Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргiзуге арналған модельдiк келісім-шартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 31 шілдедегі № 1015 қаулысы

(2009.08.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келісім-шарт (бұдан әрi - Модельдiк келісім-шарт) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы ?кіметінің жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттарды жасасу және орындау жөнiндегі құзыреттi органы келісім-шарттарды дайындау және жасасу кезiнде Модельдiк келісім-шарттың ережелерiн басшылыққа алсын. Бұрын берiлген лицензиялар негiзiнде келісім-шарттар жасасарда тиiстi лицензиялардың шарттары сақталсын.

3. «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған модельдiк контрактiнi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 3, 27-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 жылғы 31 шілдедегі

№ 1015 қаулысымен

бекітілген

Модельдік

келісім-шарт

_________________________________________________________________________
                    мемлекеттік органның атауы,
                        (Құзыреттi орган)
                              және
_________________________________________________________________________
 азаматтың аты-жөнi, заңды тұлғаның, мемлекеттік және/немесе халықаралық
                           ұйымның атауы
                            (Мердiгер)
                             арасында
_________________________________________________________________________
     Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операциялардың түрi көрсетілсін
жүргiзуге арналған ______________________________________________________
                   әкімшілік-аумақтық бірлiктің атауы, кен орны, учаскесi
                                     (блогы) көрсетілсiн
Қазақстан Республикасының _______________________________________________
                                Кен орнында, учаскесінде (блогында),
_________________________________________________________________________
     Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі көрсетілсін
арналған осы Келісім-шарт 200__ жылғы»__"_______________________________
                                             мемлекеттік органның атауы
(бұдан әрi - Құзыреттi орган) мен _______________________________________
                                 азаматтың аты-жөні, заңды тұлғаның атауы
(бұдан әрi - «Мердiгер») арасында _______________________________________
                           жер қойнауын пайдалану құқығын растайтын құжат
сәйкес жасалды.

Мазмұндама

Кіріспе
1-бөлiм. Анықтамалар
2-бөлiм. Келісім-шарттың мақсаты
3-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі
4-бөлім. Келісім-шарттық аумақ
5-бөлiм. Мүлік пен ақпаратқа арналған жеке меншік құқығы
6-бөлiм. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және
          иеліктен айыруға арналған құқығы
7-бөлiм.  Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері
8-бөлiм. Жұмыс бағдарламасы
9-бөлiм. Барлау кезеңі
10-бөлiм. Коммерциялық табу
11-бөлiм. Өндіру кезеңі
12-бөлiм. Есепке алу және есеп беру
13-бөлiм. ________________________ Өлшеу
          Пайдалы қазбаның түрі
14-бөлім. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау
15-бөлiм. Қаржыландыру
16-бөлiм. Салық салу
17-бөлiм. Бухгалтерлік есеп
18-бөлiм. Сақтандыру
19-бөлiм. Тарату және тарату қоры
20-бөлiм. Жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау
21-бөлім. Тұрғындар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі
22-бөлiм. Мердігердің келісім-шарттың
          Шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігі
23-бөлiм. Кездейсоқ оқиға
24-бөлiм. Құпиялылық
25-бөлiм. Құқықтар мен міндеттерді тапсыру
26-бөлім. Қолданылатын құқық
27-бөлiм. Дауларды шешу тәртібі
28-бөлiм. Келісім-шарт тұрақтылығының кепiлдiктерi
29-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылуын тоқтату
          және тоқтата тұру шарттары
30-бөлiм. Келісім-шарт тілі
31-бөлiм. Қосымша ережелер

Кіріспе

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Жер қойнауы мен ондағы пайдалы қазбалар мемлекет меншiгi болып табылатындығын;

     2) Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларды, ұтымды әрi тиiмдi
пайдалануға, оның ішiнде _____________________________________________
                                Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
__________________________________ жүзеге асыруға ниет бiлдiретiндiгiн;
  операцияның түрі көрсетілсін
     3) Мердiгердiң Келісім-шартқа сәйкес ______________________________
                                         Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
__________________________________ ұтымды әрi тиiмдi жүргiзуге ниетi және
  операцияның түрі көрсетілсін
қаржылық мүмкiндiгi бар екендiгiн;

4) Қазақстан Республикасының ?кіметi Құзыреттi органға Келісім-шарт жасасуға және орындауға арналған құқық үлесiн бергендiгiн;

     5. Құзыреттi орган мен Мердiгер ___________________________________
                                       Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
___________________________________ жүргiзу кезiнде осы Келісім-шарт
   операцияның түрі көрсетілсін
олардың өзара құқықтары мен мiндеттерiн реттейдi деп уағдаласқандықтарын
назарға ала отырып,

Құзыреттi орган мен Мердiгер төмендегiлер туралы келiстi:

1-бөлiм. Анықтамалар

Осы бөлiмде түсiнiк берiлмеген анықтамалар мен терминдердің Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығындағы (бұдан әрi - «Жер қойнауы туралы» Жарлық) және Пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерi мен техногендiк минералдық құрылымдар туралы заңнамалық кесiмдердегi анықтамалар мен терминдер сәйкес келетiн мағынасы бар.

1. Жағалаулық сызық - су қоймасының ең көп құйылысы (толтырылған су) нәтижесiнде пайда болған жағалаулық сызықты бiлдiредi. Жағалаулық сызықтың нақты орналасу жерiн белгiлеу тәртібін Қазақстан Республикасының ?кіметi белгiлейдi.

     2. Өтелетiн шығындар - Келісім-шарттың ережелерiне және Мемлекеттiң
заңнамасына сәйкес белгіленген _________________________________________
                                   Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
___________________________________________ жүргізуге арналған Қазақстан

операцияның түрі көрсетілсін Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұстап қалуға жататын шығындарды білдіреді.

3. Мемлекет (Республика) - Қазақстан Республикасын білдіреді.

4. Келісім-шарттың қолданылу жылы - григориан күнтiзбесi бойынша тiзбектеле келетiн 12 айға тең кезеңдi бiлдiредi, Келісім-шарт мәтiнiнiң контекстiнде ол Келісім-шарттың күшiне енген күнiнен немесе осы енудiң кез келген жылынан басталады.

5. Тау-кендiк бөлiсiм - Өндiруге арналған Келісім-шартқа, қосарланған Барлау мен Өндiруге арналған, Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес Құрылысқа және (немесе) жерасты құрылыстарын пайдалануға арналған Келісім-шартқа, Жер қойнауын пайдаланушының Барлау және (немесе) Өндiрумен не Сервитутты жүзеге асырумен байланысты емес Өндiрудi, Жерасты құрылыстарын жүргiзуге құқылы Жер қойнауының участогын сызбалық және сипаттамалық белгiлейтiн Сервитут ресiмделген жағдайда Келісім-шарттың ажыратылмас бөлiгi не дербес құжат болып табылатын коммерциялық мақсатта жалпы тараған пайдалы қазбаларды Өндiруге арналған Келісім-шартқа қосымшаны бiлдiредi.

6. Мемлекеттік орган - Мемлекет атынан белгiлi бір функцияны жүзеге асыруға құзырет берiлген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органын бiлдiредi.

7. Геологиялық бөлiсiм - Жер қойнауын пайдаланушы Барлау жүргiзуге құқылы Жер қойнауының учаскесiн сызбалық және сипаттамалық белгiлейтiн Келісім-шарттың ажыратылмас бөлiгi болып табылатын Барлауға, қосарланған Барлау мен Өндiруге арналған Келісім-шартқа қосымшаны бiлдiредi.

8. Келісім-шарттың күшiне ену күнi - Келісім-шарттың 3.1-тармағында көрсетiлген күндi бiлдiреді.

9. Өндiру - барлық технологиялық операцияларды және Минералдық шикiзаттарды уақытша сақтауды қоса алғанда, мемлекет меншiгіндегі Жер қойнауынан пайдалы қазбаларды, сондай-ақ Техногендiк минералдық түзiлiстердi жер бетiне шығарумен байланысты жұмыстардың барлық кешенiн (операцияларды) бiлдiредi.

10. Кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз қажеттерi үшiн өндiру - жалпы кең тараған пайдалы қазбаларға не жер асты суларына қатысты кейін мәмiлелер жасау ниетiнсiз меншiкке не тұрақты немесе уақытша жер қойнауын пайдалану құқығына жататын жер учаскесiнде жүзеге асырылатын Өндiрудi бiлдiредi.

11. Кеңiнен тараған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта Өндiру өз қажеттерi үшiн кең тараған пайдалы қазбаларды Өндiруге жатпайтын кең тараған пайдалы қазбаларды кез келген өндiрудi бiлдiредi.

12. Теңiздiң ластануы - теңiздiк ортаға материалдардың, заттардың, энергияның, шуылдың, дiрiлдердiң қосылуын, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, теңiздiң тiрi ресурстары мен экологиялық жүйесiне зиян келтiретiн не келтiруге қабiлеттi не теңiзде не оның жағалауында заңды қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кедергi туғызатын немесе зиян келтiруге қабiлеттi түрлi тұрпаттағы сәулеленулер мен өрiстердiң пайда болуын бiлдiредi.

13. Жер қойнауын пайдалану туралы заңнама - Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар Жарлығын, оған өзгерістер мен толықтыруларды және Пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерi мен Техногендiк минералдық түзiлiстер туралы басқа да заңнамалық кесiмдердi бiлдiредi.

14. Коммерциялық табылым - Келісім-шарттық аумақта Өндiру үшiн экономикалық жағынан жарамды бір немесе бірнеше Кен орнының табылуын бiлдiредi.

     15. Құзыреттi орган - Келісім-шарт  жасасумен  және  оны  орындаумен
тiкелей байланысты құқықтар табысталған _________________________________
атқарушы      мемлекеттік      __________________________________________
бiлдiредi.

органның атауы көрсетілсін

     16.  Келісім-шарт  -  Құзыреттi  орган  мен  Мердiгер       арасында
_________________________________________________________________________
Кен             орнында,             Учаскесiнде              (блоктарда)
_________________________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі  көрсетілсін  жүргiзуге
арналған  осы  Келісім-шартты,  сондай-ақ  осы  Келісім-шартқа     барлық
қосымшаларын бiлдiредi.

17. Келісім-шарттық аумақ - Жер қойнауын пайдаланушы Келісім-шартқа сәйкес келетiн жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге құқылы Геологиялық не Тау-кендiк бөлiсiммен белгiленген аумақ.

     18. Кен орны - _________________________________ табиғи шоғырланудан
Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін тұратын  ______________________________
кен орнын бiлдiредi.

(егер ол ашылған болса)

19. Минералдық шикiзат - құрамында Пайдалы қазбасы (Пайдалы қазбалары) бар Жер қойнауының жер үстiне шығарылған (тау жынысы, кендік шикізат және басқалар) бөлігі.

ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 889 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді

20. Салық заңнамасы - Салық кодексi және қабылдануы Салық кодексiнде көзделген басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдер.

ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 889 қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды

20-1. Салық кодексi - Келісім-шартқа қол қою (жасасу) күнiне қолданыстағы Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi (Салық кодексi).

21. Жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болған кезде жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық дамуды ескере отырып, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке дейiн созылған жер қыртысының бөлiгiн бiлдiредi.

     22. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - _________________
Жер    қойнауын    ______________________________________________________
жүргiзуге арналған
     пайдалану  жөніндегі  операцияның  түрі  көрсетілсін  Келісім-шартқа
сәйкес Келісім-шарттық аумақта ___________________________
     Жер   қойнауын   пайдалану   _______________________________________
жатқызылған барлық  жұмыстарды  жөніндегі  операцияның  түрі  көрсетілсін
бiлдiредi.
     23.   Мердiгер   -   Құзыреттi   органмен   Келісім-шарт    жасасқан
_________________________________________________________________________
жеке    тұлғаның    аты-жөні,    заңды    тұлғаның,    оның        ішінде
_________________________________________________________________________
шетелдiк заңды тұлғаның, сондай-ақ шет  мемлекеттік  халықаралық  ұйымның
атауы. Жер қойнауын пайдаланушыны бiлдiредi.

24. Үкiмет - Қазақстан Республикасының Үкіметін бiлдiредi.

25. Пайдалы қазбалар - материалдық өндiрiсте пайдалануға жарамды жер қойнауындағы қатты, сұйық немесе газ күйіндегі (оның ішiнде жерасты сулары мен емдiк балшықтар) минералдық заттарды бiлдiредi.

26. Ілеспе пайдалы қазбалар - негiзгi Пайдалы қазбалармен бірге өндiрiлетiн Пайдалы қазбаның құрамдас бөлiктерiн бiлдiредi.

27. Кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi - Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде әдетте Мердiгердiң әлем елдерiнде Барлау және Өндiру кезiнде қолданатын ең оңтайлы, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттi тәжiрибесiн бiлдiредi.

28. Техногендiк минералдық түзiлiстер - тау-кен байыту, металлургиялық және өндiрiстiң басқа да түрлерiнiң құрамында Пайдалы қазбасы (Пайдалы қазбалары) бар өнеркәсiп қалдықтары (қоқыстар, үйiндiлер, қалдықтар және басқалар).

29. Жұмыс бағдарламасы - Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, Барлау және Өндiру жөніндегi жоспарларды қоса алғанда, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн дайындалған жоспарлардың барлық түрiн бiлдiредi.

30. Барлау - Пайдалы қазбалардың Кен орындарын iздестiрумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстарды (операцияны) бiлдiредi.

31. Тараптар - олар жиынтықта айқындалған Құзыреттi орган мен Мердiгердi бiлдiредi.

32. Қосалқы мердiгер - Мердiгердiң Келісім-шарт бойынша мiндеттемелерiнiң қандай да бір бөлiгiн орындау туралы Мердiгермен шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлғаны бiлдiредi.

33. Yшiншi жақ - Келісім-шарт бойынша Тараптарды қоспағанда кез-келген заңды немесе жеке тұлғаны бiлдiредi.

34. Бекiтiлген қорлар - Пайдалы қазбалардың мемлекеттік сараптамамен бағаланған геологиялық және алынатын қорларын бiлдiредi.

35. Жер қойнауының учаскесi (блок) - жер қойнауын пайдалануға беру үшiн тұйықталған шекарада бөлiнетiн Жер қойнауының геометрияланған бөлiгiн бiлдiредi.

ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 702 қаулысымен модельдік келісім-шарттың 2-бөлiмі толықтырылды

2-бөлiм. Келісім-шарттың мақсаты

2.1. Келісім-шарттың мақсаты Келісім-шарт күшiне енген күнi мемлекеттiң қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес Құзыреттi орган мен Мердiгер арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастарды белгiлеу және заңдық ресiмдеу болып табылады.

2.2. Қазақстан Республикасының ?кіметi Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша мемлекеттiң мүддесiн бiлдiретiн өкiлеттi органды белгiлей алады.

3-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі

3.1. Келісім-шарт Құзыреттi органда (уәкiлеттендiрiлген мемлекеттік орган) Келісім-шарттың тiркелгенi туралы сертификатты мiндеттi берумен оны мемлекеттік тiркеуден өткiзген сәттен бастап, егер күшiне енудiң өзге де неғұрлым кеш мерзiмдерi Келісім-шартта ескерiлмесе, күшiне енедi.

     3.2. Келісім-шарттың қолданылу мерзiмi _____________________________
                                            егер Тараптар Келісім-шартта
__________________________________________________ Келісім-шарт күшінің

неғұрлым ерте мерзімді ескермесе соңғы күні аяқталады.

3.3. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі тараптардың келісуі бойынша Мемлекет заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкін.

3.4. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған кезде Келісім-шарттың ережелері Тараптардың жазбаша келісімімен өзгертілуі қажет.

4-бөлім. Келісім-шарттық аумақ

     4.1. Мердігер ____________________________________________________
                        Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның
                                      түрі көрсетілсін
Келісім-шарттың ережелерiне сәйкес Келісім-шарттық аумақ шегiнде орындайды.
     4.2. Егер ________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін жүргiзу кезiнде Кен орны шоғырының географиялық шекаралары Геологиялық немесе Тау-кен бөлiсiмiнде көрсетiлген Келісім-шарт аумағынан тысқары шығып жатса, онда оны кеңейту туралы мәселе Келісім-шарттың ережелерiн конкурс өткiзбей өзгерту жолымен шешiледi.

     4.3. ____________________________________________________________
                 (Барлауға немесе Барлау мен Өндiруге арналған
_____________________________________ Келісім-шарттық аумақты қайтару,
      Келісім-шарттар үшiн)
Коммерциялық ашу жасалған аумақты қоспағанда, мынадай график бойынша
жүзеге асырылады:
Келісім-шарттың қолданылуының екiншi жылының соңына             %
Келісім-шарттың қолданылуының үшiншi жылының соңына             %
Келісім-шарттың қолданылуының төртiншi жылының соңына           %
Келісім-шарттың қолданылуының бесiншi жылының соңына            %
Келісім-шарттың қолданылуының алтыншы жылының соңына            %

5-бөлiм. Мүлік пен ақпаратқа арналған жеке меншік құқығы

     5.1. ____________________________________________________________
         Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
_________________________________________________________________________
                   Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
жүргiзу үшiн Мердiгердiң сатып алған барлық материалдық және материалдық
емес активтер Мердiгердiң меншiгi болып табылады.
     5.2. Келісім-шарттың 5.1-тармағында көрсетiлген мүлiкке меншiк
құқығы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес __________________________________
                                       Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
_______________________________________ қаржыландыруды қамтамасыз ету
     операцияның түрі көрсетілсін
үшiн Үшiншi тұлғаның пайдасына берiлуi немесе басқа тәсiлмен ауыртпалануы
мүмкін.

5.3. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, Кен орындарының геологиялық өлшемдерi, қорлардың шамасы, әзiрлеу шарттары, сондай-ақ Жер қойнауының өзге де ерекшелiктерi туралы геологиялық есептерде, карталарда және өзге де материалдарда бар ақпарат, егер ол бюджеттік қаражат бөлу есебiнен алынса және егер ол Мердiгердiң өз қаражатының есебiнен алынса, Мердiгердiң меншiгiнде болады.

5.4. Мемлекет меншiгіндегі Келісім-шарттық аймақ бойынша Жер қойнауы туралы ақпаратты Мердiгер Мемлекеттің заңнамасында белгiленген тәртiппен

_________________________________________________________________________
          Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде уәкiлеттiлiк
___________________________ алады.
  берілген органның атауы
     5.5. Мердiгер ______________________________________________________
                              Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
_________________________________________ жүргiзу процесiнде алынған
       операцияның түрi көрсетiлсiн
Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты мiндеттi түрде
белгіленген стандарт бойынша ____________________________________________
                              Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде
__________________________________________ сақтау, жүйелеу және
    уәкілеттік берілген органның атауы
қорытындылау үшiн тегін табыс етедi.
     5.6. Мердiгердiң қаражаты есебiнен алынған және оларға
Келісім-шарттың 5.5-тармағына сәйкес табыс етiлген Жер қойнауы туралы
геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарға
пайдалану Мердiгер мен __________________________________________________
                           Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде
______________________________________________ арасында жасалатын бөлек
    уәкілеттік берілген органның атауы
келісімнiң негiзiнде айқындалады.
     5.7. Келісім-шарт күшiн тоқтатқан кезде барлық геологиялық ақпарат
Мемлекет меншiгiне көшедi. Мердiгер барлық құжаттар мен бастапқысын қоса
алғанда өзге де геологиялық, материалдық ақпарат көздерін ________________
                                                           Жер қойнауын
__________________________________________________________________________
    пайдалану және қорғау жөнінде уәкілеттік білдірген органның атауы
тегін беруге міндетті.

6-бөлiм. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және

иеліктен айыруға арналған құқығы

6.1. Соғыс, табиғи зiлзала жағдайында немесе төтенше жағдайлар туралы заңнамада көзделген өзге де жағдайларда Үкiметтiң Мердiгерге тиесілi Пайдалы қазбалардың бір бөлiгiн немесе барлығын иелiктен айыруға құқығы бар. Иелiктен айыру төтенше жағдайдың бүкiл мерзiмi ішiнде Мемлекеттiң мұқтажы үшiн қажет көлемде жүзеге асырыла алады.

6.2. Мемлекет иелiктен айырған Пайдалы қазбалар үшiн заттай немесе ақшалай түрде олардың құнын сол күнгі әлемдiк нарықтың бағалары бойынша орнын толтыруға кепiлдiк бередi (шетелдiк Мердiгерге ақшалай өтем еркiн айналымдағы валютамен ұлттық Мердiгерге Мемлекеттiң ұлттық валютасымен төленедi).

     6.3. Мемлекеттiң Мердiгерден ____________________________________
                                   Пайдалы қазбаның түрi көрсетiлсiн
әлемдiк рыноктың бағаларынан аспайтын баға бойынша ____________________
                                                   сатып алынатындарының
_______________________________________________________________________
                       шекті көлемi белгіленсін
_______________________________________________________________________
 Пайдалы қазбаның түрi, олардың бағасын белгiлеу тәртібі мен төлем түрi
_____________________ алдыңғы кезекте сатып алуға құқығы бар.
     көрсетілсін

7-бөлiм. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері

7.1. Мердiгердiң:

     7.1.1. Келісiм-шарттық аумақта ___________________________________
                                      Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
________________________________________ ерекше негiзде жүргiзуге;
    операцияның түрi көрсетілсiн

7.1.2. Келісім-шартта белгіленген шарттарға сәйкес өзiне берiлген Келісім-шарттық аумақ шектерiнде жер қойнауын пайдалану жөніндегі кез келген заңды iс-қимылдарды дербес жасауға;

     7.1.3. Таңдауы бойынша өз қызметінiң нәтижелерiн, оның iшiнде
___________________________________ пайдалануға;
 Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
     7.1.4. Келісім-шарттық аумақта, қажет болған жағдайда белгiленген
тәртіппен Мердігерге бөлінген өзге де жер учаскелерінде _______________
                                                         Жер қойнауын
_______________________________________________________ жүзеге асыру
    пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
үшiн қажет өндiрiстiк және әлеуметтiк сала объектілерін салуға;

7.1.5. Иелерiмен уағдаластық бойынша Келісім-шарттық аумақта да, одан тыс жерлерде де жалпы пайдаланудағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалануға;

7.1.6. Келісім-шарттың 3.3-тармағына сәйкес Келісім-шарт күшiнiң мерзімiн ұзарту туралы келiссөздердi бірiншi кезектегi тәртiппен жүзеге асыруға;

     7.1.7. ____________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетілсін жүргiзуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн Қосалқы мердiгерлердi тартуға;

7.1.8. Келісім-шартпен және Мемлекет заңнамасымен белгiленген шарттарды сақтай отырып, өзiнiң барлық құқығын немесе оның бір бөлiгін үшiншi тұлғаларға беруге;

7.1.9. Келісім-шартпен және Мемлекет заңнамасымен белгiленген шарттарда өз қызметiн тоқтатуға;

7.1.10. Келісім-шарт тоқтатылған жағдайда егер келісім-шартта өзгеше белгiленбесе, Мердiгердiң өз меншiгіндегі мүлiкке дербес билiк жасауға құқығы бар.

7.1.11. Мердiгердiң құқығы, егер ол Мемлекет заңнамасына қайшы келмесе, Тараптардың келісімi бойынша толықтырылуы мүмкiн.

7.2. Мердiгер:

     7.2.1. Тараптардың келiскен Жұмыс бағдарламасын орындауға __________
____________________________________________________________  кiрiсуге;
                  мерзімi белгiленсін
     7.2.2. ____________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрi көрсетілсін жүргiзу кезiнде әлемдiк тәжiрибеде қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстер мен технологияларды таңдауға;

7.2.3. Келісім-шарттық аумақты Келісім-шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдалануға:

     7.2.4. ____________________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін

Мемлекет заңнамасы мен Жұмыс бағдарламасына қатаң сәйкестікте жүргізуге;

     7.2.5. Басқа тұлғаларға Келісім-шарттық аумақ шектерінде еркін
жүрiп-тұруға, ортақ пайдаланудағы объектілер мен коммуникацияларды
пайдалануға немесе жұмыстың кез келген түрiн, оның ішінде ______________
_______________________________________________ басқа табиғи ресурстарды
     Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
Барлау мен Өндiруге, егер бұл қауiпсiздiктiң ерекше шарттарымен байланысты
болмаса және мұндай қызмет ________________________________________
                                  Жер қойнауын пайдалану
_______________________________________________ жүргiзуге кедергi
    жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
келтiрмесе, бөгет жасамауға;
     7.2.6. ____________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрi көрсетілсiн жүргізу жөнiндегі қызметшiлер құрамы мен тұрғындардың қауiпсiздiгін қамтамасыз ететiн белгiленген тәртiппен келісілген технологиялық сызбалар мен жобаларды сақтауға;

7.2.7. Қазақстан Республикасының ?кіметi белгілеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткiзумен олардың стандарттарға және басқа да талаптарға сәйкестігі кезiнде Мемлекетте өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдердi мiндеттi түрде қолдануға;

     7.2.8. ____________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетiлсiн жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының ?кіметi белгілеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткiзумен, әуе, темір жол, су және көлiктiң басқа да түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi орындау үшiн қазақстандық кәсiпорындарды және ұйымдарды мiндетті түрде тартуға;

7.2.9. Қызмет көрсетудiң қандай да бір түрi Қазақстан Республикасында болмаған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсаты бойынша шетелдiк ұйымдардың қызмет көрсетулерiн пайдалануға;

     7.2.10. ____________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетiлсiн жүргiзу кезiнде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге және жұмыс орындарын құруға;

7.2.11. Құзыреттi органға Жұмыстың бағдарламасын, сондай-ақ оны iске асыру процесi туралы толық мәлiметтер беруге;

     7.2.12. Келісім-шарт бойынша жұмысқа тартылған қазақстандық
қызметкерлердiң кәсiптiк дайындығын ____________________________________
                                      инвестициялардың жалпы көлемінің
____________________ қаржыландыруға міндетті.
    кемінде - %-ы

Бұл ретте қазақстандық кадрларды оқытуға арналған мiндеттеме бойынша қаражат сомасы тартылған қызметшiлердi оқытудағы нақты қажетінен артылған жағдайда, Мердiгер қаражаттың қалған сомасын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің өзара іс-қимылы туралы келісімге сәйкес орта білім беру жүйесiнiң басымдықты мiндеттерiн қаржыландыруға пайдаланады. Оқытуға арналған қаражаттың қалған бөлiгi туралы ақпарат жылдық Жұмыс бағдарламасы мен кезектi жылдың бюджетi бекітілген соң құзыреттi органға берiледi;

7.2.13. Қызметтiк функцияларын орындау кезiнде мемлекеттік бақылау органдарына қажеттi құжаттарды, ақпараттарды кедергiсiз беруге және жұмыс орындарына бөгетсiз өтуге және олар анықтаған тәртiп бұзушылықты уақытында түзетуге мiндеттi.

     7.2.14. ____________________________________________________________
                 Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн
Мазмұны туралы ақпаратты, егер мұндай қажеттiлiк туындаса ғана, _________
____________________________________________________________ тек екiншi
          егер Келісім-шартта өзгеше көзделмесе
Тараптың жазбаша келісімiмен үшiншi Тарапқа беруге.

7.2.15. Салықтар мен бюджетке, басқа да мiндеттi төлемдердi, сондай-ақ жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн айыппұлдарды уақытында төлеуге.

7.2.16. Өз қызметi процесiнде Келісім-шарттық аумақта орналасқан мәдени-тарихи маңызы бар объектiлердi сақтауға.

7.2.17. Келісім-шартты орындау жөніндегі өз қызметiнiң ұзақ мерзiмдi экологиялық салдарын болжауға және бұл болжамдарды Құзыреттi орган мен қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдарға Келісім-шарт күшiнiң мерзiмi аяқталуына дейiн кемiнде ________ жылдан кешiктiрмей беруге.

7.2.18. Келісім-шарттық аумақты кен және санитарлық қадағалау, жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы ережелердiң талаптарына сәйкес күйде қалдыруға.

7.2.19. Жай-күйi Мердiгердiң Келісім-шарт жөніндегі қызметi кесiрiнен бұзылған жер учаскелерi мен басқа да табиғат объектілерін Мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес одан әрі пайдалануға болатындай жағдайға дейін қалпына келтіруге міндетті.

7.3. Құзыреттi органның мiндеттерi:

7.3.1. Келісім-шарт шарттарының орындалуы мен бұзылуын Мемлекет заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздерде қамтамасыз ету;

7.3.2. Жердi пайдалану құқығында Мердiгерге Келісім-шартқа сәйкес жер учаскесiнiң берiлуiн қамтамасыз ету.

7.4. Құзыреттi органның құқықтары:

7.4.1. Келісім-шарт шарттары бойынша Мердiгермен келiссөздерде Мемлекеттi таныту;

7.4.2. Мердiгерден Келісім-шарт талаптарының орындалуының есебiн берудi үнемi талап ету. Келісім-шарт шарттарына қатысты өзге де ақпаратты сұрату.

     7.4.3. Мердiгердiң, оның iшiнде ____________________________________
                                        Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
________________________________________ Келісім-шарттың шарттарын
      операцияның түрi көрсетiлсiн
орындау жөніндегі қызметiне қатысты құжаттаманы жүргiзуiн тексеру.
     7.4.4. Келісім-шарт аумағында _____________________________________
                                      Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
________________________________________ жататын кез-келген жұмысқа қол
     операцияның түрі көрсетілсін
жеткiзу.

8-бөлiм. Жұмыс бағдарламасы

     8.1. Мердiгер _____________________________________________________
              Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияның түрi көрсетілсін
Құзыреттi органмен келісілген Жұмыс бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады;

8.2. Жұмыс бағдарламасы Кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi ескерiле отырып, техникалық-экономикалық есептер мен негiздемелердiң, Кен орны қорларының (егер ол ашылған және қорды тиiстi мемлекеттік орган бекiткен болса) сараптамалық бағалануы не болмаса Жер қойнауы учаскелерi (блоктары) және басқа да материалдар негiзiнде әзiрленедi.

8.3. Мердiгер келісілген Жұмыс бағдарламасын өзгерту және/немесе толықтыру туралы ұсыныстар енгiзе алады. Жұмыс бағдарламасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер Тараптардың екеуара келісімімен жазбаша түрде енгiзiледi.

8.4. Мердiгер жыл сайынғы Жұмыс бағдарламасын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiседi.

9-бөлiм. Барлау кезеңі

     9.1. Барлау кезеңi Келісім-шартқа сәйкес ___________________________
                                              (бірақ алты жылдан аспайды)
тізбектi жылдан тұрады және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес
келiсушi Тараптардың өзара келісімi бойынша ұзартылуы мүмкiн _________
_________________________________________________________________________
(бірақ әр кезеңi екі жылға дейiнгi ұзақтықпен кемiнде екi рет болуы керек)

Бұл ретте Тараптар Келісім-шарттық аумақта Барлау жүргiзудi жалғастыру үшiн қалдырған бөлiктi алдын ала белгiлеуге және Жұмыс бағдарламасына тиiстi өзгерістер енгізуге тиiс.

     9.2. Мердiгер Барлауды Келісім-шарт күшiне енгеннен кейiн __________
_________________________________________________________________________
           (Келісім-шартта белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей)
бастауы тиiс. Мердiгер Барлауды бастаудың нақты күнi туралы Құзыреттi
органды ______ күн бұрын, алдын ала хабардар етедi.

9.3. Барлаудың жүргiзiлу шамасына қарай Мердiгер Келісім-шарт пен Жұмыс бағдарламасына сәйкес Коммерциялық табу жасалған аумақты қоспағанда, Келісім-шарт аумағын қайтаруға мiндеттенедi.

9.4. Мердiгер Келісім-шартқа сәйкес Жер қойнауының қайтарылатын учаскелерiн айқындайды және бұл туралы Құзыретті органға _________________ мерзімін көрсету керек күн бұрын ____________________ дейiн хабарлайды. мерзiмi көрсетiлсiн

     9.5.  Қайтарылатын  учаскелер  Мемлекеттiң  қоршаған  табиғи  ортаны
қорғауға қатысты заңнамаларының барлық  талаптарына  сәйкес  болуы  тиiс.
Мердiгер қайтарылатын аумақтар мен тiкелей мақсатта пайдалану үшiн
жарамды жағдайға дейiн ________________________________________
                            Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
________________________________________ жүргiзу салдарынан бүлiнген басқа
    операцияның түрі көрсетілсін
да табиғи объектiлердi өз есебiнен қалпына келтiредi.

9.6. Егер Келісім-шарттық аумақта Коммерциялық табу жасалмаса немесе Кен өндiру кезеңiне көшу туралы шешiм қабылданбаса, онда Келісім-шарт өз күшiн Барлау кезеңi, оның мерзiмi ұзартылу мүмкiндiгi ескерiле отырып, аяқталысымен тоқтатады. Егер Мердiгер Келісім-шарт бойынша жұмысын жалғастырудан бас тартса, онда ол Келісім-шарттық аумаққа деген барлық құқығынан айырылады және бұдан әрі Келісім-шарт бойынша шеккен зиянының орнын қалай да бір толтыруға таласа алмайды.

10-бөлiм. Коммерциялық табу

     10.1. Егер Мердiгер оның айтуы бойынша Өндiруге қолайлы болатындай
Кен орнын __________________________________________ ашса, бұл туралы

Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін Құзыреттi органға дереу хабар бередi және қорларға сараптамалық баға беру жөніндегі Уәкiлеттi органға тапсыру үшiн қорлардың есебi және олардың бағалануы туралы _______ күн ішiнде есеп даярлайды.

10.2. Уәкiлеттi орган Жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада белгiленген тәртiппен Кен орны қорларына мемлекеттік сараптамалық баға берудiң орындалуын қамтамасыз етедi.

10.3. Коммерциялық табу Мердiгерге Өндiру кезеңiне көшуге (өндiруге арналған Келісім-шарт, егер де тек Барлауға Келісім-шарт бірiншi рет жасалса) ерекше құқық бередi.

10.4. Коммерциялық табу кезiнде Мердiгердiң Коммерциялық табуға байланысты шеккен шығындарының орнын толықтай немесе iшiнара толтыруға құқығы болады.

10.5. Егер Барлау нәтижесiнде Коммерциялық табу болмаса, онда Мердiгердiң Барлау кезеңiнде шеккен шығындарының орнын толтыру құқығы болмайды.

11-бөлiм. Өндіру кезеңі

     11.1. Мердiгерге Келісім-шарт аумағында ________ тiзбектi жыл бойы
__________________________________________________________________________
  (бірақ жиырма бес жылдан артық емес, ал iрi және бірегей кен орындары
                     бойынша 45 жылға дейiн)
Өндiруге ерекше құқық берiледi.
     11.2. Мердiгер Өндiруге _______________________________ күннен
                                (мерзiмi белгіленуi керек)
кешiктiрмей немесе Өндiру бағдарламасы келісілгеннен кейiн (Барлауға
және Өндiруге арналған Келісім-шарттар үшiн) _____________________________
                                              (Келісім-шарт күшiне енген
______________________________________________ кiрiседi.
күнi (Өндiруге арналған Келісім-шарттар үшiн)

12-бөлiм. Есепке алу және есеп беру

     12.1. Мердiгер Мемлекет заңнамасына сәйкес Келісім-шарт бойынша
_____________________________________________________________ қатысты есеп
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетілсін
жүргiзуге және есепке алу құжаттарын белгiленген мерзiмде сақтауға
міндеттенедi.
     12.2. Мердiгер дейiн  1-3  ЛКУ  нысаны  (лицензиялық-келісім-шарттық
ережелердiң орындалғаны туралы есеп) бойынша есеп-қисап тіркелген өткен
_______________ қызметi туралы Құзыреттi органға толық ақпарат бередi.
 жылы, тоқсаны

12.3. Мердiгер Мемлекет белгiлеген заңнамадағы мерзiм мен тәртiппен мемлекеттік органдарға өз қызметi туралы есеп берiп отырады.

     12.4.  Құзыреттi  органның  Мердiгердiң  Келісім-шарт    қағидаларын
сақтауына тексеру жүргiзуге құқығы бар және өзiнiң өкiлдерi арқылы
Мердiгердiң _____________________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрі көрсетілсін
жүргiзуi кезiнде қатыса алады.
                 13-бөлiм. ________________________ Өлшеу

Пайдалы қазбаның түрі

     13.1. Келісім-шарттық аумақта өндiрiлген _________________________
                                                Пайдалы қазбаның түрi
_______________________ өлшеу және таразылау жұмыстарын Мердiгер
      көрсетілсін
Мемлекетте қолданылатын әдiстер мен тәжiрибеге сәйкес жүргiзедi.
     13.2. Мердiгер әр __________________________ сайын метрология
                        мерзімділігі көрсетілсін
және стандарттау жөніндегі Уәкiлеттi орган өкiлдерiнiң қатысуымен
__________________________________________________ өлшеу және таразылау
        Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен аспаптарын сынақтан өткiзедi.

13.3. Егер сынақ немесе тексеру кезiнде жабдықтар немесе аспаптарда ақау байқалса, бүлiну мерзiмін анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақау мерзiмi ақау табылған күнге дейiнгi алдыңғы өлшеу уақытының жартысы ретiнде белгiленедi.

13.4. Егер Мердiгер қолданылып жүрген әдiстерге өзгерістер енгізудi қажет деп тапса немесе орнатылған өлшегіш аспаптарды ауыстырғысы келсе, онда ол бұл туралы Метрология және стандарттау жөніндегі уәкілетті органды оның өкілдерінің осы өзгерістер мен ауыстыруларға қатысуларына мүмкіндік беру үшін ________ күннен кешіктірмей хабардар етуі тиіс.

14-бөлім. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау

14.1. Мердiгер Құзыреттi органға жылдық Жұмыс бағдарламасының құрамында келесi күнтiзбелiк жылда жасалуы қажет қосалқы мердiгерлiк жұмыстардың жоспарын, материалдарды, жабдықтарды жеткiзуге және қызмет көрсетуге арналған қосалқы келісім-шарттардың тiзбесiн, сондай-ақ қазақстандық және шетелдiк әлеуеттi қосалқы мердiгерлердiң тiзбесiн ұсынады.

14.2. Мердiгер Қосалқы мердiгерлердi, әдетте, жұмысқа конкурстық негiзде алады.

14.3. Қосалқы мердiгерлiк келісім-шарттардың орындалуына Мердiгер Мемлекет заңнамасына сәйкес жауап бередi.

15-бөлiм. Қаржыландыру

15.1. Мердiгер Келісім-шарт бойынша өз қызметiн толық қаржыландыруды Тараптармен келісілген Жұмыс бағдарламасына сәйкес өз жауапкершiлiгiне алады.

15.2. Мердiгер, егер Мемлекет заңнамасына қайшы келмесе, өз қызметiн қаржыландыру үшiн несиенi Мемлекет ішiнде және одан тысқары жерлерде кез-келген валютамен еркiн ала алады.

15.3. Мердiгердiң Келісім-шартты орындау мақсатында Келісім-шарт бойынша түсiмдер мен кiрiстердi бiлдiретiн ақша қаражатын алу үшiн Мемлекеттiң банктерiнде сияқты одан тысқары жерлерде де ұлттық та және шетел валютасындағы да шоттары болуы мүмкiн.

15.4. Келісім-шартқа сәйкес есеп айырысудың барлық түрлерi Мемлекет заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

15.5. Мердiгер мен Қосалқы мердiгерлер валюталық операцияларды валюталық реттеу туралы Мемлекет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 889 қаулысымен 16-бөлім жаңа редакцияда

16-бөлiм. Салық салу

16.1. Мердiгер Келiсім-шарт негiзiнде жүзеге асыратын қызметi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның iшiнде, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық Шартта өзгеше ереже белгiленбеген болса, Салық кодексiне сәйкес салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттенедi.

Өнiмдердi бөлу туралы келісім-шарттарда салық салу ережелерi Салық заңнамасына сәйкес белгiленедi.

16.2. Мердiгер мынадай салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi төлейдi:

16.2.1. Корпорациялық табыс салығы

Мердiгер корпорациялық табыс салығын Салық кодексiнiң 4 және 7-бөлiмдерiне сәйкес төлейдi.

16.2.2. Қосылған құн салығы

Мердiгер қосылған құн салығын Салық кодексiнiң 8-бөлiмiне сәйкес төлейдi.

16.2.3. Акциздер

Мердiгер акциздердi Салық кодексiнiң 9-бөлiмiне сәйкес төлейдi.

16.2.4. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi және үстеме пайда салығы

Mepдігep жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен үстеме пайда салығын Салық кодексiнiң 10-бөлiмiне сәйкес төлейдi.

16.2.4.1. Қол қойылатын бонус

16.2.4.1.1. Мердiгер ______ мөлшердегi қол қойылатын бонусты Келісім-шарт күшiне енген күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешiктiрмей төлейдi.

16.2.4.2. Коммерциялық табу бонусы

Мердiгер коммерциялық табу бонусын Салық кодексiне сәйкес Келісім-шартта белгiленген ставка бойынша төлейдi.

16.2.4.3. Роялти

Mepдiгep роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оны сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, Салық кодексi 300-бабының 3-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке төлейдi.

16.2.4.3.1. Мердiгер роялти төлеудi ______ ставка бойынша жүргiзедi.

16.2.4.3.2. Роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан республикасы Үкіметінiң шешiмiмен Құзыреттi органмен қосымша келісімде белгiленген тәртiпте заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.

16.2.4.3.3. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндiрген жағдайда Мердiгер роялтидi мiндеттемелер пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiне сәйкес төлейдi.

16.2.4.4. Yстеме пайда салығы

16.2.4.4.1. Мердiгер yстеме пайдаға салынатын салықты есептеудi салық кезеңiнiң аяғында қол жеткен пайданың iшкi нормасы деңгейiн негiзге ала отырып, мынадай ставкалар бойынша жүргiзедi:

 
     Пайданың iшкi нормасы (ПIН), %      
                                         
                                         
 Есептi жылдағы таза кіріске    
 %-бен алғанда үстеме пайда     
 салығының ставкасы             
20-дан кем немесе оған тең               
         0                      
20-дан артық, бірақ 22-ден кем           
немесе оған тең                          
         4                      
                                
22-ден артық, бірақ 24-тен кем           
немесе оған тең                          
         8                      
                                
24-тен артық, бірақ 26-дан кем           
немесе оған тең                          
         12                     
                                
26-дан артық, бірақ 28-ден кем           
немесе оған тең                          
         18                     
                                
28-ден артық, бірақ 30-дан кем           
немесе оған тең                          
         24                     
                                
30-дан артық                             
         30                     
 
 
 

     16.2.4.4.2. Пайданың iшкi нормасы

     Пайданың  iшкi  нормасы  Келісім-шартқа  қол  қою  (жасасу)   күнiне
қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес есептеледi.
     16.2.5. Әлеуметтiк салық
     Мердігep әлеуметтiк салықты салық мiндеттемелерi пайда болған  кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 11-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
     16.2.6. Жер салығы
     Мердігер  жер  салығын  салық  мiндеттемелерi  пайда  болған   кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 12-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
     16.2.7. Көлiк құралдары салығы
     Mepдiгep көлiк құралдары салығын салық мiндеттемелерi  пайда  болған
кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 13-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
     16.2.8. Мүлiк салығы
     Mepдiгep Мүлiк  салығын  салық  мiндеттемелерi  пайда  болған  кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 14-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
     16.2.9. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
     Мердiгер заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi  үшiн  алымды  салық
міндеттемелерi  пайда  болған  кезде  қолданыстағы  Салық      кодексінің

68-тарауына сәйкес төлейдi.

     16.2.10.  Жылжымайтын  мүлiкке  және  онымен  жасалатын  мәмiлелерге
құқықтарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
     Мердігер  жылжымайтын  мүлiкке  және  онымен  жасалатын  мәмiлелерге
құқықтарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды салық  мiндеттемелерi  пайда
болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 70-тарауына сәйкес төлейдi.
     16.2.11.  Радиоэлектрондық  құралдарды  және  жоғары      жиiлiктегi
құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
     Mepдiгep  радиоэлектрондық  құралдарды  және  жоғары      жиiлiктегi
құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда
болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 71-тарауына сәйкес төлейдi.
     16.2.12. Механикалық көлiк құралдары  мен  тiркемелердi  мемлекеттік
тiркегенi үшiн алым
     Mepдігер механикалық көлiк құралдары  мен  тiркемелердi  мемлекеттік
тiркегенi  үшiн  алымды  салық  мiндеттемелерi  пайда  болған       кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 72-тарауына сәйкес төлейдi.
     16.2.13.  Теңiз,  өзен  кемелерi  мен  шағын  көлемдi      кемелердi
мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
     Mepдiгep  теңiз,  өзен  кемелерi  мен  шағын  көлемдi      кемелердi
мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 73-тарауына сәйкес төлейдi.
     16.2.14. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
     Мердiгер азаматтың әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi  үшiн  алымды
салық мiндеттемелерi пайда болған  кезде  қолданыстағы  Салық  кодексiнiң

74-тарауына сәйкес төлейдi.

     16.2.15. Автокөлiк  құралдарының  Қазақстан  Республикасының  аумағы
бойынша жүргенi үшiн алым
     Mepдiгep автокөлiк  құралдарының  Қазақстан  Республикасының  аумағы
бойынша жүргенi үшiн  алымды  салық  мiндеттемелерi  пайда  болған  кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 76-тарауына сәйкес төлейдi.
     16.2.16. Аукциондардан алынатын алым
     Mepдiгep аукциондардан алынатын алымды  салық  мiндеттемелерi  пайда
болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 77-тарауына сәйкес төлейдi.
     16.2.17. Елтаңбалық алым
     Мердiгер елтаңбалық алымды салық мiндеттемелерi пайда  болған  кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 78-тарауына сәйкес төлейдi.
     16.2.18.  Жекелеген  қызмет  түрлерiмен  айналысу  құқығы       үшiн
лицензиялық алым
     Мердiгер  жекелеген  қызмет  түрлерiмен  айналысу  құқығы       үшiн
лицензиялық алымды салық мiндеттемелерi пайда болған  кезде  қолданыстағы
Салық кодексiнiң 79-тарауына сәйкес төлейдi.
     16.2.19. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
     Мердiгер  жер  учаскелерiн  пайдаланғаны  үшiн  төлемақыны     салық
мiндеттемелерi  пайда  болған  кезде  қолданыстағы  Салық      кодексінің

81-тарауына сәйкес төлейдi.

     16.2.20.  Жер  үстi  көздерiнiң  су  ресурстарын  пайдаланғаны  үшiн
төлемақы
     Мердiгер  жер  үстi  көздерiнiң  су  ресурстарын  пайдаланғаңы  үшін
төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда  болған  кезде  қолданыстағы  Салық
кодексiнiң 82-тарауына сәйкес төлейдi.
     16.2.21. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы
     Мердiгер   қоршаған   ортаны   ластағаны   үшiн   төлемақыны   салық
мiндеттемелерi  пайда  болған  кезде  қолданыстағы  Салық      кодексiнiң

83-тарауына сәйкес төлейдi.

     16.2.22. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
     Мердiгер  жануарлар  дүниесiн  пайдаланғаны  үшiн  төлемақыны  салық
мiндеттемелерi  пайда  болған  кезде  қолданыстағы  Салық      кодексiнiң

84-тарауына сәйкес төлейдi.

     16.2.23. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы
     Mepдiгep орманды пайдаланғаны үшiн төлемақыны  салық  мiндеттемелерi
пайда болған  кезде  қолданыстағы  Салық  кодексiнiң  85-тарауына  сәйкес
төлейдi.
     16.2.24. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
ақы
     Мердігер  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарды  пайдаланғаны  үшiн
төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда  болған  кезде  қолданыстағы  Салық
кодексiнiң 86-тарауына сәйкес төлейдi.
     16.2.25. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
     Мepдiгep радиожиiлiк спектрiн  пайдаланғаны  үшiн  төлемақыны  салық
мiндеттемелерi  пайда  болған  кезде  қолданыстағы  Салық      кодексiнiң

87-тарауына сәйкес төлейдi.

     16.2.26. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшін төлем ақы
     Мердiгер кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық
мiндеттемелерi  пайда  болған  кезде  қолданыстағы  Салық      кодексiнiң

88-тарауына сәйкес төлейдi.

     16.2.27. Сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны үшiн төлемақы
     Мердiгер сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны үшiн  төлемақыны
салық мiндеттемелерi пайда болған  кезде  қолданыстағы  Салық  кодексiнiң

89-тарауына сәйкес төлейдi.

     16.2.28. Мемлекеттік баж
     Мердiгер мемлекеттік бажды салық мiндеттемелерi пайда  болған  кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 90-тарауына сәйкес төлейдi.
     16.2.29. Кеден төлемдерi
     Мердiгер кеден төлемдерiн  «Қазақстан  Республикасындағы  кеден  iсi
туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы  20  шiлдедегi  Заңына  және
оның кейiнгi өзгерістерi мен толықтыруларына сәйкес төлейдi.
     16.3. Қызметкерлерге салық салу
     Салықтар  мен  бюджетке  төленетiн  басқа  да  мiндеттi   төлемдердi
Мердiгердiң  қызметкерлерi  салықтар  мен  бюджетке  төленетiн  басқа  да
мiндеттi  төлемдердi  төлеу  бойынша  мiндеттемелер  пайда  болған  кезде
қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес төлейдi.
     16.4. Қосалқы мердiгерлерге салық салу
     16.4.1. Мердiгерге қызметтер (жұмыстар) жасайтын қосалқы мердiгерлер
мен олардың қызметкерлерiне салық  салу  салық  және  бюджетке  төленетiн
басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу  бойынша  мiндеттемелер  пайда  болған
кезде қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
     16.4.2.  Мердiгердiң  төлем  көздерiнен  салық  ұстау      жөніндегі
мiндеттемелерiн  қоспағанда,  Мердiгер  өзiнiң  қосалқы   мердігерлерінiң
салықтық мiндеттемелерi үшiн жауапты болмайды.
     16.5. Трансферттiк баға тағайындау
     16.5.1.  Салық  қызметi  органдары  мен  кеден  органдары  мәмiлелер
бойынша   бағалардың   дұрыс   қолданылуына   Қазақстан   Республикасының
трансферттiк  бағалардың  қолданылуын  мемлекеттік  бақылау   мәселелерiн
реттейтiн  заңнамалық  кесiмiнде  көзделген  тәртiппен  және  жағдайларда
бақылау жасайды.
     16.5.2. Мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактiсi  анықталған
жағдайда салық органдары  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес
айыппұлдар мен өсiмпұлдарды қолдана отырып, салық  салу  объектiлерi  мен
салық мiндеттемелерiне түзету енгiзедi.
     16.6. Жалпы салықтық жауапкершiлiк
     Келісім-шарт  ережелерi  бойынша  төленетiн  салықтар  мен  бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер Мердiгердi Келісім-шарт ережелерiнде
көзделмеген қызметтi жүзеге  асырғаны  үшiн  салық  мiндеттемелерi  пайда
болған күнге заңнамалық кесiмдермен  белгiленген  салықтар  мен  бюджетке
төленетiн  басқа  да  мiндеттi  төлемдердi  төлеу       мiндеттемелерiнен
босатпайды.
     16.7. Салық шекарасы
     Mepдiгep  салық  режимiне  сәйкес  Келісім-шартпен  көзделген  салық
мiндеттемелерiн есептеу үшiн жеке есептi және  осы  Келісім-шарт  шегiнен
тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеудi жүргiзуге мiндеттi.
     Бұл ереже кең  тараған  пайдалы  қазбаларды  және  (немесе)  жерасты
суларын өндiру жөніндегі Келісім-шарттарға қолданылмайды.
     16.8. Салықтар мен төлемдердi төлеу және аудару
     16.8.1. Салық және бюджетке төленетiн  басқа  да  мiндеттi  төлемдер
бойынша   салық   мiндеттемесi   Қазақстан   Республикасының   заңнамалық
кесiмдерiмен және Келісім-шарт ережелерiмен заттай нысанда  төлеу  немесе
шетелдiк  валютамен  төлеу  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  теңгемен
орындалады.
     16.9. Салық заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
     Салық  заңнамасын  бұзғаны  үшiн  жауаптылық  тиiстi      заңнамалық
кесiмдермен реттеледi.
     16.10. Өсiмпұлдарды төлеу
     Уақыты өткен салық мiндеттемелерi сомасына өсiмпұлдарды есептеу  осы
соманы төлеy күнiне қолданыстағы Салық заңнамасымен белгiленген  мөлшерде
қолданылады.
     16.11. Салық режимiнiң тұрақтылығы
     16.11.1.  Жер  қойнауын  пайдалануға  арналған     келісім-шарттарда
белгiленген салық салу ережелерi салық заңнамасының өзгеруiне  байланысты
тараптардың келісімi бойынша түзетiлуi мүмкін.
     Салық  заңнамасындағы  өзгерістер  нәтижесi  болып  табылатын    жер
қойнауын пайдаланушыға салық салу ережелерi жақсарған жағдайда, Қазақстан
Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына  келтiру  мақсатында  жер
қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардағы салық салу  ережелерiне
түзетулер енгiзiледi.
     16.11.2.  Келісім-шартта  көзделген  салықтардың  және      бюджетке
төленетiн  басқа  да  мiндеттi  төлемдердiң  жекелеген  түрлерi  жойылған
жағдайда, осы Келісім-шарттың  16.11.1-тармағында  белгiленген  тәртiппен
келісім-шартқа  тиiстi  өзгерістер  енгiзiлгенге  дейiн  жер     қойнауын
пайдаланушы Келісім-шартта белгiленген  тәртiппен  және  мөлшерде  оларды
бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.
     16.12. Ақпаратқа қол жеткiзу
     16.12.1. Мердiгер банктегi шоттарына  Қазақстан  Республикасы  салық
органдарының Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес  қол  жеткiзу
мүмкiндiгi бар екендiгiн мойындайды.
     16.12.2. Мердiгер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық
қызметiнiң  қызметкерлерiне  Келісім-шарт  шектерiнде  жүзеге  асырылатын
қызметке жататын ақпаратты беруге мiндеттi.
     16.12.3. Мердiгер  салық  төлеушiлер  мониторингiн  жүзеге  асыратын
уәкiлеттi  органға  салық  заңнамасымен  белгiленген  жағдайларда    және
тәртiпте қаржы-шаруашылық қызметi жөніндегі ақпаратты бередi.»;
     ҚР  Үкіметінің  09.08.02  ж.  №  889  қаулысымен  16-1-бөліммен
толықтырылды 

16.1. Зейнетақымен қамтамасыз ету

Мердiгер өз жұмыскерлерiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарын мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес ұстайды және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.

17-бөлiм. Бухгалтерлік есеп

17.1. Мердiгер Мемлекет заңнамасымен белгiленген бухгалтерлiк есеп жүргiзу тәртібіне сәйкес Келісім-шартты жүзеге асыруға байланысты барлық кiрiстер мен шығыстардың толық және дәл бухгалтерлiк есебiн жүзеге асыруға мiндеттенедi.

17.2. Мердiгердiң барлық бухгалтерлiк кiтаптары мен есептiк құжаттары Мемлекеттің заңнамасымен белгiленген олардың құзыреттерiне сәйкес Құзыреттi органдар мен мемлекеттік органдардың тексерiсi үшiн қол жеткiзiлiмде болады.

18-бөлiм. Сақтандыру

     18.1. Мердiгер Келісім-шарт күшiне енген күннен соң _________ күн
ішiнде ______________________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетілсін
байланысты болатын кәсiпкерлiк тәуекелдердi, мүлiктi және жауапкершiлiкті
сақтандыру  бағдарламасын  дайындайды  және  Құзыреттi  органға  келiсуге
бередi.
     18.2. Сақтандыру _________________________________________________
                     Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн
жүргiзу орнына жеткiзiлген жүктердi тасымалдау және жинап қоюмен;
______________________________________________________ жүргізу процесінде
Жер қойнауын  пайдалану  операциясының  түрi  көрсетiлсiн  жалға  алынған
немесе лизинг бойынша пайдаланылатын  мүлiктi  қоса  алғанда  Мердiгердiң
мүлкiмен;

жердi қоса алғанда, қоршаған табиғи ортаның ластануымен және жердi суландыру мен қалпына келтiрудi қоса алғанда, қоршаған табиғи ортаға келтiрiлген зиянның салдарын жоюға арналған шығыстармен;

Yшiншi тұлғалардың алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкпен байланысты мүлiктiк тәуекелдер мен жауапкершiлiк үшін көзделедi.

18.3. Мердігер өзінің қызметшілерін сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.

18.4. Мердігер өзінің қалауы бойынша Мемлекеттің заңнамасына сәйкес сақтандыру компаниясын таңдап алады.

19-бөлiм. Тарату және тарату қоры

19.1. Келісім-шарт күшiнiң мерзiмi бiтуiне дейiн _____ күнде, ал Өндiруге арналған Келісім-шартта Келісім-шарттың қолданылуының басталуынан екi жыл кешiктiрмей, Мердiгер таратуға кететiн шығындардың сметасын қоса алғанда, өзiнiң қызметiн тарату салдарының бағдарламасын Құзыреттi органға бекітуге тапсыруы тиiс.

19.2. Тарату бағдарламасында Келісім-шарт аумағында Мердiгердiң қызмет процесiнде пайдаланылған ғимараттары мен жабдықтарын қашықтату немесе тарату көзделiнуi тиiс.

     19.3. Тарату бағдарламасын орындауды толық қаржыландыруды қамтамасыз
ету үшiн Мердiгер ________________________________________ мөлшерiнде
тарату қорын құрады.
     19.4. Тарату қорына ______________ мөлшерiнде қаржыны ____________
______________________________________________ Мердiгер Қазақстан
          кезеңдiлiгi анықталсын
Республикасының аумағындағы кез-келген банкiге арнаулы депозиттiк шотқа
аударады және _________________________________________________________
                Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн
жөніндегі шығындар құрамына енгiзедi.

Мердiгер қорды пайдалануды Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі өкiлетті органмен келiсумен Құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырады.

19.5. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен асып кетсе, Мердiгер тарату жұмыстарын қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.

19.6. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы мердiгерге берiледi және салық салынатын табысқа енгiзiледi.

19.7. Егер Мемлекет Келісім-шарт күшiнiң мерзiмi бiткен соң, Мердiгердiң оған берген ғимараттардың барлығын немесе бір бөлiгiн өз жауапкершiлiгіне алып, пайдалануды жалғастыру туралы шешiм қабылдаса, мұндай жағдайда Мердiгер тарату бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ешқандай жауапкершiлiк алмайды және тарату қорында жинақталған барлық активтерге қатысты барлық құқықтарды Мемлекетке бередi.

20-бөлiм. Жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау

20.1. Келісім-шартты орындау процесiнде Мердiгер Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауға қатысты Мемлекет заңнамасын сақтауға, және тұрғындардың өмiрi мен денсаулығын қорғау;

Пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;

табиғи ландшафтты сақтау және бүлiнген жерлердi, басқа да геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтiру;

жер сiлкiнiстерiнiң, көшкiндердiң, су басулардың, топырақтың шөгуiнiң алдын алу мақсатында Жер қойнауының жоғарғы бөлiктерiнiң энергетикалық жай-күйінiң қасиеттерiн сақтау мақсатында барлық қажеттi шараларды қолдануға міндеттi:

     20.2. __________________________________________________________
             Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн
жүргізу  кезiнде  Мердiгер  басымдылық  тәртiппен  мынадай     талаптарды
орындауға мiндеттi:

1) экологиялық талаптар:

қоршаған табиғи ортаны сақтау;

жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;

топырақтың су және жел эрозиясына ұшырауын болдырмау;

ластануды болдырмау үшiн тартылатын және тұщы сулы жерлердi оқшаулау;

жер асты суларының сарқылуының және ластануының алдын алу;

жер қойнауын пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заңнамаға сәйкес келетiн басқа да талаптар.

2) Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:

     Жер қойнауын пайдалануға, оның iшiнде Кен өндiруге байланысты емес
мақсаттар үшiн берiлген _____________________________________________
                              Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
Кен орындары мен Жер  қойнауының  учаскелерiндегі  қорлардың  шамасы  мен
құрылымын анық бағалау  үшiн  Жер  қойнауының  озымды  толық  геологиялық
зерделенуiн қамтамасыз ету;
     __________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн барлық кезеңдерінде Жер қойнауын ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету;

     __________________________________________________________ толық
                  Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
шығарылуын қамтамасыз ету;

Кен орнын әзiрлеу кезiнде Жер қойнауынан шығарылған және Жер қойнауында қалған Пайдалы қазбалар мен iлеспе компоненттерiне, минералды шикiзаттарды Ұқсату өнiмдерi мен өндiрiс қалдықтарына нақтылы есеп жүргiзу;

     Жер қойнауын _______________________________________________
                       (Барлау, Өндіру, сондай-ақ Өндірумен
________________________________________________________________________
          байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және пайдалану)

кезіндегі қауiптi техногендiк процестерден сақтандыратын қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі Мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес Жер қойнауын пайдалану;

Жер қойнауын су басудан, өрттен, қопарылыстан, жоғарғы қабаттардың төмен опырылуынан, сондай-ақ оның сапасын төмендететiн немесе Кен орнын пайдалануды және әзiрлеудi қиындататын басқа да апаттық факторлардан қорғау;

     _______________________________________________________________
     Жер қойнауын пайдалану операциясының  түрiн  көрсету  керек  жүргiзу
кезiнде Жер қойнауының ластануын болдырмау;
     Келісім-шарттың 29-бөлiмiмен белгіленген _________________________
                                                Жер қойнауын пайдалану
________________________________________________________________________
                     операциясының түрi көрсетiлсiн
тоқтата  тұру,  тоқтату  тәртібін  және  Келісім-шарттың     19-бөлiмiмен
белгiленген Кен орындарын әзiрлеу объектілерiн тарату тәртібін сақтау;

су жинау алаңдары мен жер асты су қорлары қабаттарының орындарында оларды қордалануды болдырмау мақсатында, өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды үю және орналастыру кезiнде санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету;

3) санитарлық-гигиеналық талаптар:

санитарлық қорғау аумағын ұйымдастыру;

санитарлық қорғау аумағының көрiктендiрiлуiн қамтамасыз ету;

барлық жабдықтар, құбырлар, қолданылатын химиялық құралдар және соған ұқсас санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының рұқсат еткендерiнен болуы тиiс;

санитарлық-гигиеналық жағдайды қалпында ұстауға бағытталған санитарлық-гигиеналық iс-шараларды жүзеге асыру, өндiрiстiк сырқаттар мен жарақаттың алдын алу;

қызметкерлердiң денсаулығын нығайту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу;

қоршаған ортаның мониторингiн қамтамасыз ету.

     Мердiгер _______________________________________________________
               Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетілсiн
объектілерінiң      геологиялық,      гидрогеологиялық,      экологиялық,
инженерлiк-геологиялық және  технологиялық  зерделеудiң  толықтығын  және
нақтылығын қамтамасыз етедi.

20.3. Мердiгер осы Келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметiн бастамас бұрын жоспарланған қызметтiң қоршаған табиғи ортаға ықпалын бағалауды жүргiзуi және мемлекеттік табиғат қорғау органдарынан табиғатты пайдалануға рұқсат алуы керек.

20.4. Мердiгер осы Келісім-шарт бойынша өз қызметiнiң нәтижесiнде жер қойнауына және қоршаған ортаға әсерiн зерделеу және терiс ықпалды уақытылы жою жөнiндегі шаралар қабылдау мақсатында олардың мониторингiн жүргiзуi тиiс.

20.5. Мердiгер қоршаған ортаның жай-күйiн бұзушылықты жою, қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге және табиғатқа келтiрiлген шығынды толық көлемде өтеуге міндеттi.

20.6. Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың сақталуы үшiн Мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

20.7. Мердiгер Келісім-шарттық аумақтың қоршаған ортасының жай-күйін сақтау жөніндегі жұмыстарды орындайды.

20.8. Мердiгер Мемлекет заңнамасына сәйкес Келісім-шарт күшi тоқтатылғаннан кейiн немесе Келісім-шарт аумағын кезең-кезеңiмен қайтару кезiнде, Келісім-шарт аумағын тiкелей мақсаты бойынша одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайда тапсырады.

20.9. Келісім-шартты қолдану уақытында қоршаған ортаның жай-күйiнiң, сондай-ақ Келісім-шарттық аумақтың бүлінуi (нашарлауы) тiкелей, мақсатқа пайдалануға жарамды жай-күйге дейiн Мердiгердiң есебiнен қалпына келтiрiледi.

21-бөлім. Тұрғындар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі

     21.1. Мердiгер Келісім-шартқа сәйкес _______________________________
                                          Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
_________________________________________________________________________
                  операциясының түрі көрсетілсін
__________________________________________________________ жүргізу
           Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
кезiнде  Мемлекет  заңнамасында  көзделген  жұмыстарды  қауiпсiз  жүргiзу
жөніндегі нормалар мен ережелердiң орындалуын қамтамасыз етуi,  сондай-ақ
апаттар мен кәсiби сырқаттардың алдын алу және жою жөніндегі iс-шараларды
жүргізуi тиiс.
     21.2. Егер адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп туғызатын болса
_________________________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін жүргiзуге тыйым салынады.

     21.3. ______________________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
жүргiзу кезiнде техникалық қауiпсiздiк және өндiрiстiк тазалық  ережелерi
мен  нормаларын  сақтауға  мемлекеттік  бақылауды  уәкілеттi  мемлекеттік
органдар өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
     21.4. ______________________________________________________________
           Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
жүргізу кезінде  қауiпсiз  жүргiзудi  қамтамасыз  ету  жөніндегi  негiзгi
талаптар мыналар болып табылады:

жұмыстарға арнайы дайындығы мен біліктiлiгi бар адамдарға, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға - тиiстi білімi бар адамдарға рұқсат беру;

     _________________________________________________________ жүргізу

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін кезiнде онымен айналысатын адамдарды арнайы киiмдермен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

тиiстi қауiпсiздiк талаптары мен тазалық нормаларына сәйкес келетiн машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;

жарылғыш заттар мен жару құралдарын тиiсiнше сақтау және жұмсау, есебiн жүргiзу, сондай-ақ оларды дұрыс және қауiпсiз пайдалану;

жұмыстардың технологиялық циклын және қауiптi жағдайларды болжауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi және жеткiлiктi геологиялық, маркшейдерлiк және өзге де бақылаулар кешенiн жүргiзу, қауіптi аймақтарды дер кезiнде анықтау және тау-кен жұмыстарының жоспарларына енгізу;

техникалық құжаттамалар мен апаттарды жою жоспарларын, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу шекараларын нақтылайтын мәлiметтермен уақытылы толықтырып отыру;

Кен орындарын әзiрлеудiң жобалық жүйелерiн (Қатты пайдалы қазбалар үшiн), Әзiрлеудiң және Кен орындарын (мұнай, газ және жер асты сулары үшiн) жайластырудың жобалары мен технологиялық сызбаларын сақтау.

21.5. Мердiгердiң лауазымды адамдары, қызметкерлердiң және/немесе тұрғындардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнуi туындаған кезде жұмыстарды жедел тоқтатуға және адамдарды қауiпсiз жерге тасуға және бұл туралы Құзыреттi және жергiлiктi атқару органдарына хабардар етуге мiндеттi.

21.6. Мердiгер оның шарттық мiндеттемелер мен еңбек мiндеттерiн атқаруы кезiнде азаматтың денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толтырады.

22-бөлiм. Мердігердің келісім-шарттың

Шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігі

22.1. Мердiгер жасасқан мәмiлелер Мемлекет заңнамасында көзделген негiздер бойынша заңсыз деп танылады .

22.2. Мердiгер Келісім-шарттың 22.1-тармағында көрсетiлген iс-қимылдардың салдарлары үшiн Құзыреттi органның және Yшiншi тұлғалардың алдында толық жауапкершiлiкте болады.

22.3. Көрсетiлген мәмiлелердi жасауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларын басқа да бұзылушылықтарға кiнәлi адамдар заңмен белгiленген тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкте болады.

23-бөлiм. Кездейсоқ оқиға

23.1. Келісім-шарт бойынша қандай да болмасын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл орындамаушылық немесе тиiсiнше орындамаушылық тежеусiз күшке (кездейсоқ оқиғаға) байланысты болса Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершiлiкке тартылмайды.

23.2. Тежеусiз күштiң мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген жағдаяттар жатады, мысалы: әскери жанжалдар, табиғат апаттары, табиғи зiлзалалар (өрт және т.с.). Келтiрiлген тiзбе бәрiн толық қамтыған болып табылмайды.

23.3. Тежеусiз күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегушi Тарап бұл туралы кездейсоқ оқиға мән-жайлары басталған күнiн және сипаттамасын анықтаған жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жiберу жолымен екiншi Тарапқа дереу хабарлайды.

23.4. Кездейсоқ оқиға мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарларын барынша азайту мәліметі үшін барлық құралдарды пайдаланады.

23.5. Кездейсоқ оқиға мән-жайларымен байланысты Келісім-шарт бойынша жұмыстардың толық немесе ішiнара тоқтауы кезiнде, бұл жұмыстардың жүргiзiлу кезеңі кездейсоқ оқиғаның қолданылу мерзiмiне ұзартылады және кездейсоқ оқиға тоқтатылған сәттен бастап қайта жаңғыртылады.

24-бөлiм. Құпиялылық

24.1. Келісім-шартты орындау процесiнде қандай да болмасын Тараптың алған немесе сатып алған ақпараты құпия болып табылады. Тараптар Мемлекет заңнамасында көзделген қажетті есеп берулер құрастыру үшiн құпия ақпаратты пайдалана алады.

24.2. Тараптардың екiншi Тараптың келісімiнсiз құпия ақпаратты Үшiншi тұлғаларға мынадай жағдайларды қоспағанда беруге құқығы жоқ:

егер бұл ақпарат сотта іс қарауды жүргiзу барысында пайдаланылса;

ақпарат Мердiгерге қызмет көрсететiн Үшiншi тұлғаға мұндай Yшiншi Тарап мұндай ақпаратты құпия қарап және оны Тараптар белгiлеген мақсаттарға және белгiленген мерзiмдерде ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда;

ақпарат Мердiгер қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетiлген мақсаттарға ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда.

     24.3. Тараптар, Мемлекет заңнамасына сәйкес, Келісім-шарттық аумақта
______________________________________________________________ жүргiзуге
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі  операцияның  түрі  көрсетілсін  қатысты
барлық  құжаттардың,  ақпараттардың  және  есептердiң  құпиялығын  сақтау
мерзiмiн айқындайды.

25-бөлiм. Құқықтар мен міндеттерді тапсыру

25.1. Келісім-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi Үшiншi тұлғаға тапсыруға, жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге тапсыруды қоспағанда, тек Құзыретті органның жазбаша рұқсатымен ғана жол берiледi. Құзыреттi орган, егер негiзгi ұйым Құзыретті органға Келісім-шарт бойынша мiндеттемелерiн толық орындауға еншiлес заңды тұлғамен ортақ кепілдік берсе, Жер қойнауын пайдалану құқығын кез-келген жағдайда, еншілес ұйымға кез-келген тапсырудан бас тартуға құқығы жоқ.

25.2. Келісім-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi тапсыруға байланысты шығыстарды Мердiгер көтередi және мемлекет тарапынан орны толтырылмайды.

25.3. Мердiгер Келісім-шартта қандай да болмасын қатысуын сақтаған уақытқа дейiн, ол және ол құқықтар мен мiндеттердi берген Yшiншi тұлға Келісім-шарт бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.

26-бөлім. Қолданылатын құқық

26.1. Келісім-шарт және Келісім-шарт негiзiнде қол қойылған басқа да келісімдер үшiн, егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

26.2. Мердiгер өзіне Келісім-шарттық аумақта және онымен iргелес учаскелерде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекет алған Халықаралық мiндеттемелердi сақтауға өзiне міндеттеме қабылдайды.

27-бөлiм. Дауларды шешу тәртібі

27.1. Тараптар Келісім-шарттан туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктердi келiссөздер жолымен шешу үшiн барлық шараларды қабылдайды.

27.2. Егер дау туындаған сәттен бастап _____________ күн ішiнде даулы мәселе келiссөздер жолымен шешiлмесе, онда Тараптар оны шешу үшiн мынадай органдарға тапсырады:

заңнамаға сәйкес осыған ұқсас дауларды қарауға уәкiлеттi Мемлекеттiң сот органдарына немесе;

     мынадай арбитраж органдарының біреуіне _________________________
                                                  (тек шетелдік
_______________________________________________________________________;
             Мердігерлер және бірлескен кәсіпорындар үшін)

Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенцияға (ИКСИД конвенциясы) сәйкес 1995 жылғы 18 наурызда Вашингтонда құрылған қол қою үшін ашық инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталығы (бұдан әрi - орталық), егер Мердiгердiң мемлекетi осы конвенцияның мүшесi болса немесе;

егер Мердiгердiң мемлекетi ИКСИД конвенциясының мүшесi болмаса, орталықтың қосымша мекемесiне (қосымша органның тәртібі бойынша қызмет ететін) немесе;

Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНСИТРАЛ) Халықаралық Сауда құқығы жөніндегі комиссиясының арбитраждық регламентіне сәйкес құрылатын арбитраж органдарына немесе;

Стокгольмдегi Халықаралық Сауда палатасының Арбитраждық институты жанындағы арбитраждық қарауға, немесе:

     Мемлекеттiң Сауда-өнеркәсiптiк палатасы жанындағы арбитраж
комиссиясына _________________________________________________________
                     Жоғарыда көрсетілген органдардың бірін
______________________________________________________________________
                           таңдап алу керек

ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 889 қаулысымен 28-бөлім жаңа редакцияда

28-бөлiм. Келісім-шарт тұрақтылығының кепiлдiктерi

28.1. Заңнамаға Мердiгердiң жағдайын нашарлататын өзгерістер мен толықтырулар осындай өзгерістер мен толықтыруларға дейiн берiлген және жасалған Келісім-шартқа қолданылмайды.

Осы тармақпен белгiленген кепiлдiктер Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.

28.2. Заңнамаға Келісім-шарт бойынша қызметтi одан әрi жүзеге асыру мүмкiн еместiгiне алып келетiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда Тараптар мүдделердiң бастапқы белгiленген тепе-теңдiгiн қалпына келтіру үшін Тараптардың жазбаша келісімімен Келісім-шартқа тиісті өзгерістер енгізе алады.

29-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылуын тоқтату

және тоқтата тұру шарттары

29.1. Құзыреттi орган егер:

Келісім-шарттың қызметiмен байланысты жұмыстардың ықпал ету аумағында жұмыс iстейтiн немесе тұратын адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнсе, Келісім-шарттың қолданылуын мiндеттi түрде тоқтатады.

29.2. Құзыреттi орган Келісім-шарттың қолданылуын мынадай жағдайларда:

Мердiгер Келісім-шартта және Жұмыс бағдарламасында көзделмеген қызметтi жүзеге асырған кезде;

Мердiгер өз қызметiнiң процесiнде Мемлекеттiң жер қойнауын, қоршаған табиғи ортаны қорғау және жұмыс жүргiзудiң қауіпсiздiгi бөлiгiнде Мемлекет заңнамасын бұзған кезде;

Мердiгер өзiнiң қызметiнiң процесiнде Келісім-шартта белгiленген салық төлеу және басқа да міндеттi төлемдердi төлеу тәртібін бұзған кезде;

Мердiгер Келісім-шарттағы құқықтарын Үшiншi тұлғаға тапсыруды Келісім-шарттың 25-бөлiмiн толықтай немесе ішiнара бұза отырып тапсыру кезiнде;

Жұмыс бағдарламасының шеңберiнде тежеусiз күш жағдайларында (кездейсоқ оқиға) байланысты жағдайларды қоспағанда, Мердiгер өндiрiстi мерзiмiнен артық ________ күнге тоқтатса;

осы Келісім-шарт бойынша ақпараттық құпияны сақтау туралы шарттарды бұзған кезде тоқтата тұруға құқылы.

29.3. Мердiгер Келісім-шарттың қолданылуын тоқтата тұруға мәжбүр еткен себептердi жойғанын хабарлағаннан кейiн оның қолданылуы одан әрi жалғастырылады.

29.4. Келісім-шарт тек мынадай жағдайларда ғана қолданылуы мерзiмiнен бұрын:

Мердiгер Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес Барлауды Өндiрудi, бірлескен Барлау мен Өндiрудi не Құрылысты және (немесе) жерасты құрылыстарын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауды туғызған себептердi жоюдан бас тартқан кезде не осы себептердi жою үшiн жеткiлiктi мерзiмде оларды жоймаған кезде;

егер жер қойнауын пайдаланушы Келісім-шартта белгiленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға кiрiспеген жағдайда;

адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп туғызумен байланысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұруды туғызған себептердi жою мүмкiн емес жағдайда;

Мердiгер Келісім-шартпен не жұмыс бағдарламасымен белгiленген мiндеттемелерiн айтарлықтай бұзған жағдайда;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Жер қойнауын пайдалану құқығы қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кепiлдiкке салынғаннан басқа жағдайларды қоспағанда, Мердiгер банкрот деп танылған жағдайда ;

Жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес Келісім-шарт заңсыз деп танылса тоқтатылады.

29.5. Келісім-шарттың қолданылуы осы Келісім-шарттың 29.4-тармағында көрсетiлген себептер бойынша Мердiгер Құзыреттi органнан Келісім-шарттың қызметiн қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы жазбаша хабар алғаннан кейiн ________ күннен соң тоқтатылады.

29.6. Тараптар Мердігерге Келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы ескертудi тапсыру сәтiне орындалмай қалған ағымдағы мiндеттемелерiн орындаудан босатылмайды.

30-бөлiм. Келісім-шарт тілі

30.1. Осы Келісім-шарттың мәтiнi қазақ және орыс (басқа) тiлдерiнде жүргiзiледi және барлық даналары бірдей.

     30.2. Мәтiннiң нұсқалары арасында келiспеушiлiктер мен даулар
туындаған жағдайда _______________________ нұсқасы артықшылықты күшке
                    қалайтын тілді көрсету
ие болады.
     30.3. Тараптар ________ тiлдерi қатынас тiлдерi ретiнде
қолданылатындығына уағдаласады. Келісім-шарт күшiне енген күннен бастап
_________________________________________________________________________
     Жер  қойнауын  пайдалану  жөніндегі  операцияның  түрi   көрсетілсін
жүргiзуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат ______________________
тiлдерiнде жүргізiледi.

30.4. Әкiмшiлiк қызметке қатысты құжаттама мен ақпарат мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.

31-бөлiм. Қосымша ережелер

31.1. Осы Келісім-шартты iске асыруға байланысты талап етiлетiн барлық хабарламалар мен құжаттар, осы Келісім-шарт бойынша Тараптардың әрқайсысына ұсынылған және жеткiзiлген деп, оларды алу фактiсi бойынша есептеледi.

31.2. Хабарламалар мен құжаттар тiкелей қолға тапсырылады немесе мынадай мекен-жайларға: пошта, тапсырыс авиапоштасы, факс, телекс немесе телеграф бойынша жiберiледi.

Құзыреттi органның мекен-жайы: Мердiгердiң мекен-жайы: телекс телекс телеграф телеграф Құзыреттi органның атынан Мердiгердiң атынан _________________________ _______________________

31.3. Осы Келісім-шарт бойынша мекен-жайлар өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама ұсынуы тиiс.

31.4. Келісім-шарттың барлық қосымшалары оның құрамды бөлiктерi ретінде қаралады. Қосымшалардың және Келісім-шарттың өзінің ережелерінің арасында қандай да бір айырмашылық болған кезде, Келісім-шарттың негiз қалаушы мәнi болады.

31.5. Келісім-шарт ережелерiне қайшы келмейтiн Келісім-шартқа енгiзiлетін түзетулер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келісімiмен ресiмделедi. Мұндай келісім Келісім-шарттың құрамдас бөлігі болып табылады.

     Осы Келісім-шартты 200__ жылғы _____________ (айы) _________ (күні)
Қазақстан Республикасының қаласында Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi жасасты.

Құзыреттi орган Мердiгер

     қолы __________________                 қолы __________________
     лауазымы ______________                 лауазымы ______________