Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлігін
арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 3 ақпандағы № 118 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.08.03 ж. № 856; 20.03.04 ж. № 357; 2005.31.05. № 538
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын одан әрі iске асыру мақсатында, "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 мамырдағы № 489 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмділігiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әpi - Бағдарлама) бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.31.05. № 538 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Жыл сайын 1 ақпан мен 1 тамызға:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi - республикалық меншiк бойынша;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi - коммуналдық меншiк бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 357 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.31.05. № 538 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 3 ақпандағы
№ 118 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін
арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
Астана - 2003 жыл
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және
атауы жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың
2003-2005 жылдарға арналған салалық
бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы
әзiрлеу 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен
үшін бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
негіз 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы,
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы
21 шiлдедегі № 1095 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi
басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы
Бағдарламаның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
негiзгi әзiрлеушiсi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi
Бағдарламаның Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн
басты мақсаты арттыру
Бағдарламаның Мемлекеттік мүлiктi басқару жүйесiн жетiлдiру
негiзгi мiндеттерi және оның тиiмдi пайдаланылуын бақылауды күшейту
Бағдарламаны Бағдарлама мемлекеттік бюджеттен
қаржыландыру қаржыландыруды талап етпейдi
көздерi
Бағдарламаны 2003-2005 жылдар
iске асыру
мерзiмi
Елдегi экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шараларды қабылдау, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi дамуының стратегиялық жоспарымен анықталған мақсаттар мен міндеттер мемлекеттік мүлiктi басқару мен билiк етудегi көзқарастарды одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудің тиiмділігiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру барысында мемлекеттік мүлiктi басқару мәселелерi жөніндегі заңнамалық базаны жетiлдiру жөнiнде маңызды қадам жасалды: "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік мүлiк мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы Заңы қабылданды.
Мемлекеттік мүлiк мәселелерi бойынша заң актілерiне өзгерістер енгізу, мемлекеттік меншiк объектiлерiн басқару субъектiлерiнің өкiлеттiктерi шектерiн белгiлеу және оларды нақтылау басқарудың әртүрлi субъектілерінің мемлекеттік мүлiктің объектiлерiн басқаруының одан әрi мақсаттарын, мiндеттерiн және әдiстерiн айқындау, жоғарыда көрсетiлген Заңды iске асыру жөнiнде бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу қажеттiгiнің де алғы шарты болып табылады.
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын одан әрi iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Бағдарламада мынадай негiзгi бағыттар бойынша:
мемлекеттік мүлiктi басқару жүйесiн жетілдiру;
мемлекеттік мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын бақылауды күшейту;
мемлекеттік меншiктің жекелеген объектілерiн басқарудың стратегиясын қалыптастыру, экономиканың стратегиялық салаларын бақылау және олардың дамуын реттеу;
мемлекеттік мүлiктi есепке алуды жетiлдiру;
мемлекеттік мүлiктi мемлекет мүддесiне сәйкес жекешелендiрудi жүзеге асыру;
жекешелендiруге дейiнгi бақылауды жетiлдiру iс-шаралары кешенiн жүзеге асыру көзделедi.
3. Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң қазiргi
уақыттағы жай-күйiн талдау
3.1. Мемлекеттік мүлiктi басқарудың заңнамалық базасы
Мемлекеттік мүлiктi басқаруды жетiлдiру, Мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын iске асыру мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік мүлiк мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы Заңы (бұдан әрi - Заң) қабылданды.
Заңмен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына, "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізiлді.
Негiзгi өзгерістер мемлекеттік меншiктi республикалық және коммуналдыққа бөлу есебiмен бiртұтас уәкiлеттi органның мемлекеттік меншiкке қатысы бойынша мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi ретiнде айқындау қажеттiлiгiне байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi - "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Жарлық) мемлекеттік меншiкке құқығы бар субъектiнiң және мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік органның функцияларын шектеу бөлiгінде өзгерістер енгiзiлдi; өкiлеттiктерiн кеңейту арқылы мемлекеттік басқару органдарының тарапынан мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiне бақылауды күшейтуге бағытталған толықтырулар, сондай-ақ жауапкершiлiктi нығайту мақсатымен мемлекеттік кәсiпорындар басшыларына қатаң талаптар қоюға бағытталған толықтырулар енгiзiлдi.
Заң қабылданғанға дейiн қолданыста болған мемлекеттік кәсiпорындарға негiзгi қаражаттар және заңды тұлғалардың жарғылық капиталының үлесi түрiнде оларға бекітілген мүлiктi шеттету құқығы, сондай-ақ өзiнiң қалауынша осы мүлiктi өткізуден түскен ақшалай қаражатты пайдалану мүмкiндiгi меншiктенушi ретінде мемлекет мүддесiне нұқсан келтiрдi және мемлекеттік мүлiктi бақылаусыз шеттету процесiне әкеп соқтырды. Заңға сәйкес негiзгi қаражатқа қатысты мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкi тек мемлекеттік мүлiкке билiк ететiн уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi негiзiнде, ал жекелеген жағдайларда - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша сатылатын болады. Бұл ретте, осы мүлiктi жекешелендiруден түскен қаражат мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
"Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңына өзгерiс мемлекеттік кәсiпорындардың жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктің жарғылық капиталының қатысуына жол бермеудi енгізу қажеттiгiне негiзделген.
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына енгiзiлген негiзгi өзгерістер мен толықтырулар:
мемлекеттік мекемелерге қоғамның құрылтайшылары немесе қатысушылары (акционерлерi) ретiнде қатысуына жол бермеудi белгiлеу;
"Алтын акция" иегерiнiң құқығын кеңейту және бекіту: "алтын акцияны" иелену шарты кезiнде мемлекет үшiн қосымша бақылау тәсілi болып табылатын акционерлік қоғамның жалпы жиналысы, басқарма және директорлар кеңесiнiң шешiмiне тыйым салу, соның ішінде "алтын акциямен" куәландырылған тыйым салу құқығының қабылданған өзгерістерiне сәйкес болғандықтан жекешелендiруге дейін мүмкіндік беруге жатпайды; директорлар кеңесiнiң қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзімдік және ағымдағы (жылдық) жоспарларын мiндеттi директорлар кеңесiнiң қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзімдік және ағымдағы (жылдық) жоспарларын мiндеттi бекітуiн қарау;
көрсетiлген акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтердiң болжамдалған мөлшерiнiң көрсеткiшiн белгiленген мерзiмдерде беру мiндетiн қоғамның атқарушы органына бекіту;
директорлар кеңесiнің құзыретiне кiретiн мәселелердi қарау кезінде тәуелсiз сарапшыларды, консультанттарды тарту құқығын директорлар кеңесінің мүшелерiне беру.
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi "Жекешелендiру туралы" Жарлық) жекешелендiру процестерiн жетiлдiру мақсатында Заңмен әлемдiк тәжiрибеде қабылданған қосымша сауда түрлерi: екі кезеңдiк рәсiмдер жолымен конкурс (бұдан әрi - конкурс), бағалы қағаздарды сату енгiзілдi.
Конкурс біліктi қаржы кеңесшiсінің қатысуымен екi кезеңде өтетiн болады және әлеуеттi сатып алушылар (инвесторлар) арасында бәсекелестiк белгiлеуге қабілеттi болғандықтан iрi стратегиялық маңызды объектiлердi жекешелендiрудің неғұрлым қолайлы тәсiлi болып табылады. Сауданың осы түрi инвесторлармен келiссөздер өткізу барысында объектiлердiң бұрын ұсынылған сату шартын жақсартуға және сапа негiзінде жеңiмпазды таңдауды жүзеге асыруға жол бередi.
Туынды бағалы қағаздарды жүзеге асыру:
әлеуеттi инвесторлар шеңберiн кеңейтуге;
капиталдың халықаралық рыногында қазақстандық компаниялардың имиджiн көтеруге бағытталған.
Бұдан басқа, туынды бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде компаниядан талап етілетін шарттар олардың қызметінің айқындылығын, демек инвесторлардың қатерiн барынша азайту деңгейiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
Осыған байланысты, бұрын қолданылған "Жекешелендiру туралы" Жарлықтың мемлекеттік меншiктің объектiлерiн сату тәртібі туралы ережелерi биржа саудасын ұйымдастыру және өткізу ерекшелiгiн, мемлекетке жататын бағалы қағаздарды қор биржасында сату жөнiнде "Жекешелендiру туралы" Жарлықтың нормасын көрсетпедi, жеке бапта толықтырылды және бөлiп көрсетілдi.
Мемлекеттік меншiк объектiлерiн сатып алушылардың мiндеттемелердi орындауын бақылаудың тиiмдiлiгiн көтеру мақсатында "Жекешелендiру туралы" Жарлыққа сатып алу-сату келiсімдерiнің шарттарына сәйкес сатып алушылар өзiне алған орындауға тиiстi мiндеттемелердi қамтамасыз етуге бағытталған өзгерiс қабылданды.
Мемлекеттік мүлiктi тиiмдi басқарудың басты тұтқасының бiрi көкейтестi құқықтық базаның болуы болып табылатыны сөзсiз. Қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкес мемлекеттік мүлiктi (республикалық та, коммуналдық та меншiк бойынша) басқару және билiк ету мәселелерiн реттейтiн нормативтік құқықтық актiлерге тексеру жүргiзу мемлекеттік меншiктi басқару саласында бiрiншi деңгейдегi мiндет болып табылады.
3.2. Мемлекеттік кәсiпорындарды басқару
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың жалпы саны 451 кәсiпорынды, соның iшiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағысы - 165 кәсiпорынды, жедел басқару құқығындағысы - 286 кәсiпорынды құрады. Осы күнге коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың жалпы саны 5 380 кәсiпорынды, олардың шаруашылық жүргiзу құқығындағысы 998 және жедел басқару құқығындағысы - 4382 кәсіпорынды құрады.
"Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Жарлыққа сәйкес аталған мемлекеттік кәсіпорындар тiзбесiн: республикалық мемлекеттік кәсiпорындар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар бойынша - жергіліктi атқарушы органдар бекiтедi.
Мемлекеттік бюджетке таза табыс бөлiгiнің түсiмдерi бойынша деректер 2000 жылдан бастап 2002 жыл кезеңiне былайша көрiнiс табады:
Кезеңi | Мемлекеттік бюджетке мемлекеттік кәсiпорындардың таза табыс бөлігінің түсуi, мың теңге | |||||
Барлығы | Республикалық бюджет | Жергiлiктi бюджеттер | ||||
Жоспар | Фактi | Жоспар | Фактi | Жоспар | Факті | |
2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. | 55 700 452 063 528 078 | 67 775 382 703 636 934 | 55 700 390 645 500 895 | 55 098 331 231 576 706 | - 61 418 27 183 | 12 677 51 472 60 228 |
Жоғарыда келтiрiлген көрсеткiштерден мемлекеттік кәсiпорындарды басқарудың тиiмділігiн арттыруға бағытталған бағдарламалық iс-шараларды iске асыру қорытындысында мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бөлiгi мемлекеттік бюджетке түсiмдердің неғұрлым артқаны көрiнедi. 2001 жылы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табыс бөлiгiнен бюджетке аударымдар мөлшерi 2000 жылмен салыстырғанда 68 млн. теңгеден 383 млн. теңгеге дейiн - 6 есеге дейiн артты. 2002 жылға мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлiгiнен мемлекеттік бюджетке 528 млн. теңге мөлшерiнде аударымдар көзделдi, 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таза табыс бөлiмнен бюджетке аударымдар сомасы 637 млн. теңгенi құрады, ол жылдық жоспардың 121 %-ын құрады.
2001 жылдың қорытындылары бойынша 102 республикалық мемлекеттік кәсiпорын 20 944 млн. теңге сомасында таза табыс алды. Бұл ретте, 2002 жылы республикалық бюджеттiң табысына республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң 576,7 млн. теңге сомасында аударымы түстi. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардан алынатын таза табысының үлкен бөлiгiн (86,8%) үш республикалық мемлекеттік кәсiпорын құрайтынын атап айту қажет: ұлттық компаниялар болып табылатын "Қазақстан темір жолы" РМК (74% немесе 15 524 млн. теңге), "Қазәуенавигация" РМК (7,7% немесе 1 615 млн. теңге) және "Ақтау теңiз сауда порты" РМК (5% немесе 1 045 млн. теңге). Солармен бiрге, "Қазақстан темір жолы" РМК, "Ақтау теңiз сауда порты" РМК ұлттық компаниялары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне сәйкес таза табысы бөлiгiнде республикалық бюджетке аударымдардан босатылады. Бұдан басқа, 36 республикалық мемлекеттік кәсiпорын 2001 жылғы қорытынды бойынша 16 271 млн. теңге сомасында залал келтiрген.
2001 жылғы қорытынды бойынша 405 коммуналдық мемлекеттік кәсiпорын 1 183 млн. теңге сомасында таза табыс алды, бұл ретте 2002 жылы жергiлiктi бюджеттерге коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң 60,2 млн. теңге сомасында немесе 2001 жылы олар алған таза табыс сомасынан 1,3% сомасында түсiмдер түстi. 698 кәсiпорын 2 420 млн. теңге сомасында залал келтiрдi.
Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлiгiнен мемлекеттік бюджетке түсiмдердiң артуының жалпы деңгейiне қарамастан, мемлекеттік кәсiпорындардың пайдасынан түсiмдер олар алатын таза табыспен салыстырғанда әлi күнге ескерусiз қалып келедi. Бұдан басқа, мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары тарапынан қажеттi бақылаудың болмауынан, бөлшегiнiң тиiмсiз басқаруға байланысты болуынан коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың көпшiлiгi залалды болып табылады. Жақын кезеңде залалды және табысы төмен деңгейдегi мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекет ұстанымын нақты белгiлеу: мемлекет мүддесiн және оған жүктелген мiндеттердi ескере отырып мемлекеттік кәсiпорындар мәртебесiнде болуының орындылығын айқындау, заңды тұлғалардың өзге де ұйымдастыру-құқықтық нысанын қайта құру және тарату мүмкiндiгiн қарау қажет. Сонымен бiрге, кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiне мемлекеттік басқару органдарының тарапынан бақылауды күшейту, олардың қаржылай жай-күйiне мемлекеттік кәсiпорындар басшыларының жауапкершiлiгiн нығайту ескертедi.
3.3. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы
бар заңды тұлғаларды басқару
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 499 акционерлік қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң (бұдан әрi - серiктестiк), оның республикалық меншiктегiсi - 219 акционерлік қоғам мен серiктестiк, коммуналдық меншiктегiсi - 280 акционерлік қоғам мен серiктестiк акцияларының пакеттерi мен қатысуының үлестерi мемлекеттік меншiкте болып табылды.
Мемлекеттік бюджетке акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтердiң түсуi бойынша деректер 2000 жылдан бастап 2002 жылда кезеңiне былайша көрiнiс табады:
Кезеңi | Мемлекеттік меншік болып табылатын акциялардың пакеттеріне дивидендтердің түсуі, мың теңге | |||||
Барлығы | Республикалық бюджет | Жергiлiктi бюджеттер | ||||
Жоспар | Фактi | Жоспар | Фактi | Жоспар | Факті | |
2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. | 1 278 536 5 929 368 5 849 833 | 1 251 893 6 062 629 6 909 943 | 1 142 200 5 859 889 5 800 000 | 1 169 485 6 006 545 6 787 339 | 136 336 69 479 49 833 | 82 408 56 084 122 604 |
Келтiрiлген көрсеткiштерден 2001 жылы акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтердiң түсуi өткен жылмен салыстырғанда неғұрлым артқаны (5 млрд. теңгеге дейiн) көрiнедi. Осы қорытындының республикалық меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтердiң түсуiнiң артуына байланысты екенiн, жергілiктi бюджетке коммуналдық меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтердiң түсу сомасы 32%-ға төмендегенiн атап айту қажет. 2002 жылы акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтердің мемлекеттік бюджетке түсуi 5 850 млн. теңге мөлшерiнде көзделген, 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы көрсеткiштер бойынша түсiмдер сомасы 6 910 млн. теңгенi немесе жылдық жоспардың 118%-ын құрады. Бұл ретте, акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер түсуiнiң жалпы сомасындағы елеулi үлестi "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ (100% АМП) - 25% немесе 1 742,5 млн. теңге, "С№РС-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ (25,2% АМП) - 21% немесе 1 440,8 млн. теңге және "Қазақмыс" корпорациясы" ААҚ-дай (24,65% АМП) - 18% немесе 1 260,1 млн. теңге, осындай iрi өндiрiстiк компаниялардың үлесi құрайды.
2001 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакетi (қатысудың үлесi) республикалық меншiкте болып табылатын 85 акционерлік қоғам (серiктестiк) 52 433 млн. теңге сомасында таза табыс алды, бұл ретте 2002 жылы республикалық бюджеттiң кiрiсiне 2001 жылы олар алған таза табыстың сомасынан 13%-ды құрайтын 6 787 млн. теңге сомасында акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтер аударылды. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар 67 акционерлік қоғам (серiктестiк) 16 080 млн. теңге сомасында залал келтiрдi.
2001 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакетi (қатысудың үлесi) коммуналдық меншiкте болып табылатын 74 акционерлік
қоғам (серiктестiк) 871,1 млн. теңге сомасында таза табыс алды, бұл ретте 2002 жылы жергілiктi бюджетке 122,6 млн. теңге немесе 2001 жылы алынған таза табыстың сомасынан 14% сомасында акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер аударылды. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар 163 акционерлік қоғам (серiктестiк) 3 521 млн. теңге сомасында залал келтiрдi.
Жоғарыда келтiрiлген қорытындылар акциялардың мемлекеттік пакетi (қатысудың үлесi) акциялардың осы пакеттерiне (қатысудың үлестерiне) иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (министрлiктер, ведомстволар, агенттiктер, өзге де осыған уәкiлеттi орталық мемлекеттік органдар) тарапынан республикалық меншiкте болып табылатын акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметiнiң қорытындыларына тиiмдi бақылаудың жеткiлiксiздiгi және қарауында коммуналдық меншiктiң акциялар пакетi (қатысудың үлесi) бар жергілiктi атқарушы органдар тарапынан бақылау мен жоспарлауды ұйымдастырудың төмендiгi туралы куәландырады.
3.3.1. Ұлттық компанияларды басқару ерекшелiктерi
2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұлттық компаниялардың саны 13 заңды тұлғаны, оның 11-i акционерлік қоғамды, 2-i республикалық мемлекеттік кәсiпорынды құрайды.
Ұлттық компаниялар ұлттық экономика негiзiн құрайтын стратегиялық маңызды салаларда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылады.
Осыған байланысты, ұлттық компанияларға акционерлік қоғамдар ретiнде және де мемлекеттік кәсiпорындар жатады, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы (бұдан әрi "Акционерлік қоғамдар туралы" Заң) және Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығы олардың қызметiн реттейтiн негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер болып табылады.
Ұлттық компаниялар жыл сайын сырғымалы негiзде үш жыл мерзiмге өзiнiң даму жоспарын (бұдан әрі - Даму жоспары) әзiрлейдi. Даму жоспары Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарына ұлттық компаниялар дамуының негiзгi бағыттарын енгізу мен негiзгi көрсеткiштерiн болжауды көздейтiн индикативтi жоспарлаудың қолданылып жүрген жүйесi шеңберiнде әзiрленедi. Даму жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінiң:
"Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290;
ұлттық компаниялардың әкiмшiлiк шығындарын оңтайландыру мәселелерiне қатысты - "Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелерi туралы" 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулылары қабылданды.
"Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестерiне кiрiстiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 тамыздағы № 1159 қаулысына сәйкес ұлттық компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер есептеу Даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Дивидендтердiң түпкiлiктi мөлшері акционерлердiң жалпы жиналысында "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңға сәйкес бекітіледi.
2000 жылдың қорытындысы бойынша 10 ұлттық компания 45 794 млн. теңге сомасында таза табыс алды, 4 ұлттық компания 9 031 млн. теңге сомасында залал келтiрдi.
Республикалық бюджетке 2001 жылы акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтер тек үш ұлттық компаниядан: "МЖЗҚ" ЖАҚ, "Қазтрансойл" ЖАҚ және "Қазәуенавигация" РМК-ы 719,5 млн. теңге аударды, қалған ұлттық компаниялар республикалық бюджетке дивидендтер (таза табыстың бөлiгiн) аудармады (қаражат өндiрiстi дамытуға, жағымсыз қаржы қорытындысынан залалдар мен кредиттердi өтеуге жiберiлдi).
2001 жылдың қорытындысы бойынша 12 ұлттық компания 36 698 млн. теңге сомасында таза табыс алды, 2 ұлттық компания 11 476 млн. теңге сомасында, соның iшiнде "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ 11 050 млн. теңге сомасында залал келтiрдi.
Жекелеген ұлттық компаниялардың, өз кезегiнде, өзiнiң еншiлес ұйымдары болатын еншiлес ұйымдар бар екенiн атап өту маңызды. Нәтижесiнде үйлестiру функциялары мен жалпы басқаруды бас компаниялар жүзеге асыратын сатылас интеграциялаумен холдингтер құрылады. Бұл ретте, акционер ретіндегі мемлекеттiң қолында осы кезеңде холдинг ұйымының қаржы-шаруашылық қызметiнiң қорытындылары туралы толық ақпарат болмады.
Бүгiнгi таңдағы проблемалары:
холдингтердегi толықтай қаржы-шаруашылық қызметiнiң айқындылық деңгейiнiң жетiспеушiлігi;
ұлттық компаниялардан республикалық бюджетке түсетiн акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтердiң сомасы олар алатын таза табыспен салыстырғанда мардымсыз;
ұлттық компаниялардың инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру көздерi мен мөлшерiн, оларды iске асыру мониторингiнiң жүзеге асыру тетiгiн айқындау жөнiнде өлшемi жоқ.
3.4. Мемлекеттік мүлiктi есепке алу
Мемлекеттік мүлiктi есепке алу мақсаты мемлекеттік мүдделер есебiмен оны пайдалану жөнiнде негiзделген шешiмдер қабылдау мақсатымен мемлекеттік мүлiктiң мониторингi үшiн жағдай жасауда мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң сақталуын және жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етумен аяқталады.
"Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншiк жөніндегі деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлiктi есепке алу Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
Тiзiлiм мемлекеттік кәсiпорындарды, мемлекеттік мекемелердi және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату және қайта тiркеу, сондай-ақ ауыртпалықтардың (кепiл, басқармаға беру) болуы, мемлекеттiң қатысу үлесiнiң өзгеруi процесiн жаңартуға жол бередi.
Тiзілiм құрылымы мемлекеттік меншiктi басқару саласындағы айқындалатын мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес оңтайландырылады.
"Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 580 қаулысымен мемлекеттік органдардың тиiстi шешiмдердi қабылдауына байланысты мемлекеттік кәсiпорындардың, жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың қызметiн бақылау мен мониторингi үшiн қажеттi әртүрлi көрсеткiштер енгiзетiн Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн толықтыру және кезеңдiк жаңарту үшiн деректердi беруге жауапты субъектiлер айқындалған.
Мемлекеттік мүлiктi есепке алу жүйесiнде мынадай проблемалар бар:
Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiнiң есебiн жүргiзудi iске асыру тетiгi кейiнге қалдырылмаған;
республикалық және коммуналдық меншiктiң мемлекеттік мүлiктi есепке алу жөніндегі уәкiлеттi органдары арасында өзара iс-әрекет тәртібі нақты пысықталмаған.
3.5. Экономиканы дамытудың қазiргі уақыттағы сатысында
мемлекеттік мүлiктi жекешелендіру
Мемлекет иелiгiнен айыру және республика мемлекеттік меншiктi жекешелендiру бағдарламаларын орындау барысында елдiң экономикасында басымдық жағдай осы сатыда үлесі жалпы iшкi өнiмде (ЖIӨ): өнеркәсiпте 80-85%-ын, ауыл шаруашылығында - 99%-ын, құрылыста - 40-45%-ын, саудада 96%-ын құрайтын жеке сектор алды.
2001 жылдан бастап 2002 жылдар кезеңiне арналған акционерлік қоғамдардың (АҚ) акцияларының мемлекеттік пакеттерiн, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге (ЖШС) қатысудың мемлекеттік үлестерiн сату жөнiндегі толықтай деректер мынадай үлгіде берiлдi:
Сала | АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакеттерiн (қатысудың мемлекеттік үлестерін) жекешелендiру | |||
2001 ж. | 2002 жылғы | |||
бiрлiк | қорытын- дысына %-бен | бiрлiк | қорытын- дысына %-бен | |
Өнеркәсіп Құрылыс Ауыл шаруашылығы Көлік және байланыс Тұрмыстық бұйымдарды сату және жөндеу Қаржылық қызмет Денсаулық сақтау Басқалар Жиыны:
| 39 10 25 13 11 4 12 32 146 | 27 7 17 9 8 3 8 22 100 | 22 3 8 15 3 1 4 11 67 | 33 4 12 22 4 1 6 16 100 |
Келтiрілген кестеде көрсетiлгендей 2001 жылы АҚ (ЖШС) 146 акцияларының мемлекеттік пакетi (мемлекеттік қатысу үлесi бар) сатылды, 2002 жыл үшiн АҚ-ның (ЖШС) 67 акцияларының мемлекеттік пакетi (мемлекеттік қатысу үлесi бар) сатылды.
Сол сияқты 2001 жылы 2 059 мүлiктiк кешен, жылжымайтын мүлiк объектiлерi, аяқталмаған құрылыс, көлiктер, жабдықтар және басқа да мүлiктер, 2002 жылы - осы объектiлердің санаттарына жатқызылғанның 1756-cы жекешелендiрiлдi.
Мемлекеттік меншiктi жекешелендiруден мемлекеттік бюджетке түскен түсiмдер 16,6 млрд. теңгенi, 2002 жылғы қаңтар-маусым үшiн 19,3 млрд. теңгенi құрады. Республикалық және коммуналдық меншiктi (мемлекеттік меншiк) жекешелендiруден түскен түсiмдер бойынша мәлiметтер мынадай түрде көрiнедi:
Кезеңi | Мемлекеттік меншiктi жекешелендiруден түскен қаражаттың түсімдері, мың теңге | ||
Барлығы | Республикалық бюджет | Жергіліктi бюджеттер | |
2001 жыл 2002 жыл | 16 583 079 19 340 182 | 15 430 756 18 754 477 | 1 152 323 585 705 |
2002 жылдан бастап "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қабылданған өзгерістерге сәйкес жекешелендiруден түскен түсiм бюджеттiң тапшылығын (профициттің пайдаланылуы) қаржыландыру көзi ретiнде қаралады. Республикалық меншiк объектiлерiнің жекешелендiру көлемдерiн қалыптастыру мемлекеттік активтердi басқару нәтижелерiмен, жаңа қарыз алу көлемдерiмен және мемлекеттiң қолда бар борыштық мiндеттемелерiмен үйлесiмдi болады.
Жекешелендiру саласында 2003-2005 жылдары шешу қажет негiзгi мiндеттер:
мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне байланысты жекешелендiрудiң тиiмдi тәсілдерiн қолдану арқылы әлеуеттi инвесторлар ортасын кеңейту жолымен инвестициялар тарту;
мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру процестерiнiң айқындылығын және бәсекелестiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
3.6. Жекешелендiруден кейiнгi бақылау
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жекешелендiруден кейiнгi бақылауға 330 мемлекеттік меншiк объектiсiн сатып алу - сату шарты жатады.
Қабылданған шараларға қарамастан, жекешелендiрудiң алғашқы кезеңдерiнде жасалған сатып алу-сату шарттарының жетiлмегендiгi, заңнама салаларындағы әртүрлi кемшiлiктер сатып алушылардың жеке мүддесiне пайдаланылады, бұл оларға кейбір жағдайларда өз мiндеттемелерiн орындамаған және тиiсiнше орындамағаны үшiн толық жауапкершіліктен құтылуға мүмкiндiк бередi.
Жаппай жекешелендiру кезеңiнде сатылған неғұрлым iрi объектілер, сондай-ақ жеке жобалар бойынша жекешелендiрмеген объектiлер сатып алушылардың инвестициялық мiндеттемелердi атқаруына тексеру жүргiзу жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жетiлдiру мақсатында тұрақты негiзде экономика, заңтану, технология және басқа салалардағы білікті маман-сарапшыларды тарту қажеттілiгiне себепшi болды. Осы мiндет консалтингтiк ұйымдарды тарту тетiгi арқылы iске асырылды.
Консалтингтiк ұйымдарды қолданылып жүрген заңнамада белгiленген тәртiпке сәйкес тендер жүргiзу жолымен мемлекеттік уәкілеттi органы тартады.
Уәкiлеттi органмен жасасқан шарттың негiзiнде консалтингтiк ұйым сатып алушылардың шарттық мiндеттемелерiн орындауға бағалау жүргiзедi, уәкiлеттi органға инвесторлармен (сатып алушылармен) одан әрi өзара қарым-қатынастар бойынша нұсқаулар бередi. Консалтингтік ұйымның есебiн шарттық мiндеттемелердiң орындалуын бақылау үшiн құрылған ведомствоаралық комиссия қарайды. Ведомствоаралық комиссияның шешiмi уәкiлеттi органның орындауы үшiн мiндеттi. 2001 жылдың басынан бастап ведомствоаралық комиссияның 23 отырысы өткен, олардың қорытындысы бойынша 74 сатып алу-сату шарты аяқталған болып танылды, 17 шарт бойынша қосымша келісімдер жасалды.
Жекешелендiрiлген объектiлердi сатып алу-сату шарттары ережелерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшiн консалтингтiк ұйымдарды тарту тәжiрибесi жекешелендiруден кейiнгi бақылаудың осы тәсiлiнiң орындылығын және тиiмдiлiгiн, оны одан әрi қолдану қажеттiлiгiн көрсеттi.
Экономиканың (мұнай-газ, кен-металлургия, көлiк-коммуникация, энергетика, машина жасау) стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарға бақылауды нығайту мақсатында "Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 3 мамырдағы № 491 қаулысы қабылданды.
Сол уақытта жекешелендiруден кейiнгi бақылаудың қазiргi жүйесiнде мынадай проблемалар бар:
экономиканың стратегиялық салаларындағы жекешелендiрілген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мемлекеттік мониторингiн заңнамалық қамтамасыз ету жоқ;
мүдделі мемлекеттік органдар олардың қызметін жақсарту жөнiнде негiзделген шешiмдер қабылдау үшiн мониторинг объектiлерi істерінің жағдайы туралы қажеттi ақпаратты білмейдi.
Жекешелендiрiлген кәсiпорындарды басқару тиiмдiлiгiн мемлекеттік қадағалаудың заңнамалық негiздерiнiң болмауы мемлекет тарапынан мониторинг объектілерiн бақылау дәрежесi мен мүмкiндiктерiнде жағымсыз байқалады. Жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi жиi еңбек, табиғатты қорғау заңнамасының нормалары мен ережелерi тиiсiнше сақталмай жүзеге асырылады, негiзгi қорлар жаңартылмайды, озыңқы технологиялар енгiзiлмейдi.
Өткен 10 жылда республикада 80%-дан астам өндiрiстiк қуаттар жекешелендiрiлген. 1996-1998 жылдар iшiнде мұнай өндiретiн, энергетикалық, металлургиялық және көлiк-коммуникациялық, кен өндiру салаларындағы 94 iрi кәсiпорынды жекешелендiру жүргiзiлген. Шетелдiк инвесторлар шамамен 90 өнеркәсiптiк объектiлердiң мүліктік кешендерi мен акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн сатып алған. Бұл ретте жекешелендiру процестерi рыноктық қатынастардың бiр уақытта орнығуымен, сондай-ақ елдiң нормативтiк құқықтық базасының қалыптасуымен орын алған.
Республика құрылғаннан бергi жылдары жасалған жұмыстарды қорытындылау жүргiзу оның тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында жекешелендiруден кейiнгi құқықтық қамтамасыз етудi одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.
Экономиканың басты салаларында әрекет ететiн жекешелендiрілген кәсiпорындардың қызметi туралы толық және шынайы ақпараттың болмауы, сол сияқты тұтастай алғанда стратегиялық салалардың тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететiн негiзделген шешiмдер қабылдауға әрекет етпейтiн жағымсыз фактор болады.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық дамуының жоспарын және Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын iске асыру үшiн мемлекеттік меншiктi басқару саласындағы мемлекеттік саясат мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
мемлекеттік мүлiктi тиiмдi пайдалану есебiнен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн арттыру;
мемлекеттік кәсiпорындар, мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар қызметiнiң қаржы-экономикалық көрсеткiштерiн жақсарту;
белгiлi бiр салаларға және нақты кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне байланысты мемлекеттік меншiктiң құрылымын оңтайландыру.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
мемлекеттік кәсiпорындардың және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық қызметiн басқару жүйесiн жетiлдiру;
мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң кешендiк мониторингiн қамтамасыз ету және мониторинг нәтижелерi бойынша дерекқорлар құру;
мемлекеттік активтердi басқару жүйесiн құру, мемлекеттік активтер мен мiндеттемелер теңгерiмiнiң әдiстемесiн әзiрлеу;
мемлекеттік мүлiктi есепке алу жүйесiн жетiлдiру;
экономиканың стратегиялық салаларында жекешелендiрмеген объектілердi басқару тиiмділiгiнiң мониторингiн қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаның негізгi бағыттары және оны
iске асыру тетiгi
Қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн "Мемлекеттік мүлiк мәселелерi жөніндегі кейбір заңнамалық актiлерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы Заңына сәйкес олардың өкілеттiктерiнiң шектеулерi мен нақтылауларын ескере отырып, әр түрлi басқару субъектiлерiнiң мемлекеттік меншiк объектілерiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру көзделіп отыр.
ҚР Үкіметінің 25.08.03 ж. № 856 қаулысымен 5.1-бөлімшесі өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
5.1. Мемлекеттік кәсiпорындар мен жарғылық капиталында
мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық
қызметiн басқару жүйесiн жетiлдiру
Мемлекеттік кәсiпорындар мен жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларға қатысты бiрқатар нақты шараларды iске асыру көзделедi.
Мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары мынадай функцияларды орындайды:
мемлекеттік кәсiпорындар қызметiнiң басымды бағыттарын анықтау;
мемлекеттік кәсiпорындар шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның iшiнде жоспарлық қаржылық көрсеткiштердi, оларды беру кезеңділiгi мен тәртібін қарау және бекіту;
уәкілеттi органға олар белгiлеген мерзiмдерде тиiстi есептердi бере отырып, мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметi жоспарлық көрсеткiштерiнiң орындалуын талдау және бақылау;
Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртiп пен мемлекеттік кәсiпорындарды оңтайландыру мақсатында олардың әкiмшiлiк шығыстарының мониторингiн жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және оларды аттестаттауды жүргiзу;
мемлекеттік кәсiпорын мүлкiнiң мақсаты бойынша пайдаланылуына және сақтығына бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiмен анықталатын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза пайдасын бөлу нормативтерiн белгiлеу мәселелерiнің реттелмегендiгiн жою үшiн алдағы кезеңде әзiрленген Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза пайдасын бөлу нормативтерiн анықтау, келiсу және бекіту ережесi қолданылатын болады.
Мемлекеттік кәсiпорындар бюджеттік шектеулер шеңберiнде әрекет ететiн болады. Әрбiр мемлекеттік кәсiпорын үшiн мемлекеттік басқару органы тиiстi кiрiстер және шығыстар сметасын (бюджет) бекiтетiн болады.
Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне (қатысудың мемлекеттік үлестерiне) иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға мынадай функциялар жүктеледi:
Қазақстан Республикасының Үкiметіне тиiстi есептердi бере отырып акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлесi) мемлекетке тиесілi және экономиканың басты салаларында әрекет ететiн акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің) қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргiзу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен оларды оңтайландыру мақсатында акцияларының мемлекеттік пакеттерi мемлекетке тиесілi акционерлік қоғамдар әкімшілік шығыстарының мониторингiн жүзеге асыру;
акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігi шектеулi серiктестiктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерi жоспарларының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.
2003 жылы:
акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің мөлшерлерiн жоспарлау тәртібі;
Ұлттық компаниялар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ведомстволық бағыныстағыларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің жоспарларын әзірлеу және ұсыну ережесі;
5.1.1. Ұлттық компаниялардың қызметiн басқарудың тиiмдiлiгін арттыру
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына сәйкес елiмiздің экономикасы үшiн стратегиялық маңызды объектiлер болып табылатын ұлттық компаниялардың секторын құру, ұлттық компанияларды басқарудың мемлекеттік жүйесiн ұйымдастыру - мемлекеттiң басымды мiндеттерi болып орын алуда. Мақсаты: экономиканың басты салаларында әрекет ететiн отандық ұлттық компанияларды кәсiби менеджмент ұйымдарымен және озыңқы технологиялармен дүниежүзiлiк рынокқа шығару, бұл қорытындылай келгенде Қазақстанның шет елдегi рынок шарттарында бәсекелес бола алатын мемлекет ретiнде әсер ету саласын кеңейтуге ықпал етуi тиiс.
Көрсетiлген мiндеттердi шешу үшiн негiзгi мiндетi экономиканың стратегиялық салаларындағы технологиялық байланысты өндiрiстердiң қызметiн басқаруға негiзделетiн ұлттық компаниялар базасында мемлекеттік холдингтер құруға мемлекет ықпалдасатын болады. Холдингтердi басқару негiзiне шығындарды оңтайландыруға, технологиялық және кадр саясатын өңдеуге, кәсiпорын қызметтерiн салалар шеңберiнде үйлестiрудi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн корпоративтiк басқару.
Ұлттық компанияларға қатысты олардың жүйе құрау маңызын нығайтатын мемлекет стратегиясын iске асыру тетiгiн Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi өнеркәсiптiк саясаты тұжырымдамасында (бұдан әрi Тұжырымдама) әзiрлеу қажет, бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Үкiмет бағдарламасы) iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына сәйкес 2003 жылдың басында әзiрленуi тиiс. Тұжырымдаманың негiзгi мiндеттерi: экономиканың қалыпты өсуiн қамтамасыз ету, заңнамалық, экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық жағдайларды құру негiзiнде өнеркәсiп салалары құрылымын сапалы түрде жаңарту, өндiрiстiң бәсекелестiк қабiлетiн және тиiмдiлiгiн арттыру.
Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң мемлекеттік бақылануын күшейту мақсатында ұлттық компаниялар тоқсан сайын өздерiнiң еншiлес тәуелдi ұйымдарының қаржылық ақпаратын Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретiн болады. Ұлттық компаниялардың бiрiншi басшылары еншiлес, тәуелдi ұйымдарды және мемлекет компанияның жарғылық капиталына берген активтердi басқару туралы, сондай-ақ ұлттық компаниялардың даму жоспарының атқарылуы туралы директорлар кеңесiнiң алдында есеп беретiн болады. Көрсетiлген шаралар ұлттық компаниялардың және олардың еншiлес ұйымдарының қаржылық жағдайы туралы неғұрлым толық елестетуге, инвестициялық бағдарламаларды және ұлттық компаниялардың дивидендтiк саясатын анықтау кезiнде экономикалық негiзделген қорытындылар әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
2003 жылы ұлттық компаниялардың инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу, келiсу және бекіту тәртібін реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу қажет.
Мемлекет тарапынан ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды нығайту, олардың еншiлес ұйымдары қызметiнiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн ұлттық компаниялардың директорлар кеңесi мәселелердiң тiзбесiн анықтайтын болады, олар бойынша еншiлес ұйымдар ұлттық компаниялар директорлар кеңесiнiң құзыретiне сәйкес олармен шешiмдер жобаларын жазбаша келiсудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жетiлдiру, оларды оңтайландыру және негізсіз шығындарды жою үшiн әкiмшiлiк шығыстардың мониторингiн қамтамасыз ету мақсатында тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданатын болады.
5.2. Мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң кешендi
мониторингiн қамтамасыз ету
"Мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң, сондай-ақ меншiгiнде мемлекеттiң үлесi бар объектiлердiң жұмыс iстеуiне және оларды басқарудың тиiмдiлiгiне кешендi мониторинг жүйесiн енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 шiлдедегi № 998 қаулысына сәйкес уәкілеттi орган шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кешендiк мониторингiн жүзеге асыру, деректер мониторингiнiң нәтижелерiн бiрыңғай есепке алу ақпараттық базасын құру жөніндегі қызметтi нығайтатын болады. Бұл ретте кешендi мониторинг объектiлерi:
мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелер;
жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар;
мемлекеттік меншiк болып табылатын, оның iшiнде сенiмдi басқарудағы, жалдағы, концессиядағы мүлiктiң барлық түрлерi болып табылады.
Кешендi мониторинг алдын алу, кемшiлiктердi жою және қызметтi жетiлдiру жөніндегі негiзделген шешiмдер мен нұсқалар әзiрлеу мақсатында осы объекттердiң технологиялық, қаржы-шаруашылық қызметiнiң, құқықтық мәселелерiнiң сапалық және сандық жағдайын жан-жақты бақылауға және аналитикалық талдауға мүмкiндiк бередi.
5.3. Мемлекеттік мүлiктi есепке алуды жетiлдiру
Мемлекеттік мүлiктi басқару саласында қойылған мiндеттердi шешуде толық және шынайы есепке алуды ұйымдастырудың маңызды мәнi болады.
Мемлекеттік кәсiпорындардың және мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң мониторингiн қамтамасыз ету үшiн қаржылық көрсеткiштердiң кешенiн қамтитын "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 580 қаулысына сәйкес Қосымша бөлiмшенiң тiзiлiмiн енгізу, қосымша бөлiмшенi толықтыру және кезеңдi жаңартып отыру үшiн деректердi беруге жауапты субъектiлердi анықтау берiлген қаржылық ақпараттың есебiн жүргiзу тетiгiн iске асыруды талап етедi. Осы мақсатта жауапты субъектiлер тарапынан қажеттi ақпаратты беру тәртібі мен мерзiмдерi регламенттелетiн болады.
5.4. Мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру саласындағы
мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары
2003-2005 жылдары жекешелендiру мемлекеттік мүлiктi басқару саласында мемлекеттік саясаттың құрылымдық элементi ретiнде қаралатын болады, жекешелендiрудiң көлемдерiн қалыптастыру мемлекеттік активтердi басқару нәтижелерiмен, қарыз алу көлемдерiмен және мемлекеттiң бар борыштық мiндеттемелерiмен байланысатын болады.
Мемлекеттік меншiктi басқару саласындағы мемлекеттік саясат экономиканың стратегиялық маңызды салаларының дамуын сақтауға және нығайтуға, мемлекеттiң мүдделерiн негiзге ала отырып, мемлекеттік мүлiктiң құрылымын оңтайландыруға бағытталатын болады.
Қолда бар мемлекеттік меншiк елiмiздiң экономикасы үшiн оның маңыздылығы дәрежесiне байланысты үш санатқа бөлiнетiн болады.
Бiрiншi санатқа жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерi жатқызылатын болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шiлдедегi № 422 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысымен жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерiнiң тiзбесi анықталған. Осы тiзбеге республиканың ұлттық мүддесi үшiн аса маңызы бap мемлекеттік меншiк объектiлерi қосылған, олар: Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер; магистральды темір жолдар, мемлекеттік халықаралық бағыттар желісіне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары; магистральды мұнай және газ құбырлары, аймақаралық деңгейдегi белгiлi бiр кернеудегi электр желiлерi; әлеуметтiк мiндеттердi шешу үшiн қажеттi мемлекеттік меншiк объектiлерi, оның iшiнде балалар үйi, қарттар үйi, орташа білім беру ұйымдары және басқалар.
Екiншi санатқа жататын мемлекеттік меншiк объектiлерi экономиканың стратегиялық салаларында әрекет ететiн: мұнай-газ, кен-металлургиялық, көлiк-коммуникациялық, энергетикалық, машина жасау салаларындағы ұйымдар болып табылады. Осындай ұйымдар экономиканың стратегиялық салаларында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған ұлттық компаниялар болып табылады. Ұлттық компаниялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Ұлттық компанияларға жатқызылған кейбір акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсiпорындар акцияларының мемлекеттік пакеттерiнiң бөлiгiн жекешелендiру тұтастай алғанда мемлекеттiң экономикалық саясаты ескерiле отырып, мемлекеттік мүдделер негiзге алына отырып жүзеге асырылатын болады.
Үшiншi санатты алғашқы екi санаттарға жатқызылмаған мемлекеттік меншiк объектiлepi құрайды: акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi, жауапкершілiгi шектеулi серiктестердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесi, аяқталмаған құрылыстың жылжымайтын мүлiк объектiлерi, мүлiктiк кешендер және басқа да мүлiк.
Тауарлық рынокта басымды (монополиялық) орын алатын не елдiң экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар рынок субъектiлерi болып табылатын ұйымдардың мүлiктiк кешендерiн және олардың акцияларының мемлекеттік пакеттерiн жекешелендiру оның неғұрлым оңтайлы нысандарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі шешiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
2003-2005 жылдары үшiншi санатқа жатқызылған мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру оның мемлекеттiң меншiгiнде болғандығының орындылығы принципi бойынша жүргiзiлетiн болады. Бұл ретте мемлекет республиканың экономикасында жеке секторды арттыруға және дамытуға, өндiрiстiң көлемiн арттыруға, салық салынатын базаны кеңейтуге ықпал етедi.
5.5. Жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жетiлдiру
Жекешелендiруден кейiнгi салада негiзгi мiндеттер:
экономиканың стратегиялық салаларында жекешелендiрілген объектiлердi тиiмдi басқару мониторингiнiң жүйесiн енгізу;
проблемалар мен оларды шешу жолдарын анықтау мақсатында кешендi мониторинг арқылы жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi туралы толық және шынайы ақпаратты алу;
жекешелендiруден кейiнгi бақылаудың құқықтық қамтамасыз етiлуiн жетiлдiру;
меншiктенушi қабылдаған мiндеттердiң тиiсiнше орындалуын бақылау, сатып алу-сату шарттарын аяқтау;
инвесторлармен конструктивтiк пiкiрталас жүргiзу, туындаған проблемалардан өзара қолайлы және негiзделген шешiмдер қабылдау;
экономиканың стратегиялық салаларында жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi көрсетiлетiн электрондық дерекқор құру, оны кезең-кезеңiмен жаңартып отыру болып табылады.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру мемлекеттік меншiктi басқаруды жүзеге асыратын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың функциялары шеңберiнде көзделедi. Осыған байланысты бағдарламаның iс-шараларын iске асыру жөніндегі шығыстар осы органдарды көзделетiн бюджеттік бағдарламалар шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден ағымдағы қаржыландыру есебiнен жүзеге асырылады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны iске асырудан мынадай нәтижелер күтiледi:
мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
мемлекеттік мүлiктi (акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтердi, мемлекеттiң қатысуы бар мемлекеттік кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктер таза пайдасының бөлiгiн, жалдау төлемдерiн және басқаларды) пайдаланудан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді арттыру; мемлекеттік кәсiпорындар, мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар қызметiнiң қаржы-экономикалық көрсеткіштерiн жақсарту;
алдын алу, кемшiлiктердi жою және олардың қызметiн жетiлдiру жөніндегі негiзделген нұсқауларды әзiрлеу мақсатында мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiң меншiк үлесi бар объектiлердiң мониторингі нәтижелерiн есепке алудың бiрыңғай дерекқорын құру;
мемлекеттік мүлiктi есепке алу жүйесiн жетiлдiру.
Болжамды деректер бойынша 2003 жылы мемлекеттік мүлiктi пайдаланудан республикалық бюджетке республикалық кәсiпорындардың табыс үлесi 350 618 мың теңге сомасындағы, республикалық меншiк мүлкiн жалға алудан 155 000 мың теңге сомасындағы, акциялардың мемлекеттік пакеттерiне 5 793 674 мың теңге сомасындағы дивидендтердің түсімі күтiлуде.
Осы Бағдарламаны орындауға бағытталған шараларды iске асыру кезiнде 2003-2005 жылдар iшiнде мемлекеттік мүлiктi пайдаланудан мемлекеттік бюджетке түсiмдердiң сомасы нақтыланатын болады.
ҚР Үкіметінің 25.08.03 ж. № 856 (бұр. ред. қара); 20.03.04 ж. № 357 (бұр. ред. қара); 2005.31.05. № 538 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға
іс-шаралар жоспары
Р/с N
| Іс-шаралар
| Аяқталу нысаны
| Орында- луына жауаптылар
| Орындалу мерзімі
| Жора- малда- натын шығыс- тар | Қаржы- ланды- ру көзі
| ||
1. Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдіру | ||||||||
1.1.
1.2.
1.3.
1.4.
1.5.
1.6.
| Коммуналдық мен- шiктi басқару- дың және жеке- шелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жыл- дарға арналған бағдарламала- рын әзiрлеу және бекіту
Коммуналдық меншiктегi мем- лекеттiк мүлiктi басқару және билiк ету мәсе- лелерiн реттей- тiн ведомство- лық нормативтiк құқықтық кесiм- дердi заңнама- лық кесiмдерге сәйкес келтiру
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 шiлдеде- гi N 909 қаулы- сымен бекітілген жарғылық капи- талға қатысудың басым мемлекет- тiк үлесi бар акционерлік қоғамның басқар- ма төрағасымен жасалатын Yлгi- лiк келісім- шартқа өзгерiс- тер мен толық- тырулар енгізу
Жарғылық капита- лында мемлекет- тiң қатысуы бар акционерлік қоғамдарда дивидендтердi есептеудiң тәр- тiбiн әзiрлеу
Мемлекеттік кәсiпорындардың, акцияларының бақылау пакетi (қатысу үлесi) мемлекетке тиесiлi акционер- лiк қоғамдардың (жауапкершілiгi шектеулi серiк- тестердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесін әзiрлеу және бекіту
Мемлекеттік мүлiктi басқару- дың және жекеше- лендiрудiң тиiм- дiлiгiн арттыру- дың 2006-2008 жылдарға арнал- ған бағдарлама- сын әзiрлеу | Әкімдердің шешімдері, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру
Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысы- ның жобасы
Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысы- ның жобасы
Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысы- ның жобасы
Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысы- ның жобасы
| Әкімшілік- аумақтық біліктер- дің әкімдері (ҚарМ ММЖК-мен келісім бойынша)
Әкімшілік аумақтық бірлік- тердің әкімдері
ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша)
ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша)
ЭБЖМ, ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша)
ЭБЖМ, ҚapM
| Қазақстан Республи- касы Үкіметі Мемлекет- тік мү- лікті басқа- рудың және жекешелен- дірудің тиімділі- гін артты- рудың 2003 2005 жыл- дарға арналған салалық бағдарла- масын бекіткен- нен кейін- гі тоқсан- ның ішінде
2003 жылдың 3-тоқсаны
2004 жылдың 1-тоқсаны
2003 жылдың 1-тоқсаны
2004 жылғы 30 сәуір
2005 жылдың 4-тоқсаны
| Талап етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
|
| ||
2. Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлігін арттыру | ||||||||
2.1.
2.2.
2.3.
2.4.
2.5.
2.6.
2.7.
2.8.
2.9.
2.10.
2.11.
2-12.
2.13.
2.14.
2.15.
2.16.
2.17.
2.18.
| ҚарМ ММЖК анық- таған нысанда мемлекеттік кәсiпорындар, жарғылық капита- лында мемлекет- тiң қатысуы бар заңды тұлға- лар туралы ақпа- ратты ұсыну
Құжаттық растау (қабылдау-тап- сыру актілері, сенiмгерлiк басқаруға беру шарттары, акцио- нерлер тiзiлiм- дерiнен үзiндi- лер) арқылы акциялардың мем- лекеттiк пакет- терiн түгендеудi жүргізу
Ұлттық компания- лар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ведомстволық бағыныстағыларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тие- сілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серік- тестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын әзірлеу және ұсыну ережесін әзірлеу және бекіту.
Мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық қыз- метiнiң ағымдағы және перспекти- валық жоспарла- рын қарау және бекіту туралы ақпарат ұсыну
Мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық қыз- метiнiң ағымдағы және перспекти- валық жоспарла- рының орындалуын бақылауды жүзеге асыру
Есептi жылдың қорытындылары бойынша шаруашы- лық жүргізу құқығындағы мем- лекеттiк кәсiп- орындар таза пайдасының бiр бөлiгiн, сондай-ақ қазы- налық кәсiпорын- дардың сметадан тыс алған кірiс- терiн тиiстi бюджеттiң кiрi- сiне аударудың уақытылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлi- гiнiң 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 135 бұйрығы- мен бекітілген нысандар бойынша, ұлттық компания- ларды қоспағанда бас, еншiлес, сондай-ақ бiрiк- тiрiлген ұйымдар бойынша бөлек шаруашылық жүр- гiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың, акцияларының пакетi (қатысу үлесi) мемлекет- ке тиесiлi акционерлік қоғамдардың (жауапкершілiгi шектеулi серiк- тестердiң) қаржы-шаруашылық қызметi туралы жылдық ақпаратты беру
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлі- гiнiң 2003 жылғы 2 ақпандағы N 135 бұйрығымен бекітілген шаруа- шылық жүргiзу құқығындағы мем- лекеттiк кәсiп- орындардың қызметiне талдау жүргiзу ережесi- не сәйкес жылдың қорытындысы бойынша мемле- кеттiк кәсiп- орындардың қаржы-шаруашылық қызметiне талдау жүргізу
Қазақстан Республикасы Қаржы министр- лiгiнiң 2003 жылғы 2 ақпанда- ғы N 135 бұйры- ғымен бекітілген жарғылық капитал- да мемлекеттiң қатысуымен мем- лекеттiк емес заңды тұлғалар- дың қызметi тиімділігінің негiзгi көрсет- кiштерiн анық- тау ережесіне сәйкес жылдың қорытындысы бойынша акция- ларының бақылау пакетi (қатысу үлесi) мемлекет- ке тиесiлi акцио- нерлiк қоғамдар- дың (жауапкершi- лiгi шектеулi серiктестердiң) қаржы-шаруашылық қызметiне талдау жүргiзу
Мемлекеттік меншiк объектiле- рiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 24 шiлде- дегi N 998 қаулысымен бекi- тiлген ережеге сәйкес мемлекет- тiң меншiк үлесi бар объектілердi қалыптастырудың және тиімдi бас- қарудың кешендi мониторингiн қамтамасыз ету
Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсiпорындарға бекітілген мүлік- ті мүлiктiк жалға (жалдауға) беру- дiң мониторингiн жүзеге асыру
Олар бойынша ұлттық компания- лардың еншiлес ұйымдары олардың құзыретiне сәйкес ұлттық компания- лардың директор- лар кеңестерiмен шешiмдер жобала- рын жазбаша келiсудi қамтама- сыз етуге мiндет- тi мәселелер тiзбесiн белгiлеу
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусым- дағы N 882 қаулы- сына қосымшаға сәйкес ақпаратты уақытылы ұсынуға бақылауды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысының 1-тар- мағының 5), 6), 10), 11)-тармақ- шаларында көздел- ген iс-шараларды орындау барысы туралы ақпаратты ұсыну
Есептi жылдың қорытындылары бойынша мемлекет- тiк бюджетке кәсіпорындар таза кiрiсiнiң бiр бөлiгiн аударуының, акционерлік қоғамдар акция- ларының мемле- кеттiк пакетiне дивиденттер, сондай-ақ мемле- кет қатысатын серiктестiктер- дегi қатысудың мемлекеттік үлесiне таза кiрiс есептеудiң уақытылығы мен толықтығы мәнiне тексерулер жүр- гiзу кестесiн әзiрлеу мен бекіту
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тие- сілi акционерлік қоғамдар акцио- нерлерiнiң есептi жылдың қорытынды- лары бойынша жалпы жиналыста- рын өткізудiң кестесiн қалып- тастыру
Есепті жылдың қорытындылары бойынша акционер- лiк қоғамдар акцияларының мемлекеттік па- кеттерiне диви- дендтер есептеу- дің және аудару- дың уақытылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыру
Мемлекеттік кәсiпорындарды, жарғылық капи- талында мемле- кеттiк қатысуы бар заңды тұлға- ларды қайта ұйымдастыру, тарату және жеке- шелендiру бойынша ұсыныстар енгізу
| ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп
Қазақстан Республи- касы Қаржы министрлі- гінің бұйрығы
ҚарМ ММЖК-ге , әкiмшілiк- аумақтық бiрлiктердiң әкiмдiктерімен ақпарат беру
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (республикалық меншiк бойынша)
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (республикалық меншiк бойынша)
ҚарМ ММЖК-ге, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдік- теріне ақпарат беру
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (республикалық меншiк бойынша)
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (республикалық меншiк бойынша)
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп беру
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп
)
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру
ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру
ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру
Қазақстан Республи- касы Қаржы министрлі- гінің бұйрығы, әкімдер- дің шешімдері
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдік- теріне есеп беру
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімшілік- теріне ұсыныстар беру
| ҚарМ ММЖК анықтаған тізілім ұстаушы
ҚарМ ММЖК, әкімші- лік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері
ҚарМ ММЖК, ҚарМ БЕД
Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша), коммуналдық меншіктің атқарушы органдары
Орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), әкімшілік- аумақтық бірліктер- дің әкімдері
ҚарМ ҚБК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), әкімшілік- аумақтық бірліктер- дің әкімдері
Орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), коммунал- дық мен- шіктің атқарушы органдары
Орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), әкімшілік аумақтық бірлік- тердің әкімдері
Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері
ҚарМ ММЖК, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері
ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері
ЭМРМ, ККМ
Орталық атқарушы органдар
Орталық атқарушы органдар
ҚарМ ҚБК, ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері
ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), коммунал- дық мен- шіктің атқарушы органдары
ҚарМ ММЖК, ҚарМ СК, ҚарМ ҚБК, орта- лық атқару шы орган- дар және өзге де мемлекет- тік орган- дар (келі- сім бойын- ша), әкім- шілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері
ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), коммунал- дық меншіктің атқарушы органдары
| Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-ы күні- нен ке- шіктірмей
Жыл сайын, 4-тоқсан
2003 жылдың 4-тоқсаны
Жыл сайын, наурыз
Жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірей
Жарты жылда 1 рет
Есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 15-і күнінен кешіктір- мей
Есепті кезеңнен кейінгі бесінші айдың 15-і күнінен кешіктір- мей
Есепті кезеңнен кейінгі алтыншы айдың 15-і күнінен кешіктір- мей
Есепті жарты жылдық- тан кейінгі екінші айдың 10-ы күні
Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күні
2003 жылдың 3-тоқсаны
Тұрақты түрде
Жылдың қорытынды- сы бойынша - есепті кезеңнен кейінгі сегізінші айдың 1-і күнінен кешік- тірмей
Жыл сайын, 1 тоқсан
Жыл сайын, сәуір
Жарты жылда 1 рет
Жыл сайын, желтоқсан
| Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
|
| ||
3. Мемлекеттік мүлiктi жекешелендіру | ||||||||
3.1.
3.2.
3.3.
| Жекешелендiру объектiлерiнің құнын бағалау әдiстемелерiн қолдану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу
Жекешелендiруге жататын мемле- кеттiк меншiк объектілерін сатуды қамтама- сыз ету
Мемлекеттік меншiк объекті- лерiн жекеше- лендіруден түс- кен қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсуiнің жоспарланған кө- лемдерiн қамтама- сыз ету жөнiнде- гi бақылауды жүзеге асыру | ҚарМ ММЖК-нің бұйрығы
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп
| ҚарМ ММЖК
ҚарМ ММЖК, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері
ҚарМ ММЖК, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері
| 2003 жылдың 1-тоқсаны
Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күні
Есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-і күні
| Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
|
| ||
4. Жекешелендiруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру | ||||||||
4.1.
4.3.
4.4.
4.5.
| Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн объектiлердiң тiзбесi бойынша экономиканың стратегиялық мәнi бар салаларында меншiктiң мемлекеттік мониторин-гiн жүзеге асыруды қамтамасыз ету
Mемлекеттік меншік объектi- лерiн сатып алушылардың тиiстi келісім-шарттар бойынша келісім- шарттық мiндет- темелерiн орын- дауына бақылауды жүзеге асыру
Мүдделi мемлекет- тiк органдармен бiрлесiп, басқа- рушы компаниялар- дың шарт жағдай- ларын орындау жөніндегі есеп- терiн тыңдауды өткізу
Жекешелендiру объектiлерiн сатып алу-сату шарттары бойынша мiндеттемелер- дің орындалуын бақылау жөнiн- дегi ведомство- аралық комиссия шешiмдерiнiң негiзiнде оларды түзету мақсатын- да сатып алу- сату шарттары бойынша қосымша келісімдер әзiрлеу
| Қазақстан Республикас ының Үкіметі бекiтетiн объектiлердiң тiзбесi бойынша экономиканың стратегиялық мәнi бар салаларында меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүзеге асыруды қамтамасыз ету
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп беру
Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат беру
| ҚарМ ММЖК, орталық және жергілікті атқарушы органдар
ҚарМ ММЖК, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері
ҚарМ ММЖК
ҚарМ ММЖК
| Есепті жарты жылдық- тан кейінгі екінші айдың 10-ы күні
Есепті жарты жылдықтан кейінгі екінші айдың 10-ы күні
Жыл сайын, маусым
Жыл сайын, желтоқсан
| Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
Талап- етіл- мейді
|
| ||
|
|
|
|
|
|
|
|
|