Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК БИЛIК ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КАДР САЯСАТ...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы

(2021.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:

ҚР Президентінің 2009.27.07. № 852 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.09.10. № 184 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесі;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерi мен өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін.

1-1. ҚР Президентінің 2007.13.11. № 436 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Мыналардың:

1) «Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы № 132 Жарлығының;

2) «Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметкe келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 87 өкімінiң күшi жойылған деп танылсын.

2-1. ҚР Президентінің 2011.17.06. № 101 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку