(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АСТАНА - ЖАҢА ҚАЛА» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰР...
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығы
(2016.25.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2007.26.02. № 291 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалык аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
ҚР Президентінің 2005.24.03. № 1530 Жарлығымен (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 722 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 1141 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы 2027 жылға дейінгі кезеңге құрылсын.
ҚР Президентінің 2012.03.05. № 314 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сынақты деңгейі бекітілсін.
3. Осы Жарлық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
| Н. Назарбаев |
ҚР Президентінің 2012.03.05. № 314 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы
№ 645 Жарлығымен
бекітілген
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
Осы «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін, экономикалық шарттары мен қағидаттарын белгілейді.
1. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2013.31.10. № 681 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа