«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 570 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 13 маусым
№ 570
Президентінің
2024 жылғы 13 маусымдағы
№ 570 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:
«
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты | 25 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты | 50 |
».
2. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ережеде:
18-1 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1. Аппарат басшысының орынбасарлары болуы мүмкін, оларды Аппарат басшысының ұсынуы бойынша Кеңес Төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.».
3. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Мемлекеттік саяси лауазымдар» деген 1-тарауда:
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының басшысы, оның орынбасарлары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы - Аппарат басшысы»;
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген 2-тарауда:
Демо – версия документа