Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 809 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 809 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шартта:

21-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жұмыс бағдарламасы қолданылатын мерзімде:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялардың ең жоғары көлемі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 6 тамыздағы

№ 809 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 8 мамырдағы

№ 436 қаулысымен

бекітілген

 

 

Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш

сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің

тізбесі

 

Бөлім

Бөлім атауы

Топ

Топ атауы

Сынып

Сынып атауы

01

Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

01.1

Маусымдық дақылдарды өсіру

01.11

Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақ дақылдарын және майлы тұқымдарды өсіру

01.12

Күріш өсіру

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку