Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы
Қазақстан Республикасының 1998 ж. 9 шiлдедегі № 272-I Заңы

(2008.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 8 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган», «Табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның», «табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның», «Табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган», «табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органға», «табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «Уәкілетті органның», «уәкілетті органның», «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен кiрiспе өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Заң табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы қызметті реттейді, сондай-ақ тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің және реттелетін нарықтар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1-бап. Осы Заңның мақсаты

Осы Заңның мақсаты:

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың, сондай-ақ реттелетін нарықтардағы баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылаудың құқықтық негіздерін айқындау;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) тұтынушылар мен табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткізу болып табылады.

 

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  1-1-баппен толықтырылды

1-1-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара);09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертілді

2-бап. Осы Заңның қолданылуы

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Заң табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарға қолданылады.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың реттелетін нарықтардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады.

3. Осы Заңның күшi табиғи монополия аясына жатқызылған, бiрақ тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты iс-әрекеттi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.

3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттік реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. Реттелетін нарық субъектілері үшін осы Заңда көзделген мемлекеттік реттеу мен бақылау реттелетін нарық шегінде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеуге қатысты ғана қолданылады.

4. Осы Заңда қамтылмаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы және басқа да заңдарымен реттеледi.

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 3-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілді; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-бап. Осы Заңда  пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау - бекітілген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) және (немесе) тарифтік сметаларда амортизациялық аударымдардың есебінен көзделген қаражатты реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) пайдаланылатын тіркелген активтердегі күрделі қаржы салымдарына және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға жұмсау;

2) жалпыға бірдей қызмет көрсету - табиғи монополиялар субъектілері қызметін жүзеге асыратын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағында табиғи монополиялар субъектілерінің барлық тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуы;

3) жария тыңдау - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) немесе оның шекті деңгейінің жобасын мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып талқылау рәсімі;

4) инвестициялық бағдарлама - бір немесе бірнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған табиғи монополия субъектісінің жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;

5)  инвестициялық жоба - жаңа өндірістерді салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;

6) инвестициялық тариф (баға, алым ставкасы) - жаңадан құрылған объектілерде көрсетілетін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бір инвестициялық жобаның шеңберінде бекіткен, салынған инвестициялар толық өтелгенге дейін қолданылатын тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шекті деңгейі;

7) қаржылық сараптама - табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын және уәкілетті органның шешімдерін орындауын бағалау мақсатында оның қаржы-шаруашылық қызметін, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес өзге қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлінуін, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне қолданылатын тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) әсерін талдау, тарифтік сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау);

8) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі - мынадай: жалпы белгіленген қуаты, қоса алғанда жиырма Гкал/сағатқа дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді;

көлемі жылына 150 мың текше метрге дейін су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі;

9) қысқа мерзімді кезең - бір жылға дейінгі уақытты қоса алғанда уақыт аралығы;

10)  орташа мерзімді кезең - бес жылға дейінгі уақытты қоса алғанда бір жылдан асатын уақыт аралығы;

11) реттелетін нарықтар - реттелетін нарық субъектілері үшін осы Заңға сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары;

12) реттелетін нарық субъектісі - мыналар:

реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізіліміне енгізілген;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға енгізілген өнімді, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді  өткізетін (табиғи, мемлекеттік монополия субъектілерін және энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

13) стратегиялық тауарлар - табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын, су шаруашылығы және кәріз жүйелерін беру және тарату салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін - электр энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін - газ;

14)  стратегиялық тауарларды өндірушілер:

стратегиялық тауарларды өндіретін;

стратегиялық тауарларды өндіруге (өңдеуге) арналған шикізаттың меншік иесі болып табылатын;

Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық тауарларды тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін жеке және заңды тұлғалар;

15) табиғи монополия - көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі;

16) табиғи монополия саласы - дара кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектісі болып танылуы мүмкін көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы;

17) табиғи монополия субъектісі - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

18) табиғи монополия субъектісінің аффилиирленген тұлғасы - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектісі қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың, ауызша шартты немесе өзге мәмілені қоса алғанда, күшіне орай әсер ету мүмкіндігі бар (берілген өкілеттіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ оған қатысты табиғи монополия субъектісінің осындай құқығы бар кез келген тұлға;

19) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

20)  тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) құнының уәкілетті орган бекіткен ақшалай көрінісі;

21) тарифтік смета - уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекітетін кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері;

22) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейі - орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;

23) техникалық сараптама - қолданысқа енгізілген активтердің техникалық жай-күйін (техникалық сипаттамаларын) және активтерді жұмыс істеуі қалпында ұстауды қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізу қажеттігін, материалдық, еңбек шығындарының, өндіріс технологиясының белгіленген нормаларға сәйкестігін қоса алғанда, технологиялық процестің тиімділігін, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігін, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша негізгі құралдарды іске қосудың деңгейін және олардың дұрыс бөлінуін талдау;

24) төтенше реттеуші шаралар - азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкілетті орган қолданатын шаралар;

25) тұлғалар тобы - табиғи монополия субъектісінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп процентін иеленуші, келісім нәтижесінде бірлесіп тікелей немесе жанама шешім белгілеуге және (немесе) табиғи монополия субъектісінің қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге құқығы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы;

26) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші  жеке  немесе заңды тұлға ;

27) уақытша өтемдік тариф - табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарына өтем жасау мақсатында уәкілетті орган белгілеген тариф (баға, алым ставкасы);

28) уақытша төмендету коэффициенті - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган белгілеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;

29) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

30) ұзақ мерзімді кезең - бес жылдан астам уақыт аралығы.

 

ҚР 06.12.01 ж. № 260-II; 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 05.07.04 ж. № 568-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді ; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 4-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді

4-бап. Табиғи монополиялар аясы

1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар):

1) мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөніндегі;

2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану жөніндегі;

3) электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі;

4) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;

5) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі;

6) магистральдық темір жол желiлерiнiң;

6-1) концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің;

7) кiрме жолдардың;

8) әуе навигациясының;

9) порттардың, әуежайлардың;

10) телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтiң осы түрлерiн көрсетудiң технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар қызметi;

11) телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiлерiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі;

12) су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң;

13) почта байланысының жалпыға бiрдей қолжетiмдi қызмет көрсету жатады.

2. Уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген табиғи монополиялар аясының табиғи монополия субъектiлерi осы сала шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер қатарына жатқызу мәнiне талдау жасауды жүзеге асырады.

Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

3. Табиғи монополиялар субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып енгiзiлуге жатады.

Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттік тiркелiмге енгізу және одан шығару тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.

ҚР 13.07.99 ж. № 413-I Заңымен 5-бап толықытырылды ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред. қара) (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілді

5-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн шектеу

1. Табиғи монополия субъектiсiне:

1) қызметтер көрсетуге және:

реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;

Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгiленген;

табиғи монополия аясына жатқызылған реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен кiрiстер рынок субъектiсiнiң барлық қызметiнен күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде түскен кiрiстердiң бiр процентiнен аспаған жағдайдағы;

күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде өзге қызметтiң кiрiстерi табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнiң бес процентiнен аспаған жағдайдағы;

табиғи монополия аясында қызметтер көрсететiн (тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн болмаған жағдайдағы қызметтердi қоспағанда, табиғи монополиялар аясына жатпайтын өзге қызметтi жүзеге асыруға;

2) табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болуға;

3) мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін осы Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге жолмен қатысуға;

4) уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы алуға;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) осы Заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде таңуға;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  4-2) тармақшамен толықтырылды

4-2) пайдаланылатын стратегиялық тауарларға арналған шығыстар ұлғайтылатын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның баптарында көзделген қаражатты бес проценттен астам көтеруге жол беруге;

5) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткізу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға;

5-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге);

6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;

7) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға;

8) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгізуге;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол беруге;

9) мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге;

10) мыналар:

тарифтік сметада қамтылатын;

реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетігі, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы;

ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салынады.

1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген шектеулер осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.

26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді

6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары

Табиғи монополия субъектiсiнiң:

1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;

1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;

1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға;

1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекітуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына ұсынуға;

1-4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшін тұтынушылардан уәкілетті органмен келісілген ақы алуға;

2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгізуге;

3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға;

4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;

5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға;

5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге;

5-2) шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдану нәтижесінен туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың түбегейлі пайдаланылмаған бөлігін жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және қайта жарақтандыруға бағыттауға;

6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.

 

26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV (бұр.ред.қара)  ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді

7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi

Табиғи монополия субъектiсi:

1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға;

2) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн ескере отырып, мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларды жалпыға бiрдей қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;

2-1) тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан басқа жағдайларда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен , оның iшiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудi тең жағдайлармен ұсынуға;

3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсынуға;

4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;

5) уәкiлеттi органның талап етуi бойынша қаржы есептiлiгi мен өзге де қажеттi ақпаратты уәкiлеттi орган бекiткен мерзiмде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қағазға түсiрiлген және (немесе) электрондық жеткiзгiштер түрiнде беруге;

6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;

7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген, үш жылда бiр рет мiндеттi аудит жүргiзетiн табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзуге. Аудиторлық есеп және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық есеп бекітілген кезден бастап отыз күннен кешiктiрмей, табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс;

7-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге;

7-2) осы Заңның 6-бабының 5-2) тармағында көзделген, жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындауға;

7-3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі жұмысы туралы жыл сайын есеп беруге;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;

9) тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға;

9-1) есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алуға;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсуге;

11) уәкiлеттi органның талап етуiмен тоқсан қорытындысы бойынша тарифтiк сметаның орындалуы туралы есеп беруге;

12) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;

13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге ;

14) 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

15) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерістер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;

16) мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыруға;

17) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеуге әрi келісуге;

18) табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) орындауға;

19) көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайған кезде және еңсерілмейтін күштің, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және технологиялық бұзушылықтардың алдын алуға немесе мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындауға бағытталған жұмыстардың салдарынан шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары ұлғайтылатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар)  үшін тікелей  пайдаланатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын  бес проценттен астам көтеруге  жол бермеуге;

20) нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға міндетті, бұл ретте іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесіндегі нормативтен тыс ысыраптарды жою мерзімі бес жылдан аспауға тиіс;

21) нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендетуге;

22) нормативтен тыс ысырап болған кезде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы есепті жыл сайын 1 желтоқсанға қарай уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7-1), 10), 17) және 18) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.

 

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  7-1-баппен толықтырылды

7-1-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеу

1. Бағаларды мемлекеттік реттеу темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері және газ, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін  қызметтеріне) қолданылады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі монополияға қарсы және уәкілетті органдардың ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын белгілейді.

 

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  7-2-баппен толықтырылды

7-2-бап. Баға белгілеу тәртібі

1. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2. Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабының 1) тармақшасының бірінші абзацында және 2) тармақшасында көзделген жағдайларда  баға белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама  жүргізеді.

Уәкілетті орган бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға құқылы, оны реттелетін нарық субъектісі тиісті сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде табыс етуге тиіс.

3. Сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган босатылатын бағалар туралы хабарламаны немесе ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей,  реттелетін нарық субъектісіне:

1) бағаны көтеруге тыйым салу;

2) қолданыстағы немесе жобаланған бағаны баға белгілеу тәртібіне сәйкес негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды жібереді.

Уәкілетті орган дәлелді қорытынды шығару үшін негіздер  болмаған жағдайда бұл туралы реттелетін нарық субъектісін осы тармақта белгіленген мерзімде хабардар етеді.

Дәлелді қорытынды реттелетін нарық субъектісіне почта арқылы хабарламамен жіберіледі немесе оның өкіліне апарып беріп, қолын қойғызып табыс етіледі.

Реттелетін нарық субъектісі алған дәлелді қорытындының негізінде уәкілетті органға жіберілген хабарламада көрсетілген күннен не реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес ақпарат табыс еткен жағдайда, уәкілетті орган белгілеген күннен бастап тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тиісті бағаны белгілейді.

 

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  7-3-баппен толықтырылды

7-3 бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттері

1. Реттелетін нарық субъектілері:

1) уәкілетті органға:

бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген немесе өнімдердің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатураға енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;

өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босату бағалары туралы өнімнің монополиялық түрлері бойынша ай сайынғы ақпаратты табыс етуге;

2) алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні және өсу себебін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялы жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда)  негіздемелік материалдарды табыс ете отырып, өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде уәкілетті органға хабарлауға;

3) баға белгілеу тәртібін сақтауға;

4) осы Заңда көзделген талаптарды бұза отырып, белгіленген бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алған табысты тұтынушыларға қайтаруға міндетті.

 

8-бап. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

9-бап. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді

10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары

Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:

1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге не оларды өздерi сатып алуға және орнатуға;

2) шешiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңа шешiмдер қабылдау немесе қолданылып жүрген шешiмдердiң күшiн жою туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беруге;

3) уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ ол қабылдаған шешiмдерге сот тәртібімен шағымдануға;

4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртібімен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға;

4-1) жария тыңдауларға қатысуға;

4-2) табиғи монополия субъектісінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөніндегі тендерлерге қатысуға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.

26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді; 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11-бап. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының міндеттері

Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:

1) табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері белгілейтін техникалық талаптарды орындауға;

4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының болуы  міндетті.

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 12-бап жаңа редакцияда

12-бап. Уәкiлеттi орган

Уәкілетті органның ережесін, құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара)  ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді

13-бап. Уәкiлеттi органның функциялары

1. Уәкілетті орган:

1) табиғи монополиялар субъектілерін бақылау мен олардың қызметін реттеуді жүзеге асырады;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуіне мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асырады;

2) табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырады және жүргiзедi;

3) мемлекеттік органдар және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

4) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады;

5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарды қолдану практикасын қорытады, осы негiзде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi.

5-1) олар белгілеген тәртіппен:

табиғи монополия субъектісінің нормативтік техникалық ысыраптарын;

табиғи монополиялар субъектілерінің шикізаттары, материалдары, отындары, энергиялары шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын;

табиғи монополия субъекті персоналының нормативтік санын;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  5-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.р ед.қара)

5-2) өздері белгілеген тәртіппен:

жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен;

жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополия субъектілерінің штаттық кестелерін келіседі;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  5-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.р ед.қара)

5-3) өздері белгілеген тәртіппен:

жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен;

жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің шекті деңгейін келіседі;

5-4) табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер және басқа да жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келіседі;

5-5) 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр.р ед.қара)

5-6) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындайды;

5-7) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;

6) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара)  ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді

14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

1. Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:

1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;

2) табиғи монополиялар аясындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;

3) мемлекеттік реттеу мен бақылауды енгізу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;

4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес табиғи монополиялар қызметiн реттейтiн және бақылайтын шешiмдер қабылдауға;

5) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактілері бойынша бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;

6) табиғи монополиялар субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) реттелетін нарық субъектілеріне осы Заңның 7-3-бабында көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға  міндетті нұсқамалар енгізуге;

7) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңдарын олар бұзған жағдайда орындалуы мiндеттi нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлкiн иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;

8) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;

9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарауға, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдануға;

11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын ол белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;

12) 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр.ред.қара)

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) табиғи монополиялар субъектілеріне нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету мерзімін және шамасын белгілеуге;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыруға;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  13-2) тармақшамен толықтырылды

13-2) реттелетін нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеуге;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  13-3) тармақшамен толықтырылды

13-3) реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;

14) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн, осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемінде он екі айға белгiлеуге;

15) реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу тәртібін бекітуге;

16) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;

17) мемлекеттік органдар олардың құзыретi шегiнде белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге;

17-1) олар белгілеген тәртіпке сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшін ақы алу мөлшерін және тетігін келісуге;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  17-2) тармақшамен толықтырылды

17-2)  реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер  үшін ақы мөлшерін бекітуге;

18) ол белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiнiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсуге;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  18-1) тармақшамен толықтырылды

18-1)  қалалардағы, аудандар мен облыстардағы жылу, электр, газ тарату желілерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту жоспарларын келісуге;

19) бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарын қайта бағалауды жүргiзу тәртібі мен шарттарын бекітуге;

20) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітуге, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын және инвестициялық жобаларын iске асыру тиiмдiлігінiң мониторингiн жүзеге асыру тәртібін бекітуге;

20-1) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

21) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдары мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беруге құқылы.

2. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердiң жария етiлгенi үшiн белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II ; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-1-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-1-бап өзгертілді

14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi

1. Уәкілетті орган:

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтеру және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгізу, уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының шектерінен  асатын шығыстар баптарын  бес проценттен астамға арттыру, тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсаттан тыс пайдалану, тарифтiк сметаның шығындарының баптарын орындауда бекітілген мөлшерiнен бес проценттен артық ауытқуы арқылы келтiрген залалды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекіту туралы шешiм қабылдауға;

2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;

3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;

4) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткізуге;

4-1) тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды тарта отырып, өздерінде белгіленген тәртіппен қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге;

5) мыналардың:

тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітудiң;

тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсынудың;

уақытша төмендету коэффициентiн бекітудiң тәртібін айқындауға;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) мыналарға:

табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;

шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;

6) осы Заңның бұзылу жағдайлары және кінәлі адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге міндетті.

2. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап жаңа редакцияда; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара)  ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді

15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу

1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу:

1) тарифтi (бағаны, алымдар ставкасын) бекітумен;

1-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекітумен;

1-2) инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекітумен;

2) тарифтiк сметаны бекітумен;

3) уақытша төмендету коэффициентiн бекітумен;

4) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекітумен;

5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзудiң тәртібін бекітумен;

6) есепке алу саясатын келiсумен;

7) уақытша өтемдiк тарифтi бекітумен жүзеге асырылады.

2. Өндірістің құрамдастырылған үлгiсіндегі станцияларда жылу энергиясын өндiретiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу жылу және электр энергиясын шығарудың технологиялық режимiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, кешендi тәсiл және бәсекелес рынокта электр энергиясына бағаларды қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік реттеудің оңайлатылған тәртібі қолданылады.

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-1-бап өзгертілді

15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейiн қалыптастырудың тәртібі

1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну (тауар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда табу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.

2. Уәкiлеттi орган тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiткен кезде шығындарды қалыптастырудың мынадай ережелердi:

1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеудi;

2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар шегінде табиғи монополия субъектісі шығыстарының баптарын шектеуді;

3) тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) немесе оның шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеудi;

4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн пайданы шектеудi;

5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсудi;

6) негiзгi құралдарды қайта бағалауды және табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделген амортизациялық аударым қаражаттарын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртібін қолданады.

Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін Уәкілетті орган бекiтедi.

2-1. Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді

16-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларын табыс ету тәртібі

1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекіту қажет болған жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қарауға өтiнiм жасайды.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтiк сметалардың және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген (аз қуатты табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) және нормативтен тыс ысырап болған кезде, оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тоқсан күннен кешіктірмей өтiнiммен бiрге табыс етуге мiндеттi.

Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым ставкасын) қарауға өтiнiмдi ол қолданысқа енгiзiлуден бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.

Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектiсi экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бiр ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекіту үшiн өтiнiм беру кезіндегідей көлемде табыс етуге мiндеттi.

3. 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

17-бап. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының)

немесе олардың шекті деңгейлерінің және тарифтік

сметаларының жобаларын қарау тәртібi

1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын өзгертуге өтінімдерді қарауға қабылдаған жағдайларда уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің және тарифтік сметаларының жобаларына сараптама жүргізеді.

Сараптама жүргізген кезде тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктері, жобаны ұсынған табиғи монополиялар субъектілері тартылады.

2. Уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымдарында:

1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерін жалпы тәртіппен бекіту кезінде кемінде он бес күн бұрын;

2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекіту кезінде кемінде жеті күн бұрын жария тыңдауларды өткізу күні мен орны туралы ақпаратты жариялауға міндетті.

Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар қолданылмайды.

Жария тыңдаулар:

1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейлерін бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде отыз күн бұрын;

2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде он бес күн бұрын;

3) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде жеті күн бұрын;

4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде бір күн бұрын өткізіледі.

Табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізудің күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:

реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын;

реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтерудің себептері туралы экономикалық негізделген есептері бар ақпаратты беруге міндетті.

Жария тыңдаулар өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкілетті орган елу бес күн ішінде, ал тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі бекітілген жағдайда уәкілетті органның талаптарына сәйкес экономикалық негізделген есептер берілген жағдайда жүз алпыс бес күн ішінде қарайды. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын қарау мерзімі өтінім берілген кезден бастап есептеледі.

4. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкілетті орган он күн ішінде қарайды.

5. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкілетті органның төтенше реттейтін шаралар түрінде қабылдайтын шешімдеріне қолданылмайды.

6. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің талаптары қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту туралы шешімдерге қолданылмайды.

