«Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 260 Қаулысы (күші жойылды)
«Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 260 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 Қаулысымен 2017 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер белгілеу кодтарының тізбесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларында:
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Экономика секторы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экономика секторының кодына сәйкес қойылады.
12. Төлемді белгілеу коды Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген Төлем белгілеу кодтарының жан-жақты кестесіне сәйкес қойылады.»;
18-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа