«Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы №645 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 1141 Жарлығы (2018.05.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы №645 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2018.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда күші жойылды
Қаулы етемін:
1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 ж., №11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., № 29, 281-құжат; № 46, 523-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы «2015» деген цифрлар «2027» деген цифрлармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«АЭА аумағының құрамына алаңы 598,1 гектар Индустриялық парк кіреді.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1. АЭА аумағындағы негізгі өндірістік қызмет түрлері:
1) өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру;
2) машиналар мен жабдықтар жасау;
3) тұрмыстық электр аспаптарын шығару;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару;
5) химия өнеркәсібі;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) электр жабдығын, оның ішінде электрмен жарықтандыру жабдығын шығару;
8) жарықтандыру аспаптарына арналған шыны құрамдастарын шығару;
9) тамақ өнімдерін өндіру;
10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз және картон шығару;
11) жиһаз шығару;
12) автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару;
13) теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам шығару;
14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын шығару;
15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар шығару болып табылады.»;
Демо – версия документа