Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 565 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы
№ 902 қаулысы


Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 26, 247-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

2 және 3-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Mыңбаевқа жүктелсiн";

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмірiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасында:

"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде:

"Қысқаша мазмұны" деген кiшi бөлiмде: "2001-2003 жылдарға" деген сөздер "2001-2005 жылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Iске асыру мерзiмi" деген кiші бөлiмде: "2005" деген сан "2007" деген санмен ауыстырылсын;

"Кiрiспе" деген 2-бөлiмде "2001-2003 жылдар" деген сөздер "2001-2005 жылдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:

реттiк нөмiрi 1-жолда:

"Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Қаржы министрлігі" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;

"Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"2004 жылғы 1 қыркүйекке дейiн";

реттiк нөмiрлерi 2, 3-жолдардағы "Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Қаржы министрлігі" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;

реттiк нөмiрi 4-жолда:

"Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда:

"Қаржы министрлігі" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;

"Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздер "Ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 6-жолда:

"Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;

"Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов