«Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 Қаулысы (2015.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 Қаулысы
(2015.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 Қаулысымен 2017 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2010.27.09. № 78 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (2011 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 267 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 260 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының банк жүйесін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2010.27.09. № 78 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 267 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2006.12.08. № 81 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Заң департаментімен бірлесіп (Шәріпов С.Б.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2006.12.08. № 81 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберіп, оларға осы қаулыны екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа