Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 87 Өкімі (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының
басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке
тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережені бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999
жылғы 3 қарашадағы № 87 Өкімі

ҚР Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес осы Өкімнің күші жойылды

Мемлекеттің кадр саясатын жүзеге асыру тетігін жетілдіру мақсатында:

1. Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2. "Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 3874 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 57-құжат) күші жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Қазақстан Республикасы

Президентінің 1999 жылғы

3 қарашадағы № 87 өкіміне

қосымша

Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті

мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын

қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен

босату тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ

Орталық мемлекеттік органдардың басшы лауазымды

адамдары мен облыстардың, Астана және Алматы

қалаларының әкімдері бойынша

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен тағайындалатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшы лауазымды адамдарын тағайындау немесе босату туралы ұсыныстарды Республика Премьер-Министрі (Үкімет мүшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бойынша), Республика Президенті Әкімшілігінің Басшысы (Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары бойынша) ұсынылып отырған тағайындаудың немесе босатудың себептері мен дәлелдерін көрсете отырып, Мемлекет басшысының қарауына жазбаша енгізеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку