Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫҚ МҰНАЙ-ХИМИЯ ТЕХНОПАРКІ» АРНАЙЫ ...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы

(2012.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.

ҚР Президентінің 2012.17.10. № 406 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоса беріліп отырған:

1) АЭА туралы ереже;

2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

 

Астана, Ақорда, 2007 жыл 19 желтоқсан

 

№ 495

 

ҚР Президентінің 2009.21.09. № 873 Жарлығымен ереже өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2012.17.10. № 406 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2007 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 495 Жарлығымен

бекітілген

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы туралы

ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Атырау облысының аумағында орналасқан.

АЭА-ның аумағы 3475,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

2. АЭА:

1) қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку