«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 406 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 560-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоса беріліп отырған:
1) АЭА туралы ереже;
2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.»;
2) Арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейімен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қазанның 17-і.
№ 406
Президентінің
2012 жылғы 17 қазандағы
№ 406 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 495 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Атырау облысының аумағында орналасқан.
АЭА-ның аумағы 3475,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
2. АЭА:
Демо – версия документа