(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2007.19.12 № 495 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Осы редакция 2009 жылғы 21 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған АЭА туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жыл 19 желтоқсан
№ 495
Президентінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 495 Жарлығымен
бекітілген
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі»
арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Атырау облысының аумағында орналасқан.
АЭА-ның аумағы 1787,4 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобалар әзірлеу және іске асыру;
мемлекеттік - жеке меншік серіктестік тетіктерінің негізінде мұнай-химия және аралас өндірістер құрылысына және оларды кешенді дамытуға инвестициялар тарту;
жаңа өзара байланысты, тиімділігі жоғары әрі инновациялық мұнай-химия, ілеспе және аралас өндірістер салу;
Редакция документа
Демо – версия документа