Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 17 қыркйектегі № 925 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 17 қыркйектегі № 925 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 4 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) 1-тармақтың 2) тармақшасындағы «қызметтiң кiшi түрлерiнiң сыныптауыш» деген сөздер «экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауыш сыныптары» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдiк келісім-шартта:

7-тармақта:

2) тармақшадағы «келісім-шартқа қол қоюға» деген сөздер «келісім-шарт жасасуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) және 5) тармақшалар алынып тасталсын;

9-тармақта:

2) тармақша алынып тасталсын;

3) тармақша «инвестициялық дауларды» деген сөздерден кейiн «сотқа дейiнгi тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын;

10-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) қазақстандық кадрлардың білiктілiгiн арттыру жөнiнде жұмыс жүргізуге;»;

8) тармақшадағы «қолдануға» деген сөзден кейiн «;» белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) Келісiм-шарттың қолданысы мерзiмiнiң ішiнде Келісім-шарттың жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтердi иеліктен шығармауға және жалға бермеуге»;

11-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Келісім-шарт жағдайларының сақталуына мониторинг және оны бақылау»;

20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"20. Келісім-шарт жасасқаннан кейiн инвестор уәкiлетті органға:

1) тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың жиырма бeci күнінен кешiктірмей статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша инвестициялық жобаны iске асыру туралы есептi;

2) жыл сайын бiрiншi маусымнан кешіктірмей:

статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша бір жылғы есептi және оған түсiндiрме жазбаны;

тiркелген активтердi пайдалануға берудi растайтын құжатты;

аудиторлық есеппен расталған:

инвестициялық қызмет нәтижесiнде болған кiрiстер мен шығыстар туралы есептi;

бір жыл iшіндегі бухгалтерлік теңгерімді;

тiркелген активтердiң толық жазылуын ұсынады.

Аудиторлық есеп өткен жылғы қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерiн талдауды және келісім-шарт бойынша инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

21. Уәкілеттi орган келісім-шарт жағдайларының сақталуына мониторингтi және оны бақылауды өзі бекiткен тәртiппен тексерудiң мынадай нысандарында жүзеге асырады:

1) инвестициялық жобаларды iске асыру туралы есеп беру;

2) ұсынылған аудиторлық есептер негізiнде;

3) инвестициялық қызмет объектiсiне барып, оның iшiнде инвестициялық жобаны iске асыру жөніндегі құжаттарды қарап.";

33, 34, 35, 36, 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"33. Уәкілетті орган келісім-шарт жасасқан инвесторға бұл туралы жазбаша түрде хабарлаған сәттен бастап үш ай өткеннен кейiн мынадай жағдайларда келісім-шартты бiржақты тәртiппен бұза алады:

1) инвестор ұсынған және инвестициялық преференциялар беру жөнiндегі шешiмге ықпал ететін мәліметтердің бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған кезде;

2) инвестор келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған кезде;

3) Келісім-шарттың 20-тармағына сәйкес инвестордың есеп бepудегі мәлiметтердi бұрмалағаны немесе жасырғаны анықталған кезде.

Бұл жағдайларда көрсетiлген инвестор келісім-шарт бойынша ұсынылған инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұл санкцияларын қолдана отырып төлейдi.

34. Инвестордың бастамасы бойынша келісім-шарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестор келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмпұлды есептей отырып төлейдi.

35. Келісім-шарт тараптардың келісімi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестор келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын төлейдi.

36. Келісім-шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестор өзiне мемлекеттік заттай грант ретінде берілген мүлiктi заттай не келісім-шарттың талаптарына сәйкес оның берілген күнгі бастапқы құнын қайтарады.

37. Мемлекеттік заттай грантты қайтаруды инвестор уәкiлеттi органның келісім-шартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешімі қабылданғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде жүзеге асырады.";

2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференциялар берілетін қызметтің кiшi түрлерiнiң сыныптауыш деңгейiнде қызметтің басым түрлерiнiң тiзбесi осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды уәкілеттi орган беретiн инвестициялардың ең жоғарғы көлемi және инвестициялық салық преференцияларының қолдану мерзiмдерi осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

                                          Қазақстан Республикасы

                                                 ?кіметінiң

                                         2005 жылғы 17 қыркүйектегі

                                         № 925 қаулысына 1-қосымша

 

                                          ____ жылғы ____ ________

                                            № ____ келісім шартқа

                                                  2-қосымша

 

________ жылдан бастап ____________жыл кезеңiнде

кеден баждарын салудан босатылатын импортталатын жабдық

пен оның жиынтықтауыштарының тiзiмi және көлемi

 

Атауы

СЭҚ ТН коды

Саны

1.

  

  

  

2.

  

  

  

Жиыны

  

  

 

      Барлығы ____ атау ________ парақта

      Комитет:                             Инвестор:

      Қолы ____ M.O.                       Қолы ____ М.О.

 

                                          Қазақстан Республикасы

                                                 ?кіметінiң

                                         2005 жылғы 17 қыркүйектегі

                                         № 925 қаулысына 2-қосымша

 

                                          Қазақстан Республикасы

                                                ?кіметінiң

                                          2003 жылғы 8 мамырдағы

                                              № 436 қаулысымен

                                                 Бекітілген

 

Инвестициялық преференциялар берiлетiн экономикалық

қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауыш сыныптары

деңгейіндегі қызметтің басым түрлерiнiң тiзбесi

 

Бөлiм

Бөлiмнiң атауы

Коды

Қызмет түрiнiң және қызметтiң

кiшi түрiнiң атауы

01

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер ұсыну

01.1

01.11

 

 

 

 

01.12

 

 

01.13

Өсiмдiк шаруашылығы

Басқа топтамаларға енгізілмеген,

темекi өсiрудi қоспағанда, оны

алғашқы өңдеудi (жапырақтарды

жинауды және кептiрудi) қоса

алғанда, дәндi, техникалық және

өзге де ауыл шаруашылығы

дақылдарын өсіру

Гүл өсiрудi, гүл өсірудің тұқым

шаруашылығын қоспағанда, көкөнiс

шаруашылығы, сәндiк бау-бақша

шаруашылығы және питомниктердің

өнiмiн өндiру

Татымдылық дақылдары мен сусындар

шығаруға арналған дақылдарды

өсiрудi қоспағанда, сусындармен

татымдылықтарды шығаруға

арналған жемiстердi, жаңғақтарды,

дақылдарды өсіру

01.2

01.21

01.22

01.23

Мал шаруашылығы

Ірі қара мал өсiру

Қой, ешкi, жылқы, есек, қашыр

өсiру

Шошқа өсiру

01.24

01.25

Ауыл шаруашылығы құсын өсiру

Басқа да малдар өсiру

01.4

 

 

 

 

01.41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

01.42

Ветеринарлық қызметтерден бacқа,

өсімдiк шаруашылығы және мал

шаруашылығы саласында қызметтер

ұсыну; пейзаждық жоспарлау

Өсiмдiк шаруашылығы саласында

мыналарды қоспағанда, қызметтер

ұсыну:

спорттық және соларға ұқсас

объектілерде бақтарды,

саябақтарды және жасыл желек

салу, өңдеу және ұстау;

көгалдандыру: өсiмдiктердi

отырғызуға, қазып алуға, тегiстеуге және оларды қадағалауға, көгалдар мен саябақтарды жайластыруға және

оларды күтуге, ағаштарды және

бұтадан жасалатын қоршауларды

кесуге байланысты пейзаждық

жоспарлау мен дизайнерлік жұмыстар

Ветеринарлық қызметтерден

басқа, мал шаруашылығы саласында

қызметтер ұсыну

02

Орман шаруашылығы және осы салада қызметтер ұсыну

02.0

 

02.01

Орман шаруашылығы және ағаш

дайындау

Жабайы өсетiн және сүрексіз ағаш

өнiмдерiн жинауды қоспағанда,

орман шаруашылығы және ағаш

дайындау

05

Балық аулау, балық шаруашылығы және осы салаларда қызметтер ұсыну

05.0

 

05.01

 

 

 

 

 

 

 

05.02

Балық аулау, балық шаруашылығы

және осы салаларда қызметтер ұсыну

Мыналарды қоспағанда, балық аулау:

теңiз бен тұщы су шаян

тәрiздiлерi мен моллюскілерiн

аулау;

су жануарларын аулау: тасбақалар,

асцидийлер, қабықтылар, су

кiрпiлерi және т.б.;

балық аулауға байланысты

қызметтер: балықты қорғау және

балықты қадағалау

теңiз өнiмдерiн жинау: табиғи iнжу, губкалар, коралдар немесе балдырлар

Балық шаруашылығы

15

Сусындарды қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн өндiру

15.1

15.11

15.12

 

15.13

Ет және ет өнiмдерiн өндiру

Ет өндiру

Ауыл шаруашылығы құстары мен

үй қояндары етiн өндiру

Дайын ет тағамдарын өндiрудi қоспағанда, ет өнiмдерiн өндiру

15.2

 

15.20

Балық және балық өнiмдерiн

қайта өңдеу мен консервiлеу

Дайын балық тағамдарын жасауды

қоспағанда, балық және балық

өнiмдерiн қайта өңдеу мен

консервiлеу

15.3

 

15.31

 

15.32

 

15.33

Жемiстердi және көкөнiстердi

қайта өңдеу мен консервiлеу

Картоптан тiске басарларды жасауды

қоспағанда, картопты қайта өңдеу

мен консервілеу

Жемiс және көкөнiс шырындарын

шығару

Басқа топтамаларға енгізiлмеген,

жемiстер мен көкөнiстердi қайта

өңдеу мен консервілеу

15.4

 

15.41

 

15.42

15.43

Өсiмдiк және жануар майы мен

тоң майын жасау

Тазартылмаған май мен тоң май

жасау

Тазартылған май мен тоң май жасау

Маргарин жасау

15.5

15.51

 

15.52

Сүт өнiмдерiн өндiру

Сүтті қайта өңдеу және iрiмшiк

жасау

Балмұздақ шығару

15.6

 

15.61

 

15.62

Ұн-жарма өнеркәсiбi өнiмдерiн,

крахмалдар мен крахмал өнiмдерiн

шығару

Ұн-жарма өнеркәсiбi өнiмдерiн

шығару

Крахмал мен крахмал өнiмдерiн

шығару

15.7

 

15.71

 

15.72

Жануарларға арналған дайын жемшөп

шығару

Фермаларда ұсталатын жануарларға

арналған дайын жем шығару

Үй жануарларына арналған дайын

жем шығару

15.8

15.81

 

 

15.82

 

 

15.83

15.84

 

15.85

15.86

15.87

15.88

 

15.89

Өзге де тамақ өнiмдерiн өндiру

Нан шығару; қысқа мерзiмге

сақталатын ұннан жасалатын

кондитерлік бұйымдар шығару

Кептiрiлген нандар мен печенье

шығару, ұзақ мерзiмге сақталатын

ұннан жасалатын кондитерлiк

бұйымдар шығару

Қант шығару

Какао, шоколад және қанттан

жасалатын кондитерлік бұйымдар

шығару

Макарон бұйымдарын шығару

Шәй және кофе шығару

Татымдылықтар мен тұздықтар шығару

Балалар тағамы мен емдемдiк тамақ

өнiмдерiн өндiру

Басқа топтамаларға енгiзілмеген,

өзге де тамақ өнiмдерiн өндiру

15.9

15.97

15.98

Сусындар шығару

Уыт өндiру

Минералды сулар мен басқа да

алкогольсiз сусындар шығару

17

Тоқыма өндiрiсi

17.1

17.11

17.12

17.13

17.15

 

17.17

Тоқыма талшықтарын иiру

Мақта-мата талшықтарын иiру

Жүн талшықтарын кардамен иiру

Жүн талшықтарын тарақпен иiру

Табиғи жiбек, жасанды және

синтетикалық талшықтар жасау

Өзге де тоқыма талшықтарын

жасау және иiру

17.2

17.21

17.22

 

 

17.23

 

17.25

Тоқымашылық өндiрiс

Мақтадан тоқылған мата шығару

Кардамен иiрiлген талшықтардан

жасалатын жүннен тоқылған мата

шығару

Тарақпен иiрілген талшықтардан

жасалатын жүннен тоқылған мата шығару

Өзге де тоқыма маталар шығару

17.3

17.30

Мата және тоқыма бұйымдарын өңдеу

Мата және тоқыма бұйымдарын өңдеу

17.4

 

17.40

Киімнен басқа, дайын тоқыма

бұйымдарын шығару

Киімнен басқа, дайын тоқыма

бұйымдарын шығару

17.5

17.51

 

17.52

17.53

 

 

17.54

Өзге де тоқыма бұйымдарын шығару

Кiлемдер және кiлем бұйымдарын

шығару

Арқан, жіп, шпагат және тор жасау

Тоқылмаған тоқыма материалдары мен

олардан жасалатын бұйымдарды

шығару

Басқа да топтамаларға енгізiлмеген

өзге тоқыма бұйымдарын шығару

17.6

17.60

Трикотаж жайма шығару

Трикотаж жайма шығару

17.7

17.71

 

17.72

Трикотаж бұйымдарын шығару

Трикотаж шұлық-ұйық бұйымдарын

шығару

Трикотаж жемпір, кардиган және

соған ұқсас бұйымдар шығару

18

Киім тiгу, үлбірді әрлеу және бояу

18.1

18.10

Былғарыдан жасалатын киім тiгу

Былғарыдан жасалатын киім тiгу

18.2

18.22

18.23

18.24

Тоқыма материалдарынан киім тiгу

Сырт киім тiгу

Iш киім тігу

Өзге де киімдер мен аксессуарлар

шығару

18.3

 

18.30

Үлбiрдi илеу және бояу; үлбiр

бұйымдарын шығару

Үлбiрдi илеу және бояу; үлбiр

бұйымдарын шығару

19

Былғары, былғарыдан бұйымдар жасау және аяқ киім тігу

19.1

19.10

Былғарыны илеу және әрлеу

Былғарыны илеу және әрлеу

19.2

 

19.20

Шамадандар, сөмкелер және

былғарыдан басқа да бұйымдар жасау

Шамадандар, сөмкелер және

былғарыдан басқа да бұйымдар жасау

19.3

19.30

Аяқ киім тiгу

Аяқ киім тiгу

20

Сүректі өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау

20.1

 

20.10

Сүректi аралау және сүргілеу;

сүрек сiңiрiмi

Сүректi аралау және сүргілеу;

сүрек сіңірiмi

20.2

 

20.20

Шпон, фанера, тақталар мен

панельдер жасау

Шпон, фанера, тақталар мен

панельдер жасау

20.3

 

20.30

Ағаштан құрылыс құрастырмалары

мен ағаш бұйымдарын шығару

Ағаштан құрылыс құрастырмалары

мен ағаш бұйымдарын шығару

21

Қағаз массасын, қағаз, қатырма қағаз және одан жасалатын бұйымдар шығару

21.1

 

21.11

21.12

Қағаз массасын, қағаз бен

қатырма қағаз шығару

Қағаз массасын шығару

Қағаз бен қатырма қағаз шығару

21.2

 

21.21

 

21.22

 

 

21.23

21.24

21.25

Қағаз бен қатырма қағаздан

жасалатын бұйымдар шығару

Гофрирленген қатырма қағаз, қағаз

бен қатырма қағаз ыдыстарын шығару

Шаруашылық-тұрмыстық және

санитарлық-гигиеналық мақсаттағы

қағаз бұйымдарын шығару

Жазу-қағаз бұйымдарын шығару

Тұсқағаз шығару

Қағаз және қатырма қағаздан

жасалатын өзге де бұйымдар шығару

22

Баспа және полиграфия қызметi, жазылған ақпарат тасығыштарды тираждау

22.1

22.11

Баспа қызметі

Кiтап шығару

22.2

 

22.22

 

22.23

 

22.24

Полиграфия қызметi және осы

салада қызметтер ұсыну

Басқа топтамаларға енгізiлмеген

полиграфия қызметi

Брошюралау-түптеу және әрлеу

қызметi

Баспа нысандарын жасау

23

Кокс, мұнай өнiмдерi мен ядролық материалдар өндiру

23.1

23.10

Кокс өндiру

Кокс өндiру

23.2

23.20

Мұнай өнiмдерiн өндiру

Мотор отынын өндiрудi қоспағанда,

мұнай өнiмдерiн өндiру: бензин,

керосин және т.б.,

этан, пропан, бутан және т.б.

сияқты сұйық немесе жеңiл, орташа,

ауыр газдардың газ тәрiздес

отынын өндiру

24

Химия өнеркәсiбi

24.1

24.11

24.12

24.13

 

24.14

 

24.15

 

24.16

 

24.17

Негiзгi химиялық заттар өндiру

Өнеркәсiптiк газдар өндiру

Бояғыштар мен пигменттер өндiру

Өзге де негізгi органикалық емес

химиялық заттар өндiру

Өзге де негiзгi органикалық

химиялық заттар өндiру

Тыңайтқыштар мен азот қоспаларын

өндiру

Бастапқы нысандардағы

пластмассалар өндiру

Синтетикалық каучук өндiру

24.2

24.20

Агрохимиялық өнiмдер өндiру

Агрохимиялық өнiмдер өндiру

24.3

24.30

Бояулар мен лактар шығару

Бояулар, лактар мен соған ұқсас

жабындылар, баспаханалық бояулар

мен мастикалар шығару

24.4

24. 41

 

24.42

Фармацевтикалық өнiм өндiру

Негiзгі фармацевтикалық өнiмдер

өндiру

Фармацевтикалық препараттар мен

материалдар шығару

24.5

 

24.51

 

24.52

Сабын және жуғыш, тазартқыш және

жылтыратқыш заттар, парфюмерлiк

және косметикалық құралдар шығару

Сабын және жуғыш, тазартқыш және

жылтыратқыш заттар шығару

Парфюмерлiк және косметикалық

құралдар шығару

24.6

24.61

24.62

24.63

24.64

24.65

 

24.66

Өзге де химиялық өнiмдер өндіру

Жарылғыш заттар жасау

Желімдер мен желатин жасау

Эфир майын шығару

Фото материалдар шығару

Дайын, жазылмаған ақпарат

тасығыштарды шығару

Өзге де химиялық өнiмдер өндiру

24.7

 

24.70

Жасанды және синтетикалық

талшықтар жасау

Жасанды және синтетикалық

талшықтар жасау

25

Резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау

25.1

25.11

 

25.12

 

25.13

Резеңке бұйымдарын жасау

Резеңке шиналар, покрышкалар

мен камералар жасау

Резеңке шиналар мен покрышкаларды

қалпына келтiру

Өзге де резеңке бұйымдарын жасау

25.2

25.21

 

25.22

 

25.23

 

25.24

Пластмасса бұйымдарын шығару

Пластмасса тақталар, тілімдер,

құбырлар мен пiшiндер жасау

Тауарларды буып-түюге арналған

пластмасса бұйымдарын жасау

Құрылыста пайдаланылатын

пластмасса бұйымдарын жасау

Өзге де пластмасса бұйымдарын

жасау

26

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндiру

26.1

26.11

26.12

26.13

26.14

26.15

Шыны және шыныдан бұйымдар жасау

Табақты шыны жасау

Табақты шыныны қалыптау және өңдеу

Қуыс шыны бұйымдарын жасау

Шыны талшықтарын жасау

Өзге де шыны бұйымдарын жасау

және өңдеу

26.2

 

26.21

 

26.22

 

26.23

 

26.26

Құрылыста пайдаланылатындардан

басқа, қыш бұйымдарын жасау

Шаруашылық және сәндiк қыш

бұйымдарын жасау

Қыш санитарлық-техникалық

бұйымдарын жасау

Қыш электр оқшаулағыштар мен

оқшаулаушