Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II Заңы

(2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «су тоғандарындағы (учаскелеріндегі)», «су тоғандарында (учаскелерінде)», «су тоғандарын (учаскелерін)», «су тоғандарының (учаскелерінің)», «су тоғандары (учаскелері)», «су тоғандарына (учаскелеріне)» деген сөздер тиісінше «су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі», «су айдындарында және (немесе) учаскелерінде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің», «су айдындары және (немесе) учаскелері», «су айдындарына және (немесе) учаскелеріне» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік бақылауды» және «мемлекеттік бақылау» деген сөздерден кейін тиісінше «және қадағалауды» және «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) акваөсіру - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;

2) аншлаг - аңшылық шаруашылықтардың, өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;

3) аңшы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;

4) аңшы куәлiгi - жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;

5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры - жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi;

6) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) - оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;

7) аңшылық иттердің ұлттық тұқымы - Қазақстан Республикасының аумағында халықтық селекциялық әдіспен алынған және әдетте әуесқойлық (спорттық) аңшылықта қолданылатын тазы, төбет тұқымы;

8) аңшылық олжа - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған жануар (балық ресурстары мен басқа да су жануарларлынан басқа), олардың бөліктері мен дериваттары;

9) аңшылық шаруашылығы - аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi;

10) аңшылық шаруашылығының санаты - аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негiзiнде берілетін, аңшылық алқаптары өнiмдiлiгiнiң, күзет және өсiмiн молайту iс-шаралары сипатының белгiлерi бойынша аңшылық шаруашылықтарының жіктемелік бөліну бiрлiгi;

11) аңшылық шаруашылығы субъектісі - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;

12) аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті - жеке тұлғаның аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулауды жүргізу тәртібін белгілейтін, жануарларды ұстап алу нормасын, көрсетілетін қызметтердің баға прейскурантын қамтитын құжат;

13) аушы жыртқыш құс - аңшылықта пайдаланылатын бүркіт, сұңқар және қаршыға;

14) балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

15) балық аулаушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;

16) балық аулау олжасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектісі, олардың бөліктері мен дериваттары;

17) балықтардың көбею кезеңі - белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі;

18) балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама - уәкілетті орган белгілеген, балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат;

19) балықтарды қорғау құрылғысы - балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуін болдырмауға арналған құрылғы;

20) балықтардың қырылуы - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;

21) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі - балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;

22) балықтардың өріс аударуы - балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы;

23) балық өсіру - акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты;

24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары - сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;

25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi (бұдан әрi - бассейндiк принцип) - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мен өрiс аудару ерекшелiктерi ескерiлген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың бiртұтас жүйесi;

26) балық шаруашылығы - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;

27) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерін паспорттау - балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, олардың алаңын, жай-күйін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлік құрамын белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені;

28) балық шаруашылығы субъектісі - қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

29) балық шаруашылығын ұйымдастыру - балық өсіру-мелиорациялық, қорғау және өсімін молайту іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, абаттандыру, балық шаруашылығын жүргізу жоспарына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергеннен кейін пайдаланушы жүргізетін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорын ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және оның деректерін нақтылау;

30) балықшы - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;

31) балықшы куәлігі - жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген, белгіленген нысандағы құжат;

32) биологиялық негiздеме - жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;

33) дериват - жануардың туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім;

34) аң-құс өсіру - аң аулау объектісі болып табылатын жануарларды аңшылық шаруашылық субъектілерінің өсіруі;

35) жануарлар - құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары);

36) жануардың бөлігі (бұдан әрі - бөлік) - жануардың түрін танып білуге мүмкіндік беретін оның денесінің бір бөлігі;

37) жануарларды будандастыру - шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;

38) жануарлар дүниесi - Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы;

39) жануарлар дүниесі объектілерін алу - табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);

40) жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды өсiру - жануарлар түрлерін ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда ұстау және өсiру;

41) жануарлар дүниесiн қорғау - жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

42) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

43) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілерді олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша шұғыл ден қоюсыз құқықты шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;

44) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқықты шектеу сипатындағы, оның ішінде шұғыл ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;

45) жануарлар дүниесiн орнықты пайдалану - жануарлар дүниесi объектiлерiн жануарлар дүниесінің түрлiк сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсiмiн молайту мен қазiргi және келешек ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қабiлетiн сақтап қалатын тәсiлдер арқылы пайдалану;

46) жануарлар дүниесiн пайдалану - жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын және пайдалы қасиеттерiн мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай пайдалану;

47) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат - жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретiн, белгiленген нысандағы құжат;

48) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар - осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;

49) жануарлар дүниесі үшін болмай қоймайтын зиян - жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен болдырмау мүмкін емес қалдықты зиян;

50) жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығы - жануарлар дүниесi объектiлерiнiң бiр түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердiң сан алуандығы;

51) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасы - жануарлар дүниесiнiң объектiлерi табиғи еркiндік жағдайында мекендейтiн табиғи орта;

52) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын қорғау - табиғи еркiндік жағдайында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң орнықты тiршiлiк ету және өсiмiн молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтiруге бағытталған қызмет;

53) жануарлар дүниесi объектiсi - жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы;

54) жануарларды интродукциялау - жануарлар түрлері дара нұсқаларының ареалдардан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;

55) жануарларды реинтродукциялау - жануарлар түрлері дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейі ауыстыру;

56) жануарлар түрлерінің өсімін молайту - жануарлар түрлерінің табиғи жағдайларда табиғи көбеюі және оларды жасанды өсіру;

57) жерсіндіру - жануарлар дүниесі объектілерін олар бұрын мекендемеген немесе өз маңызын жоғалтқан мекендеу орындарындағы тіршілік ету жағдайларына бейімдеу;

58) жолдама - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн ұстап алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат (біржолғы немесе маусымдық);

59) зоологиялық коллекция - жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде зоопарктердiң, зообақтардың, цирктердiң, зоологиялық питомниктердiң, аквариумдердің, океанариумдердің жабайы жануарлардың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы;

60) ихтиофауна - қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;

61) кәсіпшілік қор - дербес кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты, оның кеңістіктегі оқшауланған бөлігі;

62) кездейсоқ ауланым - рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;

63) криоконсервіленген жыныс клеткалары - жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлі тіндерінің оларды одан әрі ұрпақ алу, геномдар бөліп шығару мақсатында немесе басқа да ғылыми зерттеулер үшін пайдалану мүмкіндігін беретін төмен температуралық жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгілері;

64) қорықшы - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілеттік берілген тұлғасы;

65) қорықшы куәлігі - қорықшының құқықтарын куәландыра-тын, белгіленген нысандағы құжат;

66) қорықшылық қызмет - аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi;

67) қыстау шұңқыры - қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;

68) өзен (теңіз, көл) бассейні - су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңізге, көлге) ағып келетін жерүсті бетінің және топырақтың қалың қабатының бөлігі;

69) рекреациалық балық аулау аймағы - әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;

70) сервитут - аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждары үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін, оның ішінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;

71) су айдындарына балық жіберу - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, бағалы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтау және (немесе) тауарлық өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалы мен балықтарды жіберу;

72) су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау - су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;

73) сүзу - жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңістігінде де балық аулау мақсатында сүзетін аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгілі бір бөлігін сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешенді процесс;

74) тыныштық аймағы - жануарлар дүниесін сақтау немесе қалпына келтіру үшін ерекше маңызы бар, шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру қызметі айқындайтын, оның шеңберінде (тұрақты немесе уақытша) шаруашылық қызметтің жекелеген түрлері мен нысандарына тыйым салынған немесе регламенттелген аумақ;

75) уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) - жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;

76) уылдырық шашу - балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы;

77) уылдырық шашатын орын - балықтардың уылдырық шашатын орны;

78) ұйық (ұйықтық учаске) - су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі;

79) шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру - аңшылық алқаптарды бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, аңшылық шаруашылықтарының шекаралары мен санаттарын белгiлеу, алаңын есептеу, жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның жай-күйiн айқындау;

80) шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру - аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, олардың табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, олардың негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленетін биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жобалау жөнiндегi iс-шаралар кешені.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Жануарлар дүниесiнiң санаттары

1. Жануарлар дүниесi мақсатты пайдалану жағынан мынадай санаттарға бөлiнедi:

1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi;

2) жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;

3) жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерi;

5) жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi;

6) жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрiлуiн болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерi.

2. Жануарлардың түрлерiн санаттарға бөлу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесiнiң түрлiк сан алуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында жүргiзiледi.

4-бап. Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесi объектiлерiне меншiк

1. Жануарлар дүниесi мемлекеттік меншiкте болады.

2. Мекендейтiн ортадан осы Заңда белгiленген тәртiппен алынған, сондай-ақ ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерi оларды аулаған, өсiретiн және ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылады.

5-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қатынастар субъектiлерi

Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қатынастар субъектiлерi болып табылады.

2-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттік басқару

 

6-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттік басқарудың негiзгi принциптерi

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттік басқарудың негiзгi принциптерi:

1) жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

2) жануарлар дүниесiн iзгiлiк принциптерiне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалану;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, өңдеу және олардың уылдырығын және мемлекеттік монополияға жатқызылған өнімнің басқа түрлерін экспорттау жөніндегі қызметті қоспағанда, жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөніндегі қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;

4) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу;

5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылы болуы;

6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен бұлтартпау;

7) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы болып табылады.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды

6-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесі

Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкілетті орган;

3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;

4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) мамандандырылған ұйымдар;

6) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9) аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері кіреді.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-2-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдар

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдарына және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомстволарын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.

 

7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың ерекшелiктерi

Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттік есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттік басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде бассейндiк принцип бойынша жүзеге асырылады.

 

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;

2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;

3) уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөніндегі қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;

4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) уәкiлеттi органды белгiлейдi;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін әкімшілік орган мен ғылыми ұйымды айқындайды;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару туралы шешім қабылдайды;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 6-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-2) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 6-3) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-3) уәкілетті органның ұсынымы бойынша сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру туралы шешім қабылдайды;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекітеді;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-1) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидасын бекітеді;

8) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтедi;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу тәртібін бекітеді;

9) аң аулау, балық аулау ережелерiн бекiтедi;

10) аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн және балық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн бекiтедi;

11) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiтедi;

12) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және оларды басқа санаттарға ауыстырады;

14) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 14-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14-2) табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидасын бекітеді;

15) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережелерiн бекiтедi;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 15-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 15-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-1) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 15-2) тармақшамен толықтырылды

15-2) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу ережелерiн бекiтедi;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды

16-1) жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекітеді;

17) 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 17-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-1) еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсетін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін және дериваттарын халықаралық саудалауға шектеулер енгізеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 17-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-2) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) жануарлар дүниесiн мемлекеттік есепке алуды, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингiн жүргізу қағидасын бекітеді;

19) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттік есепке алу ережелерiн бекiтедi;

20) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс өткізу ережелерiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктiлiк талаптарын бекiтедi;

21) аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;

22) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi бекiтедi;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

23) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киюге құқығы бар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;

24) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 24-1), 24-2), 24-3) және 24-4) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

24-1) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;

24-2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртібін бекітедi;

24-3) жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін бекітеді;

24-4) дериваттар тізбесін бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 24-5) тармақшамен толықтырылды

24-5) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидасын бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 24-6) тармақшамен толықтырылды

24-6) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидасын бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 24-7) тармақшамен толықтырылды

24-7) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидасын бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 24-8) тармақшамен толықтырылды

24-8) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидасын бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 24-9) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

24-9) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидасын бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 24-10) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

24-10) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды өткізу қағидасын бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 24-11) тармақшамен толықтырылды

24-11) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидасын бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 24-12) тармақшамен толықтырылды

24-12) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 24-13) тармақшамен толықтырылды

24-13) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілерге жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидасын бекітеді;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 25) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

9-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi

1. Уәкілетті орган:

1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды толтыру мен берудің тәртібін әзірлейді және бекітеді;

5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді әзірлейді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындаудың, сондай-ақ балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

8) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен, бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесін алу квоталарын бөледі;

10) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды;

11) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

13) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені әзiрлейді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсаттар береді;

15-1) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

16) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындаудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;

17) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын белгілейді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді;

20) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармақшасының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерінің тізбелерін айқындайды және оларды бір санаттан екіншісіне ауыстырады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

21) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

22) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;

23) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

24) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

25) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

27) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды түрде өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

28) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

29) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді және оларды орнатуды келіседі;

30) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

31) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыруды жүргізеді;

32) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

33) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

34) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашып, жабады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

35) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидасын әзірлейді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

36) сыртқы нарықта сату үшін бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы маркасының нысанын әзірлейді және бекітеді және оны ішкі нарықта сату маркасын беруді жүзеге асырады;

37) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 38) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

38) бақылау үшін аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады;

39) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;

40) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;

41) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

42) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды

42-1) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 43) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

43) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізу жөнінде ұсыныс жасайды;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

43-1) дериваттар тізбесін әзірлейді;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 43-2) тармақшамен толықтырылды

43-2) жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

44) аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;

45) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

46) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 47) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

47) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге рұқсат береді;

 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

48) жерсіндіруге рұқсат береді;

49) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;

50) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 51) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 51) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 51-1), 51-2), 51-3), 51-4), 51-5), 51-6) тармақшалармен толықтырылды 

51-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын әзірлейді және бекітеді;

51-2) қорықшының төс белгісінің және айыру белгісі бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;

51-3) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағиданы әзірлейді және бекітеді;

51-4) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағиданы әзірлейді және бекітеді;

51-5) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

51-6) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 51-7) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

51-7) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидасын әзірлейді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 51-8) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

51-8) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу ережесін әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 51-9), 51-10), 51-11), 51-12), 51-13), 51-14), 51-15), 51-16), 51-17), 51-18), 51-19), 51-20), 51-21), 51-22), 51-23), 51-24), 51-25), 51-26), 51-27), 51-28), 51-29), 51-30), 51-31), 51-32), 51-33), 51-34), 51-35), 51-36), 51-37) және 51-38) тармақшалармен толықтырылды 

51-9) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын белгілейді;

51-10) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын әзірлейді және бекітеді;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 51-11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51-11) су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

51-12) Қазақстан Республикасының Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын алу жөніндегі ұсынысты енгізеді;

51-13) жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерін әзірлейді;

51-14) жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу қағидасын әзірлейді;

51-15) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;

51-16) су қоймаларын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидасын әзірлейді;

51-17) аңшылық, балық аулау қағидасын әзірлейді;

51-18) аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидасын және балық шаруашылығын жүргізу қағидасын әзірлейді;

51-19) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерлерін әзірлейді;

51-20) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлейді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;

51-21) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды, олардың уылдырығын өткізу қағидасын әзірлейді;

51-22) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидасын әзірлейді;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 51-23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51-23) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;

51-24) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді;

51-25) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидасын әзірлейді;

51-26) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидасын әзірлейді;

51-27) зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттік есепке алу қағидасын әзірлейді;

51-28) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидасын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;

51-29) аңшылық пен балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізбесін әзірлейді;

51-30) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау  мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айыру белгілері бар (погондарсыз) нысандық киімді киюге құқығы бар қызметкерлерінің тізбесін әзірлейді;

51-31) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидасын әзірлейді;

51-32) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

51-33) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу қағидасын әзірлейді;

51-34) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидасын әзірлейді;

51-35) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидасын әзірлейді;

51-36) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;

51-37) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілер қатарына жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидасын әзірлейді;

51-38) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;

52) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Аумақтық бөлімшелер өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзыреті шегінде жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

 

10-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi

1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтедi;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

11-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік есепке алу, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингi

Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жануарлар түрлерінің жай-күйі мен географиялық таралуы туралы, олардың саны, жүйелi байқау нәтижелерi, оларды шаруашылықтағы пайдалану көлемдерi туралы мәлiметтер жиынтығын және басқа да қажеттi деректердi құрайтын жануарлар дүниесiн мемлекеттік есепке алу, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингi жүргiзiледi.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия

1. Бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік кәсіпорын ғана жүзеге асырады.

2. Өнімді мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрі қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Бекіре тұқымдас балықтар кездейсоқ ауланған жағдайда тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары - табиғи мекендеу ортасына жіберілуге, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары өтеусіз негізде мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуға тиіс.

4. Бекіре тұқымдас балықтарды жасанды түрде өсіру мақсатында өсімді молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде заңды тұлғалардың оларды табиғи мекендеу ортасынан алып қоюы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау

 

12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі негiзгi талаптар

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен ; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өрiс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінiң, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды және келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары , оның ішінде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс.

2. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде мынадай негiзгi талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс:

1) жануарлар дүниесiнiң табиғи еркiндiк жағдайындағы биологиялық сан алуандығы мен үйiрлiк тұтастығын сақтау;

2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырлану орындарын сақтау;

3) жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми негізделген тұрғыдан ұтымды пайдалану және олардың өсiмiн молайту;

4) табиғаттағы биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеу;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) жануарлар түрлерін, оның iшiнде бағалы, сирек кездесетiндерi мен құрып кету қаупi төнгендерiн жасанды өсiрудi қоса алғанда, кейiннен оларды мекендеу ортасына шығара отырып, жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

13-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау

Жануарлар дүниесiн қорғау:

1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі ережелер мен нормаларды белгiлеу және сақтау;

2) жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау;

4) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзуды болдырмау;

5) жануарлар мекендейтiн ортаны қорғауды, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;

6) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау жөніндегі мiндеттердi жүктей отырып, аумақтарды, акваторияларды бекітіп беру;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) жануарлар түрлерін асанды түрде өсiру;

9) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;

10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;

11) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;

12) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі қызметiн ынталандыру;

13) азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгiлiктi және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу жолымен жүзеге асырылады.

14-бап. Жануарлар дүниесiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында оны пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында:

1) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерiн шектеу;

2) аулау әдiстерiне, тәсiлдерiне және құрал түрлерiне тыйым салу;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) жануарлар дүниесі объектілерін алу нормаларын өзгерту;

4) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың санын шектеу;

5) жануарлар әлемін пайдалану орындарын шектеу белгіленеді.

2. Шектеулер мен тыйым салулар белгiлеуге:

1) жануарлар популяциясының жыныс-жас құрылымының бұзылуы;

2) жануарлар санының азаюы;

3) мекендеу ортасының нашарлауы;

4) жануарлардың өрiс аударуы мен көбеюi кезеңiнде олар жаппай шоғырланатын жерлерде тыным алу аймақтарын құру қажеттiгi негiз болып табылады.

3. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау мақсатында:

1) өсiмдiктердi жоюға және жануарлар мекендейтiн ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де iс-әрекеттерге;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жердi периметрі бойынша олардың iндерi орналасқан жерге жиырма метр жақын немесе оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) уәкілетті органның рұқсатынсыз жануарлардың паналау орындары мен ұяларын бұзуға және бүлдiруге, жұмыртқаларын жинауға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) суда жүзетiн құстардың жаппай ұя салуы көрсетiлген және балықтардың көбеюi кезеңiнде олар уылдырық шашатын жерлерде катерлердiң, моторлы қайықтардың және басқа да жүзу құралдарының двигательдерін iске қосып жүзуге;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен бiр километр төмен биiктiкте ұшып өтуiне;

6) жануарлардың мекендеу ортасын жоюға, жемшөптiк өсiмдiктер егiстiктерiн, қорғау екпелерiн, сортаң топырақтарды, жануарларға арналған астауларды, сiлтеме белгiлердi, аң аулау және балық аулау шаруашылығын жүргiзуге арналған құрылыстарды бүлдiруге;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) сирек кездесетiн және құрып кетуi қаупi төнген жануарлар түрлерiн және олардың дериваттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiнсiз алуға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен асырып және жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсатта көрсетiлген мерзiмнен тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулауға;

9) жануарлар дүниесi объектiлерiн аң аулау мен балық аулау ережелерiнде көзделмеген жануарларды аулау құралдарының, әдiстерінің және тәсiлдерiнiң түрлерiн қолдана отырып аулауға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн қыру кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыру iндетi мен басқа да аурулары жағдайларында уәкiлеттi органның келiсiмiмен үш жұмыс күні ішінде жүргізілетін улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулауға;

 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 12) тармақшамен толықтырылды

12) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердің, балық шаруашылығы учаскелерінің және балық аулауға тыйым салынған жерлердің шекараларын белгілейтін бағандарды, жүзбелі таным белгілерін және аншлагтарды жоюға немесе бүлдіруге тыйым салынады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды

4. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салулар жануарлардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгртілді (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау

1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiледi.

2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

3. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, оның ішінде олардың дериваттарын алуға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша:

1) арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу;

2) аңшылықтың ұлттық түрлерін дамыту;

3) ғылыми зерттеулер;

4) селекциялау үшін жол беріледі.

4. Мыналарға:

1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің қырылуына;

2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi санының азаюына немесе мекендеу ортасын бұзуға әкеп соғатын іс-әрекеттерге жол берілмейді.

5. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын бағып-қағу, тасымалдау, сату, сатуға қою және сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

16-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарларды қорғау

Пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолдану, сақтау және тасымалдау жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.

Жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолданудың шектеулi рұқсат етiлген нормалары белгiленедi.

17-бап. Шаруашылық және өзге де қызметтi жобалау мен жүзеге асыру кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөніндегі iс-шаралар

1. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгізу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгізу, жердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар әзiрлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөніндегі iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiлуге тиiс.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгртілді (бұр.ред.қара)

2. Темір жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлiк магистральдарын, электр беру және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн іс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Шаруашылық және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер:

1) уәкілетті органмен келісім бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде осы Заңның 12-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға арналған қаражатты көздеуге;

2) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2) уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес, балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыруға міндетті.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесін қорғау

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесін қорғау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды

18-1-бап. Балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары және (немесе) учаскелері

1. Балық шаруашылығы үшін ерекше құнды маңызы бар, оларда шаруашылық және өзге де қызметтің реттелетін режимі белгіленетін су объектілері немесе олардың бөліктері, іргелес жағалау аумағымен шектеулі акваториялар (серуендеу орындары, қыстау шұңқырлары, уылдырық шашатын және жануарлар түрлерінің табиғи жағдайларда табиғи жолмен көбею орындары) балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары және (немесе) учаскелері болып табылады.

2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құндыларға жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі биологиялық сан алуандық негізінде бекітеді.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

19-бап. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру:

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) жануарлар түрлерін, оның ішінде бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және санын арттыру;

2) ғылыми зерттеулер;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) жануарлар түрлерін кәсiпкерлiк қызметте пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және олардың санын көбейту мақсатында оларды кейiннен мекендеу ортасына шығара отырып, жасанды түрде өсiру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның І қосымшасына түрлері енгізілген жануарлар, олар еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсiрiлген және әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 3-1-тармақпен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның II қосымшасына енгізілген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген жануарлар түрлері әкімшілік органында тіркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Жануарлар түрлерін кәсiпкерлiк қызмет мақсатында жасанды түрде өсiру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 5-тармақпен толықтырылды

5. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы рынокта сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын бірыңғай таңбалау жүйесі белгіленеді.

Бекіре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын өткізуге жол берілмейді.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 6-тармақпен толықтырылды

6. Тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді

20-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, оларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

1. Сирек кездесетiндерiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоспағанда, жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаттары бойынша ғана жол берiледi.

2. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес және уәкiлеттi органның ұсынымы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмi бойынша жол берiледi.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 20-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

20-1-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын жерсіндіру

1. Балықтарды және басқа да су жануарларын жерсіндіру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде берілген уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.

2. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандығын сақтау мақсатында Қазақстан су айдындарының ихтиофаунасы үшін бөтен балықтар түрлерімен жерсіндіру жүргізуге тыйым салынады.

 

21-бап. Жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсету

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетудi аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері, ал басқа алқаптар мен су айдындарында - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады. Аумақтың және оқиғаның маңыздылығына қарай аталған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық ұйымдар көмек көрсетуi мүмкiн.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қырылу қаупі бар су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен балық аулауды қоспағанда, дүлей зiлзала аудандарындағы, сондай-ақ қырылу қаупi төнген жануарларды аулауға жол берiлмейдi.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе оның бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдауға құқылы.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Балықтың жаппай қырылуы анықталған кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын құтқару жөніндегі барлық шаралар, оның ішінде балықтарды мелиорациялық аулау да қолданылуға тиіс.

 

22-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер

1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер:

1) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау;

2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң жай-күйiн ұдайы зерделеу;

3) iндеттi жағдайды ұдайы зерделеу;

4) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi және ғылыми ұсынымдар әзірлемелерін негіздеу;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) биологиялық саналуандылықты сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi шараларды негiздеу;

 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзірлеу;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау мақсатында жүзеге асырылады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы жергілікті маңызы бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау олар бекітілiп берiлген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Жануарлар дүниесiн ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану жылдың кез-келген уақытында және уәкілетті орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негізінде рұқсат етілген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.

Жануарлар дүниесi объектілерін ғылыми-зерттеулер үшін алып қою квотасын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимиті шегіндегі ғылыми-зерттеулер бағдарламаларына сәйкес бекітеді.

 

4-тарау. Жануарлар дүниесiн пайдалану

23-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану

1. Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.

3. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады.

4. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңнамасы мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы заңнамасының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

6. Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.

24-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi

Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:

1) аң аулау;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректілерін алып қоюды қоса алғанда, балық аулау;

3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;

4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;

5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсаттарында пайдалану.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдерi

1. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану үшін пайдалану мерзімдері белгіленбейді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану үшін:

1) аңшылық шаруашылығын жүргізу кезінде - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

2) балық шаруашылығын жүргізу кезінде - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі, ал қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімдер белгіленеді.

Көрсетілген мерзімдер шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттаудың, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының, аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарларының негізінде құрамына уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілетін конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы және қырылу қаупі бар су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезеңіне қарай белгіленеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде тізбеленбеген жануарлар дүниесін пайдалану түрлеріне арналған жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдері бір жылдан аспайды.

 

26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру

1. Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырды  

1-1. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 1-2-тармақпен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-2. Рұқсат беруден:

1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген;

2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған;

3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған не ол болмаған жағдайларда бас тартылады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды

1-3. Аулаған жері туралы анықтаманы балықтардың және басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуға ұсыным жасаған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өтініш түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде береді.

Жасанды жағдайларда өсірілген балықтар мен басқа да су жануарлары үшін аулаған жері туралы анықтама жасанды өсірілгендігін растайтын құжаттар ұсынған кезде беріледі.

Аулаған жері туралы анықтама жазуға жануарлар дүниесi объектілерін алып қоюдың белгіленген лимиті және жасанды өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шегінде рұқсат етіледі.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.

 

27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:

1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;

2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;

4) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылық-тарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) аң-құсты өсіруді жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:

1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;

2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға;

3) шаруашылықiшiлiк аңшылық ұйымдастыруды жүргiзуге;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жүргізуге;

5) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;

6) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) жануарлар дүниесiнің пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының азаюына жол бермеуге;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен   9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруға және балық шаруашылығын ұйымдастыруға сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  10) тармақшамен  толықтырылды; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргізілетін, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау мақсатында тексеруді жүзеге асыруға кедергі жасамауға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) мыналарды жүзеге асыру үшін:

бақылау үшін аулауды - уәкілетті органға;

ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;

әуесқойлық (спорттық) балық аулауды - жеке адамдарға;

әуесқойлық (спорттық) аң аулауды - жеке адамдарға сервитут беруге;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) уәкілетті органмен келісім бойынша биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) аншлагтар орнатуға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды

15) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан барлық шарттарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органда тіркеуге, оларды бұзу туралы ақпаратты табыс етуге;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды; 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

16) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қару-жарақпен, көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды

19) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды

20) жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

21) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды

22) зоологиялық коллекцияны жасау туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

Хабарлама беруді өтініш берушілер уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің немесе іс-әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.

3. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар.

4. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:

1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;

2) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегі өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

5. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiне мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.

28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүзеге асырылады.

2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар

1. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi - жануарлар дүниесi объектілерін олардың табиғи өсiмi мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемi.

Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi олардың өткен жылдағы санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес белгiленедi және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойымен өрiс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су айдындарын мекендейтiн жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi халықаралық шарттардың негiзiнде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.

Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленеді.

2. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы - уәкілетті орган аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерін қатыстыра отырып белгілеген жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бөлігі.

Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі, балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.

 

30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi

Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:

1) жануарлар дүниесiн пайдаланудан өз еркiмен бас тартқан;

2) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;

3) жануарлар дүниесiн пайдаланушының қызметi тоқтатылған;

4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын немесе балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған;

5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітілiп берiлген жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн алу;

6) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға берiлген рұқсаттар жойылған;

7) 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер

1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер жануарлар дүниесiнiң сақталуын, мекендеу ортасы мен оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жол берiлетiн шектi сандық және сапалық көрсеткiштердiң мәнiн айқындайды.

2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi, шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.

5-тарау. Aң аулау

32-бап. Аң аулау ұғымы және түрлерi

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.

Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.

2. Аң аулау:

1) кәсiпшiлiк аң аулау;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi.

3. Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау.

Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін аулау.

5. Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекітілiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi.

33-бап. Аң аулау құқығы

1. Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:

1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он сегiз жасқа толған;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;

3) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiсi бар аңшы куәлігі болған және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттік бажды төлеген;

4) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған жағдайда берiледi.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берiлген құжаттың және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негiзiнде туындайды.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды

33-1-бап. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері

1. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау үшін құрылады.

2. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері өздерінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.

Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен тіркеуге жатады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін тіркеуді уәкілетті орган олардың берген өтініштері мен олардың жеке қаражаты есебінен жүргізеді.

Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы:

1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;

2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;

3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;

4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;

5) жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квоталарын бөлуге қатысуды;

6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебін және тіркеуін жүргізуді;

7) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәліктерін беруді, уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілікті ұсынуды;

8) аңшылық минимумына оқыту жүргізуді;

9) аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы деректердің есебін жүргізуді және оларды уәкілетті органға беруді;

10) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;

11) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуды;

12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;

14) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады.

4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін:

1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, акваөсіруді, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;

2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;

3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;

4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;

5) жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квоталарын бөлуге қатысуды;

6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуы;

7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуы;

8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;

9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

 

 

6-тарау. Балық аулау

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34-бап. Балық аулау түрлері

1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кәсіпшілік балық аулау;

2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;

4) бақылау үшін аулау;

5) мелиорациялық аулау;

6) өсімін молайту мақсатында аулау;

7) эксперименттік аулау.

2. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс.

Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.

Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жағалауда аулау - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Теңізде аулау - бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Уәкілетті орган белгілеген рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.

3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Жануарларды аулау лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.

5. Бақылау үшін аулау - ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

6. Мелиорациялық аулау - жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсіпшілік қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерінің кәсіпшілік қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.

7. Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.

8. Эксперименттік аулау - балық аулау құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерінің тиімділігін зерделеу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен балық аулау ережелерінде айқындалады.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

35-бап. Балық аулау құқығы

1. Кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:

1) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты;

2) уәкілетті органмен балық аулауға жасасқан шарты болған кезде беріледі.

2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық және эксперименттік аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатындағы аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде беріледі.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Бақылау үшін аулауды уәкілетті орган жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсатсыз жүзеге асырады.

 

36-бап. Жасанды әдiспен жасалған су тоғандарында балық шаруашылығы қызметiн реттеудiң ерекшелiктерi

Өздерi жасаған жасанды су тоғандарында балықтар мен басқа да су жануарларын өсiрген жеке және заңды тұлғалар осы балықтар мен су жануарларының меншiк иесi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларға иелiк етедi.

7-тарау. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37-бап. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу құқығын беру

1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы уәкілетті органмен келісілген шешімінің, уәкілетті орган мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу шартының негізінде беріледі.

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп берусіз балық шаруашылығын жүргізуді Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері жануарлар дүниесі объектілерін квота шегінде алып қою құқығын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінен жолдама алғаннан кейін немесе солармен аң аулау немесе балық аулау шартын жасасқаннан кейін алады.

3. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

38-бап. Аңшылық алқаптар

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар.

Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгізілуі мүмкін.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Аумақтар мен акваторияларды аңшылық алқаптарға жатқызу, олардың шекараларын айқындау, тиiстi сервитуттар мен аңшылық шаруашылығының санаттарын белгiлеу шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру нәтижелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға байланысты емес шаруашылық қызмет жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн әдiстермен және тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.

4. Аңшылық алқаптары бар жерлер мен акваторияларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдалану құқығын бермейдi.

5. Мына жағдайларда:

1) аңшы куәлiгiнсiз;

2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген аушы жыртқыш құстарды қолданып;

4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;

6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;

7) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта;

8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;

9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды);

10) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, түнде көру құралдарын, лазерлiк нысана көрсеткiштерiн, жарық беру және дыбыс шығару құралдарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30) және 31) тармақшалармен толықтырылды

12) егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;

15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;

16) өзен құндызы тұрғызған бөгетті бұзып;

17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектілерін қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);

18) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;

19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;

20) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;

21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;

22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органмен келісiм бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);

23) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келiсім бойынша тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;

24) жануарлардың рұқсатта көрсетілген санынан тыс;

25) рұқсатта көрсетілмеген басқа жануарлар түрлерін;

26) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;

27) аулап алу объектісі болып табылатын жануарлар түрлеріне, басқа елдерден әкелінген жыртқыш қыран құстарды пайдалана отырып;

28) еркекүйрекке көктемгі аң аулау кезінде еліктіруші үйрексіз немесе тұлыпсыз;

29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезінде қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың еріп жүруінсіз;

30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;

31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.

 

39-бап. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсіру және көбейту үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не олардың қорларының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары, тоғандар және басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңiз сулары.

Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері маңызы жағынан халықаралық, республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.

3. Халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне Қазақстан Республикасының және онымен шектес мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан су тоғандары жатады.

Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне екi және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады.

Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне облыстық атқарушы орган бекiткен тiзбеге енгiзiлген қалған барлық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері биологиялық негіздемесі болған кезде акваөсіру мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін.

Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі балық шаруашылығын жүргізу ережелеріне сәйкес ихтиофаунаның толығымен немесе ішінара ауысуымен балық өсіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде:

1) елдi мекендердiң, балық қабылдау пункттерiнiң жанына бакендер орнату үшiн, аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлiгiнiң тоқтауына;

2) балық аулайтын түрлi құралдарды бiр балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінен басқаларына арнайы өңдеусiз апаруға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өзендерде жаңа балық шаруашылығы учаскелерiн, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) ашуға, салдар мен қалқымалар орнатуға;

4) су тоғандарында немесе оған тiкелей жақын жерде балық аулау ережелерiнде қолдану көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлi және ауру балықты суға және жағалау белдеуiне лақтырып тастауға;

6) балық аулау ережелерiнде белгiленген кәсiпшiлiк шаралардан кем балық аулауға, қабылдауға, сатуға және сақтауға;

7) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен немесе «басқа» және «майда» деген атаумен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде уәкілетті органмен келісусіз двигательдері қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) санитариялық күзет аймақтары мен акваториялар шегінде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатсыз және балық аулау қағидаларында көзделген құжаттарды ресімдеусіз жеке және заңды тұлғалардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сатып алуына және өткізуіне тыйым салынады.

5. Мына жағдайларда:

1) бөгеттердiң, шлюздердiң және көпiрлердiң жанында, көлдердi өзара және негiзгi өзенмен жалғастыратын тармақтарда, мелиорациялық жүйелердiң жеткізу арналары мен бұрылыстарында, балық аулау ережелерiнде белгiленген шекаралардан тыс өзендер мен арналардың сағалары алдында;

2) балық аулау ережелерiнде көзделмеген балық аулау құралдарымен;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде;

5) балық аулау құқығын беретiн рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының параметрлерi көрсетiлген жапсырмалары жоқ балық аулау құралдарымен;

6) теңiзде және өзендерде бекiре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) балық аулау ережелерімен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсілдермен;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) аулау құралдары өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екіден астамын қамтып;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерден, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін орындарда және мерзімде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбею кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды

15) уәкілетті органның рұқсатынсыз кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат берілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға тыйым салынады.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды

39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар

1. Сулы-батпақты алқаптар - табиғи (тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз суларын қоспағанда) және сирек кездесетіндерін әрі құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, су маңындағы жануарлар түрлерінің жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсімін молайтатын орны болып табылатын жасанды акваторийлер.

2. Сулы-батпақты алқаптар маңызы бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді.

3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген алқаптар жатады.

4. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген барлық қалған алқаптар жатады.

5. Сулы-батпақты алқаптарда, сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді.

6. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган даму жоспарын бекітеді.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібi

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бассейндік принцип ескеріле отырып, бекітіп беріледі.

Конкурсты конкурс өткізу ережелеріне сәйкес құрылған, құрамына уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілетін комиссия өткізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда конкурсты Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия өткізеді.

Конкурсқа бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттау негiзiнде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу үшін перспективасы бар деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады. Пайдаланушының аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде қабылдаған міндеттемелері аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттың міндетті талаптары болып табылады.

Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз соларға бекітіп беріледі.

Бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері біліктілік талаптарына сәйкес келген, шарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда олар бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша қайта бекітіп беріледі.

Жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдар қабылдаған шаралардың нәтижесінде байланысты қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, олар біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда бекітіп берілу мерзімі өткен соң олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге қайта бекітіп беріледі.

Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімін молайту мақсаттары үшін уәкілетті органның ұсынымы бойынша конкурстан тыс негізде қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарына бекітіп берілуі мүмкін.

2. Бекітіп беру:

1) аңшылық алқаптар үшін аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

3) жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді құрайды.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi алдыңғы шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерiн паспорттаудың материалдары негiзiнде қайта бекiтілiп берiледi.

4. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мүдделі жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут беруді қамтамасыз етуге міндетті.

 

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану

Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалану жалпы пайдалану тәртiбімен жүзеге асырылады.

 

42-бап. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшін пайдалану

Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгеннен басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшiн пайдалану уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

43-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту саласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындар

Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарлар дүниесiнiң саны азаюға ұшыраған жекелеген түрлерiнің популяциясын қорғауды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік мекемелердi және тектiк қорды сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды түрде өсiру үшiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды құрады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды

43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсiмiн молайту

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды мамандандырылған ұйымдар, сондай-ақ биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және уәкілетті органның рұқсаты негiзiнде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-тарау. Жануарлар түрлерінің санын реттеу

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

44-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң мақсаттары

Жануарлар түрлерінің санын реттеу:

1) халықтың денсаулығын сақтау;

2) ауыл шаруашылығы мен үй жануарлары ауруларын болдырмау;

3) экономикаға зиян келтiрудi болдырмау;

4) биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жүзеге асырылады.

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-бап өзгертілді

45-бап. Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi

Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi:

1) халықтың, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының жұқтырушылары жануарлар дүниесiнiң объектiлерi болып табылатын ауруларды жұқтыру немесе онымен ауыру қатерiнiң туындауы;

2) экономикаға елеулi зиян келтiру қатерiнiң туындауы;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) жануарлардың жекелеген түрлерi санының азаюына және басқа жағымсыз салдарларға әкеп соққан жануарлар дүниесi мекендейтiн ортада қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуы;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің бұзылу қаупінің туындауы болып табылады.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

46-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң тәртібі

Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

9-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты

пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру

 

47-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану iс-шараларын бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкiн.

48-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру

Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру (жеңiлдiктер, преференциялар беру және мемлекеттік қолдау) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

10-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау

 

49-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен   1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері:

1) тексерулердің жылдық жоспары бойынша жылына бір реттен көп емес;

2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу фактілері туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, олардың түсуіне қарай;

3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы келеңсіз салдарларды растайтын ғылыми зерттеулер мен жануарлар дүниесінің мониторингі нәтижелері бойынша, олардың айқындалуына қарай, оларды жою жөніндегі ұсынымдарды ескере отырып;

4) жоспарлы іс-шаралар нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нұсқамада көрсетілген мерзімде орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырады.

 

50-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi:

1) жануарлар дүниесi және олар мекендейтiн орта;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) жануарлар түрлерін ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстаудың шарттары;

3) жануарлар дүниесiн аулау құралдары;

4) жануарлар дүниесiнiң ауланған өнiмi;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт, аң аулауға және (немесе) балық аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт және рұқсат, жолдама, кәсiпшiлiк журналы);

6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі қызмет;

7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттама;

8) жануарлар дүниесiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн қызмет болып табылады.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Ведомстволардың басшылары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

2. Ведомстволар басшыларының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.

3. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.

4. Аумақтық бөлімше басшысының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.

5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын ведомстволардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал ведомстволардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын мамандары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

6. Ведомстволардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын аумақтық бөлімшелерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын мамандары - тиісті облыстың (бассейннің) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

52-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) объектілерге жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;

2) осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;

3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;

4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтата тұруға немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгізуге;

5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;

6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) су тарту құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықтау және су тұтыну шарттарын уәкілетті органмен келісу нысанына тексеруді жүзеге асыруға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-2) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;

8) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн сот шешiм қабылдағанға дейiн сақтау үшiн алып қоюға;

9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қоюға;

10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешiм шығарғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алып қоюға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;

2) аң аулау және балық аулау ережелерiнiң сақталуына;

3) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт талаптарының орындалуына;

4) жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртібінiң, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуына;

5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;

6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі iс-шаралардың орындалуына;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыру мен жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына;

8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердiң сақталуына;

9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға мiндеттi.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 53-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

53-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актілері

1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары талаптарының бұзылуының белгiлi болуына байланысты мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мынадай актiлер:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен   1-1) тармақшамен  толықтырылды  

1-1) тексеру актісі;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) мынадай:

жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы;

жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне сот шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге тыйым салу немесе көрсетiлген мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, оны тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ретте шаруашылық қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға немесе сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданыста болады;

3) мынадай:

жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған аулау құралдарын және заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерi мен олардың өнiмдерiн сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алу туралы қаулы шығарады.

2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 54-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

54-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға тиiс.

55-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiн қадағалайтын жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен құралады.

2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:

1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру;

2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;

3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткізу;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;

5) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, заңсыз аң аулау мен балық аулаудан алынған өнiмдi, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың бұдан әрi тиесiлi болуы туралы мәселенi шешу;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру құқығы берiледi.

3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау:

1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және олардың жолын кесуге;

2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзу фактілері бойынша ақпаратты, талап қою мен өзге де материалдарды уәкiлеттi және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге мiндеттi.

4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.

6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау қызметi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау туралы ережемен айқындалады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

56-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау

1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау - бекітіп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функциясын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қорықшының:

1) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейiннен оларды жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға, уәкiлеттi органға не сотқа мiндеттi түрде беру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;

2) қызметтік қаруды алып жүруге және айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;

3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға және балық аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;

4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беру үшін алып қоюға;

5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау және балық аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға беру үшін алып қоюға құқығы бар.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қорықшы:

1) бекiтілiп берiлген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге;

2) аң аулау және балық аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында жануарлар дүниесін пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кесуге;

3) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олар мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыратын әрекеттерді тоқтатуды талап етуге;

4) жануарлар дүниесi объектiлерiнің мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын және шоғырлану орындарын сақтау жөнінде шаралар қолдануға;

5) жануарлар дүниесiне ұқыпты және iзгiлiктi қарау насихатын жүргізуге;

6) жануарлар ауырған және дүлей зiлзала кезiнде қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарлар дүниесi объектiлерiне көмек көрсету жөнінде шаралар қолдануға;

7) аншлагтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

57-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады.

11-тарау. Қорытынды ережелер

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

58-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

59-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы дауларды шешу

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

60-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

61-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

2. Мыналардың:

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 18, 439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу тәртібі туралы» 1993 жылғы 21 қазандағы Қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 18, 440-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.Ә. Назарбаев