(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 8 МАМЫРДАҒЫ № 436 ҚАУЛЫСЫ
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысы
(2012.08.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1416 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісімшарт;
2) инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы сыныптарының деңгейінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі;
3) технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізат және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы сыныптарының деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі;
4) Инвестицияны мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2005.07.09. № 851 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.06.08. № 809 Қаулысымен (бұр.ред.қара) модельдік келісімшарт өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1416 Қаулысымен модельдік келісімшарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2003 жылғы 8 мамырдағы
№ 436 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған
модельдік келісімшарт
Редакция документа
Демо – версия документа