Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулысы
(2008.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасын одан әрі іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға іс-шаралар жоспарының 1.6., Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 81-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жыл сайын 15 ақпанға және 15 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Орталық атқарушы органдар (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері (коммуналдық меншік бойынша) жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 620 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік активтерді басқарудың
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
3. Мемлекеттік активтерді басқарудың қазіргі жай-күйін талдау
3.1. Мемлекеттік активтерді есепке алу
3.3. Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару
3.4. Мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғамдардың
акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің
3.4.1. Ұлттық компанияларды басқару
3.4.2. Даму институттарын басқару
3.5. Мемлекеттік мекемелерді басқару
3.6. Меншіктің мемлекеттік мониторингі
3.8. Жекешелендіруден кейінгі бақылау
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерi
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігi
5.1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу жүйесін жетілдіру
5.2. Заңнамалық базаны жетілдіру
5.3. Мемлекеттік активтерді басқару саласындағы қағидаттар мен басымдықтар
5.4. Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік
5.5. Мемлекеттік холдинг және Басқарушы компания
5.6. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
5.7. Дивидендтік саясатты жетілдіру
5.8. Меншіктің мемлекеттік мониторингі міндеттерін
5.9. Мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесін айқындау
5.10. Мемлекеттік жекешелендіру саясатын іске асыру
жөніндегі негізгі қағидаттар мен шаралар
5.11. Жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру
5.12. Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын
акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) басқару
органдарында мемлекет мүддесін білдіретін лауазымды
тұлғалардың олардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі
қорытындылары, мемлекеттік мүліктің мақсатты және тиімді
пайдаланылуы үшін жауапкершілігін арттыру
5.13. Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау
пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік
қоғамдардың (серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижелерін бақылау тетігін жетілдіру
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары
Бағдарламаның атауы | Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006- 2008 жылдарға арналған бағдарламасы |
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме | Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 1.6., Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 81-тармақтарына сәйкес әзірленді. |
Негізгі әзірлеуші | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi |
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері | Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай бірінші кезекті міндеттердi орындау қажет. 1. Мемлекеттік мүлік құрамын анықтау және мемлекеттік заңды тұлғалар, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегi қазақстандық холдингі» АҚ, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ, өңірлік әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялар алдына қойылған міндеттерді орындау үшін оны бекітіп беру. 2. Мемлекеттік активтерді есепке алудың бірыңғай базасын құру. 3. Заңнамалық базаны жетілдіру |
Iске асыру мерзімі | 2006-2008 жылдар |
Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері | Бағдарлама мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды талап етпейді |
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже | Қабылданатын шаралар нәтижесінде мемлекет активтерін басқарудың ашық жүйесі, мемлекеттік меншіктің бірыңғай дерекқоры құрылады, мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі ұйымдардың оңтайлы саны айқындалады. Рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту немесе олардың банкроттығы туралы шешімдер қабылдау жөніндегі тетіктер әзірленеді. Мемлекеттік активтерді тиімді басқару жөнінде жаңа институттардың құрылуы мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыруға және қор нарығын дамытуға ықпалын тигізеді. Осы Бағдарламаны орындауға бағытталған шараларды іске асыру барысында 2006-2008 жылдар ішінде мемлекеттік мүлікті пайдаланудан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің сомасы нақтыланатын болады |
«Қазақстан 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыруда Қазақстан Республикасының Yкіметі қабылдап жатқан шаралар мемлекеттік мүлікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және жетілдіруге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы экономикасының серпінді дамуы мемлекеттік активтерді басқару саясаты саласында айқындалған басымдықтарды үнемі қайта қарауды талап етеді.
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 1.6-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін әзірленді.
Қалыптастырылуы мемлекеттің функциялары мен мүдделеріне негізделуге тиіс мемлекеттік мүліктің құрамын нақтылау, мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін бағалау өлшемдерін нақтылау және оны есепке алу жөнінде бірыңғай базаны қалыптастыру бүгінгі күні мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы неғұрлым өзекті міндеттер болып табылады.
Бүгінгі күні мемлекет активтері тізбесінің айқындалмағанын ескере отырып, осы бағдарламаның нысаны ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін (мемлекеттік активтер) басқару мәселелерін айқындауды орынды деп санаймыз.
3. Мемлекеттік активтерді басқарудың қазіргі жай-күйін талдау
Республикадағы 90-жылдары жүргізілген кең ауқымды жекешелендіру салдарынан республиканың экономикасындағы жеке сектордың үлесі елдің жалпы ішкі өнімінің 85 пайызына дейін ұлғайды.
Сонымен бірге, 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет еншілес кәсіпорындарды қоса алғанда, 537 мемлекеттік республикалық кәсіпорынның және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 1749 мекеменің; 4255 коммуналдық кәсіпорынның және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын 13 639 мекеменің меншік иесі болып табылады.
Республикалық мемлекеттік меншікте ұлттық компаниялар мен даму институттары акцияларының пакеттерін қоса алғанда, 177 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакеттері, қатысу үлестері бар. Коммуналдық мемлекеттік меншікте 243 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакеттері, қатысу үлестері бар.
Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мақсатында Үкіметтің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 және 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулыларымен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдары құрылды.
Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру мақсатында 2003-2005 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша, оның ішінде мемлекеттік активтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін бағалау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 шілдедегі № 636 және 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 315 қаулыларымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтерін айқындау, келісу және бекіту ережесіне шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын мемлекеттік бюджетке аудару нормативтерін келісу кезінде мемлекеттік басқару органдарының Қаржы министрлігіне (жергілікті - қаржы органдары), өндірісті дамытуға жоспарланған жылдың таза табысының нақты бөлігін пайдалану қажеттілігіне экономикалық негіздеме беру бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың әкімшілік шығыстарына мониторинг жүргізу тетігі айқындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысымен мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру тәртібі бекітілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 630 қаулысымен біріккен-бақыланатын ұйымдар қызметін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысатын заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне мониторингті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ қолданыстағы қаржылық ақпарат нысандарын жетілдіру мақсатында «Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 135 бұйрығы шығарылды.
Мемлекеттік кәсіпорындар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында республикалық меншік объектілерінің қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерін мониторингтеу жүйесі құрылғанын және ойдағыдай жұмыс істеп тұрғанын атап өту қажет.
«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңы қабылданған. Заң қызметі еліміздің экономикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің негізін құрайтын ірі кәсіпорындарда болып жатқан процестер туралы шынайы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мемлекеттік активтерді басқару бойынша ағымдағы жағдайды талдау бірқатар проблемаларды, оның ішінде мемлекеттік органдар тарапынан, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдарды (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді) басқару органдарында мемлекет мүдделерін білдіретін лауазымды адамдар тарапынан мемлекеттік активтерді тиімді басқарудың жеткіліксіздігін анықтады.
Ұйымның қызметі мен кіріс көздерін талдау, олардың құрылған кезде шешу жүктелген міндеттердің орындалмағанын (тиісінше орындалмағанын) анықтады.
Жекелеген ұйымдардың, оның ішінде акционерлік қоғамдардың кіpісі, негізінен, мемлекеттік органдарға қызметтер көрсету есебінен қалыптасады.
Кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың теңгерімінде едәуір артық және өз мақсатында пайдаланылмайтын мүлік бар.
Ұйымдардың залалды қызметінің нәтижесінде шаруашылық жүргізу құқығында берілген мемлекет мүлкінің құнын және мемлекетке тиесілі акциялардың теңгерімдік құнын азайтуға ықпал еткен меншікті капитал мөлшері азайды.
Бірқатар ұйымдардың талап ету мерзімі бір және одан да көп жыл бұрын өткен дебиторлық берешегі бар. Мұндай жағдай ұйымдардың қаржылық жағдайына барынша теріс әсерін тигізеді.
Жекелеген мемлекеттік органдарда өздеріне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметі туралы ақпарат жоқ, олармен байланыс үзілген, атқарушы органдар жұмыс істемейді.
Мемлекеттік органдар жұмыс істемейтін ұйымдарды Заңды тұлғалар тізілімінен шығару жөнінде қажетті шараларды қабылдамайды. Сондай-ақ, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына, коммуналдық меншікке берілуіне байланысты Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар уақтылы енгізілмейді.
Бұдан басқа, бүгінгі күні мемлекеттік активтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтамауы салдарынан туындаған проблемалар, атап айтқанда:
Республикалық кәсіпорындар мен республикалық мекемелерге бекітілген меншікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықтың бұзылуы;
тіркеуші органдарда жылжымайтын мүлік объектілеріне мүліктік құқықтарды тіркеудің болмауы;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік республикалық кәсіпорындарға бекітілген мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру жөніндегі талаптардың сақталмауы;
жарғылық және резервтік капиталдарды қалыптастыру (өзгерту) бөлігіндегі талаптардың сақталмауы;
қаржы-шаруашылық қызметті жоспарлаудың төмен деңгейі және ұйымдардың жоспарланған көрсеткіштерді орындамауы;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың нормативтік құқықтық кесімдерде белгіленген ақпаратты уақтылы, сапалы және (немесе) толық емес көлемде беруі;
ұйымдардың кейбір әкімшілік шығыстар бойынша лимиттерді, оның ішінде қызметтік жеңіл автомобильдердің тиесілілік нормативтерін, әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормативтерін сақтамауы;
ұйымдардың бухгалтерлік қызмет қызметкерлері біліктілігінің төмен деңгейі және олардың бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнама талаптарын орындамауы белгіленді.
Осылайша, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты іс-шараларды әзірлеу қажет.
3.1. Мемлекеттік активтерді есепке алу
Мемлекеттік активтерді тиімді басқарудың аса маңызды шарттарының бірі оның жағдайы туралы толық ақпаратты білу болып табылады.
Мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүргізу «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімінде (Тізілім) регламенттелген.
Тізілімнің құрылымы мемлекеттік активтерді басқару саласында айқындалатын мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оңтайландырылады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Тізілім құрылымына «Қаржылық ақпарат» ақпараттық блогы біріктірілді, бұл мерзімді қаржылық есептілік және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (олардың еншілес ұйымдарының), акцияларының пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі шаруашылық серіктестіктер), сондай-ақ ұлттық компаниялардың, олардың тәуелді және бекітілген нысандар бойынша бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларына дерекқорды жасауға және жүргізуге арналған.
Сонымен қатар, мемлекеттік активтерді есепке алу жүйесіндегі негізгі проблемалардың бірі республикалық және коммуналдық меншіктегі мемлекеттік активтерді есепке алу жөнінде уәкілетті органдар арасында өзара іс-қимылдың нақты тәртібінің болмауы.
Осыған байланысты, жалпы алғанда мемлекеттік активтерді барынша толық, дұрыс және жүйелі есепке алуды қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қалады: «оn-line» режимінде коммуналдық және республикалық меншіктің құқық субъектілеріне Тізілімге қол жеткізуге рұқсат беру арқылы республикалық және коммуналдық меншік бойынша және мемлекеттік меншік объектілерін есепке алу жөнінде бірыңғай дерекқор қалыптастыру.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында мүліктік қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық кесімдер - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары; «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық кесімдер қабылданды және жұмыс істейді.
2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру шеңберінде заңнамалық базаны қалыптастыру және жетілдіру жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілді.
Сонымен бірге, заңнамалық база одан әрі жетілдіруді қажет етіп отыр.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік активтерді басқару саласындағы міндеттердің бірі қоғам мен мемлекеттің нақты қажеттіліктеріне негізделе отырып, мемлекеттік кәсіпорындардың санын оңтайландыру болып табылады.
Бұл ретте, «мемлекеттік кәсіпорын» ұйымдық-құқықтық нысаны басқа ұйымдық-құқықтық нысанды пайдалану мүмкін болмаған жағдайларда қолданылуға тиіс. Мемлекеттік кәсіпорындардың мақсаты мемлекеттің мүдделерін іске асыруға, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігіне байланысты оның маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге арналған. Бұдан мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі өз қызметінің барынша жоғары кірістілігіне қол жеткізуге бағытталған коммерциялық мақсаттарға ғана негізделуге тиіс емес деп айтуға болады.
Алайда, заңнамаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру жолымен таза кіріс алуға бағытталған және мемлекеттік кәсіпкерлік ретінде түсініледі.
Заңнаманы талдау бүгінде шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы, қызметтің ұқсас түрлерін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) жұмыс істеуге тиіс қызметтер салалары соңына дейін айқындалмағанын көрсетті.
Бұдан басқа, қазыналық кәсіпорындар қызметін мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда жүзеге асыруы мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік монополия шаруашылық жүргізу тек қана мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заң актілерінің негізінде, сондай-ақ бәсекелестікті енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп, мемлекеттің жоғары лауазымды адамдарының қауіпсіздігі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіптік кешен мүдделерін қамтамасыз ету тұрғысынан орынсыз болатын жағдайларда жүзеге асыратын қызмет саласы түсінілетіні заңды түрде айқындалған.
Мемлекеттік сатып алу процесін қамтамасыз ету үшін құрылатын ақпараттық жүйелер саласында шаруашылық жүргізуді жүзеге асыруда мемлекеттік монополия болып табылады.
Мемлекеттік монополия субъектілерінің тізбесі және осы субъектілер монополиялық жағдайды иеленген салаларды Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
Сонымен қатар, сауда қызметін реттеу саласындағы мемлекеттік монополия тауарларды әкетумен және (немесе) әкелумен айқындалады, ол Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Үкіметі ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған шаруашылық субъектілеріне құқық беру түрінде немесе жеке тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге арналған конкурстық негізде жүзеге асырылатын сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік емес шарасын ұсынады. Бұл ретте, жеке тауарларды әкету және (немесе) әкелу мемлекеттік монополия тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді лицензиялау негізінде жүзеге асырылады. Оларға қатысты мемлекеттік монополия енгізілетін жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді жүзеге асыруға арналған лицензиялар Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Yкіметі ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес немесе кемсітпеу қағидаттары және адал коммерциялық тәжірбие негізінде тауарларды әкету және (немесе) әкелу жөніндегі операцияларды жасауға міндетті мемлекеттік кәсіпорындарға беріледі.
Осыған байланысты мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің түрлерін түгендеу жөнінде жұмыс жүргізу шеңберінде мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істеуі және оларды құрған кезде мемлекет негізге алатын мақсаттар айқындалуы тиіс қызмет саласын нақты анықтау қажет. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің салаларын заңнамалық деңгейде регламенттеуді белгілеу осы жұмыстың қорытындысы болады.
Заңнамаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге жұмсаған шығындарының толық өтелуін, оның қызметінің шығынсыздығын және өз кірісі есебінен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Ал қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын мемлекеттік басқару органы белгілейді.
Бұл ретте, қазыналық кәсіпорынның қызметі мемлекеттік тапсырысты бөле отырып, мемлекеттік басқару органы бекітетін смета бойынша өз кірісі есебінен қаржыландырылады, қазыналық кәсіпорынның сметадан тыс алған кірісі тиісті бюджетке аударылуға тиіс.
Қазыналық кәсіпорындар кірістер мен шығыстарды бухгалтерлік есепте мойындайтынын және қаржылық есептілікті есептеу әдісіне сәйкес жасайтынын атап өту қажет, ал смета кассалық әдіс негізінде жасалады. Осылайша, қаржылық есептілікте көрсетілген кіріс сметада көрсетілетін кіріске сәйкес келмейді.
Өз қызметін жүзеге асыру кезінде шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындардың алдынан тағы бір проблема туындайды. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығына негізделгең мемлекеттік кәсіпорынның резервтік капиталының қаражаты тек шығындарды жабуға, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға, кәсіпорынның өзге қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік кредиттерді өтеуге және кәсіпорынның өзге қаражаты жетпеген жағдайда, олар бойынша сыйақыны (мүддені) төлеуге пайдаланылады. Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамаға сәйкес резервтік капиталды кредиттерді өтеуге және олар бойынша сыйақыларды төлеуге пайдалануға болмайды.
Жазылғанның негізінде, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қайта қарау қажет.
Бүгінгі таңда жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорындарды, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды таратудың оңайлатылған тәртібін регламенттейтін заң жобасы әзірленді.
«Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының жеке заң нормаларына акционерлік қоғамдардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету бөлігінде, сондай-ақ қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
3.3. Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17 қазанда жарияланған «Қазақстан-2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында (Жолдау) жеке сектор үшін тартымсыз болып табылатын қоғамдық қажеттіліктер бар екендігі айтылады. Мұндай жағдайларда және соңғы шара ретінде осы қажеттіліктерді қамтамасыз етуді мемлекет өз мойнына алады. Осы тезисті дамыту Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы (Тұжырымдама) мен 2010 Стратегиясында өзінің қисынды жалғасын тапты.
Қазіргі уақытта қоғамдық қажеттіліктерді орындауды қамтамасыз ету мемлекеттік кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылады. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады деп белгіленген, бұдан басқа, мемлекеттік кәсіпорындар құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін қызмет салалары айқындалған.
Бұл ретте, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың бірқатары өндірістік қызметті жүзеге асырмайды, оларға берілген қайта ұйымдастырылған кәсіпорындардың кредиторлық берешегін өтеу үшін дебиторлық берешекті өндіріп алумен айналысады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін талдау олардың іс жүзінде жүзеге асыратын қызметті Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысында көрсетілген қызмет түрлеріне, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейтінін көрсетті.
Сондай-ақ, кейбір коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік орган функцияларын беру орын алып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындаудың желілік кестесіне (одан әрі - Желілік кесте) сәйкес 2005 жылы жүргізілген мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
оперативтік басқару және шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істеуі тиіс қызмет ету салаларының қайталануы орын алып отыр;
қазіргі нормативтік-құқықтық база жетілдіруді талап етеді.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, мемлекеттік кәсіпорындардың санын мемлекеттің нақты қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін негізге ала отырып оңтайландыру қажет.
Осы жұмыс мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін регламенттейтін қолданыстағы заңнаманы қайта қарау жолымен де жүзеге асырылады.
Оңалту немесе банкроттық туралы шешім қабылдау кезінде бірыңғай өлшемдерді қолдану, сондай-ақ конкурстық басқарушыларды тарту тетігін жетілдіру үшін оңалту мен қайта құрылымдау рәсімдерін қолдану ықтимал рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі, олардың төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг және талдау жүргізу тетігі айқындалады.
Жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді ұйымдастыру ықтимал рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындардың дерекқоры қалыптасады, дағдарысқа қарсы басқарудың, оны қазіргі Қазақстанның жағдайына бейімдеудің әлемдік тәжірибесі зерттелетін болады. Шығынды мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін қайта қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде оларға қатысты соңғы қадам банкроттық рәсімін қолдануға болады.
3.4. Мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғамдардың
акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің
қатысу үлестерін басқару
Мемлекеттің акционер (құрылтайшы) немесе қатысушы ретінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы осы заңды тұлғаларға қатысты меншік құқығын іске асыру кезінде мемлекет өзі үшін айқындаған мақсаттарға байланысты.
Желілік кестеге сәйкес 2005 жылы оларды бәсекелі ортаға беру үшін бейінді емес функцияларын анықтау нысанына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметіне талдау жүргізілді.
Өндірілетін өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын төмендету мақсатында компаниялар көмекші және қамтамасыз етуші функцияларды орындауды бәсекелі ортаға береді. Бұдан басқа, бейінді емес қызмет түрлерін босату жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржы-шаруашылық қызметін талдау басқарудың тиімсіздігін, даму жоспарларының болмауын, қоғамдардың қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі шараларды уақытында қабылдамауын, акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетіп отыр.
Мемлекеттік меншіктің құрамы мен құрылымын одан әрі оңтайландыру мақсатында бейінді емес активтерді бәсекелі ортаға беру жөніндегі жұмыстар жалғасады, соның ішінде аутсорсинг әдісімен, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 58 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың қызмет түрлеріне талдауды жүзеге асыру үшін әдістемелік ұсынымдар да қайта қаралатын болады.
Акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің құрамын талдау оның тиімді жұмыс істеуі үшін олардың құрамына тәуелсіз директорларды барынша кеңінен тарту қажет, бұл ретте олардың құрамынан мүмкіндігінше әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді шығару керек. Заңнамаға сәйкес директорлар кеңесінің құзыретіне төлемеу тәуекеліне және залал келудің туындауына байланысты бірқатар мәселелер бойынша шешім қабылдау кіреді. Алайда осындай шешім қабылдауға қатысты директорлар кеңесі мүшелерінің жауапкершіліктері айқындалмаған. Бұдан басқа, директорлар кеңесі мүшелерінің оны құрғанда айқындалған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуге тиіс қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындауға қатысты жауапкершіліктері айқындалмаған.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабында қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі аудит қызметінің құрылу мүмкіндігі көзделген. Осы Заңда ішкі аудит қызметін құру міндеті көзделмегендіктен, осы қызмет акционерлік қоғамдардың бәрінде көзделмеген. Осы ретте ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін іріктеу өлшемдері айқындалмаған, ішкі аудиттің кәсіптік стандарттарының болмауы акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылаудың нашар болуының тікелей себептерінің бірі болып табылады.
Таяудағы перспективада орын алған кемшіліктерді, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен де жою қажет.
Акционерлік қоғамдардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің олардың кіріс бөлігін қалыптастыру, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру және кадр саясаты бөлігінде қызметінің айқындылығын және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін реттейтін тиісті нормативтік құқықтық кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
3.4.1. Ұлттық компанияларды басқару
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық экономиканың негізін құрайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша стратегиялық жағынан маңызды салаларда құрылған акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық кесімдерінде көзделген жағдайлардан басқа, акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысына сәйкес 12 акционерлік қоғам ұлттық компанияларға жатқызылды.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ ең ірі компаниялар болып табылады, мұнда ұлттық компанияларда жұмыс істейтіндердің жалпы санының шамамен 60%-ы еңбек етеді және өндірістің жалпы көлемінде олардың үлес салмағы шамамен 75% құрайды.
Ұлттық компаниялар мемлекеттік бюджетке ірі салық төлеушілер болып табылады. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы көлемі 2003 жылы 127 млрд. теңгені құрады, бұл 2002 жылдан 17%-ға жоғары. Осы көрсеткіш 2004 жылы 150 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылдың көрсеткіштерінен 18%-ға артық.
Компаниялардың таза кірісі өндірістік қуаттарды кеңейтуге және жаңартуға, инвестициялық міндеттерді шешуге және дивидендтерді төлеуге жұмсалады.
Ұлттық компаниялардың инвестициялық саясаты компаниялардың сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. 2003 жылы ұлттық компаниялар инвестицияларының көлемі 215,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2002 жылдың инвестициялар деңгейінен 69%-ға артық. Ұлттық компаниялар инвестицияларының жалпы көлемі 2004 жылы 198 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылдың инвестициялар деңгейінен 6,4%-ға төмен. «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ-та, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-та, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-та инвестициялар көлемінің өсуі байқалады, басқа компаниялар бойынша инвестициялар көлемінің төмендеуі орын алып отыр.
Ұлттық компаниялар Қазақстан экономикасының үлкен бөлігін қамтиды, 12 ұлттық компанияға ғана ЖІӨ-нің шамамен 14%-ы келеді. Ұлттық компаниялардың әрқайсысы іс жүзінде өз саласында жүйе құрушы болып табылады, елдің инфрақұрылымының (электрмен жабдықтау, көлік қатынасы және телекоммуникациялар) негізін қамтамасыз етеді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты мүмкіндіктерді іске асыруда маңызды роль атқарады.
Стратегиялық маңызы бар салалардағы экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында және «Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысымен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы (»Самұрық» холдингі» АҚ) құрылды.
Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ ұлттық компаниялары акцияларының мемлекеттік пакеттері «Самұрық» холдингі" АҚ жарғылық капиталын төлеуге берілген.
Бүгінгі таңда Yкімет «Самұрық» холдингі» АҚ-тың қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекітіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құрылды.
Нарықтық экономиканың дербес субъектісі ретінде мемлекеттік холдинг құру корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуге, салалық компаниялардың стратегиялық жоспарларын үйлестіруді жүргізуге және бизнесті жүргізудің нарықтық механизмдерін мақсатқа сәйкес қолдануға мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыруға және Қазақстанда қор нарығын дамытуға ықпалын тигізеді.
3.4.2. Даму институттарын басқару
Елдің индустриялық-инновациялық дамуының 2015 жылға дейінгі стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде құрылған және әрекет етуші барлық даму институттары құрылу кезінен және осы уақытқа дейін өз қалыптасуының бастапқы кезеңінен өтті. Әрбір институт өз мамандануына ие, тұтастай олар республикада іске асырылатын инвестициялық және инновациялық жобалардың кешенді қолдау жүйесін құрды.
Даму институттарының қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің үнемі назарында болды, және де мемлекет тарапынан оларға барлық жақты көмек пен қолдау көрсетілді. Даму институттары өз тарапынан негізінен экономиканың шикізат емес салаларында іске асырылатын және қосылған үлкен құнмен дайын өнімді алуға бағытталған инновациялық жобаларды мұқият іріктеп және қаржыландыра отырып, елдің индустриялық-инновациялық дамуының стратегиясын іске асыруға белсенді қосылды.
Алайда, даму институттарын басқаруды қолданылған жүйесін талдау нәтижелері бойынша олардың қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға кедергі жасайтын проблемалар анықталды.
Олардың ішінде:
акционердің (мемлекеттің) құқықтары мен мүдделерінің толық емес іске асырылуы;
даму институттарының директорлар кеңесі қызметінің тиімсіздігі;
даму институттары қызметінің үйлестірілмеуі.
Институттар арасында ақпаратпен алмасу және ынтымақтастықтың әлсіз реттелген процесі, бірлескен жұмыста әлсіз мүдделілік, функциялардың қайталануы үйлестірілмегендіктің негізгі себептері болып табылады.
Сонымен қатар, даму институттарының қызметінде несие беру кезінде шешім қабылдау процедурасының күрделілігі, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландыру шарттары бойынша айтарлықтай жоғары талаптар орын алады. Бұдан басқа, ұзақ мерзімді инвестициялық кредит беру нарығының дамымағандығы инвестицияларды құрылымдау мүмкіндіктерін, әсіресе ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру кезінде шектейді.
Қазіргі жетіспеушіліктер мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру, инвестициялық қызметті реттеу және инновациялық қызметті ынталандыру бойынша Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негізгі міндеттерінің біріне қол жеткізуде жағымсыз әсер береді.
Институттар алдында қазақстандық экономиканың даму үрдістерімен негізделген бүгінгі күні қойылған міндеттерді шешу үшін даму институттарын басқаруды жетілдіруде жаңа жолдар іздестіру қажет болды.
Осыған байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауына және «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы (»Қазына» АҚ) ұлттық басқару компаниясы құрылды.
«Қазына» АҚ-қа «Қазақстан Даму Банкі», «Қазақстанның Инвестициялық қоры», «Ұлттық инновациялық қор», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы», «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттері және «Қазинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлестері берілген.
«Қазына» АҚ негізгі мақсаттары:
даму институттарын корпоративтік басқару деңгейін арттыру даму институттары арасында үйлестіруді жақсарту;
ірі серпінді жобаларды іске асыру үшін даму институттарының күші мен капиталын ықпалдастыру;
мемлекеттің бизнеспен өзара әрекетін жақсарту;
экспорт және инвестицияның алға жылжуы үшін халықаралық деңгейге шығу болып белгіленді.
3.5. Мемлекеттік мекемелерді басқару
2006 жылғы 1 қаңтарда республикада республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 1749 мекеме және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын 13 639 мекеме жұмыс істеді.
Негізінен ғимараттар, үй-жайлар мен құрылыстар, оның ішінде олардың жарғылық қызметін жүргізу үшін мекемелер пайдаланатын әкімшілік құрылыстар (ауруханалар, мектептер, білім беру және әлеуметтік бағыттағы интернаттар, мұражайлар, ойын-сауық және мәдени-спорттық іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар) мемлекеттік мекемелердің жедел басқаруында. Көптеген мекемелердің (ауруханалар, интернаттар) құрамында дербес әрекет етуге мүмкіндік беретін мүліктік кешендер бар. Мұндай кешендердің құрамына жер учаскелері, тұрғын үй және әкімшілік ғимараттар, әртүрлі құрылыстар және шаруашылық мақсаттағы құрылыстар, инженерлік инфрақұрылым, жылжымалы мүлік кіреді.
Мемлекеттік мекемелерді басқарудың қазіргі уақыттағы жүйесі мемлекеттік мекемелердің өздеріне бекітілген мүлікті пайдалануын бақылаудың үйлесімді жүйесінің болмауымен сипатталады.
Мұндай жағдай барлық деңгейдегі бюджеттердің мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстарын азайту, мемлекеттік мекемелердің санын оңтайландыру жөніндегі міндеттерді мемлекеттің іс жүзіндегі қажеттілігіне, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлік тізбесін айқындауға, мемлекеттік мекемелердің өз функцияларын жүзеге асыруы үшін нақты қажетті мүлікті айқындауға негізделе отырып табысты шешуге мүмкіндік бермейді.
Республиканың мемлекеттік мекемелері қызметінің тиімділігін арттыру олардың құрылымын және санын оңтайландыруды талап етеді. Мекемелердің оңтайлы санын айқындау үшін:
қызмет түрлері бойынша мемлекеттік мекемелер туралы ақпаратты жүйелендіру, олардың нақты атқаратын, қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалған функцияларының сәйкестігін бағалау жолымен олардың санын оңтайландыру;
мемлекеттік өкілеттіктердің болуын қазіргі мемлекеттік мекемелердің мақсаттарымен және функцияларымен салыстыру;
ұқсас (қайталанатын) функцияларды жүзеге асыратын мекемелерді анықтау;
мекеме нысанындағы әрбір ұйымның әрекет етуінің орындылығын зерделеу;
жүзеге асырылуы тиісті мекемелерге жүктелмеген мемлекеттік функцияларды анықтау;
мемлекеттік мекемелермен оларды бәсекелі ортаға беру үшін көрсетілетін ақылы қызметтерді анықтау көзделіп отыр.
Бүгінгі таңда, талдама көрсеткендей, мемлекеттік мекеменің негізгі емес қызметінен түскен қаражат бюджетті жоспарлау кезеңінде, әсіресе жергілікті деңгейде, қаражат бюджеттен жеткіліксіз бөлінеді деген уәждемемен негізгі қызметті қаржыландыруға жіберіледі.
Мемлекеттік мекемелер қызметіндегі қазіргі кемшіліктерді жою мақсатында әзірленіп отырған Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері жөніндегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде мемлекеттік мекемелер көрсететін ақылы қызметтен түсетін, осы уақытта олардың қарамағында қалған кірісті тиісті бюджет кірісіне аудару көзделіп отыр.
Осы норма білім беру, орман шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік мекемелерден басқа мемлекеттік мекемелерге тарайтын болады.
Мемлекеттік мекемелердің теңгеріміндегі пайдаланылмайтын немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын объектілерді анықтау және алып қою жөніндегі жұмыс жалғасады. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік мекемелердің теңгеріміндегі объектілерінің тізімін міндетті түрде жариялаумен, оларды мүліктік жалға беру (аренда) беру жөніндегі іс-қимылдың ашықтығы қамтамасыз етілетін болады.
3.6. Меншіктің мемлекеттік мониторингi
Экономиканың стратегиялық маңызды салаларындағы ipi кәсіпорындар жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді шешу тәсілдерінің бірі олардың қызметінің мониторингін жүзеге асыру болып табылады.
2003 жылы «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен меншіктің мемлекеттік мониторингі экономика объектілерін тұрақты кешенді қадағалау, бағалау, бақылау және жай-күйін болжамдау жүйесі болып қалды. Мониторинг құқықтық негіздеме алып мемлекеттік болжамдаудың негізі болып табылатын үнемі жаңарып отыратын ақпаратты заңды түрде алуға және сонымен қатар елдің стратегиялық мүдделеріне сәйкес тұрақты экономикалық дамуды реттеуге мүмкіндік береді.
Кешенді талдау шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметін ағымдағы есептілігі негізінде бағалаудан, инвестициялық салымдарды бағалаудан, салықтарды есептеу мен төлеуден, кәсіпорындардың негізгі құралдарының техникалық жағдайынан, қолданылатын технологияларды бағалаудан, менеджмент тиімділігінен тұрады.
Осындай талдау негізінде құқықтық, экономикалық, технологиялық проблемалар анықталды және олардың шешімі бойынша ұсыныстар әзірленуі мүмкін.
Мониторинг нәтижелерін мемлекеттік органдар жаңадан және қазіргі құқықтық кесімдерді әзірлеу мен пысықтау, бюджеттерді жоспарлау, жекелеген кәсіпорындарда да, тұтастай салаларда да дамудың негізгі бағыттарын айқындау кезінде пайдалануы мүмкін.
Заңның қабылданған сәтінен бастап жүзеге асырылған стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингі мониторингтің жекелеген объектілері дамуының оң да, теріс те жақтарын анықтауға және салалық министрліктер мен мониторинг объектілеріне оларды жою бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.
Осылайша мониторинг энергетикалық салада тарифтердің өсуі кезінде негізгі құралдардың тозуы, жалпы республика бойынша электр энергиясы өндірісі қарқынының тұтынудың өсуі қарқынынан артта қалуы сияқты проблемаларды анықтады. Тау-кен саласында минералдық-шикізаттық базаны кеңейту проблемалары шешілмей қалды. Геологиялық барлауға жұмсалған жеке меншік иелері қаражаттарын пайдалану және өтеу нұсқалары ұсынылған.
Технологиясы іс жүзінде өзгермейтін мұнай өндіру саласында өңірлердің экологиясына тікелей әсер ететін технологиялық сипаттағы бұзушылықтар проблемалары анықталды.
Жоғарыда аталған салалардағы проблемалар жөніндегі тұжырымдар мен ұсынымдар меншік иелеріне және салалық министрліктерге берілген. Жекелеген проблемалар бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсынымдар берілді, ал заңнаманы бұзушылық белгілері орын алған жағдайларда мониторинг нәтижелері тиісті тексерулер мен шешімдер қабылдауды жүзеге асыру үшін бақылаушы органдарға берілді.
Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ мемлекеттің меншік үлесі бар объектілердің жұмыс істеуі мен оларды тиімді басқарудың мониторингі «Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ мемлекеттің меншік үлесі бар объектілердің жұмыс істеуі мен оларды тиімді басқарудың кешенді мониторинг жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 маусымдағы № 998 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Объектілерге мониторинг жүргізуді жоспарлау қағидаттары объектінің маңыздылығына негізделеді, яғни шартты түрде объектілер жыл сайынғы және кезеңді (екі жылда бір рет) мониторингке жататын санаттарға бөлінеді.
Ұлттық компаниялар мониторингінің нәтижелері олардың Даму жоспарларының жобаларын, инвестициялық бағдарламаларға байланысты және басқа мәселелерді қарау кезінде пайдаланылады.
Консультанттардың есептері объектілермен ағымдағы жұмыста және басқару шешімдерін қабылдау кезінде кеңінен пайдаланылады. Атап өту керек, мониторингті жүргізу барысында консультанттар анықтаған проблемалар әдетте жоюшы сипатқа ие, оларды мемлекет қатысатын бірқатар акционерлік қоғамдар үшін "бір үлгідегі" деп атауға болады, оның ішінде: жарғыларын сапалы емес дайындау, жалғыз акционер шешімі, Кеңес директорлары хаттамасын ресімдеу, мәмілелерді уақытылы бекітпеу, жалғыз акционер шешімінің тиісті орындалуына бақылаудың болмауы, акциялар мен қатысу үлестерін одан әрі басқару бойынша нақты ұсыныстардың болмауы.
Сонымен қатар, туындауы мен шешімі атқарушы органның құзыретінде болатын проблемалар, атап айтқанда: қоғамның дамуы жөніндегі бағдарламалық құжаттардың сапасыз әзірленуі; қоғамды (серіктестікті) дағдарыстан шығару жөніндегі іс-шаралардың болмауы, сондай-ақ туындауы мен шешімі акционерлік қоғамдар акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыретінде болатын проблемалар, атап айтқанда: іс жүзіндегі еңбекақы қорының штаттық кестеге сәйкес келмеуі, сонымен қоса кадрларды таңдау, орналастыру, оқыту және жылжытумен, ішкі ұйымдық құрылыммен, материалдық-техникалық жабдықтаумен, қызметті ұйымдастыру үшін бағдарламалық өнімдердің болуымен байланысты проблемалар бар.
«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Заңды іске асыру мақсатында ақпаратты жедел жинау нысаны әзірленді және оларды табыс ету мерзімдері айқындалды. Жедел жинау нысандарын әзірлеу әрбір кәсіпорынның ерекшелігі мен оларды мониторинг нәтижелерінің электрондық базасына енгізу мүмкіндігін ескере отырып жүргізілді. Барынша объективті ақпарат жинау мақсатында ұйым басшысының анкетасы нысандардың бірі болып табылады, мұнда ол өзінің көзқарасы бойынша кәсіпорынды дамытуды тежейтін негізгі проблемаларды көрсете алады.
Мемлекеттік мониторингтің жергілікті электрондық дерекқорын құру жөніндегі жұмыс жалғасуда, оған техникалық қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес уәкілетті орган тартқан мамандандырылған консалтингтік фирма жүзеге асырады.
Жекешелендіру ұзақ мерзімді перспективада жекешелендіруден салық салынатын базаны кеңейту нысанында пайда алуға бағытталған мемлекеттік мүлікті басқару, қосымша жұмыс орындарын құру, отандық нарықты отандық тауар өндірушілердің тауарларымен және қызметтермен толтыру, барлық халық шаруашылығы кешенінің тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай құрылымдық элементі ретінде қаралады; жекешелендіру көлемдерін қалыптастыру мемлекеттік активтерді басқарудың нәтижелерімен байланыстырылады.
2003 жылы республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) 17 акциялар пакеті (қатысу үлестері) (республикалық меншіктегі акциялар пакеті), коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) 31 акциялар пакеті (қатысу үлестері) (коммуналдық меншіктегі акциялар пакеті);
2004 жылы - республикалық меншіктегі 29 акциялар пакеті, коммуналдық меншіктегі 29 акциялар пакеті;
2005 жылы - республикалық меншіктегі 16 акциялар пакеті сатылды1.
___________________
1 2005 жылға коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акциялар пакеттерін (қатысу үлестері) сату бойынша деректер жоқ.
Бұдан басқа, 2003 жылы жылжымайтын объектілер, аяқталмаған құрылыс, көлік, жабдықтар және басқа да республикалық меншіктегі мүліктер объектілерінің 473 мүліктік кешені (объектілер), коммуналдық меншіктегі 17 объектілер;
2004 жылы - республикалық меншіктегі 1002 объект, коммуналдық меншіктегі 16 объект;
2005 жылы - 9 мүліктік кешен, республикалық меншіктегі 1214 объект сатылды.
2003 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін қаражат түсімдері бойынша деректер мынадай түрде көрінеді:
Кезең | Мемлекеттік бюджетке жекешелендіруден түсетін қаражат мың теңге | |||
Барлығы | оның ішінде | |||
Республикалық бюджет | Жергіліктi бюджет | |||
Барлығы | оның ішінде Ұлттық қорға түсімдер | |||
2003 жыл | 60 127 949 | 59 221 885 | 56 748 363 | 906 064 |
2004 жыл | 8 600 546 | 6 724 736 | 1 513 575 | 1 875 810 |
2005 жыл | 12 495 619 | 10 795 695 | 9 793 000 | 1 699 924 |
Жиыны | 81 224 114 | 76 742 316 | 68 054 938 | 4 481 798 |
Ағымдағы жыл ішінде қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер бойынша сомалар нақтыланады, осыған байланысты, әрине мемлекеттің қаржы активтерін сатудан Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді жоспарлау сапасы туралы мәселе туындайды. Мұндай жағдай экономика салаларына мемлекеттің қатысуына қатысты бірқатар мемлекеттік органдардың нақты ұстанымының болмау салдары болып табылады, мұнда олар мемлекеттік саясатты айқындауға тиіс.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің сомасы қатаң түрде фискалдық саясатта айқындалған жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес келуі тиіс, оларды жоспарлау қызметтің белгілі саласына мемлекеттің қатысу қажеттілігіне ғана негізделуі тиіс.
3.8. Жекешелендіруден кейінгі бақылау
«Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін, оның ішінде коммерциялық және инвестициялық тендерлер нәтижелері бойынша сатып алу-сату шарттары уәкілетті орган тарапынан кейіннен бақылануға, яғни жекешелендіруден кейінгі бақылануға жатады.
Мемлекеттік акциялар пакетін немесе мемлекеттік кешендерді сатып алу сату шарттары өндірісті дамытуда инвестициялар енгізу, жабдықтарды жаңарту, ұйымдардың қаржы-экономикалық жай-күйін жақсарту жөніндегі міндеттемелерін, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік сипаттағы міндеттемелерді қамтиды. Бұл ретте, тексерудің кезеңділігі әдетте әрбір сатып алу-сату шартымен жылына бір рет белгіленеді.
Жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттары талаптарының тиісінше орындалуын кейіннен бақылауды сатушы жүзеге асырады. Жаңа меншік иелері (инвесторлар) бұрын табыс еткен қабылданған міндеттемелердің орындалуы туралы есептер дұрыс болған жоқ және кәсіпорындардың жекешелендіруден кейінгі кезеңдегі қызметін объективті сипаттай алмады.
Сонымен қатар, республиканың аса ірі объектілерін сату сатып алушылардың (инвесторлардың) ауқымды міндеттемелер қабылдауымен ілесіп отырды.
Осыған байланысты, міндеттемелердің орындалуын бақылау инвестициялық салымдарды бастапқы бухгалтерлік құжаттармен міндетті растай отырып, жүйелі тексерістер тетігіне ауыстырылды.
Сатып алушылар (инвесторлар) өздеріне қабылдаған міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін консалтингтік ұйымдар тартылады. Бүгінгі күнде консалтингтік ұйымдар:
республикалық мемлекеттік меншікті сатып алушылардың шарт міндеттемелерін және жекешелендіру туралы заңнаманың талаптарын толық орындауын бағалауды;
экономика салаларындағы жекешелендірілген ұйымдардың қызметін қадағалауды;
экономика салаларындағы жекешелендірілген ұйымдардың даму үрдістерін талдауды, осы ұйымдардың жай-күйіндегі келеңсіз өзгерістерді уақтылы анықтауды, оларды бағалауды, келеңсіз сипатты салдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды болжауды және тұжырымдауды;
жекешелендірілген ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша экономика салаларын тікелей басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз етуді қамтитын инвесторлардың қызметін кәсіптік бағалау мақсатында экономиканың түрлі салаларына терең білімді мамандарды жедел тарту мүмкіндігіне ие.
Жекешелендірген объектілерді сатып алу-сату шарттары талаптарының орындалуына тексеруді жүзеге асыру үшін консалтингтік ұйымдарды тарту тәжірибесі жекешелендіруден кейінгі бақылаудың осы тәсілінің орындылығын және тиімділігін, оны одан әрі пайдалану қажеттілігін көрсетті.
Тексерістер барысында жаңа меншік иелерінің міндеттемелерді орындауын растаудан басқа, консалтингтік ұйымдар жекешелендірілген ұйымның даму қарқынын тежейтін проблемаларды анықтады.
Көптеген сатып алушылар әртүрлі себептерден инвестициялық бағдарламаларды іске асыру жөнінде өзіне алған міндеттемелерді, оның ішінде қалыптасқан экономикалық ахуалға байланысты мәнін жоғалтқан инвестициялық міндеттемелерді орындауға байланысты объективті қиындықтар туындап отыр.
Мұндай сатып алушылармен (инвесторлармен) келісім-шарттарды бұзу проблемалардың шешімі ретінде қаралмайды, өйткені мұндай жағдайларда мемлекетте жекешелендіруден алынған қаражатты қайтару жөнінде ақшалай міндеттемелер пайда болады. Мұндай объектілерді қайтадан сату мүмкіндігін талдау оң нәтижелер алудың орайы келмейтінін көрсетеді. Осыған байланысты келісім-шарттардың талаптарын түзету жөніндегі қосымша келісімдерге қол қою, келісім-шарттарды түзету жөнінде ұсыныстар дайындауда сатып алушылармен (инвесторлармен) мүдделі мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу қажеттігі туындайды.
Қолданыстағы сатып алу-сату шарттарының талаптарын түзету және нақтылау Жекешелендіруден кейінгі бақылау жөніндегі Комиссияның шешімі негізінде сатып алушылармен (инвесторлармен) келісім бойынша жүргізіледі.
Жекешелендірудің әрбір объектісі жеке нарық субъектісі болып табылатынын, оның қызметінің нәтижелері өңірлердің және тұтас экономика салаларының дамуына әсер ететін ескере отырып, Жекешелендіруден кейінгі бақылау жөніндегі комиссияның құрамына мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді. Ведомствоаралық комиссия сатып алушылардың (инвесторлардың) өтініштерін, консалтингтік ұйымдардың қорытындыларын қарайды және өз ұсынымдарын енгізеді.
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 320, 2004 жылғы 1 қаңтарға - 301, 2005 жылғы 1 қаңтарға - 261, 2006 жылғы 1 қаңтарға - 235 сатып алу-сату шарттары жекешелендіруден кейінгі бақылауда болды.
2005 жылы республикалық меншіктегі объектілерінің 235 сатып алу-сату шарттары бойынша міндеттемелер тексерісі жүзеге асырылды, оның 176 Комитеттің аумақтық органдары, 58 - консалтингілік ұйымдарды тарту арқылы, 1 - Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті тексерді.
Тексерулер нәтижесі бойынша Комитеттің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарында әрекет ететін Жекешелендіруден кейінгі бақылау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде 66 шарт жекешелендіруден кейінгі бақылаудан алынды, оның ішінде 58 шарт - міндеттемелерді орындауға байланысты, 8 - өзге де негіздемелер бойынша.
2004 жылы жекешелендіруден кейінгі бақылаудағы сатып алу-сату шарттарының электрондық дерекқоры енгізілді. Электрондық дерекқор жекешелендіру объектілеріне жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін, олардың орындалу мерзімдерін жедел қадағалап отыруға, тексерістерді жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні құрылған жекешелендіруден кейінгі бақылау жүйесі заңдылық, объективтілік және экономикалық орындылық қағидаттарына негізделген азаматтық құқықтық қатынастардың тең қатысушылары ретінде сатып алушылар (инвесторлар) мен мемлекет арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынастар жүйесіне сай келеді және өзара сенімді нығайтуға бағытталған әрі кәсіпорындардың жекешелендіруден кейінгі кезеңдегі экономикалық жағдайын одан әрі тұрақтандыруға ықпал етеді.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерi
Осы бағдарламаның негізгі мақсаты мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
Мемлекеттік мүлік құрамын анықтау және мемлекеттік заңды тұлғалар, «Самұрық» холдингі» АҚ, «Қазына» АҚ, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар алдына қойылған міндеттерді орындау үшін оны бекітіп беру;
мемлекеттік активтерді есепке алудың бірыңғай базасын құру;
заңнамалық базаны жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2007.23.01. № 44 (бұр. ред. қара); 2008.02.02. № 89 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 5-бөлім өзгертілді
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігi
Мемлекеттік активтерді басқару саясаты мемлекеттік мүлік құрамын анықтауға және мемлекеттік заңды тұлғалар, «Самұрық» холдингі» АҚ, «Қазына» АҚ, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар алдына қойылған міндеттерді орындау үшін оны бекітіп беруге; мемлекеттік активтерді есепке алудың бірыңғай базасын құруға; және заңнамалық базаны жетілдіруге бағытталады.
Осыған байланысты, акциялардың бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметі салаларына қоғамдық маңызды қызметтер көрсету мен мемлекеттік қолдауды талап ететін қызмет саласының дамуы үшін осы ұйымдар жұмыс істеуі тиіс қызмет салаларын айқындау мақсатында талдау жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік меншіктің құрамы мен құрылымын оңтайландыруға, мемлекеттік корпоративтік басқару жүйесін жақсартуды одан әрі қамтамасыз етуге, экономиканың барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық активтерді арттыруды және ынталандыруды қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Сонымен бірге, басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде бірыңғай ұстаным мен жоспарлылықты қолдануды қамтамасыз ету; мемлекеттік кәсіпорындарды басқару органдарындағы мемлекет мүддесін ұсынушы лауазымды тұлғалар ретінде және жарғылық капиталына мемлекет қатысқан заңды тұлғалар ретінде мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бойынша, сонымен бірге заңнама талаптарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін одан әрі қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Мемлекеттік меншікті түгендеуді жүргізу және бүкіл ел үшін бірыңғай дерекқор құру үшін:
акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар мүлкіне түгендеу жүргізуге;
осы ұйымдарға қажетті оларға жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мүлік құрамын (зияткерлік меншік пен жылжымайтын объектілерді есепке ала отырып) айқындауға;
бәсекелі ортаға беруге жатқызылған акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік заңды тұлғаларға, ұйымдарға бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен мүліктер тізбесін анықтауға;
жергілікті атқарушы органдарға Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, жарғылық қорына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тізіліміне (Тізілім) қол жетімділігі жөніндегі жергілікті бюджеттерден жұмыстарды қаржыландыруға және оны "on-line" режимінде ұстап тұруға;
есепке алу объектілері бойынша Тізілім деректерін жандандыру мақсатында "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорының "электронды үкімет" шеңберінде құрылатын электрондық форматтағы Тізілім ұстаушысына ақпарат беруге бағытталған шараларды дәйекті іске асыру жүзеге асырылады.
Тұтастай мемлекеттік меншік объектілерін толық және дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүргізу мәселелері жөнінде республикалық және коммуналдық меншіктің уәкілетті органдарының арасында өзара әрекет жасаудың айқын тәртібін тұжырымдау тұр.
«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын нақты іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасады.
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды (серіктестіктерді) басқару органдарында мемлекеттің мүдделерін білдіретін уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан, сол сияқты лауазымды тұлғалар тарапынан мемлекеттік меншік объектілерін басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар жүргізудің маңызды фактор болады.
Осыған байланысты мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар (серіктестіктер) қызметінің қаржылық-шаруашылық жоспарларын атқару бойынша есеп берулерді бекіту ережесі әзірленетін болады.
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың ішкі аудиті қызметі туралы бір үлгідегі ереже әзірленетін және қабылданатын болады.
Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру және «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ тиімді жұмыс істеуі мақсатында бірқатар нормативтік құқықтық кесімдерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Қор рыногына «Самұрық» холдингі» АҚ құрамына кіретін ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарын шығару жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді және қабылданады.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибесін енгізуге бағытталған негізгі тетік ретінде «Концессия туралы» заң жобасы әзірленген.
Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі мен қаржылық ағындарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
2008 жылы «Мемлекеттік активтер туралы» Қазақстан Республикасының заңы әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес мемлекеттің активтер мен пассивтер балансын құру әдістемесін әзірлеу мақсатында мемлекеттің активтерін, міндеттемелерін, кірістерін, шығыстарын, меншікті капиталын айқындау өлшемдерін айқындау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
5.1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу жүйесін жетілдіру
Мемлекеттік мүлікті есепке алу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік меншік объектілерінің бірыңғай Тізілімін құру жөніндегі жұмыстар басталды.
Қазіргі уақытта ұйымдардың Тізілім құрылымына электронды түрде енгізілетін қаржылық ақпараты есепке алу объектілері мүлкінің құны туралы, оның ішінде жылжымайтын мүліктің, көлік құралдарының құны туралы деректерді қамтитынына қарамастан Тізілімде:
мемлекеттік кәсіпорындарға жедел басқаруға немесе шаруашылық жүргізу құқығына берілген мемлекеттік мүлікті;
бекітілмеген, иесіз мүлікті;
шетелдегі мемлекеттік мүлікті;
шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға жалға берілген мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүзеге асыру туралы мәселені шешу қажет.
Бұдан басқа, алдағы кезеңде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар бойынша "электрондық іс қағазын" құру және жүргізу туралы мәселе өз шешімін талап етеді, бұл аталған ұйым бойынша электронды түрдегі (сканерден өткізілген) құжаттарды (акционерлердің, директорлар кеңесінің жалпы жиналыстарының шешімдерін, Жарғыны және т.б.) қамтиды.
Таяу арадағы перспективада республикалық меншікті (ММ, МК, АК (ЖШС)) бірыңғай есепке алуды жүргізуді ұйымдастыруды республикалық Уәкілетті органға жүктеген жөн.
Коммуналдық меншікті (ММ, MК, АҚ (ЖШС)) бірыңғай есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру облыстық әкімдіктерге жүктеген орынды.
Таяу арадағы перспективада мемлекеттік меншіктің Бірыңғай базасын (Бірыңғай тізілімін) қалыптастыру функциясын «Ақпараттандыру-есепке алу орталығы» АҚ-қа (тізілім ұстаушы) бекітіп беру керек.
Республикада Электронды үкіметті енгізу жобасының іске асырылуына қарай, мемлекеттік меншікті бірыңғай есепке алу мен бірыңғай тізілім ұстаушыны функциясы осы жоба шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін.
5.2. Заңнамалық базаны жетілдіру
Заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі шаралар мемлекеттік активтерді басқару саласындағы бар проблемалы мәселелерді шешудің негізгі жолдарының бірі болып табылады.
Осыған байланысты, мемлекеттік активтерді басқару мәселелерін реттейтін бірыңғай базалық заң жобасы әзірленеді. Бұл заң жобасы мемлекеттік активтерді басқару ұғымын, оның мақсаттары мен міндеттерін, негізгі қағидаттарын, басқару нысандары мен әдістерін, басқару объектілері мен субъектілерін, мемлекеттік меншікті тиімді пайдалануын есепке алу және бақылау тәртібін айқындайды.
Қазіргі кездегі мемлекеттік меншіктің объектілерін тиімсіз басқару проблемаларын назарға ала отырып, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», Қазақстан Республикасы Заңдарының және басқа да заңнамалық кесімдерінің нормалары айтарлықтай қайта қаралатын болады. Осы жұмысты жүргізу шеңберінде:
мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық екі нысанын сақтап қалу орындылығы мәселесін қарау қажет, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істеуі тиіс қызмет салаларын және оларды құру кезінде мемлекет көздейтін мақсаттардың айқындалуын, мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде рентабельді емес қызметіне қатысты реттелмеген мәселелерді айқын анықтау керек;
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қатысты, ұлттық компаниялардың жарғылық капиталдарындағы стратегиялық маңызды объектілердің жай-күйіне Қазақстан Республикасы Yкіметі тарапынан бақылауды, сондай-ақ оларды шеттету тәртібін көздеуді қамтамасыз ететін норма қарастырылатын болады.
Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жетілдіре отырып және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын орындау үшін Мемлекеттің активтері мен міндеттемелерінің теңгерімін жасау әдістемесі әзірленетін болады.
5.3. Мемлекеттік активтерді басқару саласындағы
қағидаттар мен басымдықтар
Таяу перспективада мемлекеттік активтер құрылымын одан әрі оңтайландыру жөнінде жұмыс жалғасады. Мемлекеттік мүліктің құрылымын (құрамын) оңтайландыру қағидаты мемлекеттік экономикалық саясат және мемлекеттің белгілі бір салалар мен нақты кәсіпорындарды реттеу жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешу мүдделерінен туындап отыр.
Қазақстан ішкі бәсекелі нарықты дамыту бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырумен қатар инновациялық дамыту және технологиялар трансферті мақсатында жоғары технологиялық халықаралық компаниялардың активтерін сатып алуға қатысады. Бұл үшін бүкіл әлем бойынша перспективалы компаниялардың акциялар пакетін сатып алуға ресурстарды шоғырландыруға мүмкіндік беретін жағдайлар дайындау қажет, сонымен бірге әр түрлі салалық тауашаларда орын алу қажет.
Мемлекеттік активтерді пайдаланудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі жұмыс жалғасады. Осыған байланысты, мемлекеттік активтер мынадай тізбеде қалыптастырылады:
мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік функцияларды орындау үшін қажетті мүлік;
әлеуметтік - маңызды қызметтер көрсету мақсатында қазыналық кәсіпорындарға бекітіліп берілген мүлік;
бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акциялары және қатысу үлестері;
акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде бағдарламалық құжаттарға сәйкес оларды құру кезінде жүктелген міндеттерді орындаған аграрлық сектордағы ұйымдардың акциялары және қатысу үлестері;
«Самұрық» холдингі" АҚ-ға берілген және беруге жоспарланатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акциялары және қатысу үлестері;
«Қазына» АҚ-ға берілген және беруге жоспарланатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акциялары және қатысу үлестері;
мемлекеттік меншіктің басқа да объектілері - жекешелендіруге немесе мемлекеттік қолдау ретінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруге жататын объектілер.
Мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін қалыптастыру және оларды сол немесе басқа топқа жатқызу мынадай жүйелілікпен бірқатар іс-шараларды орындаудың алдында болуы тиіс:
мемлекеттің қатысуы қажет болатын қызмет салаларын айқындауға бағытталған іс-шаралар жүргізу және қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
тура мақсаты бойынша пайдаланылмайтын мүлік затын анықтау үшін мемлекеттік заңды тұлғалар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, соның ішінде ортамерзімді бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді іске асыру үшін құрылған заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік түгендеуін жүргізу.
5.4. Мемлекеттік жеке меншік әріптестігi
Осы салада халықаралық тәжірибені зерделеу құрылымды оңтайландыру, бірыңғай есепті ұйымдастырумен қатар, мемлекеттік активтерді басқарудың қазіргі үлгісін реформалауды өткізу қажеттігін көрсетті.
Мемлекеттік активтерді басқарудың қазіргі үлгісін реформалау мен жаңғырту бағыттарының бірі болып мемлекеттік - жеке меншік әріптестік үлгісін белсенді енгізу табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік жеке меншік әріптестігінің лизинг, мемлекеттік сатып алу, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына жеке адамдармен қатар, мемлекеттің қатысуы, мемлекеттік меншік объектілерін сенімді басқару сияқты тетіктерін кеңінен қолдану практикасы бар. Мемлекеттік жеке меншік әріптестігінің осы тетіктерінің қолданылуы нақты нормативтік базамен сипатталады.
Сонымен қатар, мемлекеттік жеке меншік әріптестігінің негізгі тетігі концессия институты болып табылады. Осыған байланысты "Концессия туралы" заң қабылданатын болады.
Мұндай жағдайда жеке инвесторлардың мүдделері оларға мемлекеттік меншік объектілерін уақытша иелік ету және қолдануға сондай-ақ инфрақұрылым объектілері (автомобиль мен темір жол магистральдары, электр беру желілері) сияқты өз сипатына қарай мемлекеттік меншікте ғана бола алатын объектілердей жаңа объектілер құру (құрылыс) және оларға одан әрі иелік етуге, пайдалануға және өкім етуге құқық беру фактісімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің мүддесі бюджеттік инвестициялар шеңберінде бюджет қаражатының сақталуымен қамтамасыз етіледі, өйткені концессиялық шарттардың міндетті талабы концессиялық жобаларды толық немесе ішінара жеке сектордың қаражаты есебінен қаржыландыру болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттің мүддесі концессионердің концессия объектісіне байланысты қызметтен тұрақты және кепілдендірілген пайда алу мүддесімен қамтамасыз етілген концессия объектісін неғұрлым тиімді экономикалық және технологиялық басқарудан көрінеді.
5.5. Мемлекеттік холдинг және Басқарушы компания
Қазақстанда «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ құрудың негізгі мақсаты мемлекеттік активтерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және оны жаңғырту болып табылады.
Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік холдингтер қазіргі кездегі мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттырудың ең пәрменді тетіктерінің бірі ретінде қарастырылады, бұл мемлекеттік холдингтер құрудың көп мысалдарын растайды. «Самұрық» холдингі» АҚ құру тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында «McKinsey&Company, Inc» компаниясының сарапшылары Temasek (Сингапур), IRI (Италия), ОеІАG (Австралия) мемлекеттік холдингтерін құрудың халықаралық үздік тәжірибесіне талдау жүргізді.
«Самұрық» холдингі» АҚ басқарылатын әрбір компанияның және холдингтің қызметін тиімді функциялауға, инвестиция көздерін қалыптастыру кезінде әртүрлі қаржы құралдарын пайдаланудағы мүмкіндіктерді кеңейтуге алып келеді. Ұлттық компаниялардың кешенді дамуы еліміздің тұтастай экономикасының дамуына жәрдемін тигізеді.
Мемлекеттік холдингті жоғары капиталдану деңгейіндегі компания ретіндегі негіз әлемдік нарықта қосымша бәсекелік артықшылық береді, олар инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және жеке сектормен ынтымақтастықтағы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Холдинг корпоративтік басқару мәселесі жөніндегі мемлекеттік органдардың холдинг құрылымына кіретін компаниялармен өзара іс-қимылдың жалғыз арнасы болып табылады, бұл жеке корпорациялардың құрылымдалған процестерін пайдалануға және жоспарлау мен бюджеттеу, ашықтық пен мониторинг сияқты қазіргі бизнес-үрдістерді жақсартуға мүмкіндік береді.
Құрылатын холдингтің миссиясы Қазақстанның тиімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі бәсекеге қабілетті экономикасын қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі инновациялық нарықтық ұстанымдарды жетілдіру және енгізу болып табылады.
Холдинг өз қызметінде Қазақстандағы қор нарығын дамытуда және халықаралық қор нарығына бағалы қағаздарды шығаруда Қазақстан Республикасының Yкіметіне жәрдемдесуге бағытталған.
Егер холдингті құрудың бірінші кезеңінде оның құрамына 5 ұлттық компания кірсе, таяудағы перспективада оның құрамы басқа ұлттық компаниялар есебінен айтарлықтай көбеюі тиіс.
«Қазына» АҚ:
1) корпоративтік басқару мәселесі бойынша мемлекеттік органдар мен даму институттары арасындағы жалғыз іс-қимыл арнасы;
2) даму институттарының қызметін үйлестіруші;
3) өндірмейтін сектордан жаңа өнімдер жасау саласындағы, инфрақұрылымдарды дамыту, инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу саласындағы серпінді жобалардың толық ілесуін қамтамасыз ету үшін жоба әкімшісі ретінде шығатын болады.
«Қазына» АҚ қызметінің негізгі бағыттары:
1. Тиімді корпоративтік басқаруды, оның ішінде:
даму институттары қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындау;
даму институттарының міндеттерін ел экономикасын дамыту басымдықтарына сәйкес келтіру үшін, сондай-ақ функцияларының қайталануын болдырмау үшін олардың қызметін үйлестіру;
даму институттары қызметіне мониторинг жүргізу және түзету шараларын қабылдауды жүзеге асыру.
2. Ірі серпінді жобаларды:
едәуір маңызды жобаларды іріктеу;
жобаларды іске асырудың әр кезеңінде даму институттарының күші мен капиталын үйлестіру (маркетингтік зерттеу жүргізу, техника-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, қаржы көздерін айқындау, Қазақстанда және шет елдерде әріптестер мен клиенттерді іздеу және т.б.) арқылы құрылымдау және іске асыру;
жобаларды іске асыру мониторингі;
3. Инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру бойынша мынадай тетіктер мен құралдарды пайдалану:
индустриялық және еркін экономикалық аймақтарды құру және басқару;
технологиялық саябақтарды құру және басқару;
инфрақұрылымдық жобаларда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік схемаларын алға жылжыту және қолдану.
4. Шетелде Қазақстанның мүддесін алға жылжыту, оның ішінде:
қазақстандық экспортты алға жылжыту;
шетел инвестицияларын тарту;
инвестициялау үшін шетелдегі жобаларды іздестіру, оның ішінде халықаралық жоғары технологиялы компаниялардың акцияларын сатып алу.
Корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін қолдана отырып, "Қазына" АҚ Қазақстан Республикасы Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының ережелерін ескере отырып, Индустриялық-инновациялық дамуды мемлекеттік басқару мәселелері бойынша мамандандырылған кеңес қойған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі қажет.
Компания даму институттары қызметін үйлестіру негізінде экспорттық-импорттық сектордың артықшылығын пайдалана отырып, ұлттық экономиканы әртараптандыруда Қазақстан Республикасы Yкіметіне жәрдемдесуге, даму институттарының мамандануы мен олардың арасында орынды бәсеке теңгерімін айқындауға, қор рыногын дамытуға бағытталған.
«Самұрық» холдингі» мен «Қазына» акционерлік қоғамдарының тиімді жұмыс жасауы үшін заңнамалық базаны құру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады.
5.6. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан Республикасының Президенті H. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасына сәйкес өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) құрылатын болады. Бұл ретте, ӘКК меншігіне республикалық және коммуналдық меншіктің кейбір объектілері, жер, мемлекеттік рентабельді емес, бірақ жаңа бизнесті құру үшін пайдалануға болатын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар беріледі.
Әрбір ӘКК игерілмеген жердің учаскелерін қоса алғанда, елдің тиісті өңірінде берілген мемлекеттік активтерді басқаратын өңірлік даму институты болып табылады және оларды іске асыруға инвестицияларды тартатын және сыртқы нарықтарға өңірдің экономикалық даму имиджін алға жылжытуды жүзеге асыратын жобалардың генераторы рөлін атқарады.
ӘКК жеке меншігіне құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталын капиталдандыру ретінде мемлекеттік меншік объектілері мен жерін беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің мақсаты - ӘКК құрылымына кіретін ұйымдар қызметін үйлестіру жолымен өңірлер дамуының ортамерзімдік жоспарларын іске асыруды қамтамасыз ету, өңірлік және халықаралық маңызды (өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы, кластерлік даму, шағын және орта бизнесті дамыту) "серпілістік" жобаларды іске асыруға қажетті ресурстарды қалыптастыру мен бағыты.
ӘКК құру жөніндегі шешім қабылданған Қазақстанның 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы мен облыстар дамуының негізгі бағыттарын қосатын өңірлер дамуының ортамерзімдік жоспарларына сәйкес қабылданады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары (әкімдіктер, мәслихаттар) Қазақстан Республикасы Үкіметі алдында облыстың әзірленген және қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес осы өңірде ӘКК құру жөніндегі мәселені бастамашылық етуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ӘКК арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін құрылуы туралы шешім мен қызметі туралы ереже Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган - мамандандырылған кеңес арқылы жүзеге асырылады.
Облыстар әкімдері, «Қазына» АҚ мамандандырылған кеңестерінің мүшелерінен тұратын мамандандырылған кеңес ортамерзімді кезеңге ӘКК даму жоспарын іске асырудың басты міндеттері мен тетіктері бойынша ұсынымдарды әзірлеу және ӘКК басқару органдары (Жалпы жиналыс, Директорлар кеңесі) құрамын айқындаумен айналысады.
ӘКК басқару органдары акционерлік қоғамдар туралы заңнамаға сәйкес, соның ішінде ӘКК қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспары мен оның орындалуы жөніндегі есепті бекіту функцияларын жүзеге асырады. ӘКК құрудың бірінші кезеңінде жарғылық қорлары қалыптастырылады. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» акционерлік қоғамының құрылтайшылары болып:
Үкімет (қаржылық құралдар, республикалық меншік объектілері);
Облыстар әкімдіктері (қаржылық құралдар, коммуналдық меншік объектілері, жер);
«Қазына» АҚ (қаржылық құралдар) табылады.
ӘКК республикалық (коммуналдық) мекемелерге (мемлекеттік органдар, ауруханалар және т.б.) бекітіліп берілген мүлік; республикалық қазыналық кәсіпорындарға (Жоғары оқу орындары, көлік жолдары, төтенше жағдайлар объектілері, орман шаруашылығы және басқалар); бағдарламалық құжаттармен (Қазғарыш, Қазақстандық ипотекалық компания, Тұрғын үйқұрылысбанкі, Қаржылық орталық) міндеттерді орындау үшін құрылған АҚ мен ЖШС акциялары мен қатысу үлестері, коммуналдық қазыналық кәсіпорындарға (коммуналдық шаруашылықтағы кәсіпорын - Зеленстрой, Көркем, жылу-су жабдықтау желілері, көлік жолдары) бекітіліп берілген мүлік; жер учаскелері, сондай-ақ республикалық және коммуналдық меншікке жататын және жекешелендірілуі немесе мемлекеттік қолдау ретінде шағын және орта бизнеске берілуі тиіс объектілерге жатқызу өлшемдеріне сәйкес келмейтін объектілер кірмейді.
Екінші кезеңде бағалы қағаздар нарығында ӘКК акцияларының қосымша эмиссиясын орналастыру және ӘКК акцияларының мемлекеттік пакетін бизнес-құрылымдарға сату жоспарланған.
5.7. Дивидендтік саясатты жетілдіру
Қазіргі уақытта республикада мемлекеттік меншік объектілерінен түсетін мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің таза пайдасын бөлу және акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер аудару мәселелерін реттейтін мейлінше тиімді нормативтік құқықтық база құрылды және қолданылуда.
Мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру мақсатында дивидендтік саясат бөлігінде икемді, сараланған ұстанымды көрсету қажет.
Және осы мақсаттарда, бір жағынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысының орындалуын бақылауды күшейту де қажет.
Мемлекеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға қатысты оның бюджеттік мүдделерін назарға ала отырып, сондай-ақ мемлекеттік активтерді басқару ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 5-бабының 1-тармағына сәйкес бұл мәселені қарауды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қажет.
5.8. Меншіктің мемлекеттік мониторингі міндеттерін
іске асыруды қамтамасыз ету
Меншіктің мемлекеттік мониторингі міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін жыл сайын бюджеттік қаржыландыру шеңберінде консалтингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, ашық конкурс өткізілетін болады.
Әрбір объекті меншігінің мемлекеттік мониторингі процесін үйлестіруді және оған жалпы басшылық жасауды Уәкілетті органның бұйрығымен қалыптастырылатын Мониторинг жүргізу жөніндегі топ жүзеге асырады. Топтың құрамына Уәкілетті органның және/немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, салалық министрліктердің, олардың аумақтық бөлімшелерінің, облыстық немесе қалалық әкімдіктердің өкілдері кіреді, топты Уәкілетті органның өкілі басқарады.
Нақты Мониторинг объектісін тікелей зерттеуді және Объектіні зерттеу нәтижелері туралы есепті дайындауды конкурстық негізде іріктелетін тәуелсіз консалтингтік фирма жүзеге асырады.
Топ консалтингтік фирманың есебін бекітеді және оны мониторинг нәтижелерін пайдалануды ұйымдастыратын Уәкілетті органға ұсынады.
Мемлекеттік меншік объектілерін, сондай-ақ мемлекеттің меншік үлесі бар объектілерді басқарудың жұмыс істеу және тиімділік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыс біршама басқаша жоспарланып отыр.
Жыл сайын тексерілуі тиіс объектілердің санатына ұлттық компаниялар, ірі өнеркәсіптік ұйымдар, қарыздар, кредиттер және т.б. бойынша мемлекеттік бюджетпен өзара қарым-қатынастардағы ұйымдар, сенімгерлік басқару объектілері кіреді.
Құрылғандарына 1 жыл толмаған қалған объектілерге мерзімді мониторинг жүргізіледі. Уәкілетті орган зерттеулерді жоспарлау кезінде салалық министрліктердің ұсыныстары ескеріледі.
Меншіктің мемлекеттік мониторингінің алдағы жылдарға арналған міндеттерін іске асыру үшін, қолданыстағы жүйені талдау және алынған мониторинг нәтижелері, сондай-ақ бағдарламалық құжаттармен Қазақстан Республикасы Үкіметі алдына қойылған міндеттер негізінде меншіктің мемлекеттік мониторингін тиімді жүргізуді арттыру жөнінде жұмыс жалғастырылатын болады.
Есептіліктің жедел нысандары «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Yкіметтің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысымен бекітілген стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің тізбесіне кірген барлық ұйымдар, ағымдағы жылы мониторингке жататын ұйымдарды қоспағанда, әрбір жылдың 31 наурызына дейін ұйымдар салық декларациясын тапсыратынын ескере отырып, жыл сайын 20 маусымға дейін табыс етіледі.
Мониторинг объектілерін және олардың аффилиирленген тұлғаларын жедел жинау нысандары бойынша зерттеулер мен есептілігі нәтижесінде алынған деректерді талдау тұтастай алғанда өңірлер экономикасына және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне объектілердің әсер ету дәрежесін нақтылауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындардың әсер ету және даму үрдісі дәрежесі мониторингке жататын объектілер тізбесіне оларды қосуға не алып тастау үшін негіз болады. Бұдан басқа, тізбеге мемлекеттік холдингтерді құруға байланысты өзгерістер енгізілетін болады.
Республиканың әрбір өңірінде қызметі өңірдің тыныс-тіршілігіне әсер ететін ұйымдар бар екенін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар орталық атқарушы органдармен қатар уәкілетті органға мұндай ұйымдарды меншіктің мемлекеттік мониторингіне жататын объектілер тізбесіне және ұйымдарды алдағы тексеру жоспарына енгізу бастамасын көтере алады.
Алдағы жылдарда қолданыстағы заңнаманың шектеулерін ескере отырып, басқа мемлекеттік органдардың Уәкілетті органының электрондық базаға қол жеткізуі және өнеркәсіптің салалары бойынша ұзақ мерзімді саясатты айқындау, мемлекеттік мүліктің құрамын оңтайландыру, бюджетке түсетін түсімдерді жоспарлау, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін мониторинг нәтижелерін пайдалануды кеңейту жоспарланып отыр.
5.9. Мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесін айқындау
Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар жетекшілерінің есептері тыңдауын жүргізу қорытындылары жөніндегі мемлекеттік меншікті басқару тиімділігіне жүргізілген талдау мемлекеттік органдар тарапынан да, мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару органдарында мемлекет мүддесін білдіретін лауазымды тұлғалар тарапынан да мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігін арттыру қажеттілігін анықтады.
Қазіргі уақытта белгілі бір дәрежеде мемлекет пен мемлекет қатысатын басшыларының қатынастарын реттейтін қалыптастырылған нормативтік құқықтық база бар. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар өз өкілдері арқылы акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың директорлары кеңесінде кейбір әкімшілік шығыстарға лимиттерді белгілеуді қамтамасыз етеді.
Акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізіледі.
Бұдан басқа, Yкімет өз шешімімен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қызметіне қатысты мемлекеттік органға билік жүргізуге тиісті уәкілетті келісімін талап ететін бірқатар мәселелерді айқындады.
Бұл ретте мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметін бағалау жүйесін айқындау меморганның ведомстволық бағынысты ұйымдардың белгілі бір өндірістік және әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге жетуі бөлігінде менеджмент жүйесі нәтижелілігін қарастырудан ғана емес, сондай-ақ мынадай көрсеткіштерге:
ұйымдар қызметінің бағдарламалық құжаттармен айқындалған басымдықтарға сәйкес келуі;
инвестициялық жобаларды іске асыру серпініне қол жеткізуден тұрады.
Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігі мақсатында акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін), мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекеттік мекемелерді басқару бойынша мемлекеттік органдардың қызметін бағалау өлшемдерін әзірлеу қажет.
Меморганды бағалау олардың өз функцияларын басқару органы (мемкәсіпорындар үшін) және акционер (акционерлік қоғамдар үшін), қатысушы (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін) ретінде іске асыру шеңберінде жүргізілуі тиіс.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына ұйымдардың қаржылық құжаттарын жасауға, жүргізуге және беруге жауапты болғандықтан, ұйымдардың бас бухгалтерлеріне (қаржы қызметі басшыларына) қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу қажет.
5.10. Мемлекеттік жекешелендіру саясатын іске асыру
жөніндегі негізгі қағидаттар мен шаралар
Мемлекеттік саясаттың жекешелендіру саласындағы мақсаты қазақстандық ұйымдардың жұмыс істеу тиімділігін түбегейлі арттыру болып табылады.
Жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясат мына қағидаттарға негізделеді:
мемлекеттік активтердің құрылымын оңтайландыру, мемлекеттік бюджеттің мемлекеттік мүлікті басқаруға арналған шығыстарын азайту;
қазақстандық экономиканың нақты секторына, ең алдымен қазақстандық ұйымдардың ұзақ мерзімді дамуына мүдделі, инвестициялық және (немесе) әлеуметтік шарттарды іске асыру және оларды сөзсіз орындау жөніндегі міндеттемелерді өзіне алуға дайын инвесторлар есебінен инвестицияларды тарту;
ұйымдарды ұзақ мерзімді дамытуға бағдарланған тиімді меншік иелерінің қалың жігін құру, қазақстандық нарықты отандық өніммен толықтыру және оны әлемдік нарыққа жылжыту, өндірісті кеңейту және жаңа жұмыс орындарын құру;
жекешелендірілетін мүлік иелерінің міндеттемелерді орындауын бақылауды қамтамасыз ету;
әлеуетті инвесторлардың мүдделері мемлекет мүдделеріне сөзсіз қайшы келмейтін жағдайда олардың мүдделерін бағдарға алу;
қаржы консультантын, аудиторды, бағалаушыны, заңгер консультантты, менеджмент жөніндегі консультантты тарта отырып, жекешелендіру, оның ішінде ұйымдарды сату алдындағы дайындау жөніндегі әлемдік тәжірибені міндетті есепке алу;
жекешелендіру кезінде мемлекеттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мүдделерін үйлестіру болуға тиіс.
Кең ауқымды жекешелендіру кезеңі өткенін ескере отырып, одан әрі жекешелендіру процесі мемлекеттік активтердің құрылымын оңтайландырумен және қандай да бір қызмет түрлеріне мемлекеттің қатысу өлшемдерін әзірлеумен тығыз байланыстырылатын болады. Түрлі тетіктерді, оның ішінде жекешелендіруді пайдалана отырып, мемлекет, ең алдымен мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) бейінді емес активтерін (қызмет түрлерін), сондай-ақ қызметі тиімсіз (тиімділігі аз) активтерді бәсекелі нарыққа беру арқылы экономиканың түрлі салаларына өзінің ықпал ету саласын азайтатын болады.
5.11. Жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру
«Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік меншікті сатып алу-сату шарттарының орындалуын бақылау жекешелендіруді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органға бекітілген.
Тексерулердің жоспарлы сипаты болады, олардың мерзімділігі әрбір сатып алу-сату шарты бойынша жеке, әдетте жылына бір рет белгіленеді. Жекешелендірілген объектілермен проблемалар туындаған жағдайда кезектен тыс тексерулер ұйымдастырылады. Жекешелендірілген объектілердің электрондық дерекқоры жекешелендіру объектілеріне жүргізілген тексерулердің нәтижелерін, олардың орындалу мерзімін жедел қадағалап отыруға, тексерулерді жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, тексерілетін жекешелендіру объектілері сатып алу-сату шарттарында көзделген міндеттемелердің көлеміне қарай санаттар бойынша бөлінеді.
Тексерулер жүргізу жөніндегі нұсқаулық әзірленді, жекешелендіру объектілерін тексеру алгоритмі соған сәйкес айқындалады.
Консалтингтік фирмалар өңірлер мен салалардың тыныс-тіршілігі үшін маңызды мәні бар, сондай-ақ жекешелендіру шарттарына сәйкес ірі инвестициялық міндеттемелері бар жекешелендіру объектілерін тексереді.
Инвестициялық және басқа міндеттемелердің орындалуын бағалауға консалтингтік фирмаларды тарту үшін жекешелендіруді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган жыл сайын бюджеттік қаржыландыру шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүргізеді. Сатып алу конкурсының нәтижелері бойынша консалтингтік фирмалармен объектілерді Тексеру бағдарламасын, ақпараттың құпиялылығын көздейтін мемлекеттік сатып алу шарттары жасалады. Жекешелендіру жөніндегі шарт бойынша инвестициялық және басқа міндеттемелердің орындалу мәніне тексеру жүргізбес бұрын сатып алушыға консультанттардың қажетті құжаттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету туралы хабарлама жіберіледі.
Консультанттардың инвестициялық және басқа міндеттемелердің орындалуын талдау нәтижелері жөніндегі ұсынымдары объектілерді дамыту, инвестициялық бағдарламаларды одан әрі іске асыру мәселелерін қарау кезінде жекешелендірілген объектілермен ағымдағы жұмыс барысында қолданылады.
Міндеттемелердің орындалуын талдау барысында анықталған, инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың объективті қиындықтарымен, жекешелендіру объектілерін үшінші тұлғалардың пайдасына сатып алушының иелігінен айырумен, сатып алушының таратылуымен және басқа міндеттемелермен байланысты қосымша проблемалар Жекешелендіруден кейін бақылау жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Тәуелсіз сарапшылардың қорытындыларын, сатып алушылардың шағымдарын қарау нәтижелері бойынша Жекешелендіруден кейін бақылау жөніндегі комиссия өз ұсынымдарын шығарады, жекешелендіруді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган сатып алу-сату шарттарының одан әрі орындалуына және жекешелендіру объектілерін дамытуға ықпал ететін шараларды соның негізінде қабылдайды.
Бұл мақсатқа қол жеткізудің дәстүрлі тетіктерінің бірі сатып алушылармен келісім бойынша қолданыстағы сатып алу-сату шарттарының ережелерін түзету және нақтылау нысанына қосымша келісімдерге қол қою болып табылады. Бұл тетік азаматтық құқықтық қатынастардың тең қатысушылары ретіндегі инвестор мен мемлекет арасындағы заңдылық, объективтілік және экономикалық орындылық қағидаттарына негізделген өзара қатынастар үшін объективті қажеттілік болып табылады және өзара сенімді нығайтуға бағытталған әрі жекешелендіруден кейінгі кезеңде ұйымдардың экономикалық жағдайын одан әрі тұрақтандыруға ықпал етеді.
Сатып алу-сату шартын бұзу жекешелендіруден кейінгі бақылау практикасындағы ең соңғы шара болып табылады және консультанттар мен Жекешелендіруден кейін бақылау жөніндегі комиссияның ұсынымдары негізінде қабылданған шарттық міндеттемелер қасақана орындалмаған не сатып алушы олардан бас тартқан жағдайда ғана қолданылады.
5.12. Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет
қатысатын акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің)
басқару органдарында мемлекет мүддесін білдіретін
лауазымды тұлғалардың олардың қаржы-шаруашылық қызметіндегi
қорытындылары, мемлекеттік мүліктің мақсатты және тиімдi
пайдаланылуы үшін жауапкершілігін арттыру
Мемлекеттік меншік объектілерінің және олардың ерекшеліктерінің әр алуандығына қарай көп жағдайда мемлекет мақсатқа қол жеткізу тәсілдерін, яғни мемлекеттік меншік объектісіне қатысты нақты іс-шаралардың егжей-тегжейлі, экономикалық негізделген жоспарларын айқындай алмайды және айқындауға тиіс емес.
Мақсатқа қол жеткізу тәсілі заңнама шеңберінде айқындалады. Бұл ретте, мемлекеттің мақсатына қол жеткізудің қабылданған тәсілін жүзеге асыруы үшін жауапкершілік басқару органына жүктеледі, ол тиісті қызметті ынталандырып қана қоймай, жоспарланған сапалы басқару нәтижесіне қол жеткізілмеген жағдайда мемлекет тәуекелдерін барынша азайтуға тиіс.
Атап айтқанда, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару кезінде акционерлік қоғамдардағы басқару органы директорлар кеңесін айқындады, оның мүшелері акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары болып табылады.
Бүгінгі күні объективті себептер бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауына шек қойылған.
Мемлекеттің өкілдері - мемлекеттік қызметшілер директорлар кеңесінің отырыстарына ұсынылған материалдарды қарау кезінде лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылмайды, сондықтан олардың уақыты шектеулі, ұсынылған материалдарды қарау үшін тиісті біліктілігі жоқ (практика көрсеткендей) және жан-жақтан мамандар тартуға мүмкіндігі жоқ.
Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің акциялары мемлекеттік меншіктегі акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесіне қатысуының орындылығын қарау қажет.
Заңнамада акционерлік қоғамдарды басқару органдарында тәуелсіз директорлардың болуы көзделгенін ескере отырып, өз қызметін басқару органдарында тұрақты және кәсіби негізде жүзеге асыратын тәуелсіз директорлар институтын құру мүмкіндігін қарау қажет.
Сонымен қатар, акциялары мемлекеттік меншіктегі акционерлік қоғамдарды басқару органдарына сайланатын тәуелсіз директорлардың бәріне қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын әзірлеу қажет.
Мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары министрліктер, агенттіктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы өкілеттіктерінің ауқымы кең, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын айқындау, мемлекеттік кәсіпорындар мүлкінің мақсатты пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жоспарларын, оның ішінде жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді қарау және бекіту, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау және талдау.
Бұл ретте, заңнамада мемлекеттік кәсіпорын басшысының меншік иесі мен мемлекеттік басқару органы алдындағы кәсіпорындағы істердің жай-күйі үшін дербес жауапкершілігі айқындалған, дегенмен, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды адамдарының мемлекеттік кәсіпорындарды тиімсіз басқарғаны үшін жауапкершілігі айқындалмаған.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін басқаруды жүзеге асыру кезінде заңнамада оның органдарының жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тиісті дәрежеде басқаруды бірлесіп жүзеге асырмағанынан туындаған шығындар не оның үшінші тұлғаларға келтірген шығындары үшін жауапкершілігі көзделген.
Осыған байланысты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін тиімді басқару және басқару органын айқындау мақсатында заңнамаға үлестері мемлекеттік меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару ерекшеліктерін реттейтін норма енгізу қажет.
5.13. Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау
пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік
қоғамдардың (серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижелерін бақылау тетігін жетілдіру
Қазіргі уақытта Қазақстан алдында неғұрлым бәсекеге қабілетті экономикасы бар елдердің қатарына шығу міндеті тұр. Осыған байланысты мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдарды (серіктестіктерді) басқару жүйесін жетілдіру мемлекеттің басым міндеттеріне айналады. Мақсат: отандық, экономиканың негізгі салаларында әрекет ететін ұйымдарды әлемдік нарықтарға шығару, бұл, сайып келгенде, Қазақстанның шетелде нарық жағдайларында бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде ықпал ету саласын кеңейтуге жәрдемдесуге тиіс.
Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бақылау тетігін жетілдіру жекелеген нормативтік құқықтық кесімдерді қайта қарау жолымен жүзеге асырылатын болады және мемлекеттік ұйымдар қызметінің басым бағыттарын айқындауға бағытталған.
Осыған байланысты акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде ішкі аудит институтын құру көзделеді.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарлама мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды талап етпейді.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Қабылданатын шаралар нәтижесінде мемлекет активтерін басқарудың ашық жүйесі, мемлекеттік меншігінің бірыңғай дерекқоры құрылады, мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі ұйымдардың оңтайлы саны айқындалады. Рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту немесе олардың банкроттығы туралы шешім қабылдау бойынша тетіктер әзірленеді.
Мемлекеттік активтерді тиімді басқару жөнінде жаңа институттар құру мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру мен қор нарығының дамуына ықпалын тигізеді.
Осы Бағдарламаны орындауға бағытталған шараларды іске асыру барысында 2006-2008 жылдар ішінде мемлекеттік түсімдерді пайдаланудан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің сомасы нақтыланатын болады.
ҚР Үкіметінің 2007.23.01. № 44 (бұр. ред. қара); 2008.02.02. № 89 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді
8. Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
Іс-шаралар жоспары
Р/с №
| Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Орындауға жауапты | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар | Қаржы- ландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру | ||||||
1.1 | Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу және бекіту | Мәслихаттардың шешімдері, ЭБЖМ-ге есеп | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | ҚР Үкіметі Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіткеннен кейін бір тоқсан ішінде | Талап етілмейді | - |
1.2 | Мемлекеттің активтері мен пассивтерінің теңгерімін жасау әдістемесін бекіту | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығы | ЭБЖМ, Қаржымині, орталық атқарушы органдар | 2007 жылғы 2-тоқсан | Талап етілмейді | - |
1.3 | "Самұрық" холдингі" АҚ мен "Қазына" АҚ тиімді жұмыс істеуіне байланысты мәселелер бойынша бір қатар нормативтік құқықтық кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Нормативтік құқықтық кесімдердің жобалары | ЭБЖМ, ИСМ, Қаржымині, ЭМРМ, ККМ, АБА | 2006 жылғы 3-тоқсан | Талап етілмейді | - |
1.4 | Ұлттық компаниялар, "Самұрық" холдингі" АҚ, "Қазына" АҚ және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесін әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, әкімдердің шешімдері | Қаржымині, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктері | 2006 жылғы 3-тоқсан | Талап етілмейді | - |
1.5 | "Самұрық" холдингі" АҚ құрамына кіретін ұлттық компаниялардың қор нарығына бағалы қағаздарын шығару жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы | ЭБЖМ, Қаржымині, ҚНРА, "Самұрық" холдингі" АҚ | 2006 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | - |
1.6 | Акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тәуелсіз директорлары қызметінің тиімділігін іріктеу мен бағалау тәртібін, біліктілік талаптарын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының жобасы | ЭБЖМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2006 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | - |
1.7 | Мемлекеттік органдардың акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін), мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекеттік мекемелерді басқару жөніндегі қызметін бағалауды жүргізу ережесін әзірлеу | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығы | ЭБЖМ, Қаржымині | 2007 жылғы 2-тоқсан | Талап етілмейді | - |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімі туралы ережені жетілдіру мақсатында оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
| Қаржымині, ЭБЖМ | 2006 жылғы 3-тоқсан
| Талап етілмейді
| -
|
1.9 | Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ ірі жеке меншік компаниялардың қызметі мен қаржылық ағымдарының ашықтығын қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЭБЖМ, Қаржымині, ЭҚҚКА (қаржы полициясы), Есеп комитеті, ЭМРМ, ЖРА, "Самұрық" холдингі" АҚ, "Қазына" АҚ | 2006 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | - |
1.10 | Акциялары мен қатысу үлестері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың бас бухгалтерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдағаннан кейін бір тоқсан ішінде | Талап етілмейді | - |
1.11
| Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың директорлары кеңесі туралы үлгі ережені бекіту | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ЭБЖМ, орталық атқарушы органдар және басқа да мемлекеттік органдар | 2006 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | -
|
1.12 | Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың ішкі аудит қызметі туралы үлгі ережені бекіту | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ЭБЖМ | 2006 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | - |
1.13 | Бақылау қатысу үлестері мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бақылау кеңесі туралы үлгі ережені бекіту | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ЭБЖМ | 2006 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | - |
1.14 | "Мемлекеттік активтер туралы" ҚР Заңының жобасын әзірлеу | Заң жобасы | ЭБЖМ, Қаржымині | 2008 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | - |
1.15 | Жетілдіру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 58 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың қызмет түрлерін талдауды жүзеге асыруға арналған әдістемелік нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығы | ЭБЖМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2006 жылғы шілде | Талап етілмейді | - |
1.16
| Мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану бағытына байланысты: мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік функцияларды орындау үшін қажетті мүлік; әлеуметтік - маңызды қызметтер көрсету мақсатында қазыналық кәсіпорындарға бекітіліп берілген мүлік; ӘКК беруге жататын мемлекеттік меншік объектілері; бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акциялары және қатысу үлестері; акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде бағдарламалық құжаттарға сәйкес оларды құру кезінде жүктелген міндеттерді орындаған аграрлық сектордағы ұйымдардың акциялары және қатысу үлестері; "Самұрық" холдингі" АҚ-қа берілген және беруге жоспарланатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акциялары және қатысу үлестері; "Қазына" АҚ-қа берілген және беруге жоспарланатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акциялары және қатысу үлестері | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | ЭБЖМ, ИСМ, Қаржымині (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша) | 2007 жылғы 1-тоқсан | Талап етілмейді | - |
1.17 | Мемлекеттік активтерді басқарудың 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | ЭБЖМ, Қаржымині, орталық атқарушы органдар | 2008 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | - |
2. Мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру | ||||||
2.1 | Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мекемелер мен ұйымдардың жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті мүлік құрамын айқындау мақсатында олардың мүлкіне түгендеу жүргізу | ЭБЖМ-ге ақпарат | Қаржымині (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша) | 2006 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | - |
2.2 | Бәсекелі ортаға беруге жататын мүлік тізбесін айқындау | Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының жобасы, әкімдіктер қаулылары | ЭБЖМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша) | 2006 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | - |
2.3 | Мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітілген мүліктің тиімділігі мен мақсатты пайдаланылуын, жылжымайтын мүлік объектілеріне мүліктік құқықтардың тіркеуші органдарда тіркелуін қамтамасыз етуді тексеруді жүзеге асыру | ЭБЖМ-ге ақпарат | Қаржымині, орталық атқарушы органдар (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша) | Жыл сайын, 15 ақпан | Талап етілмейді | - |
2.4 | Коммуналдық меншіктегі құқық субъектілерінің барлығымен шарттар жасасуды қамтамасыз ету және олармен тікелей жұмыс үшін Тізілімді жүргізу жүйесіне қол жетімділік беру | ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша), тізілім ұстаушы | 2006 жылғы 3-тоқсан | Талап етілмейді | - |
2.5 | Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда бекітілген мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру мониторингін жүзеге асыру | ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша) | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 25-і күнінен кешіктірмей | Талап етілмейді | - |
2.6 | Қолданыстағы заңнамаға сәйкес есепті жыл қорытындылары бойынша акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар акционерлерінің жалпы жиналыстарын өткізу кестесін қалыптастыру | ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жыл сайын, сәуір | Талап етілмейді | - |
2.7 | Мемлекеттік кәсіпорындардың, акциялары мен қатысу үлестері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бас бухгалтерлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті бақылауды жүзеге асыру | Қаржыминіне ақпарат | Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жыл сайын, мамырда ("Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" ҚРЗ-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қабылданғаннан кейін) | Талап етілмейді | - |
2.8 | Сенімгерлік басқару шарт талаптарының орындалуы жөніндегі сенімгерлік басқарушылардың есептерін тыңдауды жүргізу | ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині | Жыл сайын, маусым | Талап етілмейді | - |
2.9 | Есепті жыл қорытындылары бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін, сондай-ақ қазыналық кәсіпорындардың сметадан тыс алынған кірістерін тиісті бюджет кірісіне есептеудің және аударудың уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыру | ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жарты жылда бір рет | Талап етілмейді | - |
2.10
| Есепті жыл қорытындылары бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтерді, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестеріне таза кірісті есептеудің және аударудың уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыру | ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жарты жылда бір рет | Талап етілмейді
| -
|
2.11 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 998 қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін, сондай-ақ мемлекеттің меншік үлесі бар объектілерді басқарудың қызмет етуінің және тиімділігінің кешенді мониторингін қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Есепті жарты жылдықтан кейінгі екінші айдың 10-ы күні | Талап етілмейді | - |
2.12 | Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларын орындауына бақылауды жүзеге асыру | ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей | Талап етілмейді | - |
2.13
| "Самұрық" холдингі" АҚ, "Қазына" АҚ және олардың құрамына кіретін заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарының орындалуы туралы ақпаратты бекітілген нысандар бойынша ұйымдар, оның еншілес және тәуелсіз ұйымдар бөлінісінде беру | Қаржыминіне, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктеріне ақпарат | Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, коммуналдық меншіктің атқарушы органдары | Жарты жылда бір рет, жарты жылдық қорытындылары бойынша - есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей, жыл қорытындылары бойынша - есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей | Талап етілмейді
| -
|
2.14 | Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, "Самұрық" холдингі" АҚ, "Қазына" АҚ және олардың құрамына кіретін заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу | ЭБЖМ-ге есеп | Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жарты жылда бір рет, жарты жылдық қорытындылары бойынша - есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 1-і күнінен кешіктірмей, жыл қорытындылары бойынша - есепті кезеңнен кейінгі бесінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей | Талап етілмейді | - |
2.15 | Мемлекеттік кәсіпорындарды, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру, тарату және жекешелендіру жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктеріне ұсыныстар | ЭБЖМ, Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, коммуналдық меншікті басқару жөніндегі атқарушы органдар | Жыл сайын, қыркүйек | Талап етілмейді | - |
2.16 | Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен жұмыс істемейтін мемлекеттік заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды алып тастау жөнінде жұмыстар жүргізу | Қаржыминіне ақпарат | Орталық атқарушы органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жыл сайын, 4-тоқсан | Талап етілмейді | - |
2.17 | Есепті жыл қорытындылары бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін уақтылы және толық аударуы, акционерлік қоғамдардың акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтерді, сондай-ақ мемлекет қатысатын серіктестіктерге мемлекеттік қатысу үлесіне таза кірісті мемлекеттік бюджетке есептеуі нысанына тексерулер жүргізу кестесін әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы, әкімдердің шешімдері | Қаржымині, орталық атқарушы органдар және басқа да мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жыл сайын, 1-тоқсан | Талап етілмейді | - |
2.18 | Акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тәуелсіз директорлары қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу | ЭБЖМ-ге ақпарат | Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жыл сайын, тамыз, 2008 жылдан бастап | Талап етілмейді | - |
2.19 | Мыналар: мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері; мемлекеттік меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер; мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестеріне кірістер; мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер; мемлекеттің қаржы активтерін сату бойынша алдағы кезеңге арналған болжамды көрсеткіштер жөніндегі ақпаратты беру | ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жыл сайын 1-сәуірге дейін | Талап етілмейді | - |
2.20 | Мемлекеттік меншік объектілерінің бірыңғай Тізілімін құру (МК, АҚ, ЖШС, ММ) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2006 жылғы 3-тоқсан | Талап етілмейді | - |
2.21 | Жаңа технологияларды қолдану арқылы жаңа өндірістерді ұйымдастыру мүмкін болатын рентабелді емес мемлекеттік кәсіпорындардың дерекқорын қалыптастыру | Нормативтік құқықтық кесім жобасы | Қаржымині | 2006 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | - |
2.22 | Тәуелсіз басқарушылар институтын енгізу арқылы рентабелді емес мемлекеттік кәсіпорындарды сауықтыру тетігін қалыптастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | Қаржымині | 2007 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | - |
2.23 | Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі ұйымдардың қызмет салалары бойынша мемлекеттік органдардан талдамалық ақпарат жинау | ЭБЖМ-ге ақпарат | Қаржымині | 2006 жылғы шілде | Талап етілмейді | - |
2.24 | Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі ұйымдардың қызмет салаларына талдау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ | 2006 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | - |
2.25 | Қоғамдық мәні бар қызметтерді көрсету және мемлекеттік қолдауды талап ететін қызмет саласын дамыту үшін мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі ұйымдар жұмыс істеуі тиіс қызмет саласын айқындау мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Заң жобасы | ЭБЖМ, Қаржымині | 2007 жылғы сәуір | Талап етілмейді | - |
2.26 | Жоғары технологиялық дүниежүзілік компаниялардың активтерін сатып алу мақсатында маркетингілік-талдамалық зерттеулер жүргізу | ИСМ-не ақпарат | "Қазына" АҚ | Жыл сайын наурыз | Талап етілмейді | - |
2.27 | Активтері Қазақстан Республикасы мүддесін білдіретін жоғары технологиялық дүниежүзілік компаниялардың тізбесін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ИСМ, ЭБЖМ, "Қазына" АҚ | Жыл сайын сәуір | Талап етілмейді | - |
2.28 | Перспективалық дүниежүзілік компанияларда қазақстандық қатысуды іске асыру үшін қажетті шарттар мен құралдар құру | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | ИСМ, ІІМ | 2006 жылғы қараша | Талап етілмейді | - |
3. Қаржы активтерімен жасалатын операциялардан түсетін түсімдер | ||||||
3.1 | Республикалық және коммуналдық меншік объектілерін сауда-саттыққа шығару кестесін әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы, әкімдердің шешімдері | Қаржымині, (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша), ЭБЖМ | Жыл сайын, қаңтар | Талап етілмейді | - |
3.2 | Жекешелендірілуге тиіс мемлекеттік меншік объектілерін сатуды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ЭБЖМ-ге ақпарат | Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күні | Талап етілмейді | - |
3.3 | Мемлекеттік бюджетке мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін қаражат түсімдерінің жоспарланған көлемін қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды жүзеге асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-і күні | Талап етілмейді | - |
4. Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру және жекешелендіруден кейінгі бақылау | ||||||
4.1 | Тиісті келісім-шарттар бойынша мемлекеттік меншік объектілерін сатып алушылардың келісім-шарттық міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асыру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині, орталық атқарушы органдар және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жыл сайын, 20 қаңтар | Талап етілмейді | - |
4.2 | Қазақстан Республикасының Үкіметінің 30 шілдедегі 2004 жылғы № 810 қаулысымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингісіне жататын объектілер Тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | Қаржымині, орталық және жергілікті атқарушы органдар | 2006 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | - |
4.3 | Қазақстан Республикасының Үкіметінің 30 шілдедегі 2004 жылғы № 810 қаулысымен бекітілген объектілер тізбесі бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ЭБЖМ-ге есеп | Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Есепті жарты жылдықтан кейінгі екінші айдың 10-ы күні | Талап етілмейді | - |
4.4 | Сатып алу-сату шарттары бойынша жекешелендіруден кейінгі бақылау комиссиясының шешімдері негізінде оларды түзету мақсатында қосымша келісімдерді әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ЭБЖМ-ге ақпарат | Қаржымині | Жыл сайын, желтоқсан | Талап етілмейді | - |
Ескертпе: әріптік аббревиатурларды ашып жазу
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ЭҚҚКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
«Самұрық» - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік холдингі" АҚ қоғамы
«Қазына» АҚ - «Қазына» орнықты даму қоры акционерлік қоғамы
АҚ - акционерлік қоғам
МК - мемлекеттік кәсіпорын
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ММ - мемлекеттік мекеме
ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация