Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн
арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2001 жылғы 27 маусым № 880

"Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысына және "Ел Президентінің 2000 жылғы 24 қазандағы Қазақстан халқына "Еркiн, тиiмдi және қауiпсiз қоғамға" Жолдауында қойылған мiндеттердi iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 8 желтоқсандағы № 1826 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудің тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасы бекітілсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
                                            Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінің
                                            2001 жылғы 27 маусымдағы
                                            № 880 қаулысымен
                                            бекітілген
          Мемлекеттік мүліктік басқарудың және жекешелендірудің
            тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған
                           салалық бағдарламасы
                            Астана - 2001 жыл
                     1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы        Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және
                           жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың
                           2001-2002 жылдарға арналған салалық
                           бағдарламасы
Бағдарламаны               "Қазақстан Республикасында мемлекеттік
әзiрлеуге арналған         мүлiктi басқару және жекешелендiру
негiздеме                  тұжырымдамасын мақұлдау туралы"
                           Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
                           2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысы
Бағдарламаның              Қаржы министрлігі,
негiзгi                    Экономика және сауда министрлігі,
әзiрлеушiлерi              Энергетика және минералдық ресурстар
                           министрлігі,
                           Көлiк және коммуникациялар министрлігі,
                           Ауыл шаруашылығы министрлігі,
                           Білiм және ғылым министрлігі,
                           Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
                           министрлігі,
                           Туризм және спорт жөніндегі агенттiк,
                           Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi
                           қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегi
                           агенттiк,
                           Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiк
Бағдарламаны iске          2001-2002 жылдар
асырудың
мерзiмдерi
Бағдарламаны               Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
қаржыландырудың            қаражаты
көздерi
                           2. Кiрiспе

Экономикадағы жүргiзiлетiн реформалардан туындаған республикадағы экономикалық ахуалды өзгерту мемлекеттік мүлiктi басқаруда және оған билiк етуде жаңа тәсiлдердi әзiрлеудi қатаң талап етедi. Сол сияқты мемлекеттік меншiктiң бөлiгiн коммуналдық меншiкке беру, министрлiктерге, ведомстволарға, агенттiктер мен өзге де мемлекеттік органдарға акциялардың мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану жөніндегі өкiлеттiктердi, республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң өкiлеттiктерiн беру басқарудың әртүрлi субъектiлерiнiң аталған мемлекеттік меншiк объектiлерiн басқарудың мақсаттарын, мiндеттерiн және әдiстерiн нақтылауды талап етедi.

"Қазақстан Республикасында Мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын мақұлдау туралы" (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 шілдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында Мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасында мемлекеттік мүлiктi басқарудағы және билiк етудегi жаңа тәсiлдер толық көрсетілген.

Осы Бағдарлама 2001 жылдан бастап 2002 жылды қоса алғандағы кезеңдi қамтитын Тұжырымдаманың бiрiншi кезеңiн iске асыру мақсатында әзiрленген.

Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша:

мемлекеттік меншiктiң жекелеген объектiлерiн басқарудың мақсаттарын анықтау;

мақсаттарға жету тәсiлiн және оның жүзеге асырылуы үшiн жауапкершiлiктi таңдау;

мемлекеттік мүлiктi тиiмдi басқару жүйесiн орнату.

мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне қарай мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге экономикалық негiзделген тәсiл ұйымдастыру iс-шараларының кешенiн дайындауды және орындауды болжайды.

Бағдарламада мемлекеттік мүлiкке билiк ету жөніндегі бiрыңғай уәкiлеттi органды анықтаудың және мемлекеттік басқару органдары мен уәкiлеттi орган арасындағы осы мүлiктi басқару жөніндегі өкiлеттiктердi шектеудiң қажеттiлiгiне назар аударылған.

Бұдан басқа, мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржылық көрсеткiштердi есепке алу жүйесiн жетiлдiру көзделген.

            3. Мемлекеттік мүлiктi басқарудың жай-күйiн талдау

3.1. Акциялардың мемлекеттік пакеттерi (қатысудың мемлекеттік үлестерi)

2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық меншiкте - 280 акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктер акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi), коммуналдық меншiкте - 760 акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерi акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) болған.

Мемлекет акционердiң (қатысушының) құқығын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына және "Жауапкершілiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңына сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік меншік болып табылатын акцияларды (қатысу үлестерiн) басқару жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бiрқатар қаулыларымен реттелген.

Осылай, мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысымен бекітілген тiзiмдемеге сәйкес акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктер акцияларының мемлекеттік пакеттерi (қатысудың мемлекеттік үлестерi) коммуналдық меншiкке берiлген болатын. Сол мақсатта "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысымен акциялардың мемлекеттік пакеттерiне (қатысудың мемлекеттік үлестерiне) иелiк және пайдалану құқықтары министрлiктерге, ведомстволарға, агенттiктер мен өзге де мемлекеттік органдарға берiлген болатын. Сондай-ақ акциялардың мемлекеттік пакеттерiн (қатысудың мемлекеттік үлестерi) басқару мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң басқа да қаулылары қабылданған болатын.

Алайда, қолданылатын шараларға қарамастан акциялардың мемлекеттік пакеттерiн (қатысудың мемлекеттік үлестерiн) басқару тетiгiнде кейбір әлсiз жақтары кездеседi:

басқару органдарында және акционерлік қоғамдардың тексеру комиссияларында мемлекет өкiлдерiн iрiктеу, дайындау және қызметiн бағалау жүйесi, мемлекеттiң мақсаттарына жету тәсiлдерi, сондай-ақ мемлекет өкілдерiнiң, олардың қызметiн бақылау, олардың өкiлеттiктерiнiң шегiн анықтауға негiзделген тәсiлдерi жеткiлiксiз пысықталған;

акционерлік қоғамдар мен мемлекеттiң қатысуы бар шаруашылық серiктестiктерде iстердiң жағдайы туралы ақпаратты алу және қорытындылау тәртібі толық көлемде анықталмаған;

акционерi (қатысушысы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердi жүйелендiру толық көлемде жүргiзілмеген;

акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң мониторингi мен талдау жүйесi жеткілiктi деңгейде пысықталмаған.

Акциялардың мемлекеттік пакеттерiн және мемлекеттік үлестердi басқару жөніндегі қызмет нәтижелерiнiң бiрi мемлекеттік бюджетке дивидендтердiң түсуi болып табылады. Мемлекеттік бюджетке акциялардың мемлекеттік пакеттерiне арналған дивидендтердiң түсу серпiнi, тұтастай алғанда, соңғы бес жылда былайша көрінiс табады:

---------------------------------------------------------------------------
                    !    Мемлекеттік меншiк болып табылатын акциялардың
                    !     пакеттерiне дивидендтердiң түсуi, мың теңге
       Жылдары      !------------------------------------------------------
                    !  Барлығы    !    Республикалық      !    Жергілікті
                    !             !        бюджет         !    бюджеттер
---------------------------------------------------------------------------
       1996             679 703           679 205                 498
       1997             802 131           802 131                  -
       1998           1 039 563         1 039 563                  -
       1999           1 612 322         1 536 462              75 860
       2000           1 251 892         1 169 485              82 407
---------------------------------------------------------------------------

Келтiрiлген деректерден көргенiмiздей, 2000 жылы республикалық бюджетке акциялардың мемлекеттік пакеттерiне арналған дивидендтердiң түсуi өткен жылмен салыстырғанда төмендетілдi. Сонымен қатар, 1999 жылғы нәтижелер бойынша таза табыс алған акционерлік қоғамдар 3 924 576 мың теңге мөлшерiнде акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер аударған 2000 жылы республикалық бюджетке iс жүзiнде 1 169 485 мың теңге аударылды, акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша, аударылған дивидендтердiң қалған сомасы 2001 жылы республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылатын болады.

                      3.2. Мемлекеттік кәсiпорындар

Мемлекеттік кәсiпорындарды басқару жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 19 мамырдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығының нормаларымен реттеледi. Осы Жарлыққа сәйкес министрлiктер, ведомстволар, агенттiктер мен осыған уәкiлеттi өзге де орталық және жергілiктi атқарушы органдар мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын органдар және басқару органдары болып табылады.

Мемлекеттік бюджетке таза табыс бөлiгiнiң түсу серпiнi соңғы төрт жылда былайша көрiнiс табады:

---------------------------------------------------------------------------
                    !    Мемлекеттік бюджетке мемлекеттік кәсіпорындардың
                    !       таза табыс бөлігінің түсуі, мың теңге
       Жылдары      !------------------------------------------------------
                    !  Барлығы    !    Республикалық      !    Жергілікті
                    !             !        бюджет         !    бюджеттер
---------------------------------------------------------------------------
       1997             328 801           179 414             149 387
       1998             113 737            95 257              18 480
       1999              34 084            34 084                -
       2000              67 775            55 098              12 677
---------------------------------------------------------------------------

Келтiрiлген деректерден көргенiмiздей, бұл бiр жағынан, мемлекеттік кәсiпорындар санының кейбір қысқартылуына байланысты, өткен жылдармен салыстырғанда мемлекеттік кәсiпорындардың таза табыс бөлiгiнiң түсуi соңғы екi жылда төмендедi.

2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың жалпы саны 517 кәсiпорынды, оның iшiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағысы - 182 кәсiпорынды, жедел басқару құқығындағысы - 335 кәсiпорынды құрады. Осы күнге коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың жалпы саны 4 625 кәсiпорынды, оның iшiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағысы - 792 кәсiпорынды, жедел басқару құқығындағысы - 3 833 кәсiпорынды құрады.

1999 жылдың қорытындылары бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындар бойынша 97 кәсiпорын 4 285 409 мың теңге сомасында таза табыс алды, алынған бұл ретте республикалық бюджеттiң кiрiсiне 55 098 мың теңге аударылған, алынған таза табыс сомасының 1,3%-ын құрайды 79 кәсiпорын 9 220 438 мың теңге сомасында шығын жiбердi.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мынадай қорытынды жасауға болады:

мемлекеттік кәсiпорындарды басқарудың қолданылатын жүйесi жеткiлiктi түрде тиiмдi емес және маңызды реформалауды талап етедi;

мемлекеттік кәсiпорындардың мемлекеттік бюджетке түсетiн таза табысының бөлiгi алынған таза табыстың жалпы сомасына баламалы емес.

                         3.3. Негiзгi проблемалар

Қолданылып нормативтiк құқықтық база мемлекеттік мүлiктi оңтайлы басқару талаптарына толық көлемде жауап бермейдi, сондай-ақ мемлекеттік мүлiктi басқарудың әр түрлi субъектiлерiнiң өкiлеттiктерiн жеткiлiктi көрсетпейдi;

басқару органдарында және мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың тексеру комиссияларында мемлекеттiң өкiлдерiн iрiктеу, дайындау және аттестациялау жүйесi жеткiлiктi пысықталмаған, сондай-ақ мемлекеттiң өкілi басшылыққа алуы мүмкiн басқарушылық шешiмдер қабылдаудың регламентi жоқ;

мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекеттiң үлестiк қатысуы бар шаруашылық серiктестiктердiң тiзiлiмiнде қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы ақпаратты көрсету тетiгi толық көлемде пысықталмаған;

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табыс бөлiгiнiң мөлшерлерiн және акционерлік қоғамдардың бюджетке аударуға жататын акцияларының мемлекеттік пакеттерiне арналған дивидендтердi анықтау жөніндегі өлшемдер жоқ;

нормативтiк құқықтық кесiмдер мемлекеттiң экономикасында стратегиялық маңызы бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметi туралы қажеттi және дұрыс ақпаратты толық көлемде алу мүмкiндiгiн бермейдi.

                4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi

Тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік мүлiктi басқару саласындағы мемлекеттік саясат мынадай мақсаттарға жетуге бағдарлануы тиiс:

мемлекеттік мүлiктi пайдаланудан түсетiн салықтық емес түсiмдер есебiнен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiн арттыру;

белгiлi бiр салалар мен нақты кәсiпорындардың қызметiн реттеу жөніндегі мемлекеттік экономикалық саясат мүдделерiн және мемлекеттiң стратегиялық мiндеттерiн шешуiн ескере отырып, мемлекеттік мүлiктiң құрылымын (құрамын) оңтайландыру;

экономикаға инвестицияларды тарту құралы ретiнде мемлекеттік мүлiктi пайдалану;

шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында мемлекеттік мүлiктi пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiң қатысу үлесi бар заңды тұлғалар қызметiнiң қаржылық-экономикалық көрсеткiштерiн жақсарту.

Қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi шешудiң бiрiншi дәрежелi маңызы бар:

өкiлеттiктердi шектеу және нақтылау, сондай-ақ мемлекеттік меншiк объектiлерiн басқару субъектiлерiн жауапкершiлiгiн күшейту;

мемлекеттік мүлiктi оның түрлерi, тағайындалуы және басқа да өлшемдерi бойынша есепке алуды жүйелендiру;

қаржылық көрсеткiштердi талдау жүйесiн әзiрлеу;

мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғалар қызметтерi қаржылық көрсеткiштерiнiң дерекқорын құру;

жекешелендiрiлген және мемлекеттік шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тиiмдiлiгiн басқарудың дұрыс кешендi талдау үшiн тәуелсiз консалтингтiк ұйымдарды тартудың тәжiрибесiн кеңейту.

     5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асыру тетiгi

5.1. Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың нормативтiк құқықтық негiзiн жетiлдiру

    5.1.1. Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары

Көрсетiлген проблемаларды шешу үшiн атқарушы, өкiметтiң республикалық және жергiлiктi органдары заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай бағыттар бойынша нормативтiк базаны жетiлдiру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қажет:

"мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын орган" (бұдан әрi - "уәкiлеттi орган") және "мемлекеттік басқару органы" ұғымдарын, сондай-ақ осы органдардың өкiлеттiктерiн шектеу бөлiгiнде заңнамалық кесiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

мемлекеттік мүлiктi басқару және билiк ету мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтарды кесiмдердiң енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, заңнаманың талаптарына сәйкестiгiне тексеру жүргiзу;

мемлекеттік мүлiктi басқару рәсiмдерiнiң құқықтық регламенттелуiн жетiлдiру;

мемлекеттiң меншiктенушi ретiнде де және заңды тұлғаның акционерi (қатысушы) ретiнде де құқығын тiркеудi ұйымдастыру;

мемлекеттік кәсiпорындарға бекітілген мүлiктiң сақталуына және тиiмдi басқарылуына пәрмендi бақылауды қамтамасыз ету;

жекешелендiрiлген және мемлекеттік меншiктегi кәсiпорындарды тиiмдi басқару мониторингiн қамтамасыз ету.

5.1.2. Мемлекеттік меншiк объектiлерiн басқару субъектiлерiнiң өкiлеттiктерiн шектеу және нақтылау

Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдi тетiгiн құру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлiктi басқару және билiк ету саласындағы уәкiлеттi орган мен мемлекеттік басқару органдарының өкілеттiктерiн шектеу және нақтылау бөлiгiнде заңнамалық кесiмдерге өзгерістер мен толықтыруларға ынтагерлiк бiлдiрiледi.

Өкiлеттiктердi шектеу мен, нақтылаудың мынадай мақсаттары болуы тиiс:

мемлекеттік кәсiпорындар, мемлекеттiң қатысуы бар акционерлік қоғамдар (шаруашылық серiктестiктер) қызметінiң тиiмдiлiгін арттыру;

осы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өндiрiсi мен әлеуметтiк саласын дамытудың негiздi бағдарламаларын iске асыруды ескере отырып, мемлекеттік кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктер акцияларының мемлекеттік пакеттерiне арналған дивидендтердiң және таза табысының бөлiгi есебiнен мемлекеттік бюджетке түсетiн түсiмдердi арттыру;

мемлекеттік мүлiктi басқару процесiнде уәкiлеттi орган мен мемлекеттік басқару органдарының (министрлiктердiң, ведомстволардың, агенттiктер мен осыған уәкiлеттi өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың) өзара iс-қимылын үйлестiру;

"жасырын жекешелендiрудi", сондай-ақ мемлекеттiң мүддесiне қайшы келетiн кәсiпорындарды санкцияланбаған қайта ұйымдастыруды болдырмау;

мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың банкроттығын жүргiзу туралы шешім қабылдау кезінде уәкiлеттi орган мен мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Өкiлеттiктердi шектеу мен нақтылау уәкілетті органға мемлекеттік мүлiктi басқару және билiк ету жөніндегі мынадай функцияларды беруді бiлдiредi:

министрлiктермен, ведомстволармен, агенттiктер және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған өкiлеттiктер шеңберiнде мемлекеттік мүлiкке билiк ету жөніндегі шешiмдердi заңнамаға сәйкес қабылдау;

министрлiктермен, ведомстволармен, агенттiктер және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік мүлiктi сатуға және пайдалануға берудi (сенiмгерлiк басқару, мүлiктiк жалдау және басқалар) ұйымдастыру және жүзеге асыру;

мемлекеттік мүлiктiң жүйелендiрiлген есебiн жүргiзу;

мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларды басқару органдарының қызметiне қатысу;

мемлекеттік мүлiктiң мониторингi мен жай-күйiн талдау және оны пайдаланудың тиiмдiлiгi;

сатып алу-сату шарттары мен заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік мүлiктi пайдалануға (сенiмгерлiк басқару, мүлiктiк жалдау және басқалар) беру жөніндегі шарттардың ережелерiн сатып алушылардың орындауын бақылау;

шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi консалтингтiк фирмалардың кешендi мерзiмдi тексерулерi жолымен басқарудың мониторингi және тиiмдiлiгiн талдау;

мемлекеттік мүлiктi иелену, пайдалану және билiк ету саласында меңгеру саласында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен анықталған өзге де функцияларды iске асыру.

Салалық ерекшелiктердi ескере отырып мемлекеттік мүлiктi ағымдағы басқаруды жүзеге асыру мақсатында уәкiлетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар аудан (қала) әкімінiң (бұдан әрi - әкiмшілік-аумақтық бiрлiктiң әкімі) шешiмi бойынша мемлекеттік басқару органдарына мемлекеттік мүлiктi басқарy жөніндегі өкiлеттiктердi бере алады.

Мемлекеттік басқару органдарына мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мынадай функциялар жүктеледi:

мемлекеттік кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын анықтау;

мемлекеттік кәсiпорындар шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның iшiнде қаржы-шаруашылық қызметтiң мерзiмдiлiгi мен оларды ұсыну тәртібінiң жоспарлы көрсеткiштерiн қарау және бекіту;

қаржы-шаруашылық қызметтiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын, мемлекеттік кәсiпорындар мүлкiнiң тағайындалуы бойынша пайдаланылуын және сақталуын бақылау;

мемлекеттік кәсiпорын қызметiнiң жекелеген мәселелерiн реттейтiн iшкi құжаттарды бекіту;

Қазақстан Республикасының Yкіметі анықтайтын тәртiппен мемлекеттік кәсiпорындардың бiрiнші басшыларын конкурстық iрiктеудi және аттестациялауды жүргiзу;

акциялары мен қатысу үлестерi Қазақстан Республикасының Үкіметі (әкімшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкімі) анықтаған өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттік меншiк болып табылатын заңды тұлғалардың басқару органдарына қатысу;

мемлекеттік мүлiктi басқару және билiк ету мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізу.

Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен анықталған өзге де өкілеттiктердi iске асыру.

5.1.3. Мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың басқару органдарындағы мемлекет өкiлдерiнiң, компания басқарушыларының және мемлекеттік кәсiпорын басшыларының қызметiн тағайындау (ірiктеу) және бағалау тәртібі

Мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғалардың басқару органдарындағы мемлекет өкiлдерi (директорлар кеңесi, тексеру комиссиялары).

Мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың басқару органдарына мемлекеттік қызметкерлердi өкiл етiп тағайындау осындай тағайындаудың объективтi қажеттілiгi болған кезде жүзеге асыру ұсынылады (экономиканың стратегиялық салаларындағы кәсiпорындар, акциялардың 100%-ы не акциялардың бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi және т.б.).

Ол үшiн басқару органдарында және бақылау органдарында мемлекет өкiлдерiнiң қатысуы мiндеттi мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларды iрiктеу өлшемдерiн анықтау қажет.

Қазақстан Республикасының Yкіметі акционерлік қоғамдардың басқару органдарында мемлекеттік қызметшiлер қызметiнiң нәтижелерi жөніндегi бағалау және жауапкершiлiк тәртібін көздейтiн, акционерлік қоғамдардың (директорлар кеңестердiң, тексеру комиссиялардың) басқару органдарында мемлекеттік қызметшiлердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiм бекітілетiн болады.

Сенiмдi басқарушылар

Басқару органдарында мемлекет өкiлдерiнiң қатысуы мiндеттi акционерлік қоғамдардың тiзбесiне енбеген мемлекеттік қатысуы бар акционерлік қоғамдар бойынша басқару саласында тиiстi қызмет тәжiрибесi бар жеке және заңды тұлғаларды сенiмдi басқарушылар ретiнде тартудың басымдылық қағидатын қолдану ұсынылады.

Сенiмдi басқарушыларды iрiктеу конкурстық негiзде жүргiзiледi бұл ретте басқаруға беру шарттарында сенiмді басқарушылардың өкілеттiктерiн және келiсуге жататын шешiмдердi қабылдау кезiнде уәкiлеттiк органмен өзара iс-қимыл тәртібін көздеу қажет.

Мемлекеттік кәсiпорындардың басшылары

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кәсiпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзілгеннен кейiн мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын iрiктеу және тағайындау жөніндегі конкурстарды жүргiзудiң тәртібі мен ережесін, мерзiмдi аттестациялауды өткізу тәртібін бекiтедi, сондай-ақ олардың қаржылық жай-күйi үшiн жауапкершілiк шаралары және жасасқан келісім-шарттарда мемлекеттік кәсiпорындар қызметтерiнiң нәтижелерi анықталады.

                   5.2. Мемлекеттік мүлiктi есепке алу

5.2.1. Негiзгi проблемалар

Министрлiктердiң, ведомстволардың және Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президентiнде болған жиналыста қабылданған 1997 жылғы 19 маусымдағы шешiмдi, сондай-ақ "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншiк жөніндегі деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысын орындау үшiн қазiргi уақытта Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекеттiң үлестiк қатысуы бар шаруашылық серiктестiктердiң тiзiлiмiн енгізу жүзеге асырылуда.

Тiзiлiм мемлекеттік кәсiпорындар және жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын дерекқор базасы болып табылады.

Тiзiлiмдегi мемлекеттік мүлiктi есепке алудың проблемалары:

Тiзiлiмде мемлекеттік мүлiктi есепке алудың дұрыстығы мен нақтылығы үшiн республикалық және коммуналдық мемлекеттік басқару органдарының және өзге де ұйымдардың жауапкершiлiгi анықталмаған;

республикалық және коммуналдық меншiктегi мемлекеттік мүлiктi есепке алудың бiрыңғай әдiсi жоқ.

     5.2.2. Мемлекеттік мүлiктi есепке алудың мақсаттары мен мiндеттерi

Мемлекеттік мүлiктi есепке алудың мақсаты мемлекеттік мүлiктiң мониторингi және оның жай-күйiн бақылау және мемлекеттік мүдделердi ескере отырып, оны пайдалану жөнiнде негiздi шешiмдер қабылдау үшiн жағдайлар жасау болып табылады.

Республикалық және коммуналдық меншiктiң мемлекеттік мүлкiн есепке алудың нәтижелерi Тiзiлiмде көрiнiс табуы тиiс.

Тiзiлiм өзiне мемлекеттік кәсiпорындарға, мекемелерге және мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларға бекiтілген мемлекеттік мүлiктiң құрамын, орналастырылуы мен пайдаланылуын құндық тұлғада сипаттайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттік мүлiкке арналған меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.

Қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттерді шешу қажет:

мемлекеттік мүлiк туралы ақпаратты ақпараттандыруға мүмкiндiк беретiн Тiзiлiмнiң құрылымын оңтайландыру, оның пайдаланылу қозғалысын және тиiмдiлiгiн бақылау;

мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен және мерзiмде мiндеттi түрде ақпарат беруiнiң құқықтық регламентiн әзiрлеу;

оған сәйкес мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар Тiзiлiмде көрсету үшiн ақпаратты беретiн нысандарды әзiрлеу;

мемлекеттік мүлiктiң жай-күйiне және оның пайдаланылу тиiмділiгiне талдау жүргiзу жөніндегі ереженi әзiрлеу.

5.2.3. Есепке алу объектiлерi

Есепке алу объектiсi болып табылатын мемлекеттік мүлiк Тұжырымдаманы iске асырудың бiрiншi сатысында:

     мүлiктiк кешендер ретiнде мемлекеттік кәсіпорындарды;

акциялардың мемлекеттік пакеттерiн және қатысудың мемлекеттік үлестерiн бiлдiредi.

Тiзiлiмде активтердiң, меншiктi капиталдың, мiндеттемелердiң, кiрiстердiң құны және есепке алу объектілерiнiң қаржылық жай-күйiн сипаттайтын басқа да көрсеткiштер көрсетiлетiн болады.

5.2.4. Мемлекеттік мүлiктi түгендеу

Тiзiлiмдi мемлекеттік мүлiк туралы ақпаратпен толықтыру алдында мемлекеттік мүлiкке түгендеу жүргiзiлуi тиiс.

Түгендеудiң мақсаты - мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүлiктiң, акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң, қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң iс жүзiнде болуын анықтау, есепке алынбаған және бекітілмеген мемлекеттік мүлiктi анықтау және қолданылып жүрген заңнамада көзделген тәртiппен оларды заңды тұлғаларға одан әрі бекіту болуы тиiс.

Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға бекітілген мүлiкке, сондай-ақ акциялардың мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестерiне түгендеу жүргiзудi ұйымдастыру және бақылау мемлекеттік басқару органдарының функцияларын жүзеге асыратын министрлiктерге, ведомстволарға, агенттiктер мен өзге де мемлекеттік органдарға жүктелуi тиiс.

Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға бекітілген мүлiкке, сондай-ақ коммуналдық меншiкке берілген акциялардың мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестерiне түгендеу жүргiзудi ұйымдастыру және бақылау мемлекеттік басқару органдарының функцияларын жүзеге асыратын жергіліктi басқару органдарына жүктелуi тиiс.

5.2.5. Мемлекеттік мүлiкке арналған меншiк құқығын рәсiмдеу

Мемлекеттік мүлiкке қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын бiрыңғай уәкiлеттi органды анықтау туралы тұжырымдаманың ережелерiн iске асыру мақсатында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік меншiк объектiлерiне арналған меншiк құқығын уәкiлеттi органға тiркеу жөнiнде шаралар қабылдануы тиiс.

5.2.6. Мемлекеттік мүлiктi есепке алу объектiлерiн жүйелендiру

Есепке алу объектiлерiн басқару әдiстерiн анықтау мақсатында оларды басқару ерекшелiгiн анықтайтын өлшемдер бойынша жүйелендiру қажет.

Мемлекеттік кәсiпорындар

Тiзiлiмде ескерiлген мемлекеттік кәсіпорындар жарғылық қызметiнiң Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығының талаптарына сәйкестiгi тексерiлуi тиiс. Қызметi аталған Жарлықтың талаптарына сәйкес келмейтiн кәсiпорындарға қатысты оларға жүктелген мiндеттерге қарай оларды басқа ұйымдық-құқықтық нысандардың заңды тұлғалары етiп қайта ұйымдастыруды жүргiзу не оларды таратуды жүргiзу қажет.

Одан әрi мемлекеттік кәсiпорындарды мынадай белгiлерi:

ұйымдық-құқықтық нысаны;

салалық тиесiлiлiгi;

жарғылық қызметiнiң негiзгi түрi;

жұмыс iстейтiндердiң саны;

қаржылық жағдайы (кәсiпорындардың активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемi, меншiктi капиталы және с.с.) бойынша жiктеу қажет.

Жүргiзiлген жiктеменiң нәтижесiнде анықталған кәсiпорындардың әрбiр тобы бойынша мемлекеттік басқару органдары қызметтi басқарудың мақсаттарын, қажет мүлiктiң құрамын, сондай-ақ қаржылық қарым-қатынастардың және олардың шаруашылық қызметiн бақылаудың тәртібін анықтауы қажет.

     Акциялардың мемлекеттік пакеттерi және қатысудың мемлекеттік үлестерi

Акциялардың мемлекеттік пакеттерiн және қатысудың мемлекеттік үлестерiн жiктеу мынадай белгiлерi бойынша:

акционерлік қоғамның (шаруашылық серiктестiктiң) салалық тиесілілiгi;

жарғылық қызметiнiң негiзгi түрi;

акциялардың мемлекеттік пакетiнiң (қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң) мөлшерi;

жұмыс iстейтiндердiң саны;

қаржылық жағдайы (кәсiпорындардың активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемi, меншiкті капиталы және с.с.) бойынша жүргiзiлуi тиiс.

Акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен қатысудың мемлекеттік үлестерінің әрбiр тобы бойынша уәкiлеттi орган және мемлекеттік басқару органдары үшiн акциялардың мемлекеттік пакеттерiн (қатысудың мемлекеттік үлестерiн) басқарудың мақсаттары анықталуы тиiс.

     5.2.7. Мемлекеттік мүлiктi есепке алуды ұйымдастыру

Республикалық меншiктiң мемлекеттік мүлкiн есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру уәкiлеттi органға жүктелген.

Коммуналдық меншiктiң мемлекеттік мүлкiн есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi анықтаған уәкiлеттi органдарға жүктелген.

Республикалық және коммуналдық меншiктiң мүлкiн есепке алу Қазақстан Республикасының Yкіметі анықтаған тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік мүлiктi есепке алу, бақылау және талдау көрсеткiштерiнiң бiрыңғай жүйесi, деректердi жаңартудың ережелерi мен рәсiмдерi, қатынау, шынайы емес ақпаратты бергенi үшiн жауаптылық шарасы әзiрленуi тиiс.

5.3. Жекешелендiрудiң айқындылығын қамтамасыз ету және оның тиiмдiлiгiн арттыру

2001-2002 жылдары жекешелендiру саласында шешiлуi қажет негiзгi мiндеттер:

мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң ең көп санын жекешелендiру жолымен бәсекелi ортаға ауыстыру;

мемлекеттік мүлiктi инвестициялық және/немесе әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыру жөніндегі мiндеттемелердi өзiне алуға және орындауға дайын инвесторларға сату жолымен экономикаға (нақты секторға) инвестициялар тарту;

мемлекеттік мүлiктi сатып алушылардың келісім-шарттық мiндеттемелердi орындауын бақылауды қамтамасыз ету;

сатып алушы мен сатып алу-сату келісім-шарттары мiндеттемелерiнiң орындалуын бақылау жөніндегі ведомствоаралық комиссия өзара келiскен кезде жасалған сатып алу-сату келісім-шарттарының жекелеген ережелерiн нақтылау, түзету жөніндегі қосымша келісімдердi дайындауды, келiсудi және оларға қол қойылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жекешелендiру саласындағы мемлекеттік саясат мынадай қағидаттар негiзiнде құрылатын болатын.

Бiрiншiден, мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне қарай мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге деген сараланған тәсіл.

Жоғары өтiмдi кәсiпорындарды әлемдiк деңгейге барынша жақындатылған олардың нақты бағасын ескере отырып, кәсіпорындарды дамытуға бағытталған инвестициялардың мөлшерi мен мемлекеттік бюджетке кәсiпорынды сатудан түсетiн қаражаттың мөлшерi арасындағы теңгерiмнiң сақталуын ескере отырып жекешелендiру ұсынылады.

Акциялардың жоғары өтiмдi мемлекеттік пакеттерiн рыноктың қолайлы рынок конъюнктурасы кезiнде республикалық бюджетке ақша қаражатының елеулi түсуiн алу үшiн әлемдiк тәжiрибесi бар қаржылық консультанттарды тарта отырып, жекешелендiру ұсынылады.

Төмен өтiмдi кәсiпорындарды, акциялардың мемлекеттік пакеттерiн жекешелендiрудi меншiктенушiнiң инвестициялар, экологиялық ахуалды жақсарту, қосымша жұмыс орындарын құру, әлеуметтiк проблемаларды шешу және с.с. жөніндегі мiндеттемелердi қабылдау шартымен оңтайлы баға бойынша сату жолымен жүзеге асыру ұсынылады.

Мемлекеттік меншiкте болуы оларды оңтайландыру нәтижесiнде орынсыз деп танылған мемлекеттік кәсiпорындардың (мекемелердiң) мүлкiн және мүлiктiк кешендерiн жекешелендiру жалғасатын болады. Бұл ретте мемлекеттік кәсiпорындардың олардың теңгерiмдеріндегі мүлiктi сату тәртібін қосымша реттемелеудiң қажетi бар.

Екiншіден, кәсіпорындардың ұзақ мерзімдi даму жоспарларын әлеуеттi инвесторлар ұсынған мұқият талдаудың негiзiнде шешiмдер қабылдау және инвесторлардың мiндеттемелерiн толық көрсететiн және олардың атқарылуын бақылау тәртібін егжей-тегжейлi реттейтiн сатып алу-сату шарттарын жасасу.

Үшiншіден, мемлекеттік мүдделерге сөзсiз сәйкес болған кезде әлеуеттi инвесторлардың мүдделерiн есепке алу.

Төртiншiден, әлемдiк жекешелендіру тәжiрибесiн, оның iшiнде кәсiпорындарды сату алдындағы дайындау бойынша, мiндетті түрде есепке алу.

Бесiншiден, менеджмент, заң және қаржы мәселелерi жөніндегі аудиторларды, бағалаушыларды, консультанттарды тарту.

Жекешелендiру қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективада салық салынатын базаны кеңейту нысанында жекешелендiруден, қосымша жұмыс орындарын құрудан, отандық рынокты отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларымен және қызметтерiмен толтырудан, барлық халықшаруашылық кешеннің жұмыс істеу тиiмдiлiгiн арттырудан қайтарым алуға бағытталған мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі бiрыңғай мемлекеттік саясат ретiнде қарастырылатын болады.

     5.4. Жекешелендiруден кейінгi бақылауды қамтамасыз ету

Жекешелендiруден кейiнгi бақылау саласында негiзгi мiндеттер:

мемлекеттiң мүдделерiн сақтай отырып, жекешелендiрiлген шаруашылық жүргiзушi субъектілер үшiн қолайлы ортаны құру;

өздерiне алған мiндеттемелерiн меншiктенушiлердiң орындауын бақылау, сатып алу-сату шарттарын аяқтау;

консалтингтiк ұйымдардың кешендi зерттеулерi жолымен жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi туралы объективтi ақпарат алу проблемалар мен келеңсiз жағдайларды анықтау;

инвесторлармен диалогты негiздi түрде жүргiзу, туындайтын проблемалардың өзара қолайлы шешiмдерiн табу;

тартымды инвестициялық климатты құру мақсатында құқықтық жиектi жетілдiру;

жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметiн, экономиканың базалық салаларын көрсететiн ақпараттық дерекқор құру болып табылады.

           6. Қажет ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

Бағдарламада көзделген және министрлiктердiң, ведомстволардың, агенттiктер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының тiкелей функцияларына жатқызылған iс-шараларды iске асыру жөніндегі шығыстар осы органдарды республикалық және жергілiктi бюджеттерден ағымдағы қаржыландыру есебiнен жабылуы тиiс.

Республикалық меншiктiң мемлекеттік мүлкiн есепке алуды ұйымдастыру және жүргiзу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру: 2001 жылы - 75 млн. теңгенi, 2002 жылы - 104 млн. теңгенi құрайды (болжамды деректер). Қаржыландыру көзi - республикалық бюджет.

Республикалық мемлекеттік меншiк объектiлерiн сату алдындағы дайындау, мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау және жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетiн лимиттер шегiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 36 "Мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру, басқару және мемлекеттiң жекешелендiруден кейiнгi қызметi" бағдарламасы шеңберiнде көрсетiлген жұмыс түрлерiн қаржыландырудың 2001 жылға арналған көлемi 336 965 мың теңге мөлшерiнде бекітілдi. 2002 жылға арналған болжамды деректер бойынша аталған жұмыстарды республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi 525 000 мың теңгенi құрауы тиiс, оның iшiнде кеңесшілердiң қызметтерiне ақы төлеуге - 150 000 мың теңге, жекешелендiру объектiлерiн бағалау жөніндегі қызметтерге - 93 000 мың теңге, жер учаскелерiн бағалау жөніндегі қызметтерге - 10 000 мың теңге, жарнамалар мен ақпараттық хабарландыруға - 21 000 мың теңге, шаруашылық жүргiзушi субъектілердi мерзiмдi кешендi зерттеу жөніндегі консалтингтiк фирмалардың қызметтерiне - 251 000 мың теңге.

Жергiлiктi бюджеттер 2001 жылға "Коммуналдық меншiктi жекешелендiрудi ұйымдастыру" деген 30-бағдарлама бойынша 42 323 мың теңге, "Коммуналдық меншiкке мүлiк сатып алу" деген 30-бағдарлама бойынша 286 900 мың теңге, "Заңды тұлғалардың акциялар сатып алу" деген 32-бағдарлама бойынша 7 000 мың теңге мөлшерiнде қаржыландыруды көздедi.

              7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже

Бағдарламаны iске асырудан мынадай нәтижелер күтiледi:

мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;

мемлекеттік мүлiктi толық және дұрыс есепке алу;

мемлекеттік мүлiктi пайдаланудан мемлекеттік бюджетке түсетiн түсiмдердi арттыру (акциялардың мемлекеттік пакеттерiне арналған дивидендтер, мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар шаруашылық серiктестiктердiң таза табысының бөлiгi және т.б.);

мемлекеттік мүлiктiң мониторингi және оның жай-күйiн және пайдаланылуын жедел бақылау үшiн жағдайлар жасау;

мемлекеттік мүлiктi басқару және оған билiк ету жөнiнде экономикалық негiздi және өлшемдi шешiмдер қабылдау үшін ақпараттық және ұйымдық базаны құру.

         8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2001 жылға арналған
                            іс-шаралар жоспары

Ескерту. Жоспар өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.13. № 1631 қаулысымен.

---------------------------------------------------------------------------
Р/с N !       Іс-шаралар       !Аяқтау нысаны!  Орындау үшін  !  Орындау
      !                        !             !   жауаптылар   !  мерзімі
---------------------------------------------------------------------------
1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
1.1.  Жекешелендірілген және    Нормативтік-  ҚМ ММжЖК         2001 жылдың
      мемлекеттің меншігіндегі  құқықтық                       3-тоқсаны
      объектілерді басқарудың   кесім
      тиімділігіне мониторинг
      өткізуді ұйымдастыруды
      реттейтін нормативтік-
      құқықтық кесім әзірлеу
1.2.  Мемлекеттің қатысуымен    Нормативтік-  ҚМ ММжЖК,        2001 жылдың
      акционерлік қоғамдардың   құқықтық      Салалық          3-тоқсаны
      (шаруашылық               кесім         министрліктер
      серіктестіктердің)                      (ведомстволар),
      басқару органдарында                    Әділетмині,
      мемлекеттік өкілдерін                   әкімшілік-
      (мемлекеттік                            аумақтық
      қызметшілерді)                          бірліктердің
      іріктеудің,                             әкімдері
      тағайындаудың тәртібін,
      өкілеттіктері мен
      жауапкершіліктерін
      реттейтін нормативтік
      құқықтық кесімді әзірлеу
1.3.  Мемлекеттік кәсiпорын.    Нормативтік-  ҚМ ММжЖК,        2001 жылдың
      дардың бiріншi            құқықтық      Салалық          4-тоқсаны
      басшыларын конкурстық     кесім         министрліктер
      iрiктеудің, тағайындау.                 (ведомстволар),
      дың тәртiбін,                           Әділетмині,
      өкiлеттiктерi мен                       әкімшілік-
      жауапкершіліктерін                      аумақтық
      реттейтiн нормативтiк                   бірліктердің
      құқықтық кесiм әзiрлеу                  әкімдері
1.4.  Қазақстан Республикасы    Үкімет        ҚМ ММжЖК,        2001 жылдың
      ?кіметінің 1998 жылғы     қаулысы       Әділетмині,      4-тоқсаны
      21 наурыздағы № 246             Салалық
      қаулысымен бекітілген                   министрліктер
      Мемлекеттік кәсіпорындар                (ведомстволар),
      мен мекемелердің,                       "Ақпарат-есептеу
      мемлекет үлестік                        орталығы" РМК,
      қатысатын шаруашылық                    әкімшілік-
      серiктестiктердiң                       аумақтық
      тiзiлiмi туралы ережеге                 бірліктердің
      өзгерістер мен                          әкімдері
      толықтырулар енгізу
      туралы
1.5.  Мемлекеттік мүлiктi       Үкімет        ҚМ ММжЖК, Әділет 2001 жылдың
      басқарудың және           қаулысы       министрлігі,     желтоқсаны
      жекешелендiрудiң                        Салалық
      тиiмдiлiгін арттырудың                  министрліктер
      2001-2002 жылдарға                      (ведомстволар)
      арналған бағдарламасын
      iске асыру жөніндегі
      2002 жылға арналған
      іс-шаралар жоспарын
      әзiрлеу
1.6.  Шаруашылық жүргізу        Үкімет        ҚМ, Әділетмині,  2001 жылдың
      құқығындағы               қаулысы       Экономика және   2-тоқсаны
      республикалық                           сауда
      мемлекеттік                             министрлігі,
      кәсіпорындар таза                       Салалық
      пайдасын үлестірудің                    министрліктер
      нормативтерін                           (ведомстволар)
      белгілеудің тәртібін
      анықтайтын нормативтік
      құқықтық кесім әзірлеу
2. Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру
2.1.  Қазақстан Республикасы.   Үкіметке      ҚМ ММжЖК,        2001 жылдың
      ның аумағындағы және      есеп беру     Салалық          желтоқсаны
      шетелдегі меншіктің                     министрліктер
      мемлекеттік және жеке                   (ведомстволар),
      нысанындағы заңды                       әкімшілік-
      тұлғалардың балансын.                   аумақтық
      дағы мемлекеттік                        бірліктердің
      мүлiктi түгендеу өткізу                 әкімдері
      жөніндегі дайындық
      iс-шараларын өткізу
2.2.  Уәкiлеттi органға         Үкіметке      ҚМ ММжЖК,        2001 жылдың
      - акцияларының мемлекет.  ақпарат       Салалық          желтоқсаны
      тiк пакеттерi мен                       министрліктер
      қатысудың мемлекеттік                   (ведомстволар),
      үлестеріне;                             әкімшілік-
      - мемлекеттік емес заңды                аумақтық
      тұлғалардың балансына                   бірліктердің
      берiлген және олардың                   әкімдері
      жарғылық капиталына
      енгiзілмеген өзге де
      мемлекеттік объектілерге
      мемлекеттік меншік
      құқығы субъектiсінің
      функцияларын тiркеудi
      өткізу
2.3.  Ұлттық компаниялардың     Үкіметке      ҚМ ММжЖК,        1, 2, 3-
      қаржы-шаруашылық қызметі  ақпарат       Салалық          тоқсанның
      туралы тоқсандық және                   министрліктер    нәтижелері
      жылдық жиынтық ақпарат                  (ведомстволар),  бойынша
      беріп отыру                             Ұлттық           есепті
                                              компаниялардың   мерзімнен
                                              директорлар      кейінгі
                                              кеңестерінің     екінші айдың
                                              төрағалары       10-күнінен
                                                               кешіктірмей,
                                                               4-тоқсанның
                                                               және жылдың
                                                               нәтижелері
                                                               бойынша
                                                               есепті
                                                               кезеңнен
                                                               кейінгі
                                                               төртінші
                                                               айдың 15-
                                                               күнінен
                                                               кешіктірмей
2.4.  Мемлекеттік мүлiктi      Үкіметке       ҚМ ММжЖК,        2001 жылдың
      есепке алу объектілерін  есеп           Салалық          желтоқсаны
      жүйелеу және оларды                     министрліктер
      мынадай белгiлерi:                      (ведомстволар),
      - Жарғылық қызметінің                   әкімшілік-
      негiзгi түрi;                           аумақтық
      - Салалық тиiстiлiгi;                   бірліктердің
      - Жұмыс iстеушілердiң                   әкімдері
      саны;
      - Қаржы жағдайы бойынша
      сыныптау.
2.5.  Республикалық            Үкіметке есеп, Салалық          2001 жылдың
      мемлекеттік              ҚМ ММжЖК-не    министрліктер    4-тоқсаны
      кәсіпорындардың 2002     ақпарат        (ведомстволар)
      арналған жыл сайынғы
      бизнес-жоспарлары мен
      бюджеттерін (шығыс
      сметаларын) (әкімшілік
      шығыстар сметасын қоса
      алғанда) қарау және
      бекіту
2.6.  Шаруашылық жүргізу       Үкіметке есеп, МКМ
      құқығындағы мемлекеттік  ҚМ ММжЖК-не
      кәсіпорындар таза        ақпарат
      пайдасының бөлігiн,
      сондай-ақ 2000 жылдың
      нәтижелерi бойынша
      сметаның үстінен алынған
      кiрiстердi тиiсті
      бюджеттiң кiрiсіне
      есептеудiң және
      аударымның уақытылығы
      мен толықтығына
      бақылауды жүзеге асыру
2.7.  Мемлекеттік кәсiпорын.   Қаржы          ҚМ ҚБК, ҚМ       2001 жылдың
      дардың қаржы-шаруашылық  министрлігінің ММжЖК,           1 шілдесі
      қызметiне тексеру        бұйрығы,       Салалық
      өткізудiң 2001 жылға     Әкімдердің     министрліктер
      арналған кестесін        шешімдері      (ведомстволар),
      әзiрлеу және бекіту                     облыстардың,
                                              Астана мен
                                              Алматы
                                              қалаларының
                                              әкімдері
2.8.  Республикалық мемлекет.  Үкіметке       Салалық         Жылдың
      тiк кәсiпорындардың      есеп беру,     министрліктер   қорытындылары
      2001 жылға арналған      ҚМ ММжЖК-не    (ведомстволар)  бойынша
      бизнес-жоспарлары мен    ақпарат
      бюджеттерінің (шығыс
      сметаларының) (оның
      iшінде әкімшілік
      шығыстар сметаларын
      қоса алғанда)
      орындалуына бақылауды
      жүзеге асыру
2.9.  Мемлекеттік кәсiпорын.   Үкіметке есеп, Салалық         Жарты жылдық,
      дар қызметiне талдау     ҚМ ММжЖК-не    министрліктер   жыл аяқтал.
      өткізудiң бекітілген     ақпарат        (ведомстволар), ғаннан кейін
      ережесіне сәйкес                        әкімшілік-      45 күн ішінде
      жылдың, жарты жылдықтың                 аумақтық
      нәтижелерi бойынша                      бірліктердің
      мемлекеттік кәсiпорын.                  әкімдері
      дардың қаржы-шаруашылық
      қызметіне талдау өткізу
2.10. Директорлар кеңестеріне  ҚМ ММжЖК-нің   ҚМ ММжЖК,       2001 жылдың
      уәкiлеттi органдар және  бұйрығы        Салалық         3-тоқсаны
      мемлекеттік басқару      Әкімдер шешімі министрліктер,
      органдарының өкiлдерi                   әкімшілік-
      міндетті қатысатын                      аумақтық
      акционерлік қоғамдардың                 бірліктердің
      тізбесін анықтау                        әкімдері
2.11. Акцияларының мемлекеттік ҚМ ММжЖК-нің   ҚМ ММжЖК,       2001 жылдың
      пакеттерi басқару        бұйрығы,       Салалық         3-тоқсаны
      мемлекеттік емес заңды   Әкімдердің     министрліктер
      және жеке тұлғаларға     шешімдері      (ведомстволар),
      сенiмгерлiк басқаруға                   әкімшілік-
      берiлуi мүмкін                          аумақтық
      акционерлік қоғамдардың                 бірліктердің
      тiзбесін анықтау                        әкімдері
2.12. Акцияларының мемлекеттік  Үкіметке      ҚМ ММжЖК,         Жыл ішінде
      пакетi мемлекетке         ақпарат       ҚМ ҚБҚ, Салалық
      тиесiлi акционерлік                     министрліктер
      қоғамдардың Директорлар                 (ведомстволар),
      кеңестеріне және тексеру                әкімшілік-
      комиссияларының                         аумақтық
      құрамдарына мемлекеттік                 бірліктердің
      басқару органдарының                    әкімдері
      өкілдерін тағайындауды
      ұйымдастыру
2.13. Қолданыстағы заңнама     ҚМ ММжЖК-не    Салалық         2001 жылдың
      талаптарына сәйкес       ақпарат,       министрліктер   1-жартыжыл.
      акцияларының мемлекеттік Үкіметке есеп  (ведомстволар), дығы
      пакеттері мемлекетке                    басқарушы
      тиесілі акционерлік                     компаниялар,
      қоғамдардың 2000 жылдың                 ҚМ ММжЖК
      нәтижелері бойынша
      акционерлердің жылдық
      жалпы жиналыстарын
      өткізудің кестесін
      қалыптастыру
2.14. 2000 жылдың нәтижелері    ҚМ ММжЖК-не   МКМ,              Жарты жылда
      бойынша акциялардың       ақпарат,      ҚМ ҚБК, Салалық   1 рет
      мемлекеттік пакеттеріне   Үкіметке      министрліктер
      дивидендтерді және        есеп          (ведомстволар),
      мемлекеттің қатысумен                   басқарушы
      шаруашылық серіктестік.                 компаниялар,
      тердің таза пайдасының                  әкімшілік-
      бөлігін тиісті бюджеттің                аумақтық
      кірісіне есептеудің                     бірліктердің
      және аударымының                        әкімдері
      уақытылығына және
      толықтылығына бақылауды
      жүзеге асыру
2.15. Ұлттық компаниялардың     ҚМ ММжЖК-не   Салалық           2001 жылдың
      2002 жылға арналған       ақпарат,      министрліктер     4-тоқсаны
      жылдық бизнес-жоспарла.   Үкіметке      (ведомстволар),
      рын және бюджеттерін      есеп          ұлттық
      (әкімшілік шығыстар                     компаниялардың
      сметаларын қоса алғанда)                Директорлар
      қарау және бекіту                       кеңестері, ҚМ,
                                              әкімшілік-
                                              аумақтық
                                              бірліктердің
                                              әкімдері
2.16. Мемлекеттік меншік        ҚМ ММжЖК-не   ҚМ ММжЖК,         Тоқсан
      объектілерін, оның        ақпарат,      Салалық           сайын
      ішінде мемлекеттік        Үкіметке      министрліктер
      кәсіпорындардың мүлкін    есеп          (ведомстволар),
      мүліктік жалға (жалдауға)               әкімшілік-
      берудің мониторингін                    аумақтық
      өткізуді қамтамасыз ету                 бірліктердің
                                              әкімдері
3. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру
3.1.  "2000-2001 жылдары        ҚМ ММжЖК-не   ҚМ ММжЖК, ТМР БҚ  2001 жылдың
      жекешелендіруге жататын   ақпарат,      ж ШКҚА, Салалық   соңына
      республикалық мемлекет.   Үкіметке      министрліктер     дейін
      тік кәсіпорындар мен      есеп          (ведомстволар)
      мекемелердің тізбесі
      туралы" Қазақстан
      Республикасы Үкіметінің
      2000 жылғы 17 маусымдағы
      № 912  қаулысына
      сәйкесреспубликалық
      мемлекеттік кәсіпорындардың
      акционерлеуін аяқтау
3.2.  2002 жылы жекешелендіруге  Үкімет       ҚМ ММжЖК,         2001 жылдың
      жататын республикалық      қаулысы      Салалық           4-тоқсаны
      мемлекеттік кәсіпорындар.               министрліктер
      дың тізбесін анықтау                    (ведомстволар)
3.3.  Қолданыстағы заңнамаға     ҚМ ММжЖК-не  Салалық           Жыл ішінде
      сәйкес жекешелендiруге     ақпарат      министрліктер
      жататын мемлекеттiң        беру         (ведомстволар)
      қатысуымен заңды
      тұлғалардың жекешелендi.
      руге дейінгi дайындығын
      қамтамасыз ету
3.4.  2001 жылы жекешелендiруге  Үкіметке     ҚМ ММжЖК,         Тоқсан
      жататын мемлекеттік        ақпарат      әкімшілік-        сайын
      меншік объектiлерiнің                   аумақтық
      сатылуын қамтамасыз ету                 бірліктердің
                                              әкімдері
4. Жекешелендiруден кейінгi бақылауды жүзеге асыру
4.1.  Мемлекеттік меншік         Үкіметке     ҚМ ММжЖК,         Жыл ішінде
      объектілерін сатып         есеп         әкімшілік-
      алушылардың және сенiмдi                аумақтық
      басқарушылардың                         бірліктердің
      (концессияшылардың,                     әкімдері
      жалгерлердің) келісім-
      шарттық міндеттемелерін
      (қолданылып жүрген
      келісім-шарттар бойынша)
      орындауына тексерудi
      жүзеге асыру
4.2.  Шаруашылық ететін          Үкіметке     ҚМ ММжЖК        Есепті жарты.
      субъектілердің басқару     есеп                         жылдықтан
      тиімдiлігін консалтингтiк                               кейінгі екін.
      ұйымдардың зерттеуін                                    ші айдың 10-
      ұйымдастыру және                                        күнінен ке.
      зерттеудің нәтижелерi                                   шіктірмей
      бойынша шаралар қабылдау
4.3.  Сатып алушылармен және     Үкіметке     ҚМ ММжЖК        Жыл ішінде
      сатып алу-сату келісім-    ақпарат
      шарттарының орындалуын
      бақылау жөніндегi
      ведомствоаралық
      комиссиямен келісім
      бойынша жекелеген
      ережелерін нақтылау
      және түзету мақсатымен
      сатып алу-сату келісім-
      шарттары бойынша қосымша
      келісімдер әзірлеу
---------------------------------------------------------------------------