 

26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгертілді

18-бап. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту туралы

1. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды

2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту туралы шешiм табиғи монополия субъектiсiне олар күшiне енгiзiлетiн сәтке дейiн кемiнде отыз бес күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде он күн бұрын жiберiлуге тиiс.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту, төтенше реттелетін шаралар ретінде тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды бекітуді және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екі айда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

Төтенше реттелетін шаралар ретінде бекітілген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу уәкілетті орган айқындаған күннен бастап жүзеге асырылады.

4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемінде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын жеткізуге мiндеттi.

5. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекіту:

1) жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына);

2) осы Заңның 4-бабы 2-тармағына сәйкес енгiзiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерiне;

3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлiп қойған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) жаңа түрлерiне;

4) егер табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қолданылып жүрген тарифтер объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекітілген болса, жаңа объектілерге және (немесе) учаскелерге жүргізіледі.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiм жасауға мiндеттi.

Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекіту тәртібін осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган айқындайды.

Оңайлатылған тәртiппен бекітілген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізумен бiр мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.

5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер - табиғи монополия субъектiсiнiң конкурстық массасын сатудың нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе конкурстық өндiрiс процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекітуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.

6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекіту осы Заңда белгiленген жалпы тәртiппен жүзеге асырылады.

7. Уәкiлеттi орган тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекiткен кезде тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) белгiлi бiр шамасының қолданылу мерзiмi белгiленедi.

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-1-бап өзгертілді

18-1-бап. Табиғи монополия аясындағы мемлекеттік бақылау

1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында уәкiлеттi орган:

1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иелiгiнен айыратын мүлiктiң немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 процентiнен асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өсуiне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыруға және (немесе) оның мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға;

2) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалдайтын немесе өзiне берiлетiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына;

2-1) мүлiктi жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 процент астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;

3) табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңда рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына;

4) табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (үлестер) сатып алуына, сондай-ақ оның осы Заңмен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына;

4-1) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) оннан астам процентiн сатып алуына;

5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына бақылауды жүзеге асырады.

1-1. Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді.

2. Осы баптың 1-тармағының 1)-4), 5) тармақшаларында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға осындай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келісім беру туралы өтiнiмдi ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.

Өтiнiм беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.

Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2) - 4), 5) тармақшаларында аталған іс-әрекеттерді жасау үшін уәкілетті органға алдын ала ақпарат жолдауға міндетті.

Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн жеке немесе заңды тұлға ақпаратты уәкiлеттi органға алдын ала жолдауға мiндеттi.

3. Табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға келісім алу үшiн мынадай шарттардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге мiндеттi:

1) осы қызметтен табиғи монополия субъектiсi алатын табыстар оның жүзеге асырылуына қажеттi шығындарды жабуға тиiс;

2) қызметтi жүзеге асыру тиiстi қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногында бәсекелестiктi шектеуге әкеп соқпайды.

Табиғи монополия субъектiсi осы тармақта көзделген шарттардың орындалуы туралы есептi уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша тоқсан сайын ұсынуға мiндеттi.

4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамауға құқылы.

5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.

6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртібімен шағымдана алады.

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-2-баппен толықтырылды

18-2-бап. ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-3-баппен толықтырылды; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 18-3-бап өзгертілді

18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру және тарату

1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.

2. Табиғи монополия субъектiсiн - заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеудi және қайта тiркеудi, сондай-ақ оның қызметiн тоқтатуды тiркеушi орган уәкiлеттi органмен алдын ала келiсу арқылы ғана жүзеге асырады.

3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-4-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара) ; 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 18-4-бап өзгертілді

18-4-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң сатып алуды жүзеге асыруы кезіндегі мемлекеттік бақылау

1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.

2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:

1) тендер рәсiмдерiн өткізудiң ашықтығы мен жариялылығы;

2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;

3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестiк принциптерiн сақтай отырып өткiзедi.

2-1. Табиғи монополия субъектісі:

электр энергиясы мен қуаттылықтың орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткізу жағдайы болмаған кезде тиісті тауар нарығында электр энергиясы тапшы болған;

газ тапшы болған кезде оның импортын жүзеге асырушы ұйымнан газ сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды тікелей стратегиялық тауарларды өндірушілерден сатып алуды жүзеге асырады.

тұтынушыларға ұсынылатын электр энергиясының көтерме нарығына қатысудың шарттарына табиғи монополиялар субъектісінің сай келмеуі;

электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын сатып алу;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Сатып алуды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Бұл талап сатып алуды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес;

акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті  ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополия субъектілері жүргізген жағдайларға қолданылмайды.

Жанама тиесілілік табиғи монополия субъектілері акцияларының (қатысу үлестерінің) үшінші тұлғалар арқылы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі екенін білдіреді.

3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  жағдайларда, табиғи монополия субъектісі екі кезеңдік рәсімдерді, баға ұсыныстары сауалын қолдану арқылы бір көзден, жабық тендерден, тендерден сатып алуды жүзеге асыра алады.

5. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi уәкілетті орган белгiлеген шектi мөлшерден асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбiрек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкіметі белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.

6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.

7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңдарын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткізуге мiндеттеуге құқылы.

8. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берген өтiнiмiн, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, қабылдамай тастауға құқылы.

9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықтардағы, спот рыногындағы электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-5-баппен толықтырылды

18-5-бап. Табиғи монополиялар субъектілерін тексеру

1. Уәкілетті орган жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкін.

2. Табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлы тексеруді уәкілетті мемлекеттік орган жылына бір реттен жиі жүргізбейді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлы тексеруді уәкілетті орган үш жылда бір реттен жиі жүргізбейді.

3. Жыл сайын уәкілетті органның басшысы бекітетін уәкілетті органның жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргізуге негіз болып табылады. Жоспарда тексерулер жүргізілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесі және оларды жүргізу кезеңі қамтылуға тиіс.

4. Уәкілетті органның табиғи монополия субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізуге мыналар негіз болады:

1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымдарында жазылған расталған фактілер;

2) мемлекеттік органдардың ақпараты;

3) құқық қорғау органдарының хабарламалары;

4) басқа мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулер;

5) уәкілетті органның өз бастамасы;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары.

5. Осы баптың 4-тармағында көзделген негіздер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылық фактілеріне тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды;

2) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылық фактілеріне тексеру жүргізуден бас тартады.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-6-баппен толықтырылды

18-6-бап. Табиғи монополиялар субъектілеріне тексеру

жүргізудің тәртібi

1. Табиғи монополиялар субъектілерін тексеру уәкілетті орган тексеру жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін жүргізіледі. Уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешімінде:

1) уәкілетті органның атауы, тексеру тағайындау жөнінде өкілеттігі бар адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы мен оның қолы;

2) тексерулер тағайындау туралы актінің шығарылған күні мен уәкілетті органның журналы бойынша тіркеу нөмірі;

3) тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның тегі мен аты-жөні;

4) салық төлеуші - табиғи монополия субъектісінің атауы, тұрған жері және тіркеу нөмірі;

5) тексеру түрі;

6) тексеру мәселесі;

7) тексеру жүргізу мерзімі;

8) тексеру тағайындаудың негіздемесі;

9) табиғи монополия субъектісінің құжаттарын белгілі бір уақыт мерзімінде зерделеу қажет болған жағдайда тексерілетін кезеңі;

10) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін өткен жылғы (өткен жыл деп тексеру жүргізу кезіндегі күнтізбелік жыл түсініледі) жүргізілген тексерулері туралы ақпарат;

11) табиғи монополия субъектісіне тексеру жүргізудің негізгі міндеттері мен мақсаттары көрсетілген тексеру бағдарламасы, табиғи монополия субъектісін тексеру барысында анықталуға тиісті мәселелер тізбесі мен жағдаяттар аясы қамтылуға тиіс.

2. Уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешіміне басшы қол қояды және ол уәкілетті органның мөрімен расталады.

3. Табиғи монополиялар субъектілеріне тексеру жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы табиғи монополиялар субъектісінің басшысына немесе оны ауыстырушыға уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешімін және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.

4. Тексеру жүргізу туралы шешімді және қызметтік куәлікті көрсеткен кезде табиғи монополиялар субъектісі уәкілетті органның лауазымды адамын өздеріне тиесілі аумаққа немесе үй-жайға жіберуге және тексерілетін табиғи монополиялар субъектісінің лауазымды адамдарынан, басшылары мен басқа да қызметкерлерінен тексеру жүргізу үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды сұрату және оларды алу мен тексеру барысында пайда болатын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсіндірмелер алу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.

5. Табиғи монополиялар субъектілеріне тексеру жүргізетін уәкілетті органның лауазымды тұлғасының тиісті аумаққа немесе үй-жайға енуіне кедергі жасалған және ақпараттарды, құжаттар мен түсініктемелерді бермеген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік іс қозғалады.

6. Табиғи монополия субъектісіне тексеру жүргізу мерзімі алда тұрған жұмыстардың және қойылған міндеттердің көлемін ескере отырып белгіленеді, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

Мән-жайларды қосымша тексеру қажет болған жағдайда, тексеру мерзімі уәкілетті органның шешімімен күнтізбелік отыз күнге ұзартылуы мүмкін.

Табиғи монополия субъектісін тексеру мерзімін ұзартуды тексеру жүргізетін уәкілетті органның басшысы жүргізеді.

7. Тексеру табиғи монополия субъектісін тексеру қорытындылары туралы анықтаманы жасаумен аяқталады.

Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға табиғи монополия субъектісін тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам және тексерілетін табиғи монополия субъектісінің басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қояды.

8. Тексерілетін табиғи монополия субъектісінің басшы немесе оны ауыстыратын адам ерекше пікірлерін жазбаша түрде білдіруге құқылы, ол тексеру қорытындысы туралы анықтамаға қоса беріледі.

9. Тексерілетін табиғи монополия субъектісінің басшысы немесе оны ауыстыратын адам тексеру қорытындылары туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, табиғи монополия субъектісін тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға тексеру қорытындысы туралы анықтамаға тиісті жазба енгізеді.

10. Тексеру қорытындылары туралы анықтаманың екінші данасы табиғи монополия субъектісін тексеру аяқталған соң қол қойғызып алу арқылы табиғи монополия субъектісінің басшысына немесе оны ауыстыратын адамға, ал олар болмаған жағдайда - тексерілетін табиғи монополия субъектісінің кеңсесіне, анықтаманы қабылдап алған табиғи монополия субъектісі қызметкерінің тегін және лауазымын көрсете отырып, қол қойғызу арқылы тапсырылады. Тексеру қорытындылары туралы анықтаманы беру не кеңсеге тапсыру мүмкін болмаған жағдайда тексеру қорытындылары туралы анықтама табиғи монополия субъектісіне почта арқылы тапсырылғандығы хабарланатын тапсырыс хатпен жіберіледі.

11. Табиғи монополия субъектісін тексерудің нәтижелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-7-баппен толықтырылды

18-7-бап. Табиғи монополия субъектісін тексеру нәтижелерi бойынша уәкілетті органның шешімi

Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін тексеру қорытындылары туралы анықтаманы қарау нәтижелері бойынша:

1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздердің жоқтығы туралы қорытынды жасайды;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;

3) табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактілерін жою туралы нұсқама шығарады;

4) материалдарды қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарау үшін құқық қорғау органдарына береді;

5) материалдарды қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін өзге де мемлекеттік органдарға береді.

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертілді

19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары

1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополия субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары:

1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;

2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;

3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға;

4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi.

2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешiм қабылданған күнгi қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiне өзi жүргiзген тексеру материалдары негiзіндегі , сондай-ақ табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау қорытындысы бойынша уақытша өтемдiк тарифтi белгiлейдi. Уақытша өтемдiк тарифтi енгізу тексеру жүргiзiлген айдан кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге айырылады.

ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен 19-1-баппен толықтырылды

19-1 бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарын табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары шешiмдерде (ұйғарымдарда) көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды.

2. Мемлекеттік органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру жөніндегі ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайдағы қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiн ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 21-бап өзгертілді; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

21-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалды өтеуi

Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтеру, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 22-баппен толықтырылды; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

22-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу

Егер табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.

2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 23-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

23-бап. Өтпелі ережелер

Реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларды жасалған шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарымен (суды есепке алатын жеке аспаптармен) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етуге міндетті.

Табиғи монополия субъектілері нормативтен тыс ысырап болған кезде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын 2009 жылғы  1 наурызға дейін әзірлеуге міндетті.

Реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері және реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтынушылар 2009 жылғы 1 тамызға дейін үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға  міндетті.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев