(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2001.29.06. № 645 ЖАРЛЫҒЫ
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29
маусымдағы № 645 Жарлығы
(ҚР Президентінің 2005.24.03. № 1530 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы № 2823 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
ҚР Президентінің 2005.24.03. № 1530 Жарлығымен (қолданысқа енген жоқ) 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы 2010 жылға дейінгі кезеңге құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы» ереже бекітілсін.
3. Осы Жарлық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
| Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығымен
бекітілген
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президенті "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы № 2823 Жарлығына сәйкес әзірленді және "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін, экономикалық шарттары мен принциптерін белгілейді.
ҚР Президентінің 2005.24.03. № 1530 Жарлығымен (қолданысқа енген жоқ) 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Есіл өзенінің сол жақ жағалауында, Астана қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан.
"Астана - жаңа қала" АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 1566,3 гектарды құрайды.
Редакция документа
Демо – версия документа