«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 184 Жарлығы (2023.31.07. берілген өзгерістермен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2023.31.07. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 9 қазан
№ 184
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 9 қазандағы
№ 184 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. ҚР Президентінің 2023.31.07. № 290 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 6-1 және 8-1-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесінің Басшысы»;
«8-1. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы»;
13-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2, 14-3 және 23-1-тармақтармен толықтырылсын:
«14-1. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары
14-2. Тұңғыш Президент - Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
14-3. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)»;
«23-1. Тұңғыш Президент - Елбасының көмекшілері»;
25-1, 25-2-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 25-3, 42-1 және 42-2-тармақтармен толықтырылсын:
«25-3. Тұңғыш Президент - Елбасының кеңесшілері»;
«42-1. Тұңғыш Президент - Елбасының Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
Демо – версия документа