«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 мамырағы № 314 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 ж., № 11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., № 29, 281-құжат; № 46, 523-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2011 ж., № 15, 177-құжат, № 37, 441-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоса беріліп отырған:
1) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сынақты деңгейі бекітілсін.»;
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларымен, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сынақты деңгейімен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2012 жылғы мамырдың 3-і.
№ 314
Президентінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 314 Жарлығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы
№ 645 Жарлығымен
бекітілген
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
Документ утратил силу
Демо – версия документа