«Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығы (2024.09.01. берілген өзгерістермен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы
Осы Жарлыққа өзгеріс енгізу туралы:
ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (қызмет бабында пайдалану үшін)
ҚР Президентінің 2024.13.06. № 570 Жарлығымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (қызмет бабында пайдалану үшін)
ҚР Президентінің 2025.12.02. № 779 Жарлығымен (2025 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (қызмет бабында пайдалану үшін)
ҚР Президентінің 2025.17.03. № 817 Жарлығымен (2025 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (қызмет бабында пайдалану үшін)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен);
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін, лауазымды және өзге де адамдарын лауазымға келісу, тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы ереже («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен) бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 31 шілде
№ 290
Президентінің
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 290 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
Демо – версия документа