«Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 101 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-1-тармақ алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (Хатшылықтар меңгерушілерін қоспағанда) | Президент | Әкімшілік Басшысы» |
|
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (Әкімшілік Басшысы тағайындайтын хатшылықтар меңгерушілерін қоспағанда) | Президент | Әкімшілік Басшысы»; |
|
мына:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары | Президент | Ұлттық Банк Төрағасы | Әкімшілік Басшысы» |
деген жол алып тасталсын;
мына:
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар басшыларының орынбасары | Президент | Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары | Әкімшілік Басшысы» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа