жүргізу бөлiгіндегі iс-шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Сонымен, ақпараттық iс-шараларды жүргiзу туралы мәселеге мұқият болған жөн. Жұртшылық мемлекеттік органдардың қолданғалы отырған даярлық iс-әрекеттерi туралы кең құлақтандырылуы үшiн бар күштi салу қажет. Жүргiзiлетiн шешiмдердiң мерзiмдерi, жүйелiлiгi, СН-ге көшу мүмкiндiгiнше қалыпты өтетiндей және халыққа аса ыңғайсыздық туғызбайтындай етiп жоспарлануы тиiс.
6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру мемлекеттік бюджет қаражаттарынан қаржыландыруды талап етпейдi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiн қолдануға көшудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, бұл сайып келгенде, есепке алудың жалпы мемлекеттік жүйесi ретiнде Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мiндетiн iске асыруға септiгiн тигiзедi.
Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрi негiзiнде Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерді жасау мен жүргiзудiң; бiрыңғай нөмiрдi берудiң, тиiстi растаушы құжаттарды берудiң тәртібі мен мерзiмдерiнiң; бiрыңғай нөмiрi көрсетiлмеген құжаттары бар жеке (заңды) тұлғаларға "қайта тiркеу" рәсiмiн жүргiзу мен тәртібін регламенттеу мен мерзiмдерiн белгiлеудiң тұжырымдамалық негiздерi; қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылданатын заң жобаларына сәйкес келтiру қажеттi құқықтық негiздемеге ие болады.
Мемлекет ақпараттық ресурстарды басқару және пайдалану тетiгiн жетiлдiру мүмкiндiгiне ие болады. Мемлекеттік атқарушы органдар Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің бiрыңғай жалпы мемлекеттік бағасына жүгiне отырып, өздерiнiң ведомстволық есепке алу жүйесiн қалыптастыра алады және мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорын жандандыру және ақпараттың қосарланушылығын болдырмау мiндеттерiн шеше алады, бұл сайып келгенде, әлеуметтiк-экономикалық жағдайды нығайтуға және мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
Бағдарламаны iске асыру азаматтардың және заңды тұлғалардың жүгiнуi кезiнде мемлекеттік рәсiмдердi жүргізудi жеделдету мен жеңiлдету негiзiнде жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарын жетiлдiруге ықпал етедi, бұл соның iшiнде кәсiпкерлердiң iскерлiк белсендiлiгiнiң дамуында да оң көрiнiс табады.
СН (БСН) байланыстырушы буын ретiнде пайдалану негiзiнде Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің бiрыңғай ақпараттық жүйелерiн жасау халықтан алынған ақпаратты бiрнеше мәрте енгізудi болдырмау есебiнен ақпаратты енгізуге мемлекеттік қызметкерлердiң еңбек шығындарын төмендетуге ықпал ететiн болады, қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке алу жүйелерiнiң салыстырылмауы проблемасын шешедi.
ҚР Үкіметінің 07.01.04 ж. № 13 (бұр. ред. қара); 27.08.04 ж. № 902 (бұр. ред. қара); 2006.14.04. № 282 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
P/c N | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты | Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi | Бол- жалды шығы- стар | Қар- жылан- дырылу көзі |
1- 2 . 3. 4. 5. 6. | Қазақстан Респуб- ликасы Заңдарының жобаларын әзiрлеу, келiсу және Қазақ- стан Республика- сының Парламентiне енгізу: 1) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Респуб- ликасының Koдексi, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Респуб- ликасының Кодексi, "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы)
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Респуб- ликасы Заңдарының iске асырылуына заңға тәуелдi нормативтiк құқық- тық кесiмдердi әзiрлеу- Ведомстволық кесiмдердi Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдері-нің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру. ("Қазақстан Рес- публикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз төлем мен ақша аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы", "Клиент және оған қызмет көрсетушi банк арасындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердi жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Респуб- ликасының Ұлттық Банкi Басқарма- сының қаулысы, "Қазақстан Респуб- ликасының салық төлеушiлерiн мем- лекеттiк тiркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мем- лекеттiк кiрiс министрінің бұйрығы).
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мен жүргiзу және бiрыңғай нөмiрге (СН (БСН) ауысу бойынша СН (БСН) беру рәсiмдерiн өткізу және CH (БСН) көрсетiлген құжаттарды беру, сондай-ақ қайта тiркеу және бұрын берiлген құжат- тарды ауыстыру CH (БCH) қолда- нудың жүйесiн толық енгізуге өту | Заңдардың жобалары Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулылы- ларының жобалары Ведомст- волық кесімдер БАҚ-та жариялау, теледи- дарда және радиода сөз сөйлеу СН (БСН) көрсетiл- ген құжат- тарды беру Жүйенi енгізу | Қазақстан Рес- публикасының Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Ішкі істер министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, Көлік және коммуника- циялар министр- лігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр- лігі, Энерге- тика және ми- нералдық ре- сурстар мини- стрлігі, Сыртқы істер министр- лігі, Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Рес- публикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Респуб- ликасының Ста- тистика жөніндегі агенттігі,Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Ішкі істер министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі, Еңбек және халықты әлеу- меттік қорғау министрлігі, Энергетика және минералдық ре- сурстар мини- стрлігі, Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Рес- публикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша), Қазақстан Рес- публикасының Статистика жөніндегі агенттiгi, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi, Қаржы министрлігінің Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Респуб- ликасының Қаржы Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Ішкі істер министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Энергетика және минералдық ресур- стар министрлігі, Қорғаныс министр- лігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Респуб- ликасының Ста- тистика жөніндегі агенттігі, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Рес- публикасының Әділет министрлігі, Қаржы министр- лігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, мүдделi мемле- кеттiк органдар Қазақстан Рес- публикасының Әдiлет министр- лiгi, Iшкi iстер министр- лiгi, Сыртқы iстер министр- лiгi, Қаржы министрлігі Қазақстан Рес- публикасының Әділет министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігі, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Iшкi icтep министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министр- лiгi, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Еңбек және халықты әлеу- меттік қорғау министрлiгі, Энергетика және минералдық pe- сурстар мини- стрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Peс- публикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша), Қазақстан Респуб- ликасының Статис- тика жөніндегі агенттігі,Жер ресурстарын басқару жөніндегі агент- тігi, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті | 2006 жыл ғы 1 тамызға дейін Заңдар қабылдан ғаннан кейін 3 айдың ішінде Заңдар қабылдан ғаннан кейін 3 ай ішінде Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республика- сының Заңы қолданыс- қа енгізілген күнінен бастап
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мерзімде
Сәйкес- тендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республика- сының Заңына сәйкес |