Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 ж. 7 қаңтардағы № 13 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 26, 247-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасында:

"Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 8 бөлiмде:

реттiк нөмiрi 1-жолдағы "Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"2004 жылдың 1 наурызына дейiн".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов