(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫ 15.11.99 Ж. № 388 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің
бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысы
(2009.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының банк жүйесін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекітілсін және өндірістік пайдалануға тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2006.12.08. № 81 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Заң департаментімен бірлесіп (Шәріпов С.Б.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2006.12.08. № 81 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберіп, оларға осы қаулыны екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін.
ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.05.00 ж. № 195 қаулысымен 3-тармақтың 1) тармақшасы өзгертілді
3. Ақпарат технологиясы департаменті (Поликарпов О.Ю.):
1) «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (Абдулкаримов С.Х.) бірлесіп тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін және оны 2000 жылдың 1 шiлдесiнен бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізетін болсын.
Редакция документа
Демо – версия документа