(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЙБІР ЖАРЛЫҚТ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 Ж., № 11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., № 29, 281-құжат; № 46, 523-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. АЭА:
1) инвестициялар тарту және құрылыстағы озық технологияларды пайдалану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылым құру арқылы Астана қаласын жеделдете дамыту;
2) тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру мақсатында құрылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2.1. АЭА аумағындағы негізгі өндірістік қызмет түрлері:
1) өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру;
2) машиналар мен жабдықтар жасау;
3) тұрмыстық электр аспаптарын шығару;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару;
5) химия өнеркәсібі болып табылады.»;
3-тармақтағы «1996 жылғы 26 қаңтардағы» деген сөздер «2007 жылғы 6 шілдедегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) тауарларды жеткілікті түрде өңдеу өлшемдеріне сәйкес қайта өңдеуге, өңдеуге және пайдалануға арналған тауарлар (акцизделетін тауарларды, қоспағанда) мен материалдар;
4) осы Ереженің 2-1-тармағында көрсетілген негізгі өндірістік қызмет түрлеріне сәйкес өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті машиналар мен тетіктер, жабдықтар, арнайы мақсаттағы автомобильдер, материалдар, тауарлар мен жартылай өнімдер;
Редакция документа
Демо – версия документа