Iшкi су көлiгi туралы

2004 жылғы 6 шілдедегі № 574-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

4-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi

5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту

5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ішкі су көлігін беру міндеті

2-тарау. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау және қадағалау

6-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгi мiндеттерi

7-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау

7-1-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi

9-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi

9-1-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

10-бап. Алып тасталды

3-тарау. Iшкі су жолдары

11-бап. Жалпы ережелер

12-бап. Iшкi су жолдарын күтiп ұстау

13-бап. Iшкi су жолдарындағы акваторияларды, жағалау белдеулерін және жер учаскелерiн пайдалану

14-бап. Iшкi су жолдарында құрылыстар салу және оларды пайдалану

4-тарау. Кеме қатынасының қауіпсіздігі

15-бап. Жалпы ережелер

15-1-бап. Ішкі су көлігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау

15-2-бап. Алып тасталды

15-3-бап. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту) кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

15-4-бап. Iшкi су көлiгi жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды пайдалану кезіндегі қауiпсiздiк талаптары

16-бап. Кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

17-бап. Ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалау

17-1-бап. Аумақтық бөлімшелердің кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеруді жүргізуі

17-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

18-бап. Алып тасталды

19-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалау

20-бап. Кеменi лоцмандық алып өту

21-бап. Кемелер қозғалысын шектеу немесе оған тыйым салу

5-тарау. Кеме

22-бап. Кеменi бірдейлендiру құралдары

23-бап. Кеме құжаттары

24-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы

6-тарау. Кемеге меншік құқығы. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Кеме кепілі. Кеме ипотекасы

25-бап. Кемеге меншiк құқығы

26-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу

27-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң негiздерi

28-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi

29-бап. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару

30-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылық

31-бап. Кемеге тыйым салу және оны мәжбүрлеп сату

32-бап. Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы

32-1-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу

32-2-бап. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу

7-тарау. Кеме экипажы

33-бап. Кеме экипажының құрамы

34-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар

35-бап. Кеме капитаны

36-бап. Кеме капитанының құқықтары мен мiндеттерi

37-бап. Кемедегi еңбек қатынастары

38-бап. Кеме экипажы мүшесiнiң ол жұмысқа қабылданған жерге қайта оралуы

8-тарау. Кемені жалға алу

39-бап. Жалпы ережелер

40-бап. Кеменi экипажымен жалға беру кезіндегі жалға берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

41-бап. Кеменi экипажымен жалға алу және кеменi коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру кезіндегі жалға алушының құқықтары мен мiндеттерi

42-бап. Кеменi экипажсыз жалға беру кезіндегі жалға берушiнiң және жалға алушының құқықтары мен мiндеттерi

43-бап. Кеменi жалға алғаны үшiн есеп айырысу

9-тарау. Порттар

44-бап. Порттың құқықтық мәртебесi, оның аумағы мен акваториясы

45-бап. Алып тасталды

46-бап. Порттарды пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар

47-бап. Кемелердiң портқа кіру және порттан шығу тәртібі

48-бап. Портта көрсетiлетiн қызметтер

10-тарау. Жолаушыларды, багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау

49-бап. Жолаушыны және багажды тасымалдау шарты

50-бап. Жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібі және түрлерi

51-бап. Тасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi

51-1-бап. Әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды ұйымдастыру

51-2-бап. Ішкі су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі

52-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi

53-бап. Жолаушы тасымалдау шартының тасымалдаушы бастамасымен тоқтатылуы немесе өзгертiлуi

54-бап. Талап етiлмеген багаж

55-бап. Пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау

11-тарау. Жүктерді тасымалдау

56-бап. Жалпы ережелер

56-1-бап. Жүктерді аралас тасымалдау

57-бап. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт

58-бап. Жүк тасымалдау шарты

59-бап. Қауiптi жүктердi тасымалдау

60-бап. Жүктi жеткiзу мүмкiндiгi болмауының салдары

61-бап. Жүктердi сату тәртібі

62-бап. Көлiк экспедициясы шарты

12-тарау. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тiркеп сүйреу

63-бап. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тiркеп сүйреу шарты

64-бап. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тiркеп сүйреу кезіндегі жауапкершiлiк

13-тарау. Жалпы авария. Кемелердi және басқа да мүлiктердi құтқару

65-бап. Жалпы авария, кемелердi және басқа да мүлiктердi құтқару кезiнде туындайтын қатынастарды реттеу

66-бап. Мүлiктiң контрибуциялық құны

67-бап. Диспаша және диспашерлер

68-бап. Дәлелдеу ауыртпалығы

69-бап. Кемелер керуенi

70-бап. Паналау орны

71-бап. Машиналардың зақымдануынан, әдейi қайраңға отырғызудан, суға батып кеткен кеменi көтеруден және кемедегi өрттен туындаған жалпы авария

72-бап. Тасымалдау ақысының ысырабынан келтiрiлген залалдар

73-бап. Жалпы аварияны бөлу тәртібімен өтелетiн залалдарға есептелетiн проценттер

74-бап. Жүктi бір кемеден iшiнара түсiру және оны басқа кемеге тиеу

75-бап. Жанама залалдарды қоспау

14-тарау. Суға батқан мүлік

76-бап. Суға батқан мүлiк

77-бап. Меншiк иесiнiң суға батқан мүлiктi көтеру мiндетi

78-бап. Суға батқан мүлiктi оның меншiк иесiнiң көтеруi

79-бап. Уәкiлеттi орган кәсiпорындарының суға батқан мүлiктi көтеруi, аластауы немесе жоюы

80-бап. Уәкiлеттi орган кәсiпорнының өзiне келтiрiлген шығыстарды толық өтеттiру құқығы

81-бап. Кездейсоқ көтерiлген суға батқан мүлiк

15-тарау. Тасымалдаулардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауаптылық

82-бап. Тасымалдау жөніндегі мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық

83-бап. Тұрақсыздық айыбы

84-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi

85-бап. Жолаушыны және багажды жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

86-бап. Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және оларды билетсiз тасымалдағаны, қол жүгi мен багажды ақысыз тасымалдағаны үшiн жауаптылық

87-бап. Жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi

88-бап. Жүк тасымалдау немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiлердiң кемелерiн тiркеп сүйрету жоспары бойынша тапсырысты орындамағаны үшiн жауапкершiлiк

89-бап. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының жауапкершiлiгi

90-бап. Тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тiркеп сүйретушiнiң жауапкершiлiгi

91-бап. Жүктi немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылық

92-бап. Алып тасталды

93-бап. Жауапкершiлiктен босату

16-тарау. Iшкі су көлігіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде келтірілген зиянды өтеу

94-бап. Iшкi су жолдары мен порттарда кеме қатынасы мен өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық

95-бап. Кемелер соқтығысуының салдарынан келтiрiлген

96-бап. Кемелер соқтығысуының салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктен босатудың негiздерi

17-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою және талап қою мерзімі

97-бап. Актiлер

98-бап. Кiнә қою және талап қою құқығы

99-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртібі

100-бап. Кiнә қоюларды қарау мерзiмi

101-бап. Талап қою мерзiмдерi

18-тарау. Қорытынды ережелер

102-бап. Дауларды қарау

103-бап. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

 

 

 

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне», «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерін», «кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне», «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерімен», «кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерінде», «Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерін» деген сөздер тиісінше «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен кірспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) айлақ - кемелердің қауіпсіз кіруіне арналған құрылғылары бар және кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, оларға жүк тиеуге, жүк түсіруге және қызмет көрсетуге, сондай-ақ жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсіруге арналған гидротехникалық құрылыс;

2) арқандап байлау - кеменің айлаққа, пирске немесе басқа кемеге жақындап келуі және кемені осыларға бекіту жөніндегі іс-қимылдар;

2-1) әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар - халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағатандыратын және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдау;

3) дебаркадер - жолаушылар кемелерін немесе жүк кемелерін арқандап байлауға және оларға қызмет көрсетуге арналған жүзбелі айлақ;

4) диспаша - тасымалдауға қатысатын тараптар арасында жалпы авария бойынша бөлінетін шығындарының есебі;

5) диспашерлер - ішкі су көлігі саласында білімі мен тәжірибесі бар, диспашаны айқындау жөніндегі есепті жасайтын адамдар;

6) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған, жағалау сызығынан бастап ені жиырма метрге тең, су объектiлері жағалауы бойындағы құрлық белдеуі;

6-1) жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмi - осы Заңның 24-бабының 11-тармағында және 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік кемелер тіркелетін құжат;

7) жол жұмыстары - iшкi су жолдарындағы су түбiн тереңдету, түзеп-жөндеу, тральдау, су түбiн тазарту, iздестiру жұмыстары және навигациялық құрал-жабдықтарды орналастыру мен күтiп ұстау жөніндегі басқа да жұмыстар;

8) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұрған және билетте немесе оның жол жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген не жүк тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының келісімiмен автокөлiк құралын, жануарларды және өзге де жүктi алып жүруге оның құқығы расталған адам;

8-1) жолаушы куәлiгі - кемедегі жолаушылардың рұқсат етілген ең көп саны туралы мәлiметтерді қамтитын кеме құжаты;

8-2) жолаушылар кемесі - он екiден артық жолаушыны тасымалдауға арналған кеме;

9) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік - Кеме қатынасы тіркелімінің ережелеріне сәйкес берілетін Кеме қатынасы тіркелімінің негізгі құжаттарының бірі;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) кеме - шағын көлемді кеме болып табылмайтын ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетін немесе өздігінен жүзбейтін жүзбелі құрылғы, оның ішінде «өзен-теңізде» жүзетін кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбін тереңдетуші және су түбін тазартушы снарядтар, жүзбелі кран және осы сияқты басқа да техникалық құрылғылар);

11) кеме жолы - белгілі бір көлемдегі кемелердің кедергісіз жүзуіне жол берілетін шектерде жолдың бағыты мен шекараларын көрсететін навигациялық жағдайдың белгілері қойылған ішкі су жолдарындағы су беті;

12) кеме жүргізу - ішкі су жолдарымен жүзуді жүзеге асыратын кемені басқаруға байланысты қызмет;

13) кеме иесі - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемені өз атынан иелену және пайдалану құқығымен пайдаланатын тұлға;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13-1) кеме ипотекасы - мемлекеттiк тiркеуге жататын ішкі суда жүзетiн кеменiң, шағын көлемдi кеменің, «өзен-теңiзде» жүзетiн кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;

14) кеме кiтабы - шағын көлемді кемелер және оларға құқықтар тiркелетiн құжат;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) кеме қатынасы - шағын көлемді кемелерді пайдалана отырып атқарылатын қызметті қоспағанда, жүктерді, жолаушылар мен олардың багажын, почта жөнелтілімдерін тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, балық аулауды және өзге де кәсіпшіліктерді, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық алып өтуді, құтқару операцияларын жүргізу, су объектілерін қорғау, оларды ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, суға батқан мүлікті көтеру, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кемелерді пайдалануға байланысты қызмет;

16) кеме қатынасы шлюзi - кемелердi судың бір деңгейiнен екiншi деңгейiне көтеруге немесе түсiруге арналған гидротехникалық құрылыс;

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17) Кеме қатынасы тiркелiмi - кемелердi, палубалы шағын көлемді кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

18) кемелерді лоцмандық алып өту - кемелердің ішкі су жолдарының аса күрделі учаскелері бойынша қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін қызмет;

19) кеменің меншік иесі - Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға;

20) киль - кеменің негізгі ұзына бойы созылған элемент, ол кеменің түбін бойлай оның тұмсығынан артқы жағына дейін тартылып, оны екі симметриялы бөлікке бөледі;

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21) көлiк жүкқұжаты - тiкелей су қатынастарында жүк тасымалдау кезiнде ресiмделетiн тасымалдау құжаты;

22) куәландыру - кеменің арналуы мен жіктелімінің расталуын есепке ала отырып, оның жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, техникалық регламенттерде және Кеме қатынасы тіркелімінің ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес кеменің техникалық жай-күйін анықтау мақсатында кемені қарап шығу;

23) Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары (бұдан әрі - ішкі су жолдары) - кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары;

24) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі (бұдан әрі - ішкі су көлігі) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және ішкі су жолдарында кеме қатынасы мен кеме қатынасына байланысты өзге де қызметті жүзеге асыратын көлік түрі;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25) тармақша жаңа редакцияда

25) қарап тексеру - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің объектiнi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан уәкiлеттi органның тексеруi;

26) қауіпті жүк - өзінің қасиеттері мен ерекшеліктеріне қарай тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде жарылыстың болуына, өрттің шығуына немесе техникалық құралдардың, құрылғылардың, үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өліміне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына себеп болуы, қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін жүк;

27) лоцман - кемені арқандап байлау, зәкірге қою және оларды портта қайта орналастыру орнына қауіпсіз алып жүру саласындағы белгілі бір білімі мен дағдысы бар маман;

28) Мемлекеттік кеме тізілімі - осы Заңның 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес кемелер мен оларға құқықтар тіркелетін құжат;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 29) тармақша өзгертілді; 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29) мемлекеттiк көлiктiк бақылау және қадағалау (бұдан әрi - көлiктiк бақылау және қадағалау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргізетiн iс-шаралар жиынтығы;

30) навигация - кеме қатынасын жасау мүмкін болатын уақыт кезеңі;

31) «өзен-теңіз» суларында жүзетін кеме - техникалық сипаттамалары бойынша теңіз және ішкі су жолдарында кеме қатынасы мақсатында жарамды әрі белгіленген тәртіппен пайдалануға жіберілген кеме;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды

31-1) палубалы шағын көлемді кеме - бортқа, арақабырға мен тіреуіш бағандарға сүйенетін кеме корпусында тұмсығынан артқы бөлігіне дейін төсемнен және жинақтан тұратын, су өткізбейтін көлденең жабыны бар шағын көлемді кеме;

32) порт - жолаушылар мен кемелерге қызмет көрсету, жүктерді тиеу, түсіру, қабылдау, сақтау және беру, көліктің басқа да түрлерімен өзара іс-қимыл жасасу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесінде және ішкі су жолдары акваториясында орналасқан құрылыстар кешені;

33) порт акваториясы - кемелер мен құрамдар жүгінің өңделуін немесе рейске жөнелтуді күтіп тұратын, сондай-ақ қажетті операциялар орындалатын айлаққа және рейдтер құрылғысына кемелердің келуі мен онда тұруы үшін қызмет ететін су бетінің шектеулі учаскесі;

34) рейдтер - кемелердің зәкір салып тұруына, маневр жасауына немесе жүктерді қайта тиеуге арналған кеме жолы шегінен тыс порт акваториясының бөлігі;

35) рейс - белгілі бір уақыт аралығында географиялық пункттер немесе аудандар арасында жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдаудың көліктік процесі;

35-1) судың жобалық деңгейі - кеме қатынасы қарқындылығының белгісі бойынша су жолдары тобына қарай көпжылдық қамтамасыз етудің белгіленген шамасы бар төменгі навигация деңгейлерінің бірі, оның негізінде кеме қатынасы өзендерінде кепілдік берілген кеме жүрісі габариттері белгіленеді;

36) такелаж - жүк көтеру жұмыстарына, тулар мен белгілерді көтеруге және түсіруге арналған кеме жабдықтарының жиынтығы;

37) тасымалдаушы - кемені меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздермен иеленуші, жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға;

38) тез бүлінетін жүк - жарамдылық мерзімі шектеулі және тасымалдау мен сақтаудың ерекше шарттарын қажет ететін жүк;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

39) тексеру - кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекеті;

40) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

41) техникалық байқау - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы және iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын кезең-кезеңмен тексерудi қамтитын, кемелердiң, палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған сыныптау қызметiнiң құрамдас бөлiгi;

42) тұру пункті - кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін жөндеу, олардың жылдың жазғы және қысқы мезгілінде тұруы, оларды техникалық байқаудан өткізу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесі мен су беті объектісінің акваториясы;

42-1) тіркеу нөмірі - кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде оған берілетін нөмірі;

43) уәкiлеттi орган - iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

44) уәкілетті органның кәсіпорны - қызмет көрсететін шекаралар шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын және кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) тиісінше күтіп ұстау мен дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру негізгі міндеті болып табылатын ішкі су көлігінің мемлекеттік кәсіпорны;

45) шағын көлемді кеме - балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерді қоспағанда, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға болатын адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң:

1) кемелерде;

2) iшкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық құрылыстарда;

3) iшкi су жолдарында орналасқан порттарда;

4) iшкi су жолдарында және iшкi су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдаланылатын шағын көлемді кемелерде қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Әскери-теңiз күштерiнiң және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң туын көтеріп жүзушi корабльдерге, катерлерге және басқа да кемелерге қолданылмайды.

3. Теңiз портына кiрген жағдайларда, құтқару операциясы кезiнде және теңiз кемесiмен iшкi суларда жүзетiн кемелердiң, сондай-ақ «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердің соқтығысуы кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңнамасымен реттеледi.

4-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi

Iшкi су көлiгi саласындағы қызмет мынадай негiзгi принциптер:

1) кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң басымдығы, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, табиғатты және экологиялық қауiпсiздiктi қорғау;

2) iшкi су көлiгiнде жұмыстар атқару мен қызметтер көрсету кезiнде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгі;

3) қызметтер көрсетудi тұтынушының тасымалдаушыны еркiн таңдауын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстар атқару мен қызметтер көрсету бағаларының еркiндiгiн қамтамасыз ету негiзiнде жүзеге асырылады.

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту

1. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс, авариялық-құтқару жұмыстары және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығыстарды кейіннен тең құнымен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.

 

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды

5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ішкі су көлігін беру міндеті

Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін ішкі су көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.

Осы бапта көзделген жағдайларда кеме иесіне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.

 

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тарау өзгертілді  (бұр.ред.қара)

2-тарау. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау және қадағалау

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгi мiндеттерi

Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгi мiндеттерi:

1) республика экономикасының және халықтың тасымалдауларға, iшкi су көлiгіндегі жұмыстардың атқарылуы мен қызметтердiң көрсетiлуiне қажетiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) ішкі су көлігінің және оның өмірлік циклі процестерінің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерiн қорғау;

3) iшкi су көлiгіндегі тасымалдаулардың iшкi рыногын қорғау;

4) iшкi су көлiгi мен iшкi су жолдарының инфрақұрылымын одан әрi дамыту;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) iшкi су көлiгi саласындағы қызметке және кеме қатынасы қауiпсiздiгiне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау

2006.31.01. № 125-III  (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III  (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ  өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау құқықтық қамтамасыз ету, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Iшкi су көлiгіндегі мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Тексеру жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объек тісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.

Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіп керлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылауды іске асыру барысында уəкілетті органның аумақтық бөлімшелері осы Заңға сəйкес жедел ден қою шараларын қолдануы мүмкін.

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі

1. Егер бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына тікелей қатер төндірсе, уəкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлері жедел ден қою шараларын қолданады.

2. Бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) қарап-тексеруді (тексеруді), бақылау жəне қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оларды жүргізу нəтижелері бойынша қолданылатын əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы бапта көзделген.

3. Жедел ден қою шараларына кемені (оның ішінде шағын көлемді кемені) пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына төнген қатер болған кезде кемелердің (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың жəне өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын (пайдаланылуын) тоқтата тұру жəне оған тыйым салу жатады.

4. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына жəне (немесе) осы Заңның 17-1-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.

5. Уəкілетті органның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.

Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделіп, бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.

6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілен кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі жəне қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.

Қадағалау актісі бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен жіберіледі.

7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.

8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нəтижелері туралы актіде жəне (немесе) кемені (шағын көлемді кемені) қарап-тексеру актісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.

9. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.

10. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне (немесе) кемені (шағын көлемді кемені) қарап-тексеру нəтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) жүргізіледі.

Қадағалау актісінің қолданысы уəкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.

11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру (қарап-текеру) нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.

12. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау жəне қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) жүргізіледі.

13. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.

Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.

Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға жəне оның күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:

1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;

2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;

3) уəкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.

15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайлы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.

 

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне:

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзірлеу жатады.

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) - 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) - 12) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) - 28-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

29) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді

9-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi

1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешімдер қабылдау;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

1-3) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды және жүкті әкелуге, әкетуге, олардың транзитіне тыйым салу туралы шешімдер қабылдау;

2) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын және қадағалауды ұйымдастыру;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) тексеру парағына енгізілген талаптар арасынан бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындау жатады.

Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;

3) iшкi су жолдарының кеме қатынай алатын жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздердi күтiп ұстау;

4) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;

5) Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнің, Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнің және кеме кітабының нысандарын бекіту;

6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;

7) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) лоцмандық қызмет туралы ереженi бекіту;

9) мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жататын iшкi су жолдары учаскелерiнiң, кемелер түрлерi мен көлемдерiнiң тiзбесiн бекіту;

10) Ішкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi сыныптау қағидасын бекіту;

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) кемелердiң техникалық куәландырылуын жүргiзудi қамтамасыз ету;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізу;

12) Пайдаланылатын кемелердi куәландыру қағидасын бекіту;

13) Кемелердi жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту;

14) Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту;

15) Кемелерді жөндеу қағидасын бекіту;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, сондай-ақ оны киiп жүру тәртібін бекіту;

17) Аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;

18) Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;

19) Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту;

20) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21) Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту;

22) Ішкi суда жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;

23) өз құзыретi шегiнде iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;

24) iшкi су көлiгi саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;

25) суға кеткен мүлiктi көтеру тәртібі мен мерзiмдерiн айқындау;

26) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-1) кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған дипломның нысанын бекіту;

26-2) Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту;

26-3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оны жасау тәртібін бекіту;

26-4) кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептілікті жасау;

26-5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды бекіту;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 26-6) - 26-29) тармақшалармен толықтырылды

26-6) ішкi су жолдарын пайдалану қағидаларын бекiту;

26-7) кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту;

26-8) порттың мiндеттi көрсететін қызметтерінің тiзбесiн бекiту;

26-9) жағалау белдеуiн пайдалану тәртiбiн айқындау;

26-10) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 26-11) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту;

26-12) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тізбесін бекiту;

26-13) қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларын бекiту;

26-14) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;

26-15) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;

26-16) кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларын бекіту;

26-17) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін айқындау;

26-18) ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту;

26-19) ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту;

26-20) ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;

26-21) кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту;

26-22) шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту;

26-23) ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту;

26-24) кемелердегі қызмет жарғысын бекіту;

26-25) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидаларын бекіту;

26-26) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту;

26-27) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 26-28) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26-28) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

26-29) Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту;

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 26-30) тармақшамен толықтырылды

26-30) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін бекіту;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 26-31) тармақшамен толықтырылды

26-31) мемлекеттік техникалық флот кемелерінің жанар-жағармай материалдарын жұмсау (заттай мәндегі) нормаларын бекіту;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 26-32) тармақшамен толықтырылды

26-32) суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесін бекіту;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 26-33) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

26-33) уәкілетті органның кәсіпорны орындайтын жұмыстар мен көрсететін қызметтердің көлемдері мен құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi - аумақтық бөлiмше) құзыретіне:

1) кемелердi, салдарды және iшкi су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектiлері мен құрылыстарын, олардың қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап тексерудi жүргiзу;

2) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізу;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтiн кемелердi (оның ішінде шағын көлемді кемелерді), салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстау;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қатер төнген кезде кемелердiң (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және өзге де жүзу объектілерінiң қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;

5) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

6) ішкі су жолдарының жай-күйін қадағалау;

7) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) iшкi су жолдарында кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыру;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) жеке және заңды тұлғалардың iшкi су жолдарымен жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;

10) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1) кемелердің командалық құрамының адамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру жəне оларды аттестаттау қағидаларына сəйкес жүргізілетін аттестаттау;

12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығару;

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) көлік оқиғасы туралы уәкілетті органды құлақтандыру, кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексерулерді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу үшін қажетті ақпаратты және дәлелдемелерді жинау;

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы

Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды

9-1-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне:

1) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;

2) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру жатады.

 

10-бап. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

3-тарау. Iшкі су жолдары

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

11-бап. Жалпы ережелер

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Iшкi су жолдары және оларда орналасқан кеме қатынасы және шлюздер үшiн пайдаланылатын кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстары мемлекет меншiгiнде болады және иеліктен шығаруға жатпайды.

Кеме қатынасы жолдарына кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдары жатады. Кеме қатынасы су жолдарының тізбесі Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес белгіленеді.

2. Қазақстан Республикасының шекаралық аймақ учаскелерiн қоспағанда, кемелердiң iшкi су жолдарымен жүзу жағдайын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

3. Кемелердiң Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы учаскелеріндегі iшкi су жолдарымен жүзу жағдайын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттеледi.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді

12-бап. Iшкi су жолдарын күтiп ұстау

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесін қоспағанда, су жолы жұмыстарын, оның iшiнде мемлекет меншiгіндегі порттарда рейдтер және осы порттардың айлақтарына кiреберiстердi жасау мен күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ кеме қатынасының гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді) күтiп ұстау мен тасымалдаушының технологиялық байланысты ұйымдастыруын уәкiлеттi органның кәсiпорындары жүзеге асырады.

2. Порттарға (осы баптың 1-тармағында көрсетiлмегендерiне) кiреберiстердегi, сондай-ақ тоқтау пункттеріндегі жол жұмыстарын жүргiзудi олардың иелерi жүзеге асыруға мiндеттi.

2-1. Астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етуді астана әкімдігі жүзеге асырады.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Iшкi су жолдарын және олардағы кеме қатынасы гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді) күтiп ұстау жөніндегі жұмыстар жол жұмыстарын жүргiзуге арнайы рұқсатсыз жүзеге асырылады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді

13-бап. Iшкi су жолдарындағы акваторияларды, жағалау белдеулерін және жер учаскелерiн пайдалану

1. Қалалық елдi мекендер аумағынан тысқары орналасқан iшкi су жолдары шегiнде iшкi су жолдарының кеме қатынасына жарамды болуын қамтамасыз етумен байланысты жұмыстар үшiн тұрақты жер пайдалануға өтеусiз негiзде жағалау белдеуi берiледi.

2. Уәкiлеттi органның кәсiпорны:

1) кеме қатынасын қамтамасыз ету және осы мақсаттарда құрылыстар мен ғимараттар тұрғызу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу үшiн жағалау белдеуiн пайдалануға;

2) iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне навигациялық жабдықтар құралдарын орнатуға;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кеме қатынасының қауiпсiздiгiн, оның iшiнде навигациялық жабдықтар құралдарының көрiнiп тұруын қамтамасыз ету, навигациялық жабдықтардың жағалау құралдарын орнату жəне олардың көрiнiп тұруын қамтамасыз ету үшiн ағаштарды кесу жұмыстарын жүргiзу үшiн, сондай-ақ өзен арналары учаскелерiн суретке түсiру кезiнде геодезиялық негiздеме үшiн жағалау белдеуiнде жəне оның шегiнен тысқары жерлерде өскен ағаштар мен бұталарды кесiп тастауға;

4) осы тармақта көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу үшiн жағалау белдеуiнiң шегіндегі топырақты, тасты, қиыршық тастарды, ағаштар мен бұталарды пайдалануға құқылы.

3. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн уақытша жұмыстар жүргiзу үшiн пайдаланушы тұлғалар олар аяқталғаннан кейiн жағалау белдеуiн тазалауға және оны жайластыруға мiндеттi.

5. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне, навигациялық шырақтарды қоспағанда, кеме жолына қарай бағытталған қандай да бір тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салынады.

Уақытша шырақтарды орнату мұндай шырақтар кеме жүретiн жол жағынан қоршалған жағдайда жүзеге асырылады.

6. Егер шаруашылық және өзге де қызметтiң кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысы болмаса, мұндай қызметтi жүзеге асыру үшiн жағалау белдеуiн пайдалануға жол берiлмейдi.

7. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Уәкілетті органның кәсіпорындары кемелерінің тоқтап тұруына, оларды жөндеуге, жасауға арналған жағалау белдеуi мен су акваториясына iргелес учаске уәкiлеттi орган кәсiпорнының пайдалануында болады.

11. Қазақстан Республикасы шекаралық аймақтары учаскелеріндегі iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң келісімi бойынша жүзеге асырылады.

12. Iшкi су жолдары шегіндегі акваторияда және жағалау белдеуiнде iшкi су жолдары мен жағалау белдеуiнiң жай-күйiне терiс әсерiн тигiзетiн және (немесе) оларды пайдалануға қиындық туғызатын қадағалаусыз кемелердi, құрылғылар мен құрылыстарды қалдырып кетуге тыйым салынады.

14-бап. Iшкi су жолдарында құрылыстар салу және оларды пайдалану

1. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Iшкi су жолдарындағы құрылыстардың (оның iшiнде салынып жатқан құрылыстардың) иелерi өз есебiнен навигациялық жабдықтар құралдарын, оның iшiнде жүзу жабдықтары мен өзге де жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында олардың ішкі су көлігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Iшкi су жолдарында пайдаланылатын, сондай-ақ салынып жатқан көпiрлердiң және басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi:

1) кемелердiң, салдардың және басқа да жүзу объектілерінiң кедергiсiз әрi қауiпсiз өткiзiлуiн қамтамасыз етуге;

2) өз есебiнен олардың кiреберiстерiнде қажеттi су түбiн тереңдету және су түбiн тазалау жұмыстарын жүргiзуге;

3) кемелердiң қауiпсiз жүрiп өтуi үшiн қажеттi құрылыстар мен құрылғыларды дайындауға, орнатуға және күтiп ұстауға;

4) көтерме көпiрлер қанаттарын ашуға әрi көтеруге мiндеттi.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Гидроэлектрстанциялардың және iшкi су жолдарындағы су деңгейiн реттеушi су қысымымен жұмыс iстейтiн басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi мұндай құрылыстардан жоғары және төмен учаскелерде кiдiрiссiз және қауiпсiз кеме қатынасы үшiн қажеттi су деңгейiн ұстап тұруға мiндеттi.

5. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын және бірнеше мемлекеттің аумағынан өтетiн өзендердегi кепiлдiк берiлетiн тереңдiк Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгiленедi.

 

 

4-тарау. Кеме қатынасының қауіпсіздігі

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

15-бап. Жалпы ережелер

1. Кеменi кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес жүзуге дайындау кеменiң меншiк иесiнiң және (немесе) кеме иесiнiң мiндетi болып табылады.

Кеме, егер ол:

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ішкі су көлігі саласындағы қауіпсіздікті, оның iшiнде экологиялық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болған;

2) кеме экипажының саны ол жүзуге шығатын күнгi кеме экипажының ең аз құрамы туралы белгiленген талаптардан кем болмаған жағдайларда жүзуге жiберiледi.

2. Кеменiң меншiк иесi және (немесе) кеме иесi:

1) кемелердiң қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

2) кемелердi қауiпсiз пайдалануға жауапты адамды тағайындауға;

3) кеме қатынасы қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес кеме экипажы мүшелерiнiң, басқа да қызметкерлердiң дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отыруға;

4) кеме экипажын жасақтауды қамтамасыз етуге және кеменi осы Заңда белгiленген кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес техникалық жарамды күйде ұстап тұруға мiндеттi.

3. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн:

2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) су жолдарын кеме қатынасы жағдайында және шлюздерді күтіп ұстауды қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырмаға сәйкес ішкi су жолдарын және кеме қатынасы гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді) күтіп ұстауды жүзеге асыруға міндетті.

Судың деңгейі жобалық деңгейден төмендеген және уәкiлеттi орган өзеннің сағасының отыруына әкеп соғатын түбін тереңдету жұмыстарын одан әрі жүргізудің орынсыздығын айқындаған кезде уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме жүрісінің кепілдік берілген габариттерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттен босатылады;

2) кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектілерін шлюз және каналдар арқылы өткiзудi жүзеге асыруға мiндеттi, бұл ретте мұндай iс-шаралар тасымалдаушының есебiнен жүзеге асырылады.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Уәкілетті орган кәсіпорындарының кемелерін қоспағанда, тиесілілігіне және қай ұлтқа жататындығына қарамастан, кемелердің навигациялық жағдай құралдарымен жабдықталмаған (навигация ашылғанға дейін және жабылғаннан кейін) кеме қатынасы су жолдарымен жүзуіне тыйым салынады.

Кемелердің навигациялық кезеңнің аяқталуына байланысты навигациялық жағдай құралдары алып тасталған ішкі су жолдарының жекелеген учаскелері бойымен тұру орнына дейін бір жолғы жүзіп өтуіне аумақтық бөлімшемен және уәкілетті органның кәсіпорнымен келісу бойынша жол беріледі.

5. Iшкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардың иелерi тиiстi шаралар қолдану үшiн кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы аумақтық бөлiмшелердi дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.

5-1. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердің) иелері Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын сақтауға міндетті.

Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердің) қауіпсіздік критерийлері Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалады.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды

5-2. Кеме қатынасы шлюздерінде шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және шлюздерде төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының болуы міндетті.

Материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының тізбесін, әрбір кеме қатынасы шлюзі үшін оларды пайдалану және сақтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

6. Аумақтық бөлiмшелер кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзушi теңiз кемесiне немесе шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi кемеге iшкi су жолдарына кiрген кезде iшкi су жолдарымен жүзетiн кемелермен бірдей негiздерде тексеру жүргiзуге құқылы.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Кеме жасау өнімдерін шығару және кемелерді жөндеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда Кеме қатынасы тіркелімі беретін сәйкестік құжаты болуға тиіс.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 15-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-1-бап. Ішкі су көлігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау

1. Ішкі су көлігі саласындағы қызметті іске асыратын жеке және заңды тұлғалар адам өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жол жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды, сондай-ақ кеме қатынасы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

2. Кеме қатынасының қауіпсіздігі адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, ішкі су көлігі саласында авариясыз жұмыс жағдайларын жасауға, ішкі су жолдарын кеме қатынасы жағдайында, кемелерді, порттарды, жағалау объектілерін және ішкі су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жағынан жарамды жағдайда ұстауға, сонымен қатар кемелердегі авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.

Мыналар:

1) ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігінің кемелері, порттар, жағалаудағы объектілер және құрылыстар;

2) ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, ішкі су жолдарында жағалау объектілері мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту);

3) ішкі су көлігі кемелерін, порттарды, ішкі су жолдарында жағалау объектілері мен құрылыстарды пайдалану;

4) ішкі су көлігі кемелерін сақтау;

5) ішкі су көлігі кемелерін тасымалдау және тіркеп тарту;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) ішкі су көлігі кемелерін жою және кәдеге жарату техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.

 

15-2-бап. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15-3-баппен толықтырылды

15-3-бап. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту) кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

1. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту) кезінде жобалық құжаттама мен Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.

2. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды дайындау процессінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Әрбір кемеде корпусына жазылатын тіркеу нөмірі таңбалануға тиіс. Таңбалау көрінетін, анық және өшірілмейтін болуға тиіс.

5. Кеме адамдардың борт жиегінен құлау тәуекелін мейлінше төмендететіндей етіп әзірленуге және борт сыртында қалғандарды құтқаруды қамтамасыз етуге тиіс.

6. Негізгі рульдік басқару орны айнала шолуды қамтамасыз етуге тиіс.

7. Кеме пайдалану жөніндегі нұсқаумен жабдықталуға, онда өрт және су басу қатеріне баса назар аударылуға тиіс.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15-4-баппен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 15-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-4-бап. Iшкi су көлiгi жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды пайдалану кезіндегі қауiпсiздiк талаптары

1. Кеме қатынасы процесiне байланысты iшкi суда жүзетiн кемелер, iшкi су жолдарындағы порттар, жағалаудағы oбъектiлер және құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.

2. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын палубалы шағын көлемді кемелер палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

4. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өтуге және оларда өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі өзімен бірге болуға тиіс.

Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстардың ашылуы кезiнде жергілікті атқарушы органға:

1) оқытушылар құрамы үшін су көлiгi мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмелерiн;

2) кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес, шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;

3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, қызметтің басталғаны туралы хабарлама жiбередi.

Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.

Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар жергілікті атқарушы органға шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімдерін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі Кеме жүргiзушiлердi шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді

16-бап. Кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды  (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Сыныптауға, техникалық байқауға және куәландыруға ішкі суларда жүзетін кемелер, «өзен-теңізде» жүзетін кемелер мен палубалы шағын көлемді кемелер жатады.

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Кеме қатынасының тiркелiмi кемелердiң техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн кемелерді өтеусіз негізде куәландыруды жүзеге асырады.

Бұл ретте кеме иесінің кінәсінен қайтадан куәландыру, кезектен тыс куәландыру кеме иесінің есебінен жүзеге асырылады.

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді

17-бап. Ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалау

Ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалауды аумақтық бөлімшелер:

1) 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) кеме қатынасының су жолдарын және навигациялық жабдықтар құралдарын тиісінше күтіп ұстауды бақылау және қадағалау;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) кемелердің (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылыстарының кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай болуын тексеріп қарауды жүргізу;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің талаптарына сай келмейтін кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді), салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстау;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қатер төнген кезде кемелердің (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және оларға тыйым салу;

6) кеме иелерінің, кеме экипаждары мүшелерінің, ішкі су жолдарындағы кеме қатынасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылау және қадағалау;

7) - 9) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) анықталған ішкі су көлігінің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің) жұмыс істеуін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;

11) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

16) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда

17) қайта жабдықтау салдарынан кеменің техникалық деректері өзгерген жағдайда шағын көлемді кемелерді қайта тіркеуді жүргізу;

18) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

19) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21) тиісті мамандарды шағын көлемдi кемелер мәселелері жөніндегі сараптамаларға қатысуға тарту;

22) алкогольдік, есірткілік және уытты мас күйінде болған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін басқарудан шеттету және оларды медициналық куәландыруға жіберу;

23) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру арқылы іске асырады.

24) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  17-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 17-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 17-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-1-бап. Аумақтық бөлімшелердің кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеруді жүргізуі

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеру кеменің (оның ішінде шағын көлемді кеменің) (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеру капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның аға көмекшісінің) және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.

Ішкі суларда жүзетін кемелерді және шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру - навигацияаралық кезеңнен кейін, ал «өзен-теңізде» жүзетін кемелерді теңізде пайдаланғаннан кейін олар ішкі су жолдарына кірген кезде жүргізіледі.

Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) бақылау мақсатында қарап-тексеру навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.

2. Өздігінен жүзетін кемелерді қарап шығу кезінде мыналар тексеруге жатады:

1) осы Заңның 23-бабында көрсетілген кеме құжаттары (болуы, жарамдылық мерзімдері, оларды жүргізу тәртібі);

2) штат кестесі мен кемені пайдалану режимі мен экипаждың жұмысы туралы кеме иесінің бұйрығы (немесе басқа құжат);

3) ішкі су жолдарының навигациялық карталары;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) вахталық, штурмандық, жалпы кеме қызметтерін, адамдарды құтқаруды ұйымдастыру жөніндегі кеме іші құжаттамасы (саны, жүргізу сапасы):

вахталар кестесі;

дабылдар бойынша кесте және экипаж мүшелерінің жеке карточкалары;

ауа-райы болжамдарының журналы (тігіні);

жол ақпараттарының және кеме жүргізушілерге берілген хабарламалар журналы (тігіні);

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының, кеме атауының (нөмірінің) және борттарындағы тіркеу нөмірлерінің, корпусында жүк маркасының болуы және жай-күйі;

6) кеменің (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың және жолдар габариттерінің үлгілік сызбаларына сәйкестігі;

7) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтергіштік, борттың су бетіндегі биіктігі (жүк маркасы бойынша) нормаларын сақтау, кемені басқару постынан көруді қамтамасыз ету;

8) жарықтық және дыбыстық сигнал берудің болуы және жұмыс істеуі;

9) навигациялық, штурмандық және электрлі радионавигациялық приборлардың өзен кеме қатынасы нормалары бойынша болуы мен іс-әрекеті;

10) ұжымдық және жеке құтқару құралдары, пиротехникалар, авариялық жабдықтау санының кеме қатынасы тіркелімі нормаларына сәйкестігі, олардың маркировкаларының, орналасуы мен сақталуының дұрыстығы;

11) экипаждың штаттық кестеге және кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес жасақталуы;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12) командалық құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы;

13) ағымдағы және алдыңғы рейстерде (вахталық журналдағы жазбалар бойынша) құрамдарды қалыптастырудың үлгілік сызбаларын, жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, тіркеу құжаттарында көрсетілген жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулерді, вахталарды атқару режимін, оқу дабылдарын және басқару құрылғысы істен шыққандағы іс-әрекет бойынша жаттығулар жүргізудің кезеңдігін сақтауы;

14) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің ұйғарымдарының орындалуы тексеріледі.

2-1. Өздiгiнен жүзбейтiн (өздігінен қозғалуға арналған механикалық қондырғысы жоқ) кемелердi қарап тексеру кезiнде:

1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (олардың болуы, қолданылу мерзiмi, оларды жүргiзу тәртiбi);

2) кеме атауының (нөмiрiнiң) және борттарында тiркеу нөмiрлерiнiң, корпусында жүк маркасының болуы;

3) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайларына, құрамдарды қалыптастырудың үлгiлiк схемаларына және жол көлемдеріне сәйкестiгi;

4) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтерім, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларының сақталуы;

5) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерi нұсқамаларының орындалуы тексеруге жатады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Кемені қарап тексеру нәтижелерi бойынша аумақтық бөлiмшенiң қызметкерi кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн, қарап тексеру күнін көрсете отырып, кемені қарап тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, аумақтық бөлімшенің қызметкерi анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып, нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, аумақтық бөлімшенің қызметкері осы Заңның 7-1-бабының 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды.

Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған жағдайда) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уəкілетті орган айқындайды.

Кемені қарап тексеру актісі мен нұсқама екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің қызметкері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитаннның аға көмекшісі) кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген себептер көрсетіле отырып жазба жасалады.

Кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы - кемеде, екіншісі аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады.

Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған аумақтық бөлімшенің жұмыскері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қоюдан бас тартқан жағдайда, қадағалау актісінде бас тартудың мəлімделген уəждері көрсетіле отырып, жазба жасалады.

Қадағалау актісінің бірінші данасы - кемеде, екінші данасы аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады.

Кемені қарап тексеруді жүргізген аумақтық бөлімше қызметкерлері кемені қарап тексеру актісіндегі, нұсқамадағы жəне қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру кезінде:

1) кеме билеті;

2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік;

3) техникалық куәландырудан өткендігі;

4) шағын көлемді кемеде жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердің дұрыс орналастырылуының сақталуы;

5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы;

6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы;

7) орналасқан орнына қарамастан кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы;

8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі;

9) отын ағуының, дірілдің болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдалуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілмеуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамсыздығы;

10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі;

11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы немесе сәйкестігі;

12) кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кеменің пайдаланылуы;

13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы;

14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі тексеруге жатады.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушіні), қарап-тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісін жасайды. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнетін жағдайларда аумақтық бөлімшенің жұмыскері осы Заңның 7-1-бабының 2-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды.

Жедел ден қою шаралары қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған жағдайда) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уəкілетті орган айқындайды.

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мәлімделген бас тарту уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы - кеме иесінде, екіншісі аумақтық бөлімшеде сақталады.

Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған аумақтық бөлімшенің жұмыскері мен кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші қадағалау актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мəлімделген уəждері көрсетіле отырып, жазба жасалады.

Қадағалау актісінің бірінші данасы - кеме иесінде, екінші данасы аумақтық бөлімшеде сақталады.

Шағын көлемді кемеге қарап-тексеру жүргізген аумақтық бөлімшенің жұмыскерлері шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіндегі, нұсқамадағы жəне қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 17-2-баппен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 17-2-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер деректерін талдау, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

2. Кеме иелері, кемелерді, порттарды, порт құралдарын, жағалау объектілерін, кеме қатынасы шлюздері мен теңіздегі және ішкі су жолдарындағы құрылысжайларды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру мен бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.

6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

2) поштамен - тапсырысты хатпен;

3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

 

18-бап. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

19-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалау

1. Кемелердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi органмен бірлесе отырып:

1) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) кеменiң меншiк иелерiне, кеме иелерi мен кеме капитандарына экологиялық қауiпсiздiкке байланысты мәселелер бойынша ақпараттық қызмет көрсетудi жүзеге асырады.

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 

3. Ішкі су көлігінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

 

20-бап. Кеменi лоцмандық алып өту

1. Кемелердi лоцмандық алып өту iшкi су жолдарындағы кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелер ұшырауы мүмкiн көлiк оқиғаларын болғызбау мақсатында жүзеге асырылады.

Кемелердi лоцмандық алып өту жөніндегі қызметтер ақылы негiзде көрсетiледi.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Лоцмандар ретiнде жұмысқа лоцмандық қызмет туралы ережеде белгiленген талаптарға, сондай-ақ кемелердi лоцмандық алып өтуге уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сай болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiлуi мүмкiн.

3. Қажет болған жағдайда, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман кеменi лоцмандық алып өтудi кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн мән-жайлар туындағанға дейiн тоқтата тұруға құқылы.

4. Кемеде лоцманның болуы кеме капитанын кеменi басқару жауапкершiлiгiнен босатпайды.

Кеме капитаны кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күмәнi болған жағдайда, оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы, бұл ретте, егер кеменi лоцмандық алып өту мiндеттi болса, кеме капитаны мұндай лоцманды алмастыруды талап етуге мiндеттi.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне лоцманның кiнәсiнен келтiрiлген зиян үшiн кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне зиян келтiрiлген кезде лоцман жұмыс iстейтiн ұйым жауапты болады.

Егер лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмаудың салдарынан келтiрiлген залал лоцманның немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйымның қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғандығы дәлелденсе, лоцман немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйым толық көлемде жауапты болады.

Кеменi лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмауға кiнәлi лоцман Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда мамандығынан айырылуы мүмкiн.

6. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi кеме iшкi су жолдарымен бүкiл жүзу жолында, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жатқызылады.

7. Кеменi лоцмандық алып өту кезiнде лоцман аумақтық бөлiмшеге:

1) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн кеме жолының кез келген өзгерістерi;

2) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеме және iшкi су жолдарында өзi қызмет көрсететiн учаскеде басқа да кемелер ұшыраған кез келген оқиғалар;

3) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеменiң капитаны кеменiң жүзу ережелерi мен iшкi су жолдарының кемелерден аққан сарқынды және құрамында мұнайы бар сулармен ластануын болғызбау ережелерiн орындамауы туралы дереу хабарлауға мiндеттi.

8. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

21-бап. Кемелер қозғалысын шектеу немесе оған тыйым салу

1. Дүлей зiлзалалар, әскери iс-қимылдар туындаған жағдайларда, сондай-ақ портта жүктер мен кемелердiң шамадан тыс шоғырлануы кезiнде аумақтық бөлiмше кеме қатынасы қауiпсiздiгi, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, жүктердiң сақталуы мақсатында кемелер қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол туралы мұндай шектеудiң қолданылу мерзiмдерi жөнiнде шешiм қабылдайтын уәкiлеттi органға дереу хабарлайды.

Кемелер қозғалысына бес күннен астам мерзiмге шектеу енгiзiлген немесе тыйым салынған жағдайда уәкiлеттi орган ол жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкіметін дереу хабардар етедi.

2. Аумақтық бөлiмше қабылданған шешiм туралы кемелер қозғалысына шектеу енгiзудiң немесе тыйым салудың себептерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыларды, жүк жөнелтушiлердi және жүк алушыларды хабардар етуге мiндеттi.

5-тарау. Кеме

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

22-бап. Кеменi бірдейлендiру құралдары

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге жататын кеменің атауы, тiркелімге алынған пунктi, тіркеу нөмiрi, шақыру сигналы және кеменiң техникалық жарақтандырылуына қарай кемедегi жерсеріктік байланыс станциясының сәйкестендіру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрiнің болуы мiндеттi.

Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес, кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кеменің екі бортында да тiркеу нөмiрiнің болуы міндетті.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Меншік иесі кемеге атау береді жəне оны өзгертеді.

Тұйық бассейнде, аралас бассейндерде жəне аралас «өзен-теңіз» жүзу бассейндерінде пайдаланылатын кемелерге бірдей атау беруге жол берілмейді.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Меншік иесі тіркелген кеме кепілдерінің кепіл ұстаушыларын кеме атауының өзгергені туралы дереу хабардар етеді.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес аумақтық бөлiмше кеменiң тiркеу нөмiрiн бередi.

4. Шақыру сигналы, кемедегi жерсерiктiк байланыс станциясының бірдейлендiру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

23-бап. Кеме құжаттары

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде берілуі және жүргiзілуі тәртiбiн уәкілетті орган айқындайтын мынадай кеме құжаттары:

1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге (Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде тіркелуге жататын кемелер үшін) меншік құқығын растайтын кеме куәлігі;

2) шетелдік кемеге (жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде тіркелген кемелер үшін) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлік;

3) кеменің жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлігі көрсетілген куәлігі;

4) өздігінен жүзетін кемелер үшін кеме журналы (вахталық журнал);

5) кеме рөлі (өздігінен жүзетін кемелер үшін) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерінің тізімі;

6) радиожурнал (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);

7) кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);

8) машина журналы (механикалық қозғағышы бар кемелер үшін);

9) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) кемеге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

11) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12) кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлік;

13) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшін) болуға тиіс.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1. Ішкі су жолдарында және өзге де су айдындарында пайдаланылатын мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемеде мынадай құжаттар:

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) кеме билеті болуға тиіс.

2) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Көшiрмесiн кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi берген орган растауға немесе нотариус куәландыруға тиiстi осындай куәлiктi қоспағанда, кеме құжаттары кемеде түпнұсқа түрiнде болуға тиiс.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өтуге байланысты жүзуді жүзеге асыратын, Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кемеде, оның ішінде шағын көлемді кемеде осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.

4. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi, iшкi су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.

5. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi әрi Қазақстан Республикасының портына кірушi немесе iшкi су жолдарымен жүзiп өтушi кеменiң кеме құжаттарын тану Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

24-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы

1. Кемелердiң iшкi су жолдарында тек қана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуiне жол берiледi.

2. Кемелердiң шет мемлекеттің туын көтеріп, оның iшiнде iшкi су жолдары арқылы транзит мақсатында жүзуi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы:

1) мемлекеттің;

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен   2) тармақша өзгертілді   (бұр. ред. қара)

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге беріледі.

3) 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен жүзуге мiндеттi.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемені мемлекеттiк тiркеген кезден бастап туындайды.

6. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7. Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне мемлекеттiк тiркеу кезiнде аумақтық бөлiмше кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмге шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк бередi.

8. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты растаған және кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелгенге дейiн күшi болатын уақытша куәлiк берген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзiмде пайдаланады.

9. Кеменiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда уәкiлеттi орган меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған куәлiктiң дубликатын бередi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiктiң дубликатын беру тәртібі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен белгiленедi.

10. Кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен шығарылған күннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын жоғалтады.

11. Уәкiлеттi орган шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнде тiркелген, қазақстандық тұлға экипажсыз жалға алған (бербоут-чартер) кемеге:

1) жалға алушы осы баптың 3-тармағына сәйкес кеменiң меншiк иесiне қойылған талаптарға сай келетiн;

2) кеменiң меншiк иесi кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауысуына жазбаша нысанда келісім берген;

3) кеменiң меншiк иесi мемлекетiнiң заңдары кемеге шет мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығын беруге тыйым салмайтын жағдайда уақытша берiлуi мүмкiн.

12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы осы баптың 11-тармағында көрсетiлген кемеге екi жылдан аспайтын мерзiмге, одан әрi қарай әрбір екi жыл сайын, бірақ жалға алу шартының қолданылу мерзiмiнен аспайтын уақытқа ұзарту құқығымен берiлуi мүмкiн.

13. Кеме шетелдiк тұлғаға экипажсыз жалға берiлген (бербоут-чартер) жағдайда кеменiң меншiк иесi осындай беруге жазбаша түрде келісім беру және кеменi жалға алушы мемлекеттің заңдары кемеге мұндай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығына жол беру шартымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша тоқтатыла тұруы мүмкiн.

Кеменi шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге ауыстыру мүмкiндiгi туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды. Кеменi шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге ауыстыру мерзiмi кеменi жалға алу шартының қолданылу мерзiмiмен айқындалады.

 

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-тарау. Кемеге меншік құқығы. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Кеме кепілі. Кеме ипотекасы

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

25-бап. Кемеге меншiк құқығы

1. Кемелер:

1) мемлекеттің;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының;

3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.

2. Кемеге немесе кеменiң бір бөлiгiне меншiк құқығы осындай құқықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлiмше берген кеме куәлiгімен расталады.

Кеме куәлiгi жоғалған жағдайда, аумақтық бөлiмше кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру тәртібі Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларымен белгiленеді.

2-1. Шағын көлемді кемеге немесе шағын көлемді кеменің бір бөлігіне меншік құқығы осындай құқықты кеме кітабында мемлекеттік тіркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлімше берген кеме билетімен расталады.

Кеме билетi жоғалған жағдайда, аумақтық бөлiмше шағын көлемді кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме билетінің телнұсқасын беру тәртібі Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларымен белгiленеді.

3. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3-1. 2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Кеменiң меншiк иесi, егер шартта өзгеше көзделмесе, оны меншiк иесiнiң мүддесiнде сыйақы алу арқылы кеменi басқаруды жүзеге асыру үшiн оны сенiмгерлiк басқару шарты бойынша сенiмгерлiк басқарушыға беруге құқылы.

Кеменi сенiмгерлiк басқаруға беру оған меншiк құқығының сенiмгерлiк басқарушыға өтуiне әкеп соқпайды.

5. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді

26-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу

1. Кеме оған тіркеу нөмiрiн беру арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркелуге тиiс.

2. Осы Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берiлген кеме жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.

3. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу деп Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес мемлекеттің кемеге құқықтың туындауын, шектелуiн (ауыртпалықтарын), ауысуын немесе тоқтатылуын тану және растау актiсi түсiнiледi.

4. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) үшiн, сондай-ақ кеменi мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-1. Егер кеме оқиға салдарынан немесе басқа себеппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне немесе кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалса, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген функцияларды орындауы үшін коммерциялық мақсаттарда пайдалануы да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелері, сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тіркеледі.

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жатады.

Массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 6-тармақтың үшінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Мемлекеттік кеме тізілімінде және кеме кітаптарында шлюпкалар және кеме жабдықтары болып табылатын өзге де жүзбелі құралдар тіркелмейді.

7. Аумақтық бөлімше, егер ұсынылған құжаттардың нысаны мен мазмұны Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгiленген талаптарға сай болмаған жағдайда, мемлекеттік тiркеуден бас тартады.

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Мүдделi тұлға кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

9. Егер кемеге меншiк құқығы шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнде тiркелген болса, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тiркелмейдi. Мұндай жағдайда кемеге меншiк құқығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркеу үшiн меншiк иесi кеменiң шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы үзiндi көшiрменi ұсынуға тиiс.

10. Шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеме мұндай кемеге осы Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бір ай iшiнде жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

27-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң негiздерi

Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң негiздерi:

1) мемлекеттік органдардың өз құзыретi шегiнде шығарған актілері;

2) кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмiлелер;

3) мұраға құқық туралы куәлiк;

4) соттың заңды күшiне енген шешiмi;

5) кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар болып табылады.

 

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап өзгертілді

28-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

 Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:

1) осы Заңның 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін және өзге де құжаттар;

2) сыныптаушы куәлiк;

3) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берілуге тиіс.

1-1. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2015 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды

1-2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

2. Кемені жалға алынған шетелдік кемелер тізіліміне мемлекеттік тіркеу үшін кеменi жалға алушының кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшiне осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар:

1) кеменi жалға алу шартының нотариат куәландырған көшiрмесi;

2) кеменiң меншiк иесiнiң және кеменiң немесе оған ауыртпалықтардың тiркелген ипотекасының кепiл ұстаушысының кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауыстыруға жазбаша рұқсаты;

3) жалға алу шарты бойынша кеменi қазақстандық жалға алушының аты мен тұрғылықты жерiн не атауын және орналасқан жерiн растайтын құжат;

4) шет ел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменiң атауын айқындау туралы уәкiлеттi органның шешiмi;

5) кеме тiркелген, тiкелей ту ауыстырғанға дейiн шет мемлекеттің құзыреттi билiк орындары берген және бұл мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығының кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы берiлген мерзiмге тоқтатыла тұрғанын растайтын құжат табыс етiледi.

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:

1) осы Заңның 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін және өзге де құжаттар;

2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.

3-1. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2015 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

29-бап. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан:

1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;

2) конструкциялық жағынан күйреген;

3) қайта жасау немесе басқа да өзгерістер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) кеме иесінің ауысуына байланысты кеме шығарылуға тиіс.

2. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару үшiн кеменiң меншiк иесi аумақтық бөлімшеге өтiнiшті және осындай шығаруға негiз болып табылған мән-жайларды растайтын құжаттарды беруге мiндеттi.

 

30-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылық

Кеменi және оған құқықтарды мiндеттi мемлекеттік тiркеуден жалтарған тұлға, сондай-ақ кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде белгiленген тәртiптi бұза отырып тiркеген тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31-бап. Кемеге тыйым салу және оны мәжбүрлеп сату

Егер сот кемеге тыйым салу түрiндегі қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарым қабылдаған немесе кеме атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен сатылған жағдайда, аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Бұл ретте аумақтық бөлімше кеменiң меншiк иесiн кемеге қуынымды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданғаны немесе кемеден мұндай шаралардың алып тасталғаны туралы хабардар етуге тиiс.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32-бап. Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы

Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 32-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32-1-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу

1. Кеме ипотекасын аумақтық бөлімше сол кеме тiркелген тiзiлiмге тiркейдi.

2. Осы Заңның 24-бабының 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берiлген шетелдік кеменiң ипотекасы Қазақстан Республикасында тiркеле алмайды.

3. Кеме ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш берілген күні тiркеледi.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

5. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәлік берумен куәландырылады.

6. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркегені және кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 32-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

32-2-бап. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу

1. Шағын көлемді кеме ипотекасын аумақтық бөлімше сол шағын көлемді кеме тiркелген кеме кітабына тіркейді.

2. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш берілген күнi шағын көлемді кеменiң ипотекасы тiркеледi.

3. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында айқындалады.

4. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәлікті берумен куәландырылады.

5. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркегені және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.

 

7-тарау. Кеме экипажы

33-бап. Кеме экипажының құрамы

1. Кеме экипажы кеменiң командалық құрамының адамдарынан, кеме командасынан, ал жолаушы кемелерiнде - кеме жолаушыларына қызмет көрсетушi персоналдан да тұрады.

2. Кеменiң командалық құрамына кеме капитаны, су түбiн тереңдету немесе су түбiн тазалау снарядының командирi, олардың көмекшiлерi, механиктер мен электромеханиктер, механиктер мен электромеханиктердiң көмекшiлерi, радиомамандар және дәрiгерлер кiредi.

3. Кеме командасы кемеде жұмыс iстейтiн, кеменiң командалық құрамына және кеме жолаушыларына қызмет көрсететiн персоналға жатпайтын адамдардан тұрады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Кеме экипажының ең аз құрамын уәкілетті орган белгiлi бiр түрдегi кеменi пайдалану талаптарына сәйкес белгiлейдi.

5. Кеме экипажының құрамына кiретiн адамдар кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмiне (кеме рөлi) енгiзiлуге тиiс, оны жүргiзу кеме капитанының мiндетi болып табылады.

34-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Кемелердiң командалық құрамының лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес тиісті біліктілігі бар адамдар жiберiледi.

Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау əрбiр келесі бес жыл өткен соң жүргiзiледi. Тиiстi мамандық бойынша оқу орнын кезектi аттестаттау жылында бітірген, сондай-ақ сол жылы диплом алған адамдар аттестаттаудан босатылады.

1-1. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Кемедегi жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша мұндай жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы бар адамдар жiберiледi.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзушi кеме экипажының құрамына кiретiн шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшiсi, аға механик пен радиомамандар лауазымдарына тағайындала алмайды. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кеме экипажының құрамына кіру мүмкiндiгiнiң шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындайды.

4. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

35-бап. Кеме капитаны

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Кеме капитаны біліктiлiк деңгейi қойылған талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс.

Кеме капитанына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оны аттестаттау тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.

2. Кеме капитанына кеменi басқару, оның iшiнде кеме жүргiзу, кеменiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету, кемедегi тәртiптi сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегi адамдарға, багажға және жүкке зиян келтiрiлуiн болдырмау жөнiнде шаралар қабылдау жүктелeдi.

3. Кеменiң меншiк иесi, кеме иесi, жүк жөнелтушi немесе олардың өкiлдерi болмаған уақытта кеме капитаны қажет болған жағдайда кемеге, жүкке немесе кеменiң жүзуiне қатысты мәмiлелер жасасу, сондай-ақ кемедегi мүлiкке қатысты талап қою кезiнде кеменiң меншiк иесiнiң, кеме иесiнiң және жүк жөнелтушiнiң өкiлi болып табылады.

4. Егер кеме капитанының пiкiрi бойынша кемеге анық опат болу қаупi төнген жағдайда кеме капитаны жолаушыларды құтқару жөніндегі барлық шаралар қабылданғаннан кейiн кеме экипажының мүшелерiне кеменi тастап шығуға рұқсат етедi. Кеме капитаны кеме журналын, машиналық журналды, кеменiң жүзу бағытының карталарын, кеме мөрiн, құжаттар мен бағалы заттарды құтқару жөніндегі өзiне байланысты барлық шараларды қабылдағаннан кейiн кеменi ең соңынан тастап шығады.

5. Кеменiң меншiк иесi мен кеме иесi кеме капитанының осы баптың 4-тармағында көзделген мiндеттердi бұзғаны үшiн жауап бермейдi.

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

36-бап. Кеме капитанының құқықтары мен мiндеттерi

1. Кеме капитанының өз өкiлеттiгi шегiнде берген өкiмдерiн кемедегi адамдардың барлығы орындауға тиiс.

2. Кеме капитаны:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экипаж мүшелерiн қызметтiк мiндеттерiн атқарудан шеттетуге;

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген тәртiппен кеме экипажының мүшелерiн көтермелеуге және оларға тәртiптiк жазалар қолдануға;

3) жүзу кезiнде кемеде болған адамның аманатын куәландыруға құқылы, бұл ретте кеме капитаны куәландырған аманат Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес нотариалдық куәландырумен теңестiрiледi.

3. Кеме капитаны:

1) егер өз кемесiне және ондағы адамдарға қауiп төндiрмейтiн болса, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсетуге;

2) кемелер соқтығысқан жағдайда осы соқтығысқа ұшыраған басқа кемеге, оның жолаушылары мен экипаж мүшелерiне көмек көрсетуге, бұл ретте соқтығысқан кемелердiң капитандары бір-бірiне өз кемелерiнiң атауларын хабарлауға;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) егер кеме экипажының мүшесi немесе жолаушы кеме жүзіп жүрген кезде көрсетілу мүмкiн емес шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған жағдайда, кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне, ал кеме шетелдiк портқа кiрген кезде Қазақстан Республикасының консулы мен кеме иесiнiң агентiне (шетел портында мұндай агент болған кезде) де хабар бере отырып, ең жақын портқа кіруге;

4) кеме экипажының мүшесi немесе жолаушы оның опат болу мүмкiндiгi бар мән-жайларда жоғалып кеткен жағдайда кеме журналына жазба енгiзуге, акт жасауға, сондай-ақ жоғалып кеткен кеме экипажы мүшесiнiң немесе жолаушының кемедегi мүлкiне тiзiмдеме жасап, аталған акті мен мүлiктi eң жақын порттың капитанына тапсыруға;

5) кемеде бала туылған немесе кемеде қайтыс болудың әрбір жағдайында екi куәгердiң және егер кемеде дәрiгер болса, соның қатысуымен тиiстi акт жасауға, сондай-ақ кеме журналына жазба енгiзуге;

6) кеменiң меншiк иесiн және (немесе) кеме иесiн кемедегi қайтыс болу жағдайы туралы хабардар етуге және қайтыс болған адамның мәйiтiн сақтау әрi оны туысқандарына немесе ең жақын порттағы порт әкiмшiлiгiне тапсыру жөнiнде шаралар қолдануға;

7) қайтыс болған адамның кемедегi мүлкiне тiзiмдеме жасауға және мұндай мүлiктiң жасалған тiзiмдемеге сәйкес қайтыс болған адамның туысқандарына немесе ең жақын порттағы порт әкiмшiлiгiне тапсырылғанға дейiн сақталуын қамтамасыз етуге;

8) iс-әрекетi кеме немесе ондағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн адамды оқшаулауға;

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) жүзiп жүрген кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, бұл туралы құқық қорғау органдарын дереу хабардар етуге және мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдiктi адамды жақын жердегі порттағы немесе елдi мекендегі аталған органдарға бергенге дейiн ұстап алуға;

 10) құқыққа қарсы iс-әрекеттер жасау мақсатында кемеге адамдар шабуыл жасаған жағдайда iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсе отырып, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес әрекет етуге мiндеттi.

4. Кеме капитаны ауырған немесе оған өз қызметтiк мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн өзге де себептер болған жағдайларда, сондай-ақ ол қайтыс болғанда кеме капитанының мiндеттерi кеменiң меншiк иесiнiң және (немесе) кеме иесiнiң өкімін алғанға дейiн кеме капитанының аға көмекшiсiне жүктеледi.

37-бап. Кемедегi еңбек қатынастары

1. Кеме экипажының мүшелерiн тағайындауды кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi кеме капитанымен келiсе отырып жүзеге асырады.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Кеме экипажының мүшелерімен еңбек шартын жасасу тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек және ақы төлеу шарттары, сондай-ақ олармен еңбек шартын тоқтатудың тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және осы Заңмен айқындалады.

3. Кеме иесi кеме экипажының мүшелерiне олар кемеде болған кезде:

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбектiң қауiпсiз жағдайларын;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес денсаулықты қорғау мен медициналық көмектi;

3) құтқару құралдарының болуын;

4) азық-түлiкпен және сумен үздiксiз жабдықтауды;

5) санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн демалуға, тамақтануға, емделуге, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлармен қамтамасыз етуге мiндеттi.

4. Кеме экипажының мүшесi өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде опат болған немесе оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда кеменiң меншiк иесi және (немесе) кеме иесi кеме экипажының мұндай мүшесiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi.

5. Кеме экипажының мүшесi жеке пайдалануға арналған мүлкiн кемеде алып жүруге құқылы. Кеменiң оқиғаға ұшырауы салдарынан мұндай мүлiк жойылған немесе зақымданған жағдайда кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi кеме экипажының осы мүшесiне келтiрiлген нұқсанды өтеуге мiндеттi. Бұл ретте кеменiң оқиғаға ұшырауына кiнәлi экипаж мүшесiнiң мүлкiне келтiрiлген нұқсан өтелмейдi.

38-бап. Кеме экипажы мүшесiнiң ол жұмысқа қабылданған жерге қайта оралуы

1. Кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi:

1) кеме опат болған;

2) кеме экипажының мүшесi ауырып қалған немесе кемеден тысқары жерде емделудi қажет ететiн жарақат алған;

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған, оның iшiнде белгiлi бір мерзiмге жасалған еңбек шартының қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде аяқталған;

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) кеме иесiнiң банкротқа ұшырауы, кеменi сату немесе кеме тiркелген мемлекеттің өзгеруi салдарынан кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесiнiң кеме экипажының мүшесiне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында немесе еңбек және ұжымдық шарттарда көзделген өз мiндеттерiн орындау мүмкiндiгi болмаған;

5) кеме экипажы мүшесiнiң келісімiнсiз кеме әскери iс-қимылдар аймағына немесе эпидемиологиялық қауiптi аймаққа жiберiлген жағдайда кеме экипажының мүшесiн және оның салмағы отыз килограммға дейiнгi жеке мүлкiн өз есебiнен кеме экипажының мүшесiн жұмысқа қабылдаған жерге немесе тараптар келiскен басқа жерге жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Кеме экипажы мүшесiнiң жұмысқа қабылданған жерге қайта оралуының себебi олардың еңбек және ұжымдық шарттарды бұзуы болып табылған жағдайда кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi Қазақстан Республикасының заңдарына, еңбек және ұжымдық шарттарға сәйкес осы экипаж мүшелерiнен мұндай қайта оралуға байланысты шығыстарды толық немесе iшiнара өндiрiп алуға құқылы.

8-тарау. Кемені жалға алу

39-бап. Жалпы ережелер

1. Кеменi жалға алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына және осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, осы тарауда белгiленген ережелер қолданылады.

2. Кеменi экипажымен жалға алу жалға берушiнiң кеменi жалға алушыға сонымен қатар кеменi басқару және оны техникалық пайдалану жөніндегі қызметтер көрсетудi де беруiн көздейдi.

3. Кеменi экипажсыз жалға алуға жалға берушiнiң кеменi басқару және оны техникалық пайдалану жөніндегі қызметтер көрсетуi кiрмейдi.

4. Жалға алушыға қойылатын талаптардан туындайтын өндiрiп алу талаптарын үшiншi бір тараптардан жалға алынған кемеге қатысты қоюға жол берiлмейдi.

5. Жалға алу шарты қолданыста болған уақытта кеменi иелiктен айыру оның қолданысының тоқтатылуына әкеп соқпайды, бұл ретте жаңа меншiк иесi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен мұндай шартта көзделген барлық құқық пен мiндеттердi иеленедi.

Кемеге иелiк етуден айырылған тұлға кемеге меншiк құқығын иеленген тұлғаны иелiктен айырылған кемеге қатысты жасалған жалға алу шарты туралы хабардар етуге мiндеттi. Кемеге меншiк құқығын иеленушi тұлғаның мiндетi осы кеменi жалға алушыны меншiк иесiнiң ауысқаны туралы хабардар ету болып табылады.

6. Кеменi жалға беру және кеменi қайтарып алу жалға алу шартында көрсетiлген жерде жүзеге асырылады. Кеменi шартта көрсетiлген жерге жеткiзуге байланысты шығыстарды, егер жалға алу шартында өзгеше көзделмесе, кеменi жалға берушi тарап көтередi.

7. Жалға алу шартында жалға беру мерзiмiнiң басталу және аяқталу күндерi көрсетiле отырып, кеменi жалға алушының иеленуi мен пайдалануына берудiң мұндай мерзiмi қарастырылады. Жалға алушы кеменi иеленуге және пайдалануға мұндай мерзiмнiң басталу күнiнен бұрын алуға мiндеттi емес. Жалға алушы кеменi өз билiгiне мұндай мерзiмнiң аяқталу күнi өткенге дейiн алуға мiндеттi. Егер кеме жалға алу шартында көрсетiлген мерзiмде жалға алушының иеленуiне және пайдалануына берiлмеген жағдайда жалға алушының жалға алу шартын бұзуды талап етуге құқығы бар. Егер жалға алушы мұндай мерзiмнiң аяқталу күнi өткеннен кейiн кеменi алмаса, жалға берушi де жалға алу шартын бұзуға құқылы.

Жалға алу шартын өзгерту және бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жүргiзiледi.

8. Жалға алушы жалға берушiнiң келісімi бойынша кеменi қосалқы жалға беруге құқылы.

Қосалқы жалға беру шартын жасасқан кезде кеменi берушi тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында кеме қосалқы жалға тапсырылатын тұлғаға қатысты жалға берушiлер үшiн көзделген құқықтар мен мiндеттердi иеленедi, бірақ, бұл ретте бұған дейiн кеменi жалға немесе қосалқы жалға алған тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында және жалға алу шартында көзделген құқықтары мен мiндеттерi сақталады.

Қосалқы жалға беру шарты жалға алу шартының мерзiмiнен асатын мерзiмге жасалмайды.

40-бап. Кеменi экипажымен жалға беру кезіндегі жалға берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Жалға берушi жалға алу шартында көзделген мақсаттар үшiн кеменiң жарамдылығын, кеменiң экипажбен және тиiстi жабдықтармен жасақталуын, сондай-ақ кеменi техникалық қауiпсiз пайдалануды, оның экипажын ұстауды және жалға алу мақсаттарына сәйкес осы Заңда көзделген кеме құжаттарының болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Кеме экипажы мүшелерiнiң кеменi жалға берушiмен еңбек қатынастары сақталады. Бұл ретте, жалға берушi кеменi басқаруға және техникалық пайдалануға қатысты кеме экипажының мүшелерiне өкімдер беруге құқылы.

Егер жалға алу шартында өзгеше көзделмесе, экипаж мүшелерi көрсететiн қызметтерге төлем жасау жөніндегі шығыстарды, сондай-ақ оларды ұстау жөніндегі шығыстарды жалға берушi көтередi.

3. Жалға берушi жалға берiлген кеменiң кемшiлiктерi үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жауапты болады.

4. Жалға берушi кеменiң меншiк иесi болмаған жағдайда, мұндай кеменi жалға немесе қосалқы жалға беру кеменiң меншiк иесiнiң келісімi бойынша жүргiзiледi.

41-бап. Кеменi экипажымен жалға алу және кеменi коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру кезіндегі жалға алушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Жалға алушы коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру шеңберiнде жалға берушiнiң келісімiнсiз өз атынан, егер де кеменiң мақсаты мен сыныбына, сондай-ақ жалға алу шартында көзделген мақсаттарға қайшы келмесе, тасымалдау немесе тiркеп сүйреу шарттарын жасасуға құқылы.

2. Кеменi коммерциялық пайдалану кезiнде кеме экипажының мүшелерi жалға алушының өкiмдерiне бағынады. Жалға алушы кеменi коммерциялық пайдалануға байланысты барлық шығыстарды, оның iшiңде отын және пайдалану барысында жұмсалатын басқа да материалдар үшiн және алымдарды төлеуге арналған шығыстарды көтередi.

3. Жалға алушы кеменi коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру шеңберiнде өз өкiлiн тағайындауға құқылы, өкiлдiң кеменi коммерциялық пайдалану тұрғысындағы өкiмдерi кеме капитаны үшiн мiндеттi болып табылады.

42-бап. Кеменi экипажсыз жалға беру кезіндегі жалға берушiнiң және жалға алушының құқықтары мен мiндеттерi

Кеменi экипажсыз жалға беру кезіндегі жалға берушiнiң және жалға алушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады.

43-бап. Кеменi жалға алғаны үшiн есеп айырысу

1. Жалға алушы жалға берушiге жалға алу шартында көзделген тәртiп пен мерзiмде жалдау ақысын төлейдi.

2. Жалға алушы жалға берушiнiң кiнәсiнен кеме пайдалануға жарамсыз болған уақыт iшiнде жалға алу ақысы мен кемеге қатысты шығыстарды төлеуден босатылады. Егер кеме жалға алушының кiнәсiнен пайдалануға жарамсыз болып қалған жағдайда, жалға алу ақысы толық көлемде төленуге тиiс.

3. Кеме опат болған жағдайда жалға алушы жалға алу ақысын оның опат болған күнiн, ал егер бұл күндi анықтау мүмкiн болмаса, ол туралы соңғы хабар алынған күндi қоса алған уақыт үшiн төлеуге тиiс.

4. Жалға берушiге кеменi уақтылы қайтармаған кезде жалға алушы кеменi пайдаланудың жалға алу шартының мерзiмiнен асып кеткен бүкiл мерзiм үшін жалға алу шартында көзделген жалға алу ақысы ставкасына немесе, егер ол жалға алу шартында көзделген жалға алу ақысы ставкасынан асып кетсе, жалға алу ақысының нарықтық ставкасына сүйене отырып, жалға алу, ақысын төлейдi.

5. Жалға алу ақысы төлем жасаудың шартта белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн екi реттен көп төленбеген жағдайда жалға берушi сот тәртібімен жалға алу шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға құқылы.

6. Егер жалға алу шартында өзгеше көзделмеген болса, жалға алушының кемеге жасаған ажыратып алуға болатын жақсартулары оның меншiгi болып табылады және жалға алушы оларды алып қоюы мүмкiн.

9-тарау. Порттар

44-бап. Порттың құқықтық мәртебесi, оның аумағы мен акваториясы

1. Порттар:

1) мемлекеттің;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының меншiгiнде болуы мүмкiн.

Iшкi су жолдарындағы порттар ортақ пайдалану объектiлерi болып табылады.

2. Порт аумағын Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес портқа бөлiнiп берiлген жер учаскелерi, соның iшiнде оның перспективалық дамуы үшiн қажетті аймақтар құрайды.

3. Порт акваториясын iшкi су жолдары шегіндегі акватория учаскелерi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен портқа бөлiнiп берiлген рейдтер мен портқа кiреберiс жолдар құрайды.

Порт акваториясының шекараларын белгiлеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4. Порттардың акваториясы мен жағалау белдеуіндегі жерлер мемлекеттік меншiк болып табылады.

5. Мемлекет меншiгіндегі порттарды салу, қайта жаңарту үшiн жеке меншiктегi жер учаскелерi залалдар толық көлемiнде өтеле отырып немесе соған тең басқа жер учаскесi берiлiп, Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен алып қойылуы мүмкiн.

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-бап өзгертілді

45-бап. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

46-бап. Порттарды пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Порт айлақтарының иелерi кемелер үшiн қауiпсiз кiреберiстердi, кемелердiң мұндай айлақтардағы қауiпсiз тұрағын қамтамасыз етуге мiндеттi, олардың қоймалары, жүк массасын анықтауға арналған, жүк тиеу-жүк түсiру құралдары, жолаушыларды, оның iшiнде мүгедектігі бар адамдарды кемеге отырғызуға, түсiруге және олардың кеменiң келуiн күтуге арналған құрылғылары мен қондырғылары, ал қажет болған жағдайларда портқа вагондарды әкелуге арналған темiржолдың кiрме жолдары болуға тиiс.

Айлақтардың, порттардың иелері жолаушыларға қызмет көрсету орындарында, оның ішінде билеттер сатылатын пункттерде ақпаратты мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де беруге міндетті.

Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Жүк массасын анықтауға арналған құралдар белгiленген тәртiппен мемлекеттік метрологиялық бақылануға  тиiс.

2. Порттың гидротехникалық құрылыстары, навигациялық жабдықтардың құралдары, жүктi қайта тиеу кешендерi, айлақтары, қызметтiк ғимараттары мен портта орналасқан және пайдаланылатын өзге де мүлiк порт иесiнiң есебiнен күтiп ұсталады.

3. Порттарда қоршаған ортаны қорғауға, шаруашылық-тұрмыстық және құрамында мұнай бар суларды, басқа да қалдықтарды қабылдауға және өңдеуге арналған құралдар, сондай-ақ порт акваториясы шегiнде кемелердi құтқару және өрт сөндiру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға арналған құралдар болуға тиiс.

47-бап. Кемелердiң портқа кіру және порттан шығу тәртібі

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Кемелердiң портқа кiруi және олардың порттан шығуы, кемелердiң порт акваториясының шегiнде жүзуi және портта тұруы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Шетелдiк кемелердiң Қазақстан Республикасының порттарына кіруi және оларға қызмет көрсету халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.

48-бап. Портта көрсетiлетiн қызметтер

1. Порт:

1) кемелерге жүк тиеудi (түсiрудi) және қызмет көрсетудi олардың келу кезегiне қарай;

2) жүктермен көлiк-экспедиторлық және қоймалық операцияларды;

3) көлiктiң басқа түрлерiнен iшкi су көлiгiне және керiсiнше жүктердi ауыстырып тиеудi;

4) кемелер жолаушыларына қызмет көрсетудi;

5) порт кемелерi мен көлiктiң басқа түрлерiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асырады.

2. Порттың мiндеттi қызмет көрсетулерiне бағалар (тарифтер) және олардың шектi деңгейiн белгiлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізiледі.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Уәкілетті орган белгiлейтiн, порттың мiндеттi көрсетілетін қызметтер тiзбесiне кiрмейтiн көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттармен айқындалады.

 

10-тарау. Жолаушыларды, багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау

 

49-бап. Жолаушыны және багажды тасымалдау шарты

1. Жолаушыларды және олардың багажын тасымалдау жолаушы тасымалдау шартының негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын пунктiне, ал жолаушы багаж тапсырған жағдайда багажды да баратын жерiне жеткiзуге және оны жолаушыға немесе багажды алуға уәкiлеттi адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы - жол жүргенi үшiн, ал багаж өткiзген жағдайда багажды алып жүргенi үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi.

3. Жолаушыны және багажды тасымалдау шарты уәкiлеттi орган бекiткен нысанда тиiсiнше жол жүру билетiмен және багаж түбіртегiмен ресiмделедi.

4. Жолаушыларды экскурсиялық және туристiк бағыттар бойынша тасымалдау шарты жолдама немесе жолаушылар тобын тасымалдау билетi нысанында ресiмделуi мүмкiн.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

50-бап. Жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібі және түрлерi

1. Iшкi су көлiгi ұсынатын жолаушыларды тасымалдау оның шарттарына, ұзақтығына, қашықтығына және сапасына қарай:

1) көлiктiк;

2) туристiк;

3) экскурсиялық түрлерге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түрлерге бөлiнедi.

2. Жолаушыларды тасымалдау қатынас түрлеріне қарай:

1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы тасымалдау;

2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасындағы тасымалдау болып бөлінеді.

3. Әкімшілік-аумақтық белгісіне қарай жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау:

1) облысаралық - әртүрлі облыстардағы жөнелту және межелі пункттер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен жалғастыратын тасымалдау;

2) ауданаралық (облысішілік қаларалық) - бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандарда орналасқан елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалаларды елді мекендермен жалғастыратын тасымалдау;

3) ауданішілік - бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау;

4) қала маңындағы - елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап өлшенетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңы аймағындағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;

5) қалалық - қаланың белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау болып бөлінеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртiбiн және түрлерiн (бұдан әрi - жолаушыларды тасымалдау қағидалары) уәкілетті орган айқындайды.

 

51-бап. Тасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Тасымалдаушы, реттелетiн тасымалдауды қоспағанда, баға жасау ережелерiне сәйкес тасымалдауға арналған бағаларды еркiн белгiлеуге құқылы.

2. Тасымалдаушы жолаушыға билетте немесе жолдамада көрсетiлген кемедегi орынды беруге мiндеттi.

2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Жолаушыларға қызмет көрсету орындарында, оның iшiнде билеттер сатылатын пункттерде жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру туралы ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де берiлуге тиiс.

Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

4. Тасымалдаушы билет сатуды, оның iшiнде алдын ала сатудыұйымдастыруға, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау ережелерiне сәйкес анықтама орындарының, сақтау камераларының, демалыс бөлмелерiнiң және басқа да орындардың қызметiн көрсетуге мiндеттi.

5. Жолаушы, үй-жайлары бар дебаркадерлерi болмаған елдi мекендерде - павильондар, ал қала маңындағы желiлер мен өткелдерде орындықтары бар шатырлы қалқалар болуға тиiс. Бұл ретте осындай павильондардың иелерi жолаушылардың қауiпсiздiгi мақсатында жолаушыларды отырғызу және түсiру орындарын қажеттi құрылғылармен жабдықтауға мiндеттi.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Жолаушыларға ұлттық стандарттармен және жолаушылар тасымалдау жөніндегі нормативтермен белгiленген тасымалдау жағдайлары қамтамасыз етiледi.

7. Жолаушыларға жеңiлдiктер әрi қызмет көрсетулер ұсынудың тiзбесi мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

8. Тасымалдаушы кеменiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз етуге, оны экипажбен жасақтауға және оны бүкiл тасымалдау уақыты iшiнде тиiсiнше күтiп ұстау үшiн барлық қажеттi заттармен жарақтауға мiндеттi.

9. Вокзал маңындағы және айлақ маңындағы аумақтарды жайластыру олардың иелерi есебiнен жүзеге асырылады.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 51-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 51-1-бап өзгертілді

51-1-бап. Әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды ұйымдастыру

Жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды ұйымдастыруды, олардың маршруттарын бекітуді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру мен өткізуді және маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін бекітуді:

1) ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынаста - облыстардың жергілікті атқарушы органдары;

2) қалалық және қала маңындағы қатынаста - өзінің заңдық құзыры шегінде аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;

3) ауданішілік қатынаста - аудандардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Ішкі су көлігімен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды.

 

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 51-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 51-2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

51-2-бап. Ішкі су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі

1. Ішкі су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуі үшін портта:

1) мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған, арнаулы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;

2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, есту және көру қабілеттері бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;

4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаның болуы;

5) күту залдарында, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктері ескеріле отырып жабдықталуға тиіс, мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы орындардың бөлінуі;

6) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;

7) кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнаулы таксофондардың орнатылуы;

8) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін арнаулы билет кассаларының жабдықталуы қамтамасыз етілуге тиіс.

 

52-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Жолаушы:

1) кемелер қозғалысының кестесiнде көрсетiлген немесе кеме жүзiп өтетiн бағыт бойынша жарияланған кез келген портқа (пунктке) дейiн бару үшiн кез келген санаттағы жолаушы орнына билет алуға;

2) өзiмен бірге жеке орын алу құқығынсыз - жетi жасқа дейiнгi, ал халықаралық қатынастарда бес жасқа дейiнгi бір баланы тегiн алып жүруге; Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде - жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларға, халықаралық қатынастарда бес жастан он екi жасқа дейiнгi балаларға билеттiң толық құнының елу процентiн төлеп билет алуға;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді

3) өзiмен бірге жалпы салмағы отыз алты килограмнан аспайтын, ал жүрдек кемелерде - жиырма килограмнан аспайтын қолжүгiн (алып жүруге жеңiл, басқа жолаушылардың орнын тарылтпайтын ұзындығы 1,8 метрден аспайтын немесе периметрi бойынша жалпы ұзындығы 2,6 метрден аспайтын заттарды) ақысыз алып жүруге құқылы. Қолжүгiн сақтау жауапкершiлiгi оның иесiне жүктеледi;

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы қозғалыс құралдарын өздерімен тегін алып жүруге қосымша құқығы бар;

4) багажды тасымалдау тарифiне сәйкес багажды ақылы тасымалдау үшiн өткiзуге;

5) кемелерде қашықтығы бес жүз километр және одан да асатын жол жүру кезiнде жүру жолында аялдауға және жол жүру құжатының (билетiнiң) жарамдылық мерзiмiн он тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға;

6) емдеу мекемесiнiң құжатымен расталған науқастану жағдайында билеттiң қолданылу мерзiмiн ауырған уақытқа ұзартуға немесе билеттi тапсырып, тасымалдау ақысын қайтарып алуға;

7) кеме шыққанға дейiн кез келген уақытта, ал рейс басталғаннан кейiн кеме аялдаған кез келген портта тасымалдау шартынан бас тартуға, жолаушыларды тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен билеттi өткiзiп, кеме жолының жүзiп өтiлмеген бөлiгi үшiн тасымалдау ақысын қайтарып алуға;

8) кеменiң шығуы кешiккен жағдайда тасымалдау шартынан бас тартып, тасымалдау ақысын қайтарып алуға құқылы.

2. Жолаушы:

1) жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде, жол жүргенде және жолда жол құжатын (билеттi) тексерген кезде жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге;

2) кемеге отырғызу кезiнде және жолда жол жүру аяқталғанға дейiн жол жүру құжатын (билетiн) сақтауға;

3) қоғамдық тәртiптi, кемелердi және жағалауда орналасқан, жолаушы тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған объектiлердi пайдалану ережелерiн сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға мiндеттi.

53-бап. Жолаушы тасымалдау шартының тасымалдаушы бастамасымен тоқтатылуы немесе өзгертiлуi

1. Тасымалдаушы:

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) еңсерiлмейтiн күштiң, соғыс iс-қимылдарының, әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептердiң салдарынан жолаушыны межелі портына тасымалдау мүмкiн болмаған;

2) тиiстi мемлекеттік органдардың шешiмi негiзiнде кеменiң шығуы кешiктiрiлген немесе кеме мемлекеттік қажеттiлiктерге тартылған;

3) кеме опат болған немесе оны күшпен басып алған;

4) жолаушы жолаушыларды тасымалдау ережелерiн бұзған немесе жолаушы мұндай ережелердi сақтаудан бас тартқан жағдайда біржақты тәртiппен жолаушыларды тасымалдау шартын бұза алады.

2. Кеме шыққанға дейiн тасымалдаушының бастамасымен тасымалдау шарты тоқтатылған кезде жолаушыға - жол ақысы және багажды тасымалдау ақысы, ал аталған шарт рейс аяқталғанға дейiн тоқтатылған кезде кеме жүзiп өтпеген қашықтық үшiн жол ақысы мен багажды тасымалдау ақысы қайтарылады.

Егер аталған шарттың тоқтатылуы жолаушының жолаушыларды тасымалдау ережелерiн бұзуынан немесе оның кеме қатынасы, басқа жолаушылардың өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн iс-әрекеттерiнен туындаған жағдайда жол ақысы мен багажды тасымалдау ақысы жолаушыға қайтарылмайды.

3. Жолаушы тасымалдау шарты, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының бастамасымен кеме рейсi кезiнде тоқтатылған жағдайда, тасымалдаушы жолаушыны оның талабы бойынша жөнелту портына немесе жолаушының баратын портына жету мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ең жақын елдi мекенге өз есебiнен жеткiзуге, сондай-ақ тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушыға келтiрiлген залалдарды өтеуге мiндеттi.

54-бап. Талап етiлмеген багаж

1. Жолаушы багажын тасымалдаушыға қатысы жоқ себептермен алмаған жағдайда тасымалдаушы оны келiп жеткен күнiнен бастап үш ай бойы келген портында сақтауға мiндеттi.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген сақтаудың шектi мерзiмдерi өткен соң талап етiлмеген багаж сатылуы мүмкiн.

3. Багаж түбіртегiн көрсетушi талап-арыз қою мерзiмi iшiнде тасымалдаушыға талап етiлмеген багажды сақтау және оны сату кезiнде келтiрiлген шығындар шегерiле отырып, осы баптың 2-тармағына сәйкес сатудан түскен соманы алуға құқылы.

 

2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 55-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

55-бап. Пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау

1. Пошта операторларына тұрақты рейстер жасайтын кемелерде белгiленген ақыға өз жұмыскерлерiнiң iлесiп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау құқығы берiледi.

Пошта операторлары жұмыскерлерiнiң iлесiп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдайтын кемелерде пошта қызметiн жүзеге асыру, пошта жөнелтiлімдерiн сақтау және пошта операторлары жұмыскерлерiнiң демалуы үшiн белгiленген тәртiппен ақылы негiзде орынжайлар ұсынылады.

2. Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау тәртiбiн пошта саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.

3. Тасымалдаушының кiнәсiнен пошта жөнелтiлімдерiнiң жоғалғаны, жетіспеушілігі, зақымданғаны (бүлiнгенi) және (немесе) жеткізілуінің кешіктірілгені үшiн тасымалдаушының пошта операторлары алдындағы жауапкершілігі пошта операторларының жөнелтушi немесе адресат алдындағы жауапкершілігі мөлшерiнен аспауға тиiс.

 

 

11-тарау. Жүктерді тасымалдау

 

56-бап. Жалпы ережелер

1. Iшкi су көлiктерiнде жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және жүк тасымалдау шартына сәйкес жүзеге асырылады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Iшкi су көлiгiнде жүк тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн (бұдан әрi - жүк тасымалдау қағидалары) уәкілетті орган бекiтедi.

Жүк тасымалдау ережелерiнде:

1) жүктердi тасымалдауға ұсынудың және қабылдаудың;

2) жүкқұжаты мен тасымалдау құжаттарын ресiмдеудiң;

3) жүктердi тиеу мен түсiрудiң;

4) жүктердi үйiп және ақтара тиеп тасымалдаудың;

5) тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдаудың;

6) жүк массасын айқындаудың;

7) кемелер мен контейнерлерге қойылатын талаптардың;

8) кемелер мен контейнерлердi пломбалаудың;

9) жүктердi кемеде орналастыру мен бекітудiң;

10) кеменi немесе контейнердi жүктi тиеу мен түсiру үшiн берудiң;

11) тасымалдаулар бойынша есеп айырысулардың;

12) жүктердi жеткiзу мерзiмдерiнiң және жеткiзу мерзiмдерiн есептеудiң;

13) жүктерге билiк етудiң, оларды басқа мекен-жайға жiберудiң және қайтарудың;

14) жүктердi сақтаудың, ұстап қалу мен берудiң;

15) жүктердi сатудың;

16) қауiптi жүктердi тасымалдаудың;

17) жүктердi басқа мекен-жайға жiберудiң;

18) кеменi тазалаудың шарттары мен тәртібі айқындалады.

 

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 56-1-баппен толықтырылды

56-1-бап. Жүктерді аралас тасымалдау

Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бiрыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.

 

57-бап. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт

Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер жүк тасымалдауды жүйелi түрде жүзеге асыру қажет болғанда жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттар жасасуға құқылы.

Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес тасымалдаушы жүктi белгiленген мерзiмде қабылдауға, ал жүк жөнелтушi - оны тасымалдау үшiн уағдаласқан көлемде ұсынуға мiндеттенедi. Шартта көлiк құралдарын беру мен жүктердi тасымалдауға ұсынудың көлемi, мерзiмi және басқа да шарттары, есеп айырысу тәртібі, сондай-ақ жүк тасымалдауды ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделмеген өзге де шарттары белгiленедi.

 

58-бап. Жүк тасымалдау шарты

1. Жүк тасымалдау шарты тасымалдау құжаттарын - көлiктiк жүкқұжатты, жол ведомосын (көлiктiк жүкқұжат негiзiнде ресiмделген) және жүктi тасымалдауға қабылдау туралы түбіртектi толтыру арқылы ресiмделедi.

2. Тасымалдау құжаттарының нысандары мен оларды толтыру тәртібі жүк тасымалдау ережелерiмен белгiленедi және iшкi су көлiгiнде жүк тасымалдаумен байланысты жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.

 

59-бап. Қауiптi жүктердi тасымалдау

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң iшкi су жолдарындағы кеме қатынасы тәртiбiн уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар айқындайды.

2. Қауiптi жүктердi өндiру, тиеу, түсiру, сақтау және тасымалдау жүзеге асырылатын объектiлер елдi мекендерден, үйлерден, құрылыстардан, ғимараттардан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес қажеттi қашықтықта болуға тиiс.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қауіпті жүкті жөнелтуші (жүк жөнелтуші) жүкті қозғалыс қауіпсіздігі, жүк пен кеменің сақталуы қамтамасыз етілетіндей етіп тасымалдауға дайындауға міндетті, қауіпті жүктерді тасымалдауды орындайтын тасымалдаушы оларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өзінде авариялық жағдайлар мен олардың зардаптарын жою үшін қажетті құралдары мен мобильді бөлімшелері (оның ішінде шарт бойынша) болуға міндетті.

Қауiптi жүктердi тасымалдау процесінде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдаушы көрсетілген бөлiмшелердiң оқиға болған жерге дереу жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

 

60-бап. Жүктi жеткiзу мүмкiндiгi болмауының салдары

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Тасымалдауға қабылданған жүктi еңсерiлмейтiн күш, соғыс iс-қимылдары, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың акт шығаруы (жария акт), дүлей сипаттағы құбылыстар, әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептер салдарынан межелі портқа жеткiзу немесе оны көлiктiк жүкқұжатта көрсетiлген тұлғаға беру мүмкiн болмаған кезде тасымалдаушы жүктi жеткiзуге кедергi келтiретiн себептердi көрсете отырып, ол туралы жүк жөнелтушiге, жүк алушыға, жөнелту порттары мен межелі порттарда тиеу-түсiру жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға хабарлайды және жүктi не iстеу керектiгi туралы жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының өкiмiн сұратады.

 Егер тасымалдаушы төрт тәулiк өткенше (тез бүлiнетiн жүктерге қатысты - екi тәулiк) жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының жүктi не iстеу керектiгi туралы өкімін алмаса немесе орындалуы көрiнеу мүмкiн емес өкiм алса, онда тасымалдаушы ол туралы жүк жөнелтушiнi, жүк алушыны хабардар ете отырып, жүктi өзiнiң пiкiрi бойынша жүк жөнелтушi, жүк алушы үшiн неғұрлым тиiмдi деп есептеген таяудағы порттардың бірiне түсiруге, не жүктi жөнелтiлген портқа қайтаруға құқылы.

2. Егер жүк ерекше жағдайларда сақтауды қажет ететiн болса (тез бүлiнетiн жүктер) және оны сақтау мүмкiн болмай, оның бүлiнуiне әкеп соғуы мүмкiн жағдайда тасымалдаушы жүктi сатуға құқылы.

Жүктi сатудан алынған сома тасымалдаушыға тиесiлi сома шегерiле отырып, депозит шарттарымен нотариустың атына енгiзiледi.

3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айналымнан алынған және айналымы шектелген, сондай-ақ арнайы жүктер, оның iшiнде мемлекеттік және қорғаныс қажеттерiн қанағаттандыруға арналған әскери мақсаттағы жүктер сатылуға жатпайды.

4. Егер жүк оны тасымалдау үшiн мiндеттi түрде қабылдауды тоқтату мерзiмi басталғанға дейiн тасымалдау үшiн қабылданса және осы баптың 1-тармағында көрсетiлген себептердi қоспағанда, кеме рейстi жалғастыруға ұзақ уақытқа созылған кедергiнiң болуына байланысты жолда кiдiртiлсе, тасымалдаушы жүк жөнелтушiмен, жүк алушымен келiсе отырып, жүктi межелi портқа немесе басқа пунктке көлiктiң басқа түрiмен жөнелту жөнiнде шаралар қабылдауға немесе оны осы Заңның 61-бабында көзделген тәртiппен сатуға мiндеттi.

Жүрiп өтпеген қашықтық үшiн тасымалдау ақысы жүк тасымалдауға ақы төлеген жүк жөнелтушiге немесе жүк алушыға қайтарылады. Портта жүктi түсiру мен сақтау тасымалдаушының есебiнен жүзеге асырылады.

5. Егер жүк оны тасымалдау үшiн мiндеттi түрде қабылдауды тоқтату мерзiмi басталғаннан кейiн тасымалдау үшiн қабылданса және кеме осы баптың 1-тармағында көрсетiлген себептердi қоспағанда, рейстi жалғастыруға ұзақ уақытқа созылған кедергiнiң болуына байланысты жолда кiдiртiлсе және төрт тәулiк iшiнде жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан жүктi не iстеу керектiгi туралы өкiм келiп түспесе, тасымалдаушы оны өз қалауы бойынша жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының есебiнен рейстi жалғастыру мүмкiндiгi туындағанға дейiн сақтауға қалдыруға, оның iшiнде навигацияаралық кезеңге кемеде қалдыруға немесе жүктi осы Заңның 61-бабында көзделген тәртiппен сатуға құқылы.

 

61-бап. Жүктердi сату тәртібі

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген жүктердi қоспағанда, осы Заңда көзделген жағдайларда жүктердi сату:

1) олардың құнын төлеу туралы құжаттармен расталған жүктердiң бағасын негiзге ала отырып сатып алу-сату шартына сәйкес;

2) салыстырмалы жағдайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар үшiн алынатын бағаны негiзге ала отырып, тараптардың келісімi бойынша жүзеге асырылады.

Өткізілетін жүктерді есепке алу және олар үшiн есеп айырысу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.

2. Жүктердi сатудан түскен сома, тасымалдаушыға тиесiлi төлемдер мен оларды сатуға жұмсалған шығындар шегерiле отырып, жүктердiң құнын ол төлеген жағдайда - жүк алушыға немесе басқа жағдайларда жүк жөнелтушiге аударылуға тиiс.

Егер жүктердi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi төлемдердi және жүктердi сақтау мен сатуға жұмсалған шығыстарды жабу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, тасымалдаушы алынбаған қалған соманы жүк жөнелтушiден өндiрiп алуға құқылы.

3. Егер жүктер тез бүлiнетiн болса немесе көрсетiлген мерзiмде жүктердi сақтауға жұмсалатын шығыстар жүктердiң құнынан асып кететiн болса, тасымалдаушы жүктердi осы Заңда көзделген мерзiмдерден бұрын сатуға құқылы.

 

62-бап. Көлiк экспедициясы шарты

1. Көлiк экспедициясы шарты бойынша бір тарап (экспедитор) сыйақы үшiн және екiншi тараптың (клиенттiң, жөнелтушiнiң немесе жүк алушының) есебiнен жүк тасымалдауға байланысты шартта айқындалған қызмет көрсетулердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүк тасымалдау шартын жасасуға мiндеттенедi.

2. Көлiк экспедициясы шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалады.

 

12-тарау. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тiркеп сүйреу

 

63-бап. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тiркеп сүйреу шарты

1. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тiркеп сүйреу шартына сәйкес бір тарап (тiркеп сүйреушi) тiркеп сүйреу шарттарын сақтай отырып, кеменi, салды немесе өзге де жүзу объектiсiн межелi пунктiне уақтылы әрi сол күйiнде тiркеп сүйреп жеткiзуге және оны көлiктiк жүкқұжатта көрсетiлген тұлғаға тапсыруға, ал екiншi тарап (жөнелтушi) тiркеп сүйретiлетiн объектiнi тiркеп сүйреуге ұсынуға және ол үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Тiркеп сүйретiлетiн объектiлердi тiркеп сүйреу (бұдан әрi - тiркеп сүйреу) тiркеп сүйреу шартына және уәкілетті орган бекiтетiн Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу қағидалары:

1) жүкқұжатты, тасымалдау және өзге де құжаттарды ресiмдеудiң;

2) тiркеп сүйреудi ұйымдастырудың;

3) тiркеп сүйреу жөніндегі қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеудiң;

4) тiркеп сүйретiлетiн объектiнi тiркеп сүйреуге ұсынудың;

5) кеменiң, салдардың және өзге де жүзу объектілерінiң экипаж құрамына және тiркеп сүйреудi жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын талаптардың;

6) тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтудiң, қабылдаудың және тапсырудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.

64-бап. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тiркеп сүйреу кезіндегі жауапкершiлiк

1. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектілерін iшкi су жолдарымен не порт акваториясында тiркеп сүйреу тiркеп сүйрейтiн кеме капитанының басқаруымен жүзеге асырылады.

Тiркеп сүйретiлетiн кемеге, салға немесе басқа да жүзу объектiсiне, ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген нұқсан үшiн, егер мұндай нұқсан өзінің кінәсінен келтірілмегенін дәлелдей алмаса, тiркеп сүйрейтiн кеменiң меншiк иесi және (немесе) иесi жауапты болады.

2. Егер тiркеп сүйреу шарты бойынша тiркеп сүйреудi басқару мiндетi тiркеп сүйретiлетiн кеменiң капитанына жүктелген болса, мұндай тiркеп сүйреу кезiнде тiркеп сүйрейтiн кемеге, ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген нұқсан үшiн, егер нұқсан өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, тiркеп сүйретiлетiн кеменiң, салдың немесе басқа да жүзу объектiсiнiң меншiк иесi мен (немесе) иесi жауапты болады.

13-тарау. Жалпы авария. Кемелердi және басқа да мүлiктердi құтқару

 

65-бап. Жалпы авария, кемелердi және басқа да мүлiктердi құтқару кезiнде туындайтын қатынастарды реттеу

Iшкi су көлiгіндегі жалпы авария, кемелердi және басқа да мүлiктердi құтқару кезiнде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

66-бап. Мүлiктiң контрибуциялық құны

1. Мүлiктiң (кеменiң, жүктiң және тасымалдау ақысының) жалпы апатты бөлу тәртібімен өтелетiн шығындарды жабуға арналған жарналар соған мөлшерлес белгiленетiн жалпы құны (контрибуциялық құны) кеме рейсі аяқталғаннан кейiнгi осы мүлiктiң нақты таза құны негiзiнде осы бапта белгiленген ережелерге сәйкес айқындалады.

2. Кеменiң контрибуциялық құны кеменiң зақымданған жағдайындағы құнының негiзiнде айқындалады.

3. Жүктiң контрибуциялық құны жүктi түсiру сәтiнде - жүк алушыға ұсынылатын саудалық есеп негiзiнде белгiленетiн құнды негiзге ала отырып, ал мұндай есеп болмаған кезде жүктi тиеп жiберу сәтіндегі оның құны негiзiнде айқындалады. Жүктiң құны, егер шығынға ұшырау тәуекелiн жүк жөнелтушi ғана көтеретiн болса, сақтандыруға арналған шығыстарды және тасымалдау ақысын қамтиды. Жүктiң құнынан жүктiң опат болуынан немесе зақымдануынан бастап оны түсiргенге дейiнгi не түсiру кезіндегі келтiрiлген барлық залалдар сомасы шегерiледi.

4. Тасымалдау ақысының контрибуциялық құны, егер шығынға ұшырау тәуекелiн тасымалдаушы көтеретiн болса, жоғалған тасымалдау ақысына тең болады.

5. Егер де жалпы аварияны бөлу тәртібімен өтелетiн сома мүлiктiң (кеменiң, жүктiң және тасымалдау ақысының) контрибуциялық құнына енгiзiлмеген болса, мұндай сома осы құнға қосылады.

6. Жүк орындарын бекітудiң кез келген құралдары жалпы авария бойынша енгiзiлген жарналарда жүкпен тең есептеледi.

67-бап. Диспаша және диспашерлер

Мүдделi тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жалпы аварияның болған-болмағаны анықталады және оны бөлу жөніндегі есептi (диспашаны) диспашерлер жасайды.

68-бап. Дәлелдеу ауыртпалығы

Жалпы апатты бөлудi талап етушi тарап мәлiмделген залалдардың жалпы авария болып танылуы тиiс екенiн дәлелдеуге мiндеттi.

69-бап. Кемелер керуенi

1. Кемелер тобындағы әрбір кеме жеке-жеке алғанда өздiгiнен қозғалыс жасай алмайтындай жағдайда бір-бірiмен өзара тiркемеленген кемелер тобы кемелер керуенi болып табылады.

2. Егер керуеннiң бір және (немесе) бірнеше кемесiне және ондағы жүктерге қатысты оларға төнген жалпы қауiптен құтқару операцияларын жүзеге асыру мақсатында iс-қимылдар жасалған жағдайда, осы тарауда белгiленген ережелер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдарында белгiленген ережелер қолданылады.

Керуен кемесi, егер ол басқа кемеден немесе басқа кемелерден бөлiнiп кету нәтижесiнде қауiпсiз жағдайда болса, керуендегi басқа кемемен бірге жалпы қауiп төнген кеме болып есептелмейдi.

3. Кеме және жүк деп кемелер керуенiне қатысты контрибуциялық құнды айқындау кезiнде жалпы қауiп төнген керуеннiң барлық кемелерi мен жүктердiң жалпы құны ұғынылады.

70-бап. Паналау орны

1. Iшкi су жолдарындағы су тасуы, сең жүру, су деңгейiнiң кенеттен әрi жылдам төмендеуi салдарынан кеменiң портқа немесе өзге де паналау орнына кіруiне жұмсалған немесе кеменiң портқа немесе өзге де паналау орнына кіру қажеттiгiмен, оның портта немесе өзге де паналау орнында болуымен және кеменiң порттан немесе өзге де паналау орнынан шығуымен байланысты өзге де төтенше жағдайлар кезіндегі шығыстар жалпы авария деп танылады. Шығыстар жүгi бар кеме жүк тиелген портқа қайтып оралған жағдайда өтелуге тиiс.

2. Егер су тасуы немесе сең жүру жүгi бар кеме жүк түсiрiлетiн портқа кiргеннен кейiн орын алса және кеме жүктi түсiру аяқталғанға дейiн басқа қауiпсiз портқа кіру мақсатында бұл порттан кетуге тиiс болса, мұндай порт паналау порты болып есептеледi.

3. Егер кеме су тасуы немесе сең жүру салдарынан рейстi жалғастыра алмаса және жүктiң осы портқа арналған бөлiгiн түсiрiп болғаннан кейiн портта қалуға тиiс болса, ол мұндай кеме үшiн басқа порттарға арналған жүктерге қатысты ғана паналау порты болып есептеледi.

71-бап. Машиналардың зақымдануынан, әдейi қайраңға отырғызудан, суға батып кеткен кеменi көтеруден және кемедегi өрттен туындаған жалпы авария

1. Машиналар жұмысының өзгеруi нәтижесiнде, сондай-ақ кеме қайраңнан шығуға әрекеттенген, рулдiк, қозғалу, тiркеп сүйреу, басқа да құрылғылары зақымданған кезде туындаған зақымдануларды жоюға арналған шығыстар машиналардың зақымдануынан, әдейi қайраңға отырғызудан, суға батып кеткен кеменi көтеруден және кемедегi өрттен туындаған жалпы авария деп танылады.

2. Кеменi әдейi қайраңға отырғызудан немесе оны әдейi суға батырудан кемеге және (немесе) жүкке келтiрiлген зақымданулардан болған залалдар машиналардың зақымдануынан, әдейi қайраңға отырғызудан, суға батып кеткен кеменi көтеруден және кемедегi өрттен туындаған жалпы авария деп танылады.

3. Егер жүгi бар кеме авария салдарынан суға батып кеткен жағдайда жүгi бар кеменi көтеру шығындары мен тиiстi залалдар жалпы аварияға жатқызылады.

4. Кемеге және (немесе) жүкке кеменiң судан немесе өзгеше түрде зақымдануы салдарынан келтiрiлген залалдар, оның iшiнде жанып жатқан кеменi жағаға шығарып тастауды немесе суға батырудан келтiрiлген залалдар жалпы авария деп танылады.

72-бап. Тасымалдау ақысының ысырабынан келтiрiлген залалдар

Жоғалған, лажсыз лақтырылған жүк үшiн төленбеген тасымалдау ақысы ысырап болған тасымалдау ақысы мөлшерiнде өтеледi.

73-бап. Жалпы аварияны бөлу тәртібімен өтелетiн залалдарға есептелетiн проценттер

Жалпы аварияны бөлу тәртібімен өтелетiн шығыстар сомасы мен басқа да сомаларға (залалдарға) диспаша толтырылған күннен кейiнгi үш ай iшiнде жылдық жетi процент есептеледi. Бұл ретте жалпы аварияны жабуға қатысушы тараптар есебiнен немесе оны өтеу үшiн депозитке салынған қаражат есебiнен жүргiзiлген төлемдер тиiстi түрде ескерiледi.

74-бап. Жүктi бір кемеден iшiнара түсiру және оны басқа кемеге тиеу

Егер кеме жүктi одан әрi жағада немесе басқа кемеде сақтай отырып, оны iшiнара түсiрудi жүзеге асыруға мәжбүр болған жағдайда жалпы аварияға:

1) жүктi кемеден түсiруге, оны сақтауға және жүктi кемеге қайта тиеуге жұмсалған шығындар;

2) жүктi iшiнара тиеу жүзеге асырылатын кеменi жалға алуға жұмсалған шығыстар;

3) жүктi iшiнара тиеу жүзеге асырылған кемеге келтiрiлген зақымдануларды жөндеуге жұмсалған ысыраптар мен шығыстар, сондай-ақ мұндай кеменiң пайдаланудан шығып қалуымен байланысты ысыраптар;

4) аварияға ұшыраған кемеден жүктi түсiру немесе оны басқа кемеге тиеу кезiнде онда пайда болған зақымданулардан туындаған шығыстар;

5) жүктi түсiру, сақтау және тиеу кезiнде оның жоғалуына, жетiспеуiне немесе зақымдануына (бүлiнуiне) байланысты залалдар мен шығыстар;

6) қосымша сақтандыру үшiн сақтандырушыларға төленген сақтандыру сыйақылар жатқызылады.

75-бап. Жанама залалдарды қоспау

1. Жалпы аварияға тек қана жалпы аварияның тiкелей салдары болып табылатын залалдар қосылады.

2. Кеменiң рейс кезiнде кешiгуiнен, оның бос тұрып қалуынан, бағаның өзгеруiнен туындаған залалдар және басқа да жанама залалдар жалпы авария деп танылмайды.

14-тарау. Суға батқан мүлік

76-бап. Суға батқан мүлiк

1. Суға батқан мүлiкке iшкi су жолдары шегiнде қалқып жүруiне немесе су астына, су түбiне кетуiне не саяз суларға немесе жағаға шығып қалғанына қарамастан, апатқа ұшыраған кемелер, олардың сынықтары, жабдықтар, жүктер мен басқа да заттар жатады.

2. Осы тараудың ережелерi:

1) суға батқан әскери мүлiктi көтеруге, аластауға және жоюға;

2) егер суға батқан археологиялық немесе тарихи мәнi бар мүлiк iшкi су жолдары шегіндегі су түбiнде жатса, мұндай мүлiктi көтеруге қатысты қолданылмайды.

77-бап. Меншiк иесiнiң суға батқан мүлiктi көтеру мiндетi

1. Суға батқан мүлiк кеме қатынасы қауiпсiздiгiне немесе қоршаған ортаға ластанумен байланысты залал келтiру қатерiн төндiретiн, не биологиялық су ресурстары кәсiпшiлiгiн, iшкi су көлiгіндегі қызметтi жүзеге асыруға және iшкi су жолдары шегiнде жүргiзiлетiн жол жұмыстарына кедергi келтiретiн жағдайларда суға батып кеткен мүлiктiң меншiк иесi уәкiлеттi органның талабы бойынша ол белгiлеген мерзiмде суға батып кеткен мүлiктi көтеруге және қажет болғанда оны аластауға немесе жоюға мiндеттi.

2. Егер суға батқан мүлiктiң меншiк иесi белгiлi болса, уәкiлеттi орган оған суға батып кеткен мүлiктi көтерудiң, аластаудың немесе жоюдың тәртібі мен мерзiмi туралы хабардар етедi.

Егер суға батқан мүлiктiң меншiк иесi, белгiсiз болса, уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралдарында суға батқан мүлiктi көтеру үшiн белгiленген мерзiмдер туралы мәлiметтер жариялауға мiндеттi.

3. Егер суға батқан мүлiктiң меншiк иесi суға батқан мүлiк туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн мәлiмдеме жасамаса, мұндай мүлiктi құрайтын заттар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес иесiз деп танылады.

78-бап. Суға батқан мүлiктi оның меншiк иесiнiң көтеруi

1. Суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мұндай мүлiктi көтеру туралы өзiнiң ниетiн уәкiлеттi органға мүлiк суға батқан күннен бастап бір жыл iшiнде хабарлауға мiндеттi.

2. Уәкiлеттi орган суға батқан мүлiктiң меншiк иесiнiң мәлiмдемесiн алған күннен бастап үш ай iшiнде суға батқан мүлiктi көтерудiң тәртібін, сондай-ақ көтеру мерзiмiн белгiлейдi, ол меншiк иесi суға батқан мүлiктi көтерудiң тәртібі мен мерзiмi туралы уәкiлеттi органның хабарламасын алған күннен бастап кемiнде бір жыл болуға тиiс.

79-бап. Уәкiлеттi орган кәсiпорындарының суға батқан мүлiктi көтеруi, аластауы немесе жоюы

1. Уәкiлеттi органның кәсiпорындары, егер:

1) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi суға батқан мүлiктi уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде көтермесе және аластамаса (жоймаса);

2) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi анықталмаса, адамдардың опат болуына әкеп соғуы, олардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектілеріне зиян келтiруi, едәуiр материалдық шығындарға ұшыратуы және халықтың тыныс-тiршiлiгi жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн аварияларды, зiлзаланы немесе апатты болдырмау мақсатында;

3) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мүлiктi көтеру, аластау, жою үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген техникалық қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн құралдарды қолданатын болса;

4) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мүлiк суға батқан күннен бастап бір жыл iшiнде анықталмаса суға батқан мүлiктi көтеруге, ал қажет болғанда аластауға немесе жоюға құқылы.

2. Егер суға батқан мүлiктiң меншiк иесi белгiлi болса, онда осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мұндай мүлiктi көтеру, аластау немесе жою соның есебiнен жүзеге асырылады.

3. Егер суға батқан мүлiк көтерiлген сәттен бастап бір жылдан аспаған болса, оның меншiк иесi суға батқан мүлiктi көтеруге кеткен шығыстарды және осыған байланысты басқа да келтiрiлген шығыстарды өтегеннен кейiн осы баптың 1-тармағына сәйкес көтерiлген суға батқан мүлікті талап етуi мүмкін.

80-бап. Уәкiлеттi орган кәсiпорнының өзiне келтiрiлген шығыстарды толық өтеттiру құқығы

Осы Заңның 79-бабының 3-тармағында көзделген мерзiм өткен соң сот суға батқан мүлiктi иесiз деп таныған жағдайда уәкiлеттi органның кәсiпорны:

1) көтерiлген суға батқан мүлiктi немесе оның бір бөлiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатып, оны сатудан түскен сома есебiнен оны көтеруге кеткен шығыстардың және оған байланысты келтiрiлген басқа да шығыстардың өтемiн алуға;

2) суға батқан мүлiктiң меншiк иесiнен оны сатудан түскен сомамен жабылмаған шығыстарды, ал суға батқан мүлiк жойылған кезде мұндай мүлiктi жоюға байланысты келтiрiлген шығыстарды өтеттiрiп алуға құқылы.

81-бап. Кездейсоқ көтерiлген суға батқан мүлiк

Кеме қатынасына байланысты операцияларды жүзеге асыру кезiнде iшкi су жолдары шегiнде кездейсоқ көтерiлген суға батқан мүлiк мұндай мүлiкке қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген шараларды қабылдауға мiндеттi уәкiлеттi органға тапсырылуға тиiс.

15-тарау. Тасымалдаулардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауаптылық

 

82-бап. Тасымалдау жөніндегі мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Тасымалдаудан туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ солардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер мен көлемдерде жауапты болады.

2. Тараптардың осы Заңда белгiленген жауаптылықты шектеу немесе жою мақсатындағы келісімдерi жарамсыз болады.

Тараптар келісім бойынша осы Заңда белгiленген жауаптылықтың көлемiн ұлғайтуға, сондай-ақ тасымалдау шарты бойынша қосымша жауаптылық көздеуге құқылы.

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Тасымалдау, оның iшiнде аралас тасымалдар және халықаралық қатынастарда тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тасымалдаушылардың өзара жауаптылығы осы Заңда, Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде, халықаралық шарттарда және жүк тасымалдаушылар арасындағы келiсiмдерде айқындалады.

4. Тасымалдауды бірнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда олар жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының алдында жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн ортақ жауапты болады, ал жүктi, багажды жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн, егер мерзiмiн өткiзiп алу тасымалдаушылардың кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, соңғы тасымалдаушы жауапты болады.

5. Егер тасымалдаушыға өзге тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың кiнәсiнен болған жауапкершiлiк жүктелсе, тасымалдаушы оларға керi талап қоюға құқылы.

83-бап. Тұрақсыздық айыбы

1. Тасымалдау жөніндегі мiндеттердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда немесе шартта белгiленген мөлшерде тұрақсыздық айыбы төленедi.

2. Тасымалдаушыға тиесiлi төлемдер жасаудың мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес бөгде біреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк көлемiнде тұрақсыздық айыбы алынады.

84-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi

1. Егер жолаушыларды тасымалдау шартында тасымалдаушының жоғары жауапкершiлiгi көзделмеген болса, тасымалдаушы тасымалдау кезiнде жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi жолаушы кемеде және кемеге отырғызу (түcipу) кезiнде порт аумағында болған кезеңде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенi үшiн туындайды.

85-бап. Жолаушыны және багажды жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

1. Жолаушылар кемесiнiң (қалалық және қала маңы қатынастарындағы, сондай-ақ өткелдердегi тасымалдауларды қоспағанда) жөнелтiлуiн кiдiрткенi немесе оның баратын портына кешiгiп келгенi үшiн, егер тасымалдаушы мұндай кiдiру немесе кешiгiп келу еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушы жолаушыға кiдiртiлген немесе кешiгiп келген әрбір сағат үшiн тасымалдау ақысының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

Өндiрiп алынған айыппұл сомасы тасымалдау ақысының мөлшерiнен аспауға тиiс.

Көрсетiлген айыппұлдарды төлеу жолаушылар тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.

2. Тасымалдаушы багажды жеткiзудiң мерзiмiн өткiзiп алған әрбір тәулiк үшiн жолаушыға немесе багажды алуға уәкiлеттiк берiлген адамға, егер мерзiмдi өткiзiп алу оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, тасымалдау ақысының бес процентi мөлшерiнде, бірақ тасымалдау ақысы мөлшерiнен аспайтын айыппұл төлейдi.

86-бап. Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және оларды билетсiз тасымалдағаны, қол жүгi мен багажды ақысыз тасымалдағаны үшiн жауаптылық

Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және оларды билетсiз тасымалдағаны, сондай-ақ қол жүгi мен багажды ақысыз тасымалдағаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген тәртiппен әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылуға жатады.

87-бап. Жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi

1. Тасымалдаушы жүктi, багажды тасымалдауға қабылдаған кезден бастап, жүк алушыға, жолаушыға немесе багажды алуға уәкiлеттi тұлғаға бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi.

Тасымалдаушы жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн, егер жоғалу, кем шығу немесе зақымдану (бүлiну) оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Тасымалдауға құндылығы жарияланбай қабылданған жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы мынадай мөлшерлерде және жағдайларда:

1) жүк, багаж жоғалғанда немесе кем шыққанда - жоғалған не кем шыққан жүк, багаж құнының мөлшерiнде;

2) жүк, багаж зақымданғанда (бүлiнгенде) - жүк, багаж құнының төмендеген сомасы мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi, багажды қалпына келтiру мүмкiн болмағанда оның құны мөлшерiнде жауапты болады.

3. Тасымалдауға құндылығы жарияланып қабылданған жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы жарияланған құндылық мөлшерiнде жауапты болады.

4. Егер жүк, багаж баратын портқа жеткiзу мерзiмi аяқталған соң отыз тәулiк өткеннен кейiн келмеген болса, жоғалған деп есептелiп, мұндай жүктiң, багаждың құны осы баптың 2-тармағында көзделген мөлшерде өтелуге тиiс.

Жүк, багаж көрсетiлген мерзiмдер өткен соң келген жағдайда жүк алушы немесе багажды алуға уәкiлеттiк берiлген адам тасымалдаушыға бұған дейiн жүктi немесе багажды жоғалтқаны үшiн алынған соманы қайтара отырып, оны алуға құқылы.

5. Жүктiң немесе багаждың құны - оның сатушының есебiнде көрсетiлген немесе шартта көзделген бағасы негiзге алына отырып, ал есеп болмаған немесе шартта баға көрсетiлмеген жағдайда осымен салыстыруға болатын мән-жайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар үшiн алынатын баға негiзге алына отырып айқындалады.

6. Тасымалдаушы жүктiң, багаждың жоғалуынан, кем шығуынан, зақымдануынан (бүлiнуiнен) туындаған белгiленген нұқсанды өтеумен қатар, егер тасымалдау ақысы жүктiң немесе багаждың құнына кiрмеген болса, жүк алушыға, жолаушыға немесе жүктi, багажды алуға уәкiлеттi тұлғаға мұндай жүктi немесе багажды тасымалдағаны үшiн алынған тасымалдау ақысын қайтарады.

7. Тасымалдаушы багаждың бүлiнуi тасымалдаушының кiнәсiнен болған жағдайдан басқа кезде жолаушы өзiмен бірге қолжүгi ретiнде алып жүретiн багаждың сақталуына жауапты болмайды.

88-бап. Жүк тасымалдау немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiлердiң кемелерiн тiркеп сүйрету жоспары бойынша тапсырысты орындамағаны үшiн жауапкершiлiк

Тасымалдаушы, тiркеп сүйретушi қабылданған өтiнiмге немесе шартқа сәйкес жүк тасымалдауға немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi тiркеп сүйретуге көлiк құралдарын бермегенi үшiн, жүк жөнелтушi немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтушi жүктi немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi ұсынбағаны үшiн, сондай-ақ берiлген көлiк құралдарын өзге де себептерге байланысты пайдаланбағаны үшiн мынадай мөлшерлерде:

1) кемеде жүк тасымалдау және жүзу объектiсiн тiркеп сүйрету кезiнде - жүктiң немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң әрбір тоннасы үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 0,3 айлық есептiк көрсеткiш шамасының мөлшерiнде;

2) жүктi контейнерлерде тасымалдау кезiнде:

қоса есептелгенде брутто салмағы 5 тоннаға дейiнгi әрбір контейнер үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 1,5 айлық есептiк көрсеткiш шамасы мөлшерiнде;

қоса есептелгенде брутто салмағы 5 тоннадан 10 тоннаға дейiнгi әрбір контейнер үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 3,5 айлық есептiк көрсеткiш шамасы мөлшерiнде;

брутто салмағы 10 тоннадан асатын әрбір контейнер үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 7 айлық есептiк көрсеткiш шамасы мөлшерiнде айыппұл түрiнде жауапты болады.

89-бап. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының жауапкершiлiгi

1. Көлiктiк жүкқұжатта жүктiң атауын, ерекше белгiлерiн және жүктi тасымалдау кезiнде қажет болатын сақтық шараларын дұрыс көрсетпегенi үшiн, тасымалдауға тыйым салынған жүктi ұсынғаны немесе жүктiң қасиеттерiн дұрыс көрсетпегенi үшiн жүк жөнелтушiден осы мән-жайларға байланысты тасымалдаушыға келтiрiлген залалдардың өтелуiне қарамастан мұндай жүктi тасымалдаудың бүкiл қашықтығына тасымалданғаны үшiн төлемақының бес еселенген мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.

2. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының кiнәсiнен кемелердiң нормадан артық бос тұрып қалғаны және контейнерлердi қайтарудың кiдiртiлгенi үшiн тараптардың келісімiмен белгiленген мөлшерде олардан айыппұл өндiрiп алынады.

3. Жүктердi, түсiргеннен кейiн кемелердi немесе контейнерлердi тазаламағаны үшiн жүк алушы тасымалдаушыға тазалау жұмыстарының құнын екi еселенген мөлшерде төлеуге мiндеттi. Тасымалдаушы кеменiң немесе контейнердiң нормадан артық бос тұрып қалғаны үшiн айыппұл өндiрiп ала отырып, жүк алушы оларды тазалау жұмыстарын орындағанға дейiн тазаланбаған кеменi немесе контейнердi тазалаудан бас тартуға құқылы.

4. Кеменiң, контейнердiң немесе пакеттеу құралдарының зақымданғаны үшiн кiнәлi тараптан қажеттi жөндеудiң құны өндiрiп алынады.

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 90-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

90-бап. Тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тiркеп сүйретушiнiң жауапкершiлiгi

1. Тiркеп сүйретушi тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн, егер жоғалу немесе зақымдану (бүлiну) оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, оны қабылдап алған кезден бастап оны алушыға берген кезге дейiн жауапты болады.

2. Тiркеп сүйретiлетiн объект жоғалған жағдайда тiркеп сүйретушiден жоғалған тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң құны мөлшеріндегі нұқсан және егер тiркеп сүйрету ақысы жоғалған тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң құнына кiрмеген болса, осындай ақы өндiрiп алынады.

3. Тiркеп сүйретiлетiн объект зақымданған (бүлiнген) кезде тiркеп сүйретушiден тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтушi немесе алушы айқындайтын, тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөндеу құны өндiрiп алынады. Келiспеушiлiктер туындаған кезде тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөндеу құнын тараптар айқындаған тәуелсіз сарапшы бағалауы мүмкiн.

4. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. Тiркеп сүйретiлетiн объект, егер шартта көрсетiлген тiркеп сүйрету мерзiмi аяқталған соң он күн өткеннен кейiн баратын портына (пунктiне) келмеген болса, жоғалған деп есептеледi.

91-бап. Жүктi немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылық

Жүктi немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алудың әрбір тәулiгi үшiн тасымалдаушы немесе тiркеп сүйретушi, егер мерзiмдi өткiзiп алу өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүк алушыға немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi алушыға тасымалдау ақысының тоғыз процентi мөлшерiнде, бірақ тасымалдау ақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.

92-бап. 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

93-бап. Жауапкершiлiктен босату

1. Тараптар тасымалдау, тiркеп сүйрету шарттарынан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн.

2. Тараптар, егер мiндеттемелердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау:

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) еңсерiлмейтiн күштiң, сондай-ақ әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;

2) соғыс iс-қимылдарының, төтенше жағдай енгiзудiң;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялау арқылы жүктердiң орнын ауыстыруды, кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектілерінiң қозғалысын тоқтату немесе шектеу салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады.

3. Тасымалдаушы, тiркеп сүйретушi сондай-ақ:

1) мiндеттемелер жолаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, жөнелтушiнiң, алушының, экспедитордың кiнәсiнен орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған;

2) көлiк ыдысының немесе олардың қасиеттерiнiң жасырын кемшiлiктерi салдарынан жүк, багаж сақталмаған;

3) жүк салмағында табиғи кему нормалары, ылғалдылығының төмендеу нормалары мен таразы аспаптарының көрсетулерiнде алшақтық нормалары шегiнде айырмашылықтар болған, сондай-ақ жүк жөнелтушi тасымалдаушының қатысуынсыз айқындаған салмақ бойынша тасымалдауға қабылданған жүк салмағында айырмашылықтар болған;

4) жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жол серiгiнiң iлесiп жүруiмен жүктi тасымалдаған кезде жауапкершiлiктен босатылады.

4. Егер жүк немесе тiркеп сүйретiлетiн объект тасымалдауға немесе тiркеп сүйретуге белгiлi бір мән-жайлар салдарынан ұсынылмаған болса, жүк жөнелтушi, жөнелтушi жауапкершiлiктен босатылады.

16-тарау. Iшкі су көлігіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде келтірілген зиянды өтеу

 

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 94-бап өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

94-бап. Iшкi су жолдары мен порттарда кеме қатынасы мен өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық

Жеке және заңды тұлғалардың навигациялық жабдықтардың құралдарын, кеме қатынасы гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді), кеме жолдары мен басқа да объектiлердi зақымдауы немесе жоюы салдарынан келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес өтелуге тиiс.

95-бап. Кемелер соқтығысуының салдарынан келтiрiлген

зиян үшiн жауаптылық

1. Кемелер соқтығысқан кезде келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтеледi.

2. Егер кемелердiң соқтығысуы екi немесе одан көп тараптардың кiнәсiнен болса, келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық олардың әрқайсысының кiнәлiлiк деңгейiне мөлшерлес айқындалады.

Егер соқтығысудың мән-жайларын негiзге ала отырып, әрбір тараптың кiнәлiлiк деңгейiн айқындау мүмкiн болмаса, жауаптылық олардың арасында тең бөлiнедi.

3. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес ортақ жауаптылықта болады.

96-бап. Кемелер соқтығысуының салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктен босатудың негiздерi

1. Кемелердiң соқтығысуы кезiнде келтiрiлген зиянға тараптар кiнәлi болмаған, еңсерiлмейтiн күш салдарынан соқтығысқан немесе соқтығысу себептерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда тараптардың ешқайсысы зиянды өтеудi талап етуге құқылы емес.

Бұл жағдайда әрбір тарап өзiне келтiрiлген залалдар тәуекелiн көтередi.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер, егер кемелер немесе олардың бірi соқтығысу сәтiнде зәкiрде тұрса не өзгеше тәсiлмен бекітілген жағдайда қолданылады.

17-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою және талап қою мерзімі

 

97-бап. Актiлер

1. Тасымалдаушылардың, тiркеп сүйретушiлердiң, жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың тiркеп сүйретiлетiн объектiлердi жөнелтушiлер мен оларды алушылардың, сондай-ақ жолаушылардың мүлiктiк жауапкершiлiгi үшiн негiз болуы мүмкiн мән-жайлар тиiстi тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде өтiнiштер арқылы коммерциялық актiлермен немесе жалпы нысандағы актiлермен куәландырылады.

Коммерциялық aктi мен жалпы нысандағы актiнiң нысандары, сондай-ақ оларды толтыру ережелерi жүк тасымалдау ережелерiмен және жолаушылар мен багаж тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.

2. Тасымалдаушы жүктi, багажды немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi беру кезiнде мынадай мән-жайларды:

1) жүктiң, багаждың немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң нақты атауының, жүктiң немесе багаж салмағының, жүк орындары немесе багаж орындары санының тасымалдау құжатында көрсетiлген деректерге сәйкес болмауын;

2) жүктiң, багаждың немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң жоғалуын, кем шығуын және зақымдануын (бүлiнуiн);

3) тасымалдау құжаттары жоқ жүктiң, багаждың немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң, сондай-ақ жүксiз, багажсыз немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiсiз тасымалдау құжаттарының анықталғанын;

4) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) ұрланған жүктiң, багаждың немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң тасымалдаушыға қайтарылғанын куәландыру үшiн коммерциялық акт толтыруға мiндеттi.

Тасымалдаушы тасымалдау құжаттарында коммерциялық актiнi толтырғаны туралы белгi қоюға мiндеттi.

Коммерциялық актiнi толтырудан бас тартуға немесе оны белгiленген талаптарды бұза отырып ресiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

3. Сұйық күйiнде тасымалданатын жүктердiң кем шығуы немесе бүлiнуi жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiпте тасымалдау құжаттарымен куәландырылады.

4. Коммерциялық акт:

1) табиғи кему нормалары, жүк тасымалдау кезiнде ылғалдылық немесе қоқыстану процентiнiң төмендеу нормалары, таразылау құралдары көрсетулеріндегі алшақтық нормалары шегiнде жүк салмағының кем шығуы, навигация қорытындылары бойынша есеп жасау шарттары негiзге алына отырып, тасымалдауға қабылданған жүк салмағындағы айырмашылықтар болған;

2) техникалық ақаусыз кемеде немесе зақымданбаған жабу-пломбалау құрылғылары бар контейнерлерде немесе жүк жөнелтушi немесе жүк алушы өкiлiнiң iлесiп жүруiмен жеткiзiлген жүктi беру жағдайларында жасалмайды.

5. Жалпы нысандағы актiлер осы баптың 2-тармағында көзделмеген мән-жайлар куәландырылған жағдайда жасалады.

6. Акт жасауға қатысушы тараптар оған қол қоюдан бас тартуға құқылы. Акт мазмұнымен келiспеген жағдайда тараптар оған өз пiкiрлерiн жазуға құқылы.

7. Дәйексiз ақпарат жазылған актiнi толтырған немесе оған қол қойған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.

98-бап. Кiнә қою және талап қою құқығы

1. Тасымалдаушыға немесе тiркеп сүйретушiге:

1) жүк немесе тiркеп сүйретiлетiн объект жоғалған жағдайда тасымалдаушының немесе тiркеп сүйретушiнiң жүктiң немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң келмегенi туралы белгiсi бар жүк тасымалдауға немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi тiркеп сүйретуге қабылдағаны туралы түбіртегiн ұсына отырып, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтушiнiң немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi алушының;

2) жүк кем шыққан немесе зақымданған (бүлiнген) не тiркеп сүйретiлген объект зақымданған жағдайда - көлiктiк жүкқұжатты, жүктердi сұйық күйiнде тасымалдағанда - коммерциялық актiнi немесе тасымалдау құжатын, ал коммерциялық акт болмағанда коммерциялық актiнi жасаудан бас тартуға шағым берiлгенi туралы құжатты ұсына отырып, жүктi алушының немесе тiркеп сүйретiлген объектiнi алушының;

3) тасымалдау ақысын және өзге де төлемдердi белгiленген мөлшерден артық төлеген жағдайда - көлiктiк жүкқұжатты ұсына отырып, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтушiнiң, алушының;

4) багаж жоғалған жағдайда - багаж түбіртегiн ұсына отырып жолаушының;

5) багаж кем шыққан немесе зақымданған (бүлiнген) жағдайда тасымалдаушы берген багаждың кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы коммерциялық актiнi ұсынушының;

6) жолаушы кемесiнiң шығуы кiдiртiлген немесе ол кешiгiп келген жағдайда - билетiн көрсете отырып жолаушының;

7) жүктiң немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң жеткiзiлу мерзiмдерi сақталмаған жағдайда - көлiктiк жүкқұжатты ұсына отырып, жүк алушының немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi алушының кiнә қоюға және талап қоюға құқығы бар.

2. Осы бапта белгiленген кiнә қою мен талап қою құқығы тапсыру шарты немесе сенiмхат тиiстi түрде ресiмделген кезде жүк жөнелтушiге, жүк алушыға және өзге де жеке және заңды тұлғаларға берiлуi мүмкiн.

99-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртібі

1. Тасымалдау (тiркеп сүйрету) шартынан туындайтын кiнә қоюлар жүк тасымалдаушыға талап қою мерзiмi iшiнде бiлдiрiлуi мүмкiн.

2. Жолаушыларды, багажды, жүктердi тасымалдауға немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiлердi тiркеп сүйретуге байланысты туындайтын кiнә қоюлар тасымалдаушыларға немесе тiркеп сүйретушілерге олардың орналасқан жерлерi бойынша бiлдiрiледi.

3. Жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны және зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы кiнә қоюларға тасымалдау құжаттарынан басқа, кiнә қою құқығын растайтын құжаттар және жөнелтiлген жүктiң саны мен құнын куәландыратын құжаттар қоса берiлуге тиiс. Тасымалдау құжаттары түпнұсқа түрiнде ұсынылады.

100-бап. Кiнә қоюларды қарау мерзiмi

1. Кiнә қою ол алынған күннен бастап екi апта мерзiмде қаралуға тиiс.

2. 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

101-бап. Талап қою мерзiмдерi

1. Тасымалдаушыға (тiркеп сүйретушіге) iшкi су жолдары арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талап қоюлар тасымалдаушы кiнә қоюды қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартқан жағдайда не кiнә қоюға тасымалдаушыдан мерзiмiнде жауап алынбаған жағдайда ұсынылуы мүмкiн.

2. Талап қою мерзiмiнiң өтуi кiнә қоюға негiз болған оқиғалар туындаған күннен басталады.

3. Талап қою мерзiмi:

1) жүктердi тасымалдау (тiркеп сүйрету) шарты бойынша - бір жыл;

2) жолаушылар мен багаж тасымалдау шарты бойынша - алты ай болып белгiленедi.

4. Кемелердiң соқтығысуына және құтқару операцияларын жүзеге асыруға байланысты туындаған қажеттiлiктер бойынша талап қоюлар екi жыл iшiнде ұсынылуы мүмкiн.

18-тарау. Қорытынды ережелер

102-бап. Дауларды қарау

Iшкi су көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 103-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

103-бап. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев