«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 873 Жарлығы (2018.05.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2018.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат; 2005 ж., № 30, 383-құжат, 2008 ж. № 38, 404-құжат):
1-тармақтағы «2013 жылғы 1 қазанға» деген сөздер «2028 жылғы 1 қаңтарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлімінде «342,9» деген цифрлар «163,02» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4 және 14-тармақтардағы «1996 жылғы 26 қаңтардағы» деген сөздер «2007 жылғы 6 шілдедегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 560-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөліміндегі «1787,4» деген цифрлар «3475,9» деген цифрлармен ауыстырылсын;
Демо – версия документа