«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер жөнінде мәліметтер беру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдары тәсілдері бойынша төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және ұсыну мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 78 қаулысы (2016.31.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер жөнінде мәліметтер беру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдары тәсілдері бойынша төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және ұсыну мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 78 қаулысы
(2016.31.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және төлемдер бойынша мәліметтерді беру тәртібін, нысандарын және мерзімдерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы «қолдану» деген сөзден кейін «және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «қолдану» деген сөзден кейін «және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесінде:
тақырыбы «қолдану» деген сөзден кейін «және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру» деген сөздермен толықтырылсын;
«(далее - ЕКНП)» деген сөздер орыс тіліндегі мәтінде алынып тасталсын;
«ТББЖ-нің кодын» деген аббревиатура және сөздер «төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісінің кодтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
Демо – версия документа