Қазақстан Республикасының
Заңы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

(2024.21.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

 

1-бөлім. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер

4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілерi

5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілерi

2-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ, БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ

6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi

6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi

8-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті

8-1-бап. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құзыреті

9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдардың құзыретi

9-1-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдардың құзыреті

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi

11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау

3-тарау. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРI

12-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi

13-бап. Заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерi

4-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚҰРУ

14-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлерi

15-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің құқықтық жағдайы

16-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының құқықтық жағдайы

17-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы

18-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің қорғау аймақтары

19-бап. Табиғат қорғау ұйымдарының рәміздерi (эмблемасы мен туы)

20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту

21-бап. Алып тасталды

22-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi

23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құқықтық режимi

24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жерді резервте қалдыру

25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты

26-бап. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары

27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры

27-1-бап. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілер

5-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ КҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ, ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI

28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимінің түрлерi

29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау

30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру

31-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін қорғау

32-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау

32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы

33-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары

33-1-бап. Жедел ден қою шаралары жəне олардықолдану тəртібі

6-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСI

34-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру көздерi

35-бап. Табиғат қорғау мекемелерін дамыту және күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

36-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

37-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

38-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты

2-бөлім. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН, МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫ ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛІГЕ ЕНЕТІН ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ, ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМEТІНIҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРI

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР

39-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтар ұғымы және олардың негізгі қызметi

40-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимi

41-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми қызметтi ұйымдастыру мен жүргізу тәртібi

42-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi

43-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарының режимi

43-1-бап. Жекелеген мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимінің ерекшеліктері

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ӨМІРЛІК ТАБИҒИ ПАРКТЕР

44-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ұғымы және олардың негізгі қызметi

45-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағын аймақтарға бөлу, оны күзету және пайдалану режимi

46-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру

46-1-бап. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелеріндегі объектілер құрылысы

47-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің шектеулi шаруашылық қызметінің ерекшеліктерi

48-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының режимi

49-бап. Мемлекеттік өңірлік табиғи парктер

9-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР

50-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттар ұғымы, негізгі қызметі және оларды аймақтарға бөлу

51-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимi аймағының режимi

52-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймақ режимi

53-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорғау аймақтарының режимi

9-1-тарау. Биосфералық резерваттар

53-1-бап. Биосфералық резерваттардың міндеттері

53-2-бап. Биосфералық резерваттардың аумағын функционалдық аймақтарға бөлу және оны қорғау режимі

10-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЗООЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР

54-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктер ұғымы және оның негізгі қызметi

55-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерді аймақтарға бөлу және оларды күзету ерекшеліктерi

56-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерде жануарлар өсіру

57-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерді пайдалану ерекшеліктерi

11-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАР

58-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақ ұғымы және оның негізгі қызметi

59-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды аймақтарға бөлу және оларды қорғаудың ерекшеліктерi

60-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда өсімдіктер өсіру

61-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдаланудың ерекшеліктерi

12-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР

62-бап. Мемлекеттік дендрологиялық парк ұғымы және оның негізгі қызметi

63-бап. Мемлекеттік дендрологиялық парктердi аймақтарға бөлу, оларды күзету мен пайдаланудың ерекшеліктерi

13-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРI

64-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері ұғымы

65-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру тәртібi

66-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарының күзет режимi

14-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚАУМАЛДАР

67-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдар ұғымы және олардың түрлерi

68-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдар құрудың ерекшеліктерi

69-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдарды күзету режимi мен оларды пайдаланудың ерекшеліктерi

15-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҚТАРЫ

70-бап. Мемлекеттік қорық аймағының ұғымы, мақсаттары мен міндеттерi

71-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарын құру тәртібi

72-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарын күзету мен пайдаланудың ерекшеліктерi

73-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегi мемлекеттік қорық аймағы

73-1-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің түрлері

16-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРI

74-бап. Мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелерi

75-бап. Сулы-батпақты алқаптар

75-1-бап. Негізгі орнитологиялық аумақтар

76-бап. Бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелерi

77-бап. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерi

78-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерi

79-бап. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерi

17-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР ЖҮЙЕСІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРI

80-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты экологиялық желінің элементтері ұғымы

81-бап. Экологиялық дәліздер

18-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

82-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзушылықтан келтірілген залалды өтеу

83-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

84-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық

84-1-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау

84-2-бап. Өтпелі ережелер

85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi

 

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi органдары», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары» және «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары» және «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылды және «жануарлар мен өсiмдiктердiң» және «жануарлар мен өсiмдiктер» деген сөздер тиісінше «өсiмдiктер мен жануарлардың» және «өсiмдiктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңірлік және дүниежүзілік экологиялық желінің құрамдас бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтіру, орнықты пайдалану және басқару жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

1-бөлім. Негізгі ережелер

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) биологиялық ресурстар - экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) биосфералық резерват - Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілген мемлекеттік табиғи қорық, мемлекеттік ұлттық табиғи парк немесе мемлекеттік табиғи резерват және олардың қорғау аймақтары;

2) бөрене тілу - ағаш кесетін жабдықта бөренені тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнімдеріне тілу;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) дәстүрлі жер пайдалану - табиғи кешендерге, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне зиянды әсер етпейтін, сондай-ақ сол экологиялық жүйеге бейімделген, жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы қызметінің сол өңірде тарихи қалыптасқан түрлері;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi - өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі санаттары мен түрлерiнің жиынтығы;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) -ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, өрттiң алдын алу, анықтау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) -судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау -ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;

8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау мен қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы - жер қорғаудың және пайдаланудың белгіленген режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесі;

11) ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу - мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау мен пайдаланудың оңтайлы режимін белгілеу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу;

12) жаратылыстану-ғылыми негіздеме - мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын ғылыми бағалау;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) интродукция - өсімдік түрлерін олар табиғи өсетін жер шегінен тыс жерге және жануарларды олар мекендейтін орта шегінен тыс жерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру;

14) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы;

15) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының ерекше бағалы екпелері, сулы-батпақты алқаптар, негізгі орнитологиялық аумақтар, бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері, өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, өсімдіктер дүниесінің бірегей жеке-дара объектілері;

16) рекреациялық жүктеме - есепке алу кезеңінде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны;

17) Табиғат жылнамасы - мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы;

18) табиғи кешендер - ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектiлерiнiң жиынтығы;

19) табиғи кешендердi орнықты пайдалану - табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;

20) табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемелерi) және мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;

21) техникалық-экономикалық негіздеме - мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағалау;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды

21-1) үйлестіру кеңесі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жасақталып, табиғат қорғау мекемелерінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;

22) экологиялық дәлiз - тiрi табиғат объектiлерiнiң табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiмен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектiлерi учаскелерiн бiлдiретiн экологиялық желiнiң бiр бөлiгi;

23) экологиялық желi - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерiмен экологиялық дәлiздер арқылы байланысқан және өңiрдiң табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлi санаттар мен түрлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешенi.

 

2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүліктік қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер:

1) биологиялық саналуандықты, бірегей және типтік ландшафтарды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін экологиялық желінің базалық құрамдас бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау;

3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелерді сақтау;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениетті, оқу-ағартуды, білім беруді, туризмді дамыту мақсаттарында пайдалану;

5) 2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;

7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетімділігі;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) үйлестіру кеңестерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы болып табылады.

 

4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілерi

Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілері болып табылады.

 

5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілерi

Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.

 

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ, БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;

2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілді органдары;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары;

6) табиғат қорғау ұйымдары;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды:

1) Қазақстан Республикасының Президенті;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

3) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар;

5) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасының заңға тәуелді актілерімен айқындалған өз құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi

Қазақстан Республикасы Yкіметінің құзыретіне:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін иелену, пайдалану және иелік ету құқығы;

3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға шешім қабылдау және оларды алып қою көлемдерін бекіту;

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) мыналарды:

республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін;

республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін;

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын;

өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерінің тізбесін;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін;

осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін бекіту;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін беру және алып қою;

6) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту;

2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-1) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-2) жаратылыстану-ғылыми негiздемеге берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде, уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту;

6-3) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 6-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-4) ғылыми табиғи объектілерге «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беру;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-5) Қазақстан Республикасы Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсынуы негізінде республикалық маңызы бар қалалардың шекараларында орналасқан республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің бір бөлігін жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа беру;

7) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді

8-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті

Уәкілетті органның құзыретіне:

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-1) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату тәртібін әзірлеу және олардың аумақтарын кішірейту жөнінде ұсыныстар енгізу;

2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды

4-2) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын әзірлеу;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-4) ғылыми табиғи объектіге «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беру жөнінде ұсыныстар енгізу;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

5-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5-2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5-3) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

5-4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде республикалық маңызы бар қалалардың шекараларында орналасқан жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу бөлігінде олардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын және оларды жоспарлау жобасын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын) келісу;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) мыналарды:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің қарамағындағы заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін;

өз қарамағындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын;

табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін;

өзінің қарауындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін;

заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін;

республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн;

осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын;

биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар тізбесін бекіту;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-1) тармақша өзгертілді

6-1) мыналарды:

республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын;

табиғат қорғау ұйымының басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын;

жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын;

осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды жүргізу қағидаларын;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін;

табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;

ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесін;

үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды биосфералық резерваттарға жатқызу қағидаларын;

заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын;

республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негiздемесінің жобаларын әзірлеу қағидаларын;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидаларын;

7) 2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) өзінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларының әзірленуін ұйымдастыру және бекіту;

10) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) өз қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық ету, табиғи кешендерді күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызмет пен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу;

14) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келісу;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-1) тармақша жаңа редакцияда; 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14-1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

14-2) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14-3) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

16) айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу және бекіту;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5), 16-6), 16-7) және 16-8) тармақшалармен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-1) тармақша жаңа редакцияда

16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн әзірлеу;

16-2) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16-3) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16-4) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16-5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен 16-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-6) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін әзірлеу;

16-7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16-8) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлеу;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың аймақаралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісу;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттарды іске асыруды жүзеге асыру;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

18-1) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері, экологиялық желіні дамыту саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды

20) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

Уәкілетті орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.

 

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды

8-1-бап. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құзыреті

Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құзыретіне мыналар жатады:

1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағында туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) мемлекеттік ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарларын әзірлеуге қатысу;

3) туризм және рекреация инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тарту;

4) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдардың құзыретi

Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар өздерінің құзыреті шегінде:

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту жөнінде ұсыныстар дайындайды және оларды уәкiлеттi органға ұсынады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерінің қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етіп және осы негiздемелердiң жобаларын кейіннен уәкілетті органның бекітуіне енгізе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірлеуді ұйымдастырады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекітеді, паспорттардың уәкілетті органда тіркелуін (қайта тiркелуiн) жүзеге асырады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және оларды уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді;

5) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) ғылыми табиғи объектілерге «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беру туралы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

7) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

9-1-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдардың құзыреті

Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту жөніндегі ұсыныс тарды дайындайды және уәкілетті органға ұсынады;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерінің қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етіп және осы негіздемелерді кейіннен уәкілетті органның бекітуіне енгізе отырып әзірлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады;

3) уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекітеді, паспорттарды уәкілетті органда тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырады;

4) уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

5) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды сақтауды, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;

7) уәкілетті органға ғылыми табиғи объектілерге «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беру туралы ұсыныстар енгізеді;

8) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілері саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғат қорғау мекемелері көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекітеді;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органдары өз құзыреті шегінде:

1) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және олардың жұмыс істеуіне жұмсалатын шығыстарды жергілікті бюджеттер құрамында бекітеді;

1-1) 2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өздерінің қарауындағы жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен олардың қызметі туралы, соның ішінде мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау мәселелері бойынша атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзедi;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді ұйымдастырады және оларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтедi;

4) уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде шешімдер қабылдайды;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар қалалардың шекараларында орналасқан жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу бөлігінде олардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын және оларды жоспарлау жобасын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын) бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;

7) заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітеді;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекiтедi және паспорттарды уәкілетті органға тіркеуге (қайта тіркеуге) береді;

10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрін құру үшін жерді резервте қалдыру жөнінде шешімдер қабылдайды;

11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегінде осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің, экологиялық дәліздердің жай-күйіне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режиміне теріс әсер ететін қызметтің барлық түрін шектей отырып, осындай аймақтарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдайды;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiн бекiтедi;

14) 2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратады және олардың аумақтарын кішірейтеді;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды

15-1) белгіленген режимді сақтай отырып, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағында орналасқан жер учаскелерін пайдалануды жүзеге асырады;

2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды

15-2) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген жағдайда уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 15-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

15-3) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері, экологиялық желіні дамыту саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды

16) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталады.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

 

 

3-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын

табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi

 

12-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi

1. Жеке тұлғалар:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге;

3) табиғат қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

4) қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған қорлар құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметіне қатысуға;

5) тиісті мемлекеттік органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық желілердің жай-күйі мен олардың жұмыс істеу мәселелеріне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

2. Жеке тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

 

13-бап. Заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерi

1. Заңды тұлғалар:

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзуге және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбелерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi дайындауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысуға;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлер саласындағы жобаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге;

3) табиғат қорғау ұйымдарымен жасалған шарт бойынша мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшін қызметі өтеусіз қаржылай көмек көрсетуге бағытталған қорлар құруға және олардың қызметі мен оларды басқаруға қатысуға;

5) тиісті мемлекеттік органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілердің жұмыс істеуі, оларды күзету, қорғау және пайдалану мәселелеріне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) табиғат қорғау ұйымдарының ғылыми-техникалық және үйлестіру кеңестерінің жұмысына қатысуға құқылы.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшін гранттар, қаржылай және техникалық көмек беруге маманданған заңды тұлғалар биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесіне енгізіледі.

3. Заңды тұлғалар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

 

 

4-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру

 

14-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлерi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар санаттарға жатқызылады.

2. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік табиғи қорықтар;

2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;

3) мемлекеттік табиғи резерваттар;

4) мемлекеттік зоологиялық парктер;

5) мемлекеттік ботаникалық бақтар;

6) мемлекеттік дендрологиялық парктер;

7) мемлекеттік табиғат ескерткіштері;

8) мемлекеттік табиғи қаумалдар;

9) мемлекеттік қорық аймақтары.

3. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;

2) мемлекеттік зоологиялық парктер;

3) 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) мемлекеттік дендрологиялық парктер;

5) мемлекеттік табиғат ескерткіштері;

6) мемлекеттік табиғи қаумалдар.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлері көзделуі мүмкін.

5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі, жергілікті маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бірегейлігі сипатының ішінара немесе толық жоғалуына байланысты жүргізіледі.

Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешімді жаратылыстану-ғылыми негіздеме жасалған мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды «республикалық маңызы бар» санатынан «жергілікті маңызы бар» санатына ауыстыруға жол берілмейді.

 

15-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің құқықтық жағдайы

1. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттік мекеме нысанында құрылады.

2. Табиғат қорғау мекемелеріне жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен беріледі.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері табиғат қорғау мекемелеріне жедел басқару құқығымен беріледі.

4. Табиғат қорғау мекемесін қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

16-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының құқықтық жағдайы

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар және мемлекеттік дендрологиялық парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылады.

2. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен беріледі.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар мен ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен беріледі.

4. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары өздерінің міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшамен жауаптылықта болады.

Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.

5. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

17-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы

1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының заңды тұлға ретінде мәртебесі болмайды және олар мемлекет қорғауында болады.

Заңды тұлға болып табылмайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақта мемлекет меншігінде болатын жылжымайтын мүлік объектілерін жедел басқару құқығы өзінің қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ болатын табиғат қорғау мекемесіне немесе мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесіне беріледі.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдар олардың негізінде мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер құру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын тарату кезінде республикалық немесе жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбелерінен алынып тасталуға тиіс.

 

18-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің қорғау аймақтары

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің айналасында және олардың шекараларында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде, бұл аймақтар шегінде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелері мен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынады және (немесе) шектеу жасала отырып, қорғау аймақтары белгіленеді.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің қорғалу аймақтарының аумағында табиғат пайдаланудың мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі оларды құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерімен айқындалып, осы Заңға және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен айқындалады.

Бұл орайда меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекарасы бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгіленетін және жер бетінде арнайы белгілер қойылатын қорғау аймағының ені екі километрден кем болмауға тиіс.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

19-бап. Табиғат қорғау ұйымдарының рәміздерi (эмблемасы мен туы)

1. Табиғат қорғау ұйымдарының рәміздері (эмблемасы мен туы) болады.

2. Табиғат қорғау ұйымдары өздерінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) пайдаланудың ерекше құқығына ие болады және оларды жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде пайдалануға рұқсат етуі мүмкін.

 

20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешім мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын алған жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің негізінде қабылданады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеуді, сондай-ақ оларды түзетуді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары екі кезеңде жүргізеді.

Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын аумақтар жеріне ауыстыру туралы шешімдер қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларын әзірлеу талап етілмейді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бірінші кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемесі әзірленеді, онда:

1) зерттеліп отырған аумақтың табиғи кешендерінің және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің бірегейлігі, маңыздылығы және репрезентативтілігі;

2) зерттеліп отырған аумақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жай-күйін бағалау;

3) зерттеліп отырған аумақтың мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйі, оларды сақтау жөніндегі тәуекелдер, қауіптер және оларды күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі шаралар;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ұсынылатын санаты мен түрі;

5) ұсынылатын шекарасы, ауданы, сондай-ақ функционалдық аймақтары және олардың қорғалу режимінің түрлері және пайдалану айқындалады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Екінші кезеңде уәкілетті орган бекіткен немесе онымен келісілген жаратылыстану-ғылыми негіздеменің негізінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді, ол:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шекарасы, координаттары сипатталған жерлерді бөлудің жерге орналастыру жобасын, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына алып қойылатын (мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын) жер учаскелерінің санаттары мен аудандарын, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймай олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына қосылатын санаттары мен аудандарын, сондай-ақ күзет аймағының шекарасы мен аудандарын;

2) меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін сатып алуға және (немесе) оларды алу жөніндегі залалдарды жабуға, қорғалу аймақтарында шаруашылық қызметті шектеуге байланысты, сондай-ақ жерді алып қоймай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрған жағдайларда жұмсалатын шығындарды;

3) инфрақұрылым құруға және ерекше қорғалатын табиғи аумақты күтіп ұстауға, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауға жұмсалатын шығындарды;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақты белгіленген функционалдық аймақтарға бөлуді, қорғалу режимінің түрлері мен рекреациялық жүктемелер нормаларын айқындай отырып, осы аймақтар шегінде табиғи кешендерді реттелмелі туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалану шарттарын;

5) экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасын және оның инфрақұрылымын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын), туристік соқпақтарды, қарап көру алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтарды, кемпингтерді, шатырлы лагерьлерді, қонақ үйлерді, мотельдерді, туристік базаларды, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, құбырларды, электр және байланыс желілерін, жолдарды қамтиды.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-1. Балық аулау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не балық ресурстары және басқа да су жануарлары қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су обьектілерін және (немесе) учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына енгізу осы су объектілері және (немесе) учаскелері бекітіп берілген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Техникалық-экономикалық негіздеме жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісіледі және осы Заңда белгіленген тәртіппен бекітіледі.

 

21-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

22-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктердің және мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жерлері жатады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру кезінде жер учаскелері басқа санаттардағы жерлер құрамынан бөлініп, оларды осы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларынан алып қою жолымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылады.

3. Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар қорғалу аймақтарының жер учаскелері, оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзгертпей, басқа жер санаттарының құрамында бөлінеді.

Мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және олардың экологиялық жүйелерін қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағы шегінде шектеу жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі және жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі.

4. Жер учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына жатқызу туралы шешімдерді:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшін - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшін - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

Мемлекеттік орман қоры жерінде мемлекеттік өңірлік табиғи парк құрылған жағдайда осы жердің учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің санатына жатқызу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік орман қорының жерін ауыстыру туралы шешімінің негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктерді және мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру және кеңейту үшін жер учаскелерін алып қою Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте жылжымайтын мүлік меншігіне құқық тоқтатылған жағдайда мүлікті меншік иесінен алып қою Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Табиғи кешендер толық немесе ішінара, мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімге шаруашылық пайдаланудан алып қойылады және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы ескеріле отырып, осы Заңда белгіленген тәртіппен, мемлекеттік табиғи қаумалдары мен мемлекеттік қорық аймақтарын қоспағанда, төлем шартымен пайдаланылады.

 

23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құқықтық режимi

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері орналасқан өзге де санаттардағы жерлердің жер учаскелері Қазақстан халқына тиесілі және иеліктен шығаруға жатпайды. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.

2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен:

1) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін және қорғаныс мұқтажы үшін объектілерді салу, жайластыру, олардың жұмыс істеуі үшін;

2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;

3) осы Заңның 84-2-бабының 1-тармағына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;

4) туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылым (жолдар, электр беру желілері, құбыржолдар) салу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.

Барлауға арналған келісімшарт немесе барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде ресурстары мен қорлары Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеппен расталған пайдалы қатты қазбалар кен орнының табылуы пайдалы қатты қазбаларды өндіру үшін осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыруға негіз болып табылады.

Осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін пайдалы қатты қазбаларды өндіру мақсаттары үшін ауыстырған кезде:

1) жер қойнауын пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызу, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің құнарлы қабатын қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдауы;

2) экологиялық әсер етуге бағалау жүргізу;

3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан елді мекендерде бұқаралық ақпарат құралдарында жазып-көрсете отырып, кең ауқымда қоғамдық тыңдаулар өткізу өндіру жөніндегі операцияларды жүргізудің басталу шарттары болып табылады.

Бұл ретте жер учаскесін үшінші тұлғаларға немесе кепілге беруге жол берілмейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың босалқы жерге ауыстырылған жері, егер оларды босалқы жерге ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде олар жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған болса, қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстырылады. Босалқы жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша - уәкілетті органның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша - уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі болған кезде жүзеге асырылады.

Босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.

2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды

2-2. Шөп шабуға және мал жаюға болатын, шектеулі шаруашылық қызмет аймағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскелері Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіленген тәртіппен шөп шабу және мал жаю үшін қысқа мерзімді пайдалануға берілуі мүмкін.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады.

 

24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жерді резервте қалдыру

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бекiтiлген жаратылыстану-ғылыми негіздемелерге сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру туралы шешімдер қабылдайды.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін жерлерді резервте қалдыру жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерді алып қоймай жүргізіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құрамына бергенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен резервте қалдырылған жерлерді бұрынғы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелері пайдаланады.

3. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында резервте қалдырылатын аумақтағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешім қабылданғанға дейін шектелуі мүмкін. Бұл ретте жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың резервте қалдырылатын жер учаскелеріндегі шаруашылық қызметін шектеуге байланысты орын алған ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің залалдарына өтем алуға құқығы бар.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға немесе кеңейтуге арналған резервте қалдырылатын учаскелердегі шаруашылық қызметті шектеуге байланысты орын алған залалдарды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

5. Қалалар шекараларының шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту кезінде жерлерді резервте қалдыру белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларды ескере отырып, не қолданыстағы бас жоспарларға, қала салу регламенттеріне және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала салу кадастрына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

 

25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты

1. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдар әрбір осындай аумақ бойынша белгіленген үлгідегі паспортты толтырады және оны уәкілетті органда тіркейді.

Тіркелген паспорттың әрбір данасы түпнұсқа болып табылады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында:

1) түрі мен санаты көрсетілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі мемлекеттік орган актісінің атауы, нөмірі және қабылданған күні;

3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттік органның атауы;

4) заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жүктелген ұйымның атауы;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың туристік инфрақұрылымы, географиялық координаттары, шекарасының сипаттамасы, аумағының көлемі және күзет аймағы көрсетілген карта-схемасымен бірге орналасқан жері;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сандық және сапалық сипаттамасымен бірге олардың тізбесі;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақ объектілерінде «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесінің болуы;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимі түрлері, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар, олардың күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөніндегі міндеттемелері мен ауыртпалықтары туралы мәліметтер;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтің рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлеріне қойылған шектеулер;

9) келіп көру ережесі, жұмыс режимі, рекреациялық жүктеме көрсетіледі.

3. Табиғат қорғау ұйымының паспорты табиғат қорғау ұйымында, өзінің қарауында осы табиғат қорғау ұйымы болатын мемлекеттік органда және уәкілетті органда болады.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорық аймақтарының паспорты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерін қорғау бекітіліп берілген ұйымда, өзінің қарауында осы ұйым болатын мемлекеттік органда және уәкілетті органда сақталады.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың нысаналы мақсаты өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған, кеңейтілген жағдайларда оның паспорты қайта тіркеуден өткізіледі.

 

26-бап. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары

1. Табиғат қорғау ұйымдары өз қызметін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, олар қарауында болатын мемлекеттік орган бекітетін басқару жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес бесжылдық кезеңге жасалады.

2. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары:

1) табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың осының алдындағы кезеңдегі өзгерістеріне жасалған талдауды;

2) табиғат қорғау ұйымының осының алдындағы кезеңдегі қызметіне берілген бағаны;

3) табиғат қорғау ұйымының осыдан кейінгі кезеңдегі табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметінің әрбір түрі бойынша іс-шараларды;

4) мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін - өткен кезеңдегі орман шаруашылығын жүргізудің және орман пайдаланудың кешенді бағасы берілетін және алдағы кезеңге арналған осы орман учаскелерін күзету, қорғау, молықтыру және оларға күтім жасау жөніндегі іс-шаралар әзірленетін бөлімді;

5) басқару құрылымын, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру, жергілікті халықпен және жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен бірлесіп іс-қимыл жасау арқылы басқару жоспарын іске асыру тетіктерін қамтиды.

3. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеуді ол қарауында болатын мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.

 

27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры осындай аумақтардың құқықтық мәртебесі, олардың орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, географиялық координаттары, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сандық және сапалық сипаттамасы, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы, күзет режимінің түрлері, нысаналы пайдаланылуы және рұқсат етілген қызмет түрлері туралы мәліметтер жүйесін қамтиды.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрының деректерi экологиялық желiнi қалыптастыруға негiз болып табылады және биологиялық саналуандылықты, бiрегей табиғи ландшафтарды сақтауды ескере отырып, жердi ұтымды пайдалануды және өңiрлердiң өндiргiш күштерiн орналастыруды жоспарлау кезiнде пайдаланылады.

 

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

27-1-бап. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілер

1. Ғылыми тұрғыдан ерекше құнды және ұлттық игілік болып табылатын, шығуы табиғи немесе жасанды бірегей объектілер «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілер деп танылады.

2. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілерге мыналарды жатқызуға болады:

өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау, өсіру, реинтродукциялау жөніндегі бірегей объектілер;

табиғи объектілер жөніндегі ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттың бірегей қорлары;

өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің түрлерін зерделеуге, сақтауға, молықтыруға және пайдалануға байланысты бірегей зерттеу және эксперименттік қондырғылар, кешендер, ғылыми-сынақ полигондары.

3. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілерді тіркеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда сертификатпен куәландырылады.

 

 

5-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету

және қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет қызметі мемлекеттік

инспекторларының құқықтық мәртебесi

 

28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимінің түрлерi

Түріне және функционалдық аймақтарға бөлінуіне байланысты бүкіл ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе оның арнайы бөлінген аймақтары мен учаскелерінде мынадай күзет режимінің түрлері енгізіледі:

1) кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейтін қорық режимі;

2) шаруашылық және өзге қызметтің жекелеген түрлеріне белгілі бір мерзімге немесе онсыз маусымдар бойынша толық тыйым салуды немесе шектеуді көздейтін қаумалдық режим;

3) табиғи кешендерді шектеулі пайдалануды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметтің дәстүрлі түрлерін мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілеріне зиянды әсер етпейтін тәсілдермен және әдістермен жүргізуін көздейтін шаруашылық қызметтің реттелмелі режимі.

 

29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоршаған ортаға зиянды әсерлердің алдын алу және оларды жою мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда күзету және қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізілуі мүмкін.

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Күзету жөніндегі іс-шаралар:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, оның ішінде жер және әуе көлігін қолданып қарауылдауды;

2) өрттердің алдын алуды, оларды байқауды және сөндіруді;

3) суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетуді қамтиды.

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қорғау жөніндегі іс-шаралар:

1) судың зиянды әсерінің алдын алуды және жоюды;

2) өсімдіктерді қорғауды, зиянды жәндіктер мен орман аурулары ошақтарын дер кезінде анықтауды және оларға қарсы күресуді, санитарлық және басқа мақсаттарда ағаш кесуді (жолдар салуға байланысты орман жолдарын тарту, өртке қарсы жыралар қазу кезінде орманды тазарту);

3) індеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен ветеринариялық мониторингті қамтамасыз етуді, жануарлар санын реттеуді;

4) жерді эрозиядан қорғауды қамтиды.

4. Өрттердің алдын алу, оларды байқау және сөндіру Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Қорғау жөніндегі іс-шаралар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы күзет режимінің түрі ескеріле отырып, ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде және қарамағында осы аумақтар бар орталық немесе жергілікті атқарушы органдармен немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу бойынша жүргізіледі.

 

30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру мақсатында мынадай іс-шаралар:

1) бұдан бұрын бүлінген жерлерді рекультивациялау;

2) су айдындарының қолайлы режимін сақтау;

3) эрозиялық процестердің алдын алу және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ормандарды молықтыру және орман өсіру;

4) өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін табиғи ортада көбейту, өсіру және қалпына келтіру жүргізілуі мүмкін.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қалпына келтіру іс-шаралары күзету режимінің түрлерін ескере отырып, тиісті ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде уәкілетті органмен келісім бойынша жүргізіледі.

 

31-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін қорғау

1. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін қорғауды олардың штатына кіретін күзет қызметінің мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.

2. Табиғат қорғау мекемелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар және бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары болып табылады.

Табиғат қорғау мекемелерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша аға мемлекеттік инспекторлар болып табылады, осы бөлімшелердің мамандары, ғылыми қызметкерлерді қоса алғанда, лауазымы бойынша табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

Осы бапта көрсетілген лауазымды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

 

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау

1. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының, мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының мемлекеттік орман қоры жерінде және оларға іргелес жатқан жерде орналасқан табиғи кешендері мен объектілерін қорғауды Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің қызметтері, басқа санаттардағы жерде табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторлары жүзеге асырады.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік табиғат ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелеріне, табиғат қорғау мекемелеріне және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға бекітіп беру уәкілетті орган ведомствосының және өздерінің құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен жүргізіледі.

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы, мемлекеттік орман қоры жерінде орналасқан республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды бекітіп беру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган ведомствосының шешімімен жүргізіледі.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 32-1-тармақпен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 32-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы

1. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы Қазақстан Республикасының аумағындағы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің жай-күйі, оларды зерделеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шаралар туралы мәліметтер жиынтығын қамтитын, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері тізбелерінің суреттер мен безендірілген басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылады, қажет болған кезде басқа тілдерде де басып шығарылуы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында, тұрақты немесе уақытша өсетін өсімдіктердің (биік және аласа) және мекендейтін жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) мынадай санаттағы түрлері (кіші түрлері, популяциялары) енгізіледі:

1) жойылып бара жатқан (жойылып кету қаупі төнген немесе жойылып кеткен болуы да мүмкін);

2) азайып бара жатқан (олардың саны жеткілікті дәрежеде әлі де көп, бірақ ол өте тез түрде азаюда);

3) сирек кездесетін (шектеулі мөлшерде немесе өте шағын аумақтарда кездеседі);

4) айқындалмаған (жеткілікті зерделенбеген, ал популяцияларының саны мен жай-күйі алаңдаушылық тудырады);

5) қалпына келтірілген (түрлердің жай-күйі қауіптілік туғызбайды, бірақ олардың популяцияларын үнемі бақылап отыру қажет).

3. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізуді уәкілетті орган бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы қағаз және электрон дық жеткізгіштерде ресми жариялануға (басып шығарылуға) жатады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің суреттермен безендірілген Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының материалдары бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық және өзге де басылымдарда жариялануы мүмкін.

4. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбелеріне және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу не олардан алып тастау жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар құрылады.

5. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрларының құрамдас бөлігі болып табылады.

 

33-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары

1. Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының өз аумағы мен күзет аймақтарының шекарасында:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүрген адамдардан осында болу құқығына берілген рұқсатты тексеруге;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу мақсатында табиғат қорғау мекемесінің және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектілеріне баруға;

3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған кезде мемлекеттік қадағалау тəртібімен жедел ден қою шараларын қабылдауға немесе жедел ден қою шараларын қолдануға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың қызметін тоқтату немесе оған тыйым салу туралы сотқа талап арыз беруге;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынның мөлшерін анықтауға және осының негізінде кінәлі тұлғаларға осы шығынды ерікті түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап арыз беруге;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайларда мемлекеттік инспекторлардың актілер жасауға және материалдарды шаралар қолдану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған адамдарды ұстауға және оларды құқық қорғау органдарына жеткізуге;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның күзет аймағында көлік және суда жүзу құралдарын тоқтатуға, оларға тексеру жүргізуге;

9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атыс қаруын, заңсыз олжалаған өнімді және оны олжалау құралын, көлік және суда жүзу құралдарын алып қоюға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы құралдар мен қызмет қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Табиғат қорғау мекемелерi мемлекеттiк инспекторларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз), арнайы құралдармен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.

4. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары өз құзыретіне сәйкес мынадай актілер:

1) тексеру өткізу нәтижелері бойынша акт;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарым;

4) мынадай:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы;

сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін атыс қаруын, олжалау құралдарын, заңсыз олжаланған өнімді, көлік және суда жүзу құралдарын алып қою туралы қаулылар жасайды.

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

33-1-бап. Жедел ден қою шаралары жəне олардықолдану тəртібі

1. Тексерілетін субъектілерге қоғамдық қаупі бар салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру барысында жəне оның нəтижелері бойынша қолданылатын əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.

2. Егер тексерілетін субъектілердің қызметі ормандардың биологиялық əралуандығының, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, мəдени жəне табиғи мұраның сақталуына тікелей қатер төндірсе, уəкілетті орган ведомствосының жəне оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жедел ден қою шараларын қолданады.

3. Жедел ден қою шараларына:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау жəне құқық қорғау органдарына жеткізу;

2) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке жəне заңды тұлғалардан атыс қаруын, заңсыз олжаланған өнімді жəне оны олжалау құралдарын, көлік жəне жүзу құралдарын алып қою;

3) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде жеке жəне заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру жатады.

4. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының орман заңнамасында айқындалған талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын жəне олардың түрлерін қолдануға негіз болып табылады.

5. Бұзушылық анықталған кезде уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамы бұзушылық жасалған жерде уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес қадағалау актісін ресімдейді жəне тексерілетін субъектіге табыс етеді.

6. Қадағалау актісі ресімделгеннен кейін уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жедел ден қою шараларын тікелей қолдануды жүзеге асырады.

7. Тексерілетін субъект қадағалау актісінде көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.

8. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

9. Қадағалау актісінде көрсетілген талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

10. Қадағалау актісінің қолданысы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады. Актінің нысанын уəкілетті орган бекітеді.

11. Қадағалау актісінде көзделген мерзімдер өткенге дейін тексерілетін субъект бұзушылықтың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған жағдайда) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

12. Тексерілетін субъект жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау нəтижелерімен келіспеген жағдайда қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.

Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.

Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

13. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға жəне оның күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:

1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;

2) осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шараларын қолдану;

3) уəкілетті орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшесінің өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.

14. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.

 

 

6-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру жүйесi

 

34-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру көздерi

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) гранттар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының қаражаты;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтары, ерiктi жарналары, оның ішінде өздері шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу кезінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне келтірілетін және (немесе) болмай қоймайтын зиян үшін жасайтын қайырмалдықтары, ерiктi жарналары есебiнен жүргiзiледi.

 

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

35-бап. Табиғат қорғау мекемелерін дамыту және күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

Iс-шараларды қаржыландыру табиғат қорғау мекемелерiн басқару жоспарларына сәйкес табиғат қорғау мекемелерiн дамыту мен күтіп-ұстауға олардың санатына қарай бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және мыналарға:

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту кезінде, сондай-ақ осы аумақтарды құру және кеңейту үшін жерлерді резервте қалдыру кезінде жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскелерінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу жөніндегі залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбелерін жүргізуге;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағының жер бөлудің жерге орналастыру жобасын жасау және шекарасын нақтылы жерінде бөлу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;

6) әкімшілік-шаруашылық, ғылыми, ақпараттық-ағартушылық, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер мен құрылыстарды салуға және қайта жаңартуға;

7) штат санын ұстауға;

8) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзетуге, қорғауға және қалпына келтіруге;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) экологиялық-ағартушылық, ғылыми, оқу, туристік және рекреациялық қызмет жүргiзуге;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында және мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салуға жұмсалады.

 

36-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

37-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды оларға бекітіп берілетін табиғат қорғау мекемелері, орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері өздеріне осы мақсаттарға бөлінетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

 

38-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты

1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимінің түрлеріне байланысты олардың негізгі қызметіне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу:

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендердi туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның ішінде:

туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристік базалар, балық өсіру шаруашылықтары, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желілерін, жолдарды салу және орналастыру жөнінде қызметтер көрсету; туристік құрал-жабдықтар беру;

әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, сондай-ақ балық өсіруді жүргізу;

мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйістерінде болу және оларды зерделеу кезінде жолсеріктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерін көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсіру;

пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитарлық тазарту және абаттандыру жөнінде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде қызметтер;

қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер;

көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ жегілген малды және мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) шектеулі шаруашылық қызметінен, соның ішінде:

кәдесый өнімдерін өндіруден;

аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесілген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізуден;

жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау, бақ шаруашылығы);

ормандарды молайту және елді мекендерді көгалдандыру үшін көшет материалын өсіруден түсетін табыстар;

шектеулі шаруашылық қызмет тауарларын өткізуден, балық және балық өнімдерін өткізуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және жасыл екпелерді жасаудан түсетін кірістер;

балық шабақтарын өсіруден;

жеке және заңды тұлғалармен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар;

орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден);

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшін төленетін ақы;

4) баспа, кәдесый және басқа да көбейтілген өнім өндіруден алынған табыстар;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымалдықтары;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) гранттардан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражатынан;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) осы Заңның 82-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер есебiнен құралады.

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты:

1) туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерден төлемақы алу;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) зейнеткерлерден, мүгедектігі бар адамдардан, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, мектеп жасына дейінгі балалардан алынатын төлемақыны қоспағанда, туристерден төлемақы алу;

3) автомобиль көлік құралының табиғат қорғау мекемелерінің аумағына кіргені үшін төлемақы алу есебінен де қалыптастырылады.

2. Табиғат қорғау мекемелерінің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен алынған қаражаты Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

3. Табиғат қорғау мекемелері осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерінен табыс табу мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатыса алады.

 

 

2-бөлім. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерін, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және экологиялық желіге енетін қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырудың, қорғаудың және олардың

қызмeтінiң ерекшеліктерi

 

7-тарау. Мемлекеттік табиғи қорықтар

 

39-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтар ұғымы және олардың негізгі қызметi

1. Мемлекеттік табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың негізгі қызметіне:

1) мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтіру режимін қамтамасыз ету;

2) Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерін, объектілерін зерделеу және олардың мониторингі жөнінде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;

3) экологиялық-ағартушылық қызметті жүргізу;

4) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін шаруашылық және өзге объектілерді орналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттік экологиялық сараптамасына қатысу;

5) мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулі туристік мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

 

40-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимi

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік табиғи қорықтың бүкіл аумағында, осы Заңның 43-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, қорықтық күзет режимі белгіленеді, ол бойынша:

1) аумақтың гидрологиялық режимін өзгертетін іс-әрекеттерге;

2) мемлекеттік табиғи қорықтың жұмыс істеуімен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желілерін және басқа да коммуникациялар мен объектілер салуға;

3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндіруге;

4) топырақ қабатын бүлдіруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) орман қорғау іс-шараларын жүзеге асыру үшін қажет санитариялық мақсатта ағаш кесуді қоспағанда, өсімдік қабатының бұзылуына әкеп соғатын орман пайдаланудың барлық түрлеріне, оның ішінде тағамдық, дәрілік және техникалық өсімдіктер, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын, шөп шабуға, мал жаюға және өсімдіктер дүниесін пайдаланудың басқа да түрлеріне;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) аң аулау мен балық аулауға;

7) жануарларды аулауға және жойып жіберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;

8) өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіруге, жануарлардың жекелеген түрлері санын жерлердің табиғи сыйымдылығы бойынша жол берілетін мөлшерден артық көбейтуге;

9) мемлекеттік табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастыруды қоспағанда, коллекциялық материалдар жинауға;

10) зиянкестерге, өсімдіктер мен жануарлардың ауруларына қарсы, сондай-ақ жануарлар санын реттеу үшін химиялық және биологиялық күрес әдістерін қолдануға;

11) үй жануарларын айдап өтуге;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) уәкілетті орган белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын шуылға және өзге де акустикалық әсерлерге;

13) егер қызмет қорғалатын ландшафтардың табиғи көрінісін өзгертуге немесе экологиялық жүйелердің орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндірсе, оған тыйым салынады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізуге жол беріледі.

3. Қарауында мемлекеттік табиғи қорықтар бар мемлекеттік табиғи қорықтардың қызметкерлерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын қоспағанда, жеке тұлғалар мемлекеттік табиғи қорықтар аумағына рұқсат беретін құжаттар болған кезде ғана жіберіледі.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Мемлекеттік табиғи қорық аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде тұратын белгілі бір дінге сенушілердің құрмет тұтатын жерлерге (құлшылық ету орындары) мемлекеттік табиғи қорық аумағы арқылы өтетін жолдармен баруын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік табиғи қорық тиісті діни бірлестікпен келісім бойынша мемлекеттік табиғи қорық инспекторларының ілесіп жүруімен осы орындарға топталып баруға немесе осы орындарға топталып жақын келуге тегін рұқсат етуі мүмкін.

 

41-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми қызметтi ұйымдастыру мен жүргізу тәртібi

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми қызмет мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін зерттеу жөнінде тұрақты жүйелі түрдегі байқаулар, Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, табиғи процестердің мониторингін ұйымдастыру, сондай-ақ биологиялық саналуандықты сақтаудың және мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерін қалпына келтірудің ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеу жолымен уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті үй-жайлармен және жабдықтармен қамтамасыз етілетін ғылыми қызметкерлердің тиісті штаты бар ғылыми құрылымдық бөлімшелер жұмыс істейді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың ғылыми бөлімшелері осы баптың 1-тармағында көзделген ғылыми қызметтен басқа, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына сәйкес ғылыми зерттеулер де жүргізеді.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Өзге де ғылыми ұйымдар мен жекелеген ғалымдар мемлекеттік табиғи қорықтардың аумақтарында уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік табиғи қорықпен шарттық негізде ғылыми зерттеулер жүргізе алады.

5. Ғылыми зерттеулердің жоспарларын, ғылыми қызметкерлердің есептерін қарау және бекіту үшін мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми-техникалық кеңестер құрылады, олардың құрамына басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері мен мамандары кіре алады.

6. Мемлекеттік табиғи қорықтардың ғылыми қорлары мерзімсіз сақталуға жатады.

7. Мемлекеттік табиғи қорықтардың өздерінің ғылыми еңбектерін басып шығаруға құқығы бар.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен жүргізу жануарларды мазасыздануға, зардапқа, өлім-жітімге ұшырататын және өсімдіктерді, соның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнгендерін жойып жіберетін зерттеулердің қатыгез әдістері қолданылмай жүзеге асырылуға тиіс.

 

42-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi

1. Мемлекеттік табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметі:

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік табиғи қорықтардың биологиялық саналуандықты сақтау функцияларын орындауының қажетті шарты ретінде қорық ісі идеяларын халықтың қалың топтарының қолдауын қамтамасыз ету;

2) экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтарда экологиялық-ағартушылық шараларын жүргізу үшін мұражайлар, экспозициялар, көрсетілім жасау учаскелері және басқа да объектілер құрылуы мүмкін.

3. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттелмелі экологиялық туризм өткізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құруға жол беріледі.

4. Мемлекеттік табиғи қорықтар экологиялық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру кезінде мамандарды және қоғамдық ұйымдарды тарта алады.

 

43-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарының режимi

1. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында:

1) жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге;

2) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесі үшін зәрлі пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізуге;

4) атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;

5) пайдалы қазбалар өндіруге;

6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;

7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;

8) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға);

9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге;

10) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарының аумағында қорықтың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1) орман шаруашылығы қызметі;

2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

3) туристік және рекреациялық қызмет;

4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;

5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;

8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;

9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, мемлекеттік табиғи қорық қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.

3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында осы баптың 2-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.

4. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды

43-1-бап. Жекелеген мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимінің ерекшеліктері

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында:

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық негіздеменің негізінде арнайы бөлінген учаскелерде, осы қорықтың күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) биологиялық негіздеменің негізінде жануарлар санын реттеуге жол беріледі.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығының су айдындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми ұсынымдар негізінде мелиорациялық аулауды жүргізуге жол беріледі.

 

 

8-тарау. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік өмірлік табиғи парктер

 

44-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ұғымы және олардың негізгі қызметi

1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің негізгі қызметіне:

1) мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендерін, бірегей және эталондық табиғи учаскелерін, объектілерін, табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтау;

2) мемлекеттік ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының күзет режимін қамтамасыз ету;

3) экологиялық ағартушылық;

4) биологиялық саналуандықты сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) Табиғат жылнамасы бойынша экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи объектiлердiң мониторингiн жүргiзу;

6) мемлекеттік табиғи-қорық қорының бүлінген табиғи кешендерін, объектілерін, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру;

7) мемлекеттік ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми, рекреациялық, туристік және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

 

45-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағын аймақтарға бөлу, оны күзету және пайдалану режимi

1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағы:

1) қорық режимі;

2) экологиялық тұрақтандыру;

3) туристік және рекреациялық қызмет;

4) шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарына бөлінеді.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Реттелмелі экологиялық туризмді қоспағанда, қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрiне сәйкес келетiн қорықтық қорғау режимi белгiленедi.

Қорық режимі аймағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағының он пайызынан қырық пайызына дейінгі жерін құрайды.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Реттелмелi экологиялық туризмдi, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерi мен объектiлерiн қалпына келтiру бойынша iс-шаралар жүргiзудi, бал ара шаруашылығымен айналысу үшін қажетті уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыруды қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салына отырып, қорықтық қорғау режимi белгiленедi.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Туристiк және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркке келушiлердiң реттелмелi қысқа мерзiмдi демалысы мен ұзақ мерзiмдi демалысы учаскелерiне бөлiнедi.

Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiнің сақталуын қамтамасыз ететiн қаумалдық қорғау режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), оның iшiнде рекреациялық жүктемелердің нормалары ескеріле отырып, туристiк маршруттар, соқпақтар ұйымдастыруға, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай құрал-жабдығын прокатқа алу пункттерін орнатуға, бал ара шаруашылығымен айналысу үшін қажетті уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыруға, аквашаруашылықты (балық өсіруді) жүзеге асыруға жол беріледі.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Шектеулi шаруашылық қызмет аймағында әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, жануарлар дүниесін ортақ пайдалануды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктi қорғау және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оған келушiлерге қызмет көрсету үшiн қажетті шаруашылық қызмет жүргiзiледi, рекреациялық орталықтарды, жабайы жануарларды өсіру мен ұстауға арналған вольерлерді, қонақүйлерді, кемпингтерді, музейлерді және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн, сондай-ақ балық ресурстарын жəне басқа да су жануарларын өсіруге арналған балық өсіру шаруашылықтарын салу және пайдалану жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің барлық аймақтарында оны басқару жоспарында көзделген күзету, қорғау және қалпына келтіру іс-шаралары жүргізіледі.

7. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде ғылыми және экологиялық-ағартушылық қызмет осы Заңның 41 және 42-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

46-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердегі туристік және рекреациялық қызметті тікелей мемлекеттік ұлттық табиғи парк, сондай-ақ туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және бес жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Осы учаскелерді беру мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан жекеше әріптеске де қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық (уақытша құрылыстар ғана салу үшін) және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 46-1-баппен толықтырылды

46-1-бап. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелеріндегі объектілер құрылысы

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерінде объектілерді салу жеке, заңды тұлғалар немесе жекеше әріптестер мемлекеттік ұлттық табиғи паркпен жасасқан ұзақ мерзімді пайдалану шартына сәйкес және эскизге (эскиз жобасына) орай әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүргізіледі.

2. 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жеке, заңды тұлғаның немесе жекеше әріптестің өзіне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскені пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткен соң шарттың қолданыу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар.

4. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскені және ондағы құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру шартында айқындалады.

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Уәкілетті органның жазбаша хабардар етуіне сәйкес құрылыс объектілері басқа тұлғаға берілген не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жер учаскесін пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, жеке, заңды тұлғаларға немесе жекеше әріптестерге жүктелетін учаскені мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру міндеті сақталады.

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіз тәсілмен учаскелердегі объектілерді бөлшектеп, сыртқа шығаруға міндетті.

 

47-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің шектеулi шаруашылық қызметінің ерекшеліктерi

1. Шектеулі шаруашылық қызметі аймағында мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мынадай қызмет түрлеріне рұқсат етеді:

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жанама орман пайдалану (шектеулі мал жаю, марал өсіру, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық мақсатта жинау, бақ шаруашылығы);

2) шектеулі дәстүрлі пайдалану алаңдарында ағаш және бұта тұқымдарының екпе материалдарын, дәрі-дәрмектік шөптер және басқа да өсімдіктер өсіру;

3) өтпелі ағаш кесуді қоспағанда, санитарлық мақсатта ағаш кесуді, күтім жасау мақсатында ағаш кесуді жүргізу және бұл ретте алынған сүректі өңдеу;

4) кәдесыйлар, шағын және халықтық кәсіпшіліктер өнімдерін өндіру;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) балық шабақтарын және тауарлы балықты өсіру;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) көшпелі және стационарлық омарталар пайдаланыла отырып, бал ара шаруашылығы;

7) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) жануарлар дүниесін ортақ пайдалану;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылды

8) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

9) мелиорациялық аулау;

10) ғылыми-зерттеу мақсатында аулау;

11) өсімін молайту мақсатында аулау.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің шектеулі шаруашылық қызметі мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау мен қалпына келтіруді ескере отырып және өздерінің қарауындағы мемлекеттік органдардың тиісті рұқсаттары бойынша жүзеге асырылады.

 

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

48-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының режимi

1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:

1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) осы Заңның 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;

4) аң аулауға;

5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1) орман шаруашылығы қызметі;

2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

3) туристік және рекреациялық қызмет;

4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, сондай-ақ балық өсіру;

6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.

3. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс.

4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қорғау аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеулер осы Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.

 

49-бап. Мемлекеттік өңірлік табиғи парктер

Мемлекеттік өңірлік табиғи парк мемлекеттік ұлттық табиғи парк үшін белгіленген режимі бар, сондай мақсаттарды алға қоятын және сондай міндеттерді орындайтын, бірақ табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесіне ие жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын мемлекеттік ұлттық табиғи парктің нұсқасы болып табылады.

 

 

9-тарау. Мемлекеттік табиғи резерваттар

 

50-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттар ұғымы, негізгі қызметі және оларды аймақтарға бөлу

1. Мемлекеттік табиғи резерват - табиғи кешендердің биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектілерді күзетуге, қорғауға, қалпына келтіруге және сақтауға арналған жердегі және судағы экологиялық жүйелерді қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік табиғи резерваттардың негізгі қызметіне:

1) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелерді сақтау және қалпына келтіру;

2) мемлекеттік табиғи резерваттың күзет режимін қамтамасыз ету;

3) табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық-экономикалық принципі негізінде аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау;

4) аумақты қорғау және тұрақты дамыту, сондай-ақ экологиялық ағартушылық және тәрбие беру мақсаттарында зерттеулер мен мониторинг жүргізу;

5) мемлекеттік табиғи резерват аумағын және оның күзет аймағын экологиялық-ағарту, ғылыми, рекреациялық, туристік және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

3. Мемлекеттік табиғи резерваттың аумағы мынадай пайдалану мен күзет режимінің түрлері әртүрлі аймақтарға бөлінеді:

1) қорық режимі аймағы (бұдан әрі - ұйытқы аймақ) - генетикалық ресурстарды, биологиялық саналуандықты, экологиялық жүйелер мен ландшафтарды ұзақ мерзім сақтауға арналған осы мақсаттарға қол жеткізу үшін жеткілікті көлемі бар ұйытқы аймақ;

2) аралық аймақ - экологиялық бағдар ұстанған шаруашылық қызметті жүргізу және биологиялық ресурстарды тұрақты молықтыру үшін пайдаланылатын аумақ учаскесі.

 

51-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимi аймағының режимi

1. Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимі аймағында, Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, табиғи ортаның жай-күйіне ғылыми зерттеулер мен мониторинг жүргізіледі, экологиялық-ағартушылық мақсатында іс-шаралар жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимі аймағында кез келген шаруашылық қызметке және аумақты рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік табиғи қорық режимінің түріне сәйкес келетін қорықтық күзет режимі белгіленеді.

 

52-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймақ режимi

1. Мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында шектелетін, реттелетін және ұйытқы аймағының экологиялық жүйелеріне теріс әсер етпейтін мынадай әртүрлі қызмет нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1) ғылыми зерттеулер және мамандар оқыту және даярлау орталықтарын ұйымдастыру;

2) қоршаған орта мониторингі және экологиялық жүйелердің өзгеруін бақылау;

3) орман шаруашылығы қызметі, өртке қарсы іс-шаралар және орман алаптарын қорғау;

4) ұйытқы аймағының биологиялық саналуандығын ұзақ мерзім сақтауды және оның зақымданбауын және тұтастай алғанда мемлекеттік табиғи резерваттың экологиялық жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберінде дәстүрлі жер пайдалану;

5) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды кеңінен жүргізу;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке тұлғалардың кіру тәртібімен белгіленген, рекреациялық жүктемеге сәйкес бақыланатын және реттелетін туризм, рекреациялық пайдалану;

7) минералды сулар мен шипалы ресурстарды пайдалану;

8) экологиялық ағартушылық, оқыту бағдарламаларын жүргізу, көрсету учаскелерін және экологиялық тұрғыдан алғанда жанашырлықпен табиғат пайдалану менеджментін ұйымдастыру;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылды

9) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

11) мелиорациялық аулау;

12) ғылыми-зерттеулік аулау;

13) өсімін молайту мақсатында аулау;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

13-1) балық өсіру;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) көшпелі және стационарлық омарталар пайдаланыла отырып, бал ара шаруашылығы.

2. Мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында ұйытқы аймағының экологиялық жүйесінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін қызметке, атап айтқанда:

1) жаңа елді мекендер құруға;

2) өнеркәсіп объектілерін орналастыруға және пайдалануға;

3) өндірістік объектілер салуға және пайдалануға;

4) геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге және пайдалы қазбаларды игеруге;

5) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге;

6) өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіруге;

7) ұйытқы аймақ пен аралық аймақ аумағының гидрологиялық режимін өзгертетін іс-әрекеттерге;

8) ұйытқы аймақтың экологиялық жүйесіне әсер етуі мүмкін өзге де қызметке тыйым салынады.

3. Мемлекеттік табиғи резерваттарда осы Заңның 41, 42 және 46-баптарында белгіленген тәртіппен экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық қызметтер жүзеге асырылады.

 

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорғау аймақтарының режимi

Мемлекеттік табиғи резерваттардың қорғау аймақтарында табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтің осы Заңның 48-бабында белгіленген түрлеріне рұқсат етіледі, тыйым салынады немесе шектеу қойылады.

 

 

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9-1-тараумен толықтырылды

9-1-тарау. Биосфералық резерваттар

 

53-1-бап. Биосфералық резерваттардың міндеттері

Биосфералық резерваттар:

1) мәдени және табиғи мұраға бай табиғи аумақтарды сақтау, қалпына келтіру және пайдалану;

2) табиғи ресурстардың сақталуы мен қалпына келтірілуі ескеріле отырып, аумақтардың ұзақ мерзімді, орнықты экономикалық және әлеуметтік дамуын, оның ішінде олардың рекреациялық пайдаланылуын қолдау;

3) ұзақ мерзімді экологиялық бақылау, мониторинг пен экологиялық зерттеулер, сондай-ақ халықты экологиялық тұрғыдан ағарту және тәрбиелеу мақсатында құрылады.

 

53-2-бап. Биосфералық резерваттардың аумағын функционалдық аймақтарға бөлу және оны қорғау режимі

Биосфералық резерваттардың аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөліп көрсетіледі:

1) ұйытқы аймақ - биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтауға арналған, осы Заңның 40-бабының 1-тармағында, 45-бабының 2 және 3-тармақтарында және 51-бабында көрсетілген аймақтарға сәйкес келетін қорықтық қорғау режимi бар аймақ;

2) аралық аймақ - экологиялық бағдарланған шаруашылық қызметті жүргізу және биологиялық ресурстардың өсімін орнықты молайту үшін пайдаланылатын, осы Заңның 45-бабының 4 және 5-тармақтарында және 52-бабында көрсетілген аймақтарға сәйкес келетін қаумалдық қорғау режимі бар аймақ;

3) сыртқы өтпелі аймақ - экологиялық бағдарланған шаруашылық қызметті жүргізу үшін пайдаланылатын, осы Заңның 43, 48 және 53-баптарында көрсетілген қорғау аймақтарына сәйкес келетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтан тыс аумақ учаскесі.

 

 

10-тарау. Мемлекеттік зоологиялық парктер

 

54-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктер ұғымы және оның негізгі қызметi

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер - мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметіне, тектік қорды сақтауға және әдеттегі, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін жасанды орта жағдайында өсіруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік зоологиялық парктердің негізгі қызметіне Қазақстанның жануарлар дүниесін сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, дүниежүзілік маңызы бар Қазақстан фаунасының ресурстарын игерудің ғылыми негіздерін әзірлеу жатады.

 

55-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерді аймақтарға бөлу және оларды күзету ерекшеліктерi

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер:

1) экспозициялық - жануарларды ұстау және өсіру, сондай-ақ келушілердің көруі үшін;

2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргізу үшін;

3) қоғамдық - келушілерге қызмет көрсету үшін;

4) әкімшілік және өндірістік-шаруашылық аймақтарға бөлінеді.

2. Мемлекеттік зоологиялық парктерде олардың міндеттерін орындауға байланысты емес және оларда күтіп-бағылатын жануарлардың өлім-жітіміне әкеп соғатын кез келген әрекетке тыйым салынады.

 

56-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерде жануарлар өсіру

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер отандық және дүниежүзілік фаунадан жануарлар коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік зоологиялық парктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен жануарлармен жасалатын импорттық және экспорттық операцияларды, оларды зоологиялық бағыттағы басқа ұйымдармен айырбастауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік зоологиялық парктерде ветеринариялық және зоотехникалық қызметтер, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін өсіруге арналған питомниктер құрылады.

4. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

57-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерді пайдалану ерекшеліктерi

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер ғылыми, мәдени-ағартушылық және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік зоологиялық парктерде жануарларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру саласында ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

3. Мемлекеттік зоологиялық парктер ғылыми деректер банктерін, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кітапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-көпшілік және басқа да әдебиет шығаруға құқылы.

4. Мемлекеттік зоологиялық парктердің қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, зоологиялық дүкендері мен осы ұйымдардың бейініне сәйкес келетін, бірақ олардың негізгі қызметіне жатпайтын шаруашылық қызметі үшін қажетті басқа да объектілері болуына құқылы.

 

 

11-тарау. Мемлекеттік ботаникалық бақтар

 

58-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақ ұғымы және оның негізгі қызметi

1. Мемлекеттік ботаникалық бақ - өсімдіктер дүниесін, соның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау, молықтыру және пайдалану жөнінде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтардың негізгі қызметіне Қазақстанның өсімдіктер дүниесін сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, Қазақстанның дүниежүзілік маңызы бар флора ресурстарын игерудің ғылыми негіздерін әзірлеу жатады.

 

59-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды аймақтарға бөлу және оларды қорғаудың ерекшеліктерi

1. Мемлекеттік ботаникалық бақтар:

1) экспозициялық - өсімдіктерді өсіру және келушілердің көруі үшін;

2) ғылыми - өсімдіктердің тектік қорының коллекцияларына ғылыми зерттеулер жүргізу және оларды сақтау үшін;

3) қоғамдық - келушілерге қызмет көрсету үшін;

4) әкімшілік және өндірістік-шаруашылық аймақтарға бөлінеді.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда олардың алдына қойылған міндеттерін орындауға байланысты емес және оларда өсірілетін өсімдіктердің жойылып кетуіне әкеп соғатын кез келген іс-әрекеттерге тыйым салынады.

 

60-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда өсімдіктер өсіру

1. Мемлекеттік ботаникалық бақтар табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзілік флора өсімдіктерінің коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, өсімдіктермен жасалатын импорттық және экспорттық операцияларды, оларды ботаникалық бейіндегі басқа ұйымдармен айырбастауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттік учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.

 

61-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдаланудың ерекшеліктерi

1. Мемлекеттік ботаникалық бақтар белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзілік флораны жерсіндіру және оның селекциясы бойынша, сондай-ақ Қазақстанның өсімдіктер әлемін зерттеу, сақтау және тиімді пайдалану жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Өсімдіктердің коллекциялық қорларын қалыптастыру, сақтау, пайдалану жөніндегі ғылыми зерттеулер коллекциялық қорлар өсіруді қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыстар негізінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік ботаникалық бақтар ғылыми деректер банктерін, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кітапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиет шығаруға құқылы.

4. Мемлекеттік ботаникалық бақтар орман, бақ-парк, ауыл шаруашылығына және басқа салаларға енгізу мақсатында ұсынылған жерсіндірілген өсімдіктер мен олардың репродукцияларын өндірістік сынақтан өткізу үшін шаруашылық эксперименттік базалар құруға құқылы.

5. Мемлекеттік ботаникалық бақтардың қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, өсімдіктер сататын мамандандырылған дүкендері және осы ұйымдардың бейініне сәйкес келетін, бірақ олардың негізгі қызметіне жатпайтын шаруашылық қызмет үшін қажетті басқа да объектілері болуына құқылы.

 

 

12-тарау. Мемлекеттік дендрологиялық парктер

 

62-бап. Мемлекеттік дендрологиялық парк ұғымы және оның негізгі қызметi

1. Мемлекеттік дендрологиялық парк - ағаш және бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыру мен пайдалануға арналған аймақтар бойынша белгіленген күзет режимдері бар табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік дендрологиялық парктердің негізгі қызметіне Қазақстанның ағаш өсімдіктерін сақтаудың, молықтырудың және пайдаланудың ғылыми негізін әзірлеу, Қазақстанның дүниежүзілік маңызы бар флорасының ресурстарын игеру жатады.

 

63-бап. Мемлекеттік дендрологиялық парктердi аймақтарға бөлу, оларды күзету мен пайдаланудың ерекшеліктерi

1. Мемлекеттік дендрологиялық парктерде аймақтар осы Заңның 59-бабында көзделген мемлекеттік ботаникалық бақтардағы күзет режимінің мақсаты мен түрі ескеріле отырып бөлінеді.

2. Мемлекеттік дендрологиялық парктер мемлекеттік ботаникалық бақтарға осы Заңның 61-бабында белгіленген тәртіппен және шарттармен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

 

 

13-тарау. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерi

 

64-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері ұғымы

Мемлекеттік табиғат ескерткіші - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бірегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендерді, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне жатқызылған шығу тегі табиғи және жасанды объектілерді қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

 

65-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру тәртібi

1. Маңыздылығына байланысты мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жекелеген түрлері және табиғи кешендер республикалық немесе жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері болып жарияланады.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарының шекарасы мен күзет режимінің түрiн - уәкілетті орган, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарының шекарасы мен күзет режимінің түрiн облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.

3. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері мен олардың аумақтарын олар қарауына тапсырылған тұлғалардың күзетуіне беруді уәкілетті орган, ал жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштерін - оларды ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқа түрлерінің аумағында орналасқан мемлекеттік республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштері солардың құрамында ескеріледі.

Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттьқ табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды құру немесе кеңейту кезінде жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіштер жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінен шығарылады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерін құру мен кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемелері болған жағдайда, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне енгізіледі.

 

66-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарының күзет режимi

1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің аумақтарында мемлекеттік табиғат ескерткіштері сақталуының бұзылуына әкеп соғатын кез келген қызметке тыйым салынып, мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимінің түріне сәйкес келетін қорықтық күзет режимі белгіленеді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарында осы салада мамандандырылған ұйым әзірлеген жобаларға сәйкес оларды сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

2. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерін күзету осы Заңның 32-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

14-тарау. Мемлекеттік табиғи қаумалдар

 

67-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдар ұғымы және олардың түрлерi

1. Мемлекеттік табиғи қаумал - мемлекеттік табиғи-қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық режимі немесе реттелмелі режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Өздерінің функционалдық мақсаты бойынша мемлекеттік табиғи қаумалдар мынадай түрлерге бөлінуі мүмкін:

1) кешендік - ерекше құнды табиғи кешендерді сақтау және қалпына келтіру үшін;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) биологиялық (ботаникалық, зоологиялық) - өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және қалпына келтіру үшін;

3) палеонтологиялық - жануарлардың, өсімдіктердің және олардың кешендерінің қазып алынатын қалдықтарын сақтау үшін;

4) гидрологиялық (батпақты, көлді, өзенді) - сулы-батпақты жерлердің құнды объектілері мен кешендерін сақтау үшін;

5) геоморфологиялық - сирек кездесетін және бірегей табиғи рельеф нысандарын сақтау үшін;

6) геологиялық және минералогиялық - сирек кездесетін геологиялық және минералогиялық түзілімдерді сақтау үшін;

7) топырақтық - топырақтың әдеттегі және сирек кездесетін түрлерін сақтау үшін;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) гидрогеологиялық - жерасты суларының бірегей көздерін сақтау үшін.

 

68-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдар құрудың ерекшеліктерi

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік табиғи қаумалдар жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан оларды алып қоймай-ақ, барлық санаттағы жер учаскелерінде құрылады.

Мемлекеттік табиғи қаумалдардың шекаралары меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша айқындалады және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.

Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мемлекеттік табиғи қаумал орналасқан жер учаскесін шектеулі түрде нысаналы пайдалану құқығын қамтамасыз етуге міндетті.

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік табиғи қаумал аумағындағы шаруашылық қызметін шектеу Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.

2. Мемлекеттік табиғи қаумалдар:

1) мерзімсіз - жұмыс істеу мерзімі көрсетілмей;

2) ұзақ мерзімді - 10 жылдан астам мерзімге;

3) қысқа мерзімді - 10 жылдан кем мерзімге құрылады.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік табиғи қаумалдар бекітіп берілетін табиғат қорғау мекемелері, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерi, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар осы Заңның 32-бабына сәйкес арнайы күзет қызметтерінің күшімен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау мен қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.

 

69-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдарды күзету режимi мен оларды пайдаланудың ерекшеліктерi

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттiк табиғи қаумалдарда мынадай қызметке:

1) кешенді мемлекеттік табиғи қаумалдарда - табиғи кешендерді сақтауға қатер төндіретін шаруашылық қызметке, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруге;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) зоологиялық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқалар жинауға;

3) ботаникалық мемлекеттік табиғи қаумалдарда - мал жаюға, шөп шабуға, ағаш кесудің барлық түрлеріне, гүлдер теруге, өсімдіктердің тамырларын, түйнектерін және жуашығын қазып алуға, от жағуға, көлік құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келіп кіруіне және жүруіне, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруге, сол сияқты өсімдіктердің бүлінуін және жойылуын туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттерге;

4) гидрогеологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда - тас, қиыршық тас, құм және басқа да пайдалы қазбалар өндіруге, үңгірлерді бүлдіруге, жер қазу жұмыстарын жүргізуге, табиғи гидрологиялық режимді өзгертетін әрекеттерге, мемлекеттік табиғи қаумалдың табиғи құрама бөліктерін бүлдіруге немесе қиратуға байланысты ізденістер мен ғылыми зерттеулерге тыйым салынады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Кешенді мемлекеттік табиғи қаумалдарда аң аулауға жəне балық аулауға биологиялық негіздеме негізінде мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтін, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың жол берілетін көлемі шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган рұқсат етеді.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды

1-2. Зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда белгіленген режимді сақтай отырып, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға (ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу, мал жаю) және бал ара шаруашылығына рұқсат етіледі.

2. Мемлекеттік табиғи қаумалдар режимінің ерекшеліктері паспортпен айқындалады.

3. Мемлекеттік табиғи қаумалдар ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар белгіленген шектеулерді сақтай отырып, мемлекеттік табиғи қаумалдарда шаруашылық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

 

 

15-тарау. Мемлекеттік қорық аймақтары

 

70-бап. Мемлекеттік қорық аймағының ұғымы, мақсаттары мен міндеттерi

Мемлекеттік қорық аймағы - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар үшін резервке қойылған жер учаскелері мен су айдындарында мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін және биологиялық саналуандықты сақтауға және қалпына келтіруге арналған теңдестірілген күзет режимінің түрлері бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

 

71-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарын құру тәртібi

1. Мемлекеттік қорық аймақтары жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан оларды алып қоймай-ақ, барлық санаттағы жер учаскелерінде жарияланады.

2. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мемлекеттік қорық аймағы орналасқан жер учаскесін шектеулі түрде нысаналы пайдалану құқығын қамтамасыз етуге міндетті.

 

72-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарын күзету мен пайдаланудың ерекшеліктерi

1. Егер кез келген қызмет күзетілетін ландшафтардың табиғи келбетін өзгертуі немесе экологиялық жүйелердің тұрақтылығын бұзуы мүмкін болған не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндірген жағдайда, мемлекеттік қорық аймақтарында мұндай қызметке тыйым салынады.

2. Мемлекеттік қорық аймақтарында учаскелер қорықтық және қаумалдық режимді, сондай-ақ шаруашылық қызметтің реттелмелі режимді учаскелері болып бөлінеді.

3. Мемлекеттік қорық аймақтары оларды күзету режимі түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін көзделген барлық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.

4. Мемлекеттік қорық аймақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік қорық аймақтары бекітіп берілетін табиғат қорғау мекемелері, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерi, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар осы Заңның 32-бабына сәйкес арнайы күзет қызметтерiнiң күшімен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін қорғау мен қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Мемлекеттік қорық аймақтарының аумақтарында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, уәкілетті органның келісімі бойынша геологиялық зерттеулерге, пайдалы қазбаларды барлауға рұқсат беріледі.

Пайдалы қазбаларды өндіруге Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органмен келісілген, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімінің негізінде айрықша жағдайларда жол беріледі.

 

73-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегi мемлекеттік қорық аймағы

1. Еділ (Қазақстан Республикасының шегінде) мен Жайық өзендерінің атыраптарын қоса Солтүстік Каспийдің шығыс бөлігінің су айдыны Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі балық қорын сақтау мен бекіре тұқымдас және балықтың басқа да бағалы түрлерінің мекендеуі мен табиғи молығуына оңтайлы жағдай жасауға арналған мемлекеттік қорық аймағына кіреді.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 6 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, балық шаруашылығын, су көлігін дамыту, мемлекеттік геологиялық зерттеу, көмірсутекті шикізатты барлау және өндіру үшін мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі.

 

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 73-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

73-1-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің түрлері

Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне мыналар жатқызылады:

1) мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелері;

2) сулы-батпақты алқаптар;

3) негізгі орнитологиялық аумақтар;

4) бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері;

5) ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелері;

6) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері;

7) өсімдіктер дүниесінің ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар бірегей дара объектілері.

 

 

16-тарау. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерi

 

74-бап. Мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелерi

1. Мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізілуі не ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мына санаттарына енуі мүмкін ерекше құнды орман алқаптары, орман жемісі екпелері, тоғайлы және субальпілік орман алқаптары жатады:

1) генетикалық орман резерваттарын қоса алғанда, ғылыми маңызы бар орман учаскелері;

2) жаңғақ кәсіпшілігі аймақтары;

3) субальпілік ормандар.

2. Мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелер учаскелерінде осы Заңға және Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес оларды күзету мен пайдаланудың қорықтық немесе қаумалдық режимі белгіленеді.

 

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

75-бап. Сулы-батпақты алқаптар

1. Өсімдіктер мен жануарлардың халықаралық және республикалық ресурс болып табылатын, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоса алғанда, өсімдік түрлерінің (кіші түрлерінің) немесе су маңындағы жануарлардың, ең алдымен қоныс аударатын суда жүзетін құстардың едәуір жиынтығының резерваттары қызметін атқаратын теңіз акваторияларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және жасанды су айдындары сулы-батпақты алқаптар болып табылады.

2. Сулы-батпақты алқаптар өз мәні бойынша халықаралық маңызы бар және республикалық маңызы бар болып бөлінеді. Олар қолданыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізілуі мүмкін не олардың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылуы мүмкін.

Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қалыптастырылады.

Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар мен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

3. Сулы-батпақты алқаптарда суда жүзетін құстар мекендейтін жерлерді күзетуді және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін қорықтық және (немесе) тапсырыстық режимдер не шаруашылық қызметтің реттеліп отыратын режимі белгіленеді.

4. Сулы-батпақты алқаптарда сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоса алғанда, жануарлар дүниесінің түрлерін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган оларды дамыту жоспарларын бекітеді.

 

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 75-1-баппен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 75-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

75-1-бап. Негізгі орнитологиялық аумақтар

1. Негізгі орнитологиялық аумақ деп қыстау немесе қоныс аудару кезінде дамылдау орындарында ұя салу, түлеу кезеңінде құстардың бір немесе бірнеше түрлерінің шоғырлану орны болып табылатын аумақ түсініледі.

Негізгі орнитологиялық аумақтарға маңызды ғылыми және танымдық мәні бар учаскелер жатқызылуы мүмкін. Негізгі орнитологиялық аумақтар ретінде табиғи мекендейтін жерлер мен жасанды жасалған объектілер: су қоймалары, тоғандар, ормансыз аудандардағы жасанды орман екпелері және құстардың түрлерінің үлкен саналуандығымен және санымен сипатталатын өзге де объектілер бола алады.

2. Қазақстанның негізгі орнитологиялық аумақтары республикалық және халықаралық негізгі орнитологиялық аумақтар желісінің бір бөлігі болып табылады. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның жәрдем көрсетуімен республикада елдің негізгі орнитологиялық аумақтарының каталогы басып шығарылады және ол кезең-кезеңмен нақтыланып тұрады, онда олардың кеңістікте орналасуы туралы деректер мен осы аумақтардың сипаттамасы қамтылады.

 

76-бап. Бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелерi

1. Бірегей табиғи су объектілеріне немесе олардың учаскелеріне теңіздер, өзендер, көлдер, мұздақтар және басқа да жер бетіндегі су объектілері немесе олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар бөліктері жатады.

2. Бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері олардың маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құрамына енгізіледі, сондай-ақ олардың шекарасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлері құрылуы мүмкін.

3. Бірегей табиғи су объектілерінде немесе олардың учаскелерінде осы Заңға және Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес олардың қорғалуын қамтамасыз ететін су пайдаланудың қорықтық, қаумалдық немесе реттелмелі режимдері белгіленеді.

 

77-бап. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерi

1. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелеріне мыналар жатады:

1) геологиялық объектілер - тіреуіш немесе айрықша тіліктер, айрықша тектоникалық құрылымдар, сирек кездесетін тау жыныстары мен минералдары, метеориттер, фауна мен флораның сақталып қалған қазба қалдықтары кездесетін табиғи және жасанды жалаңаштанған жерлер;

2) геоморфологиялық объектілер - рельефтің пайда болу процестерін айқын көрсететін және туризм мен рекреация үшін ерекше құндылық сипаты бар сатылы жерлер, су жайылмалары, үңгірлер, сай-салалар, шатқалдар, сарқырамалар және рельефтің басқа да нысандары;

3) гидрогеологиялық объектілер - бірегей және сирек қасиеттерімен ерекшеленетін жер астындағы сулар және олардың жер бетіне шығатын жолдары;

4) жартастағы суреттері, ертеде кен өндірілген жерлері және тарихи, археологиялық және этнографиялық маңызы бар жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да объектілері бар жер қойнауы учаскелері.

2. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің сақталуына қатер төндіретін кез келген қызметке тыйым салынады.

 

78-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерi

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және олар туыстас топтар бойынша қалыптастырылады.

1-1. 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекет өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар оларды қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Саны және тұрақты тіршілік ету жағдайлары табиғи еркіндік жағдайында олардың өсімдерін молайтуға және гендік қорын сақтауға төнетін қатерді болғызбайтын шекке дейін қалпына келтірілген өсімдіктер мен жануарлар түрлері өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесінен алып тасталуға жатады.

3. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою «Өсімдіктер дүниесі туралы» және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

 

79-бап. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерi

1. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілеріне ғылыми ынта туғызатын және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар бірегей қасиеттерімен (шығу тегінің тарихымен, тіршілік ұзақтығымен, діңінің, ұшарбасының пішімімен және көлемімен, гүлдерінің, жемістерінің және тұқымдарының мөлшерімен, басқа қасиеттерімен) сипатталатын ағаштардың, бұталардың және шөп тектес өсімдіктердің табиғи ортада немесе жасанды жағдайларда кездесетін дара даналары және (немесе) жекелеген топтары жатады.

2. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерін мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ретінде бөлу, жерге орналастыру, орман орналастыру, қала құрылысы жұмыстары кезінде жүргізіледі.

3. Мемлекет ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерін қорғауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері болып жарияланған ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

 

 

17-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты

экологиялық желінің элементтерi

 

80-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты экологиялық желінің элементтері ұғымы

1. Өздерінің экологиялық жүйелерінің жай-күйі және өздерінің орналасуы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты және ел аумағының табиғи және мәдени ландшафтардың орнықтылығын, биологиялық саналуандығын сақтауды қамтамасыз ететін кеңістік тұрғысынан алғанда өзара байланысып тұратын жер, су беті және олардың үстіндегі әуе кеңістігі учаскелерінің жиынтығын білдіретін табиғи кешендер экологиялық желінің элементтері болып табылады.

2. Экологиялық желінің элементтеріне сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жер учаскелері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетілетін аймақтары, экологиялық дәліздер, мемлекеттік орман қоры, су қорғау аймақтары, су объектілерінің алаптары және басқа да табиғи объектілердің қорғалатын учаскелері, соның ішінде аң аулау алқаптары жатады.

3. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы мемлекеттік орман қорының жер учаскелерін, су қорғау аймақтары мен су объектілерінің алаптарын, аң аулау алқаптарын, балық шаруашылығының су айдындарын белгілеу мен пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен реттеледі.

 

81-бап. Экологиялық дәліздер

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Экологиялық дәлiздер барлық санаттағы жер учаскелерінде оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн, биологиялық әртүрлілікті сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейтiн жануарлардың табиғи қоныс аудару және өсетiн өсiмдiктердiң таралу жолдарын қорғау мен жайластыру мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiнiң басқа да элементтерi арасындағы кеңiстiкті байланысты қамтамасыз ету үшiн құрылады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Экологиялық дәліздер учаскелерінде жабайы жануарлардың уақытша мекендейтін жерлерінде олардың сақталуын, қоныс аудару кезеңдерінде олардың жүріп өтетін жолдарының сақталуын, жабайы өсімдіктер өсетін жерлердің сақталуын қамтамасыз ететін осы жерлерді пайдаланудың реттелмелі режимі белгіленеді.

Экологиялық дәліздер режимінің ерекшеліктері ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында айқындалады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Экологиялық дәліз құру туралы шешімді жаратылыстану-ғылыми негіздеме негізінде уәкілетті органның ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.

Экологиялық дәліздердің шекаралары табиғи географиялық шептер бойынша белгіленеді және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.

Экологиялық дәліздерді қорғау мен басқаруды табиғат қорғау мекемелері және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Экологиялық дәліздерді табиғат қорғау мекемелеріне және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға бекітіп беру уәкілетті органның шешімімен жүргізіледі.

4. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақтық дамудың өңіраралық схемалары, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары мен экологиялық дәліздер аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасы уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

 

 

18-тарау. Қорытынды ережелер

 

82-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзушылықтан келтірілген залалды өтеу

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалар келтірілген шығындарды ескере отырып, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіруге жұмсалған шығындар мөлшерінде табиғат қорғау ұйымдарына толық көлемде өтеуге міндетті.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

83-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

84-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 84-1-баппен толықтырылды

84-1-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау

1. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады.

2-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2. Ауылдық жерлерде табиғат қорғау функцияларын жүзеге асыратын табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді.

3. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарына жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 84-2-баппен толықтырылды

84-2-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің ережелері осы бап қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған не берілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған келісімшарт немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде табылған кен орнында ғана пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру мақсаттары үшін қолданылады.

2. Осы Заңның 48-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тыйым салу пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін осы бап қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және берілген келісімшарттар мен лицензияларға қолданылмайды.

 

85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi

1. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 32-бабын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 жыл, № 17-18, 215-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.

№ 175-III ҚРЗ