Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1416 Қаулысы (күші жойылды)

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1416 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісімшарт;

2) инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы сыныптарының деңгейінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі;

3) технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізат және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы сыныптарының деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі;

4) Инвестицияны мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту ережесі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шарт осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі:

мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку