“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565
қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 188 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 26, 247-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасында:

"Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi" деген 5-бөлiмде:

"БСН-дi генерациялау алгоритмi" деген 4-кiшi бөлiмде:

3) тармақшаның бесiншi абзацы алынып тасталсын;

"а6" деген бағандағы "3 - өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмше" деген сөздер алынып тасталсын;

"Бақылау разрядының мәнiн есептеу алгоритмi" деген 5-кiшi бөлiмде:

бірiншi абзацтағы "бір циклда мынадай алгоритм" деген сөздер "екi циклда мынадай алгоритм" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi абзацтағы "mod 10" деген сөздер "mod 11" деген сөздермен ауыстырылсын;

төртiншi абзац пен кесте алынып тасталсын;

"СН (БСН) қолдану тетiгi мен аясы" деген 6-кіші бөлiмде:

он төртiншi абзацтағы "және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiн салық органдарында тіркеу" деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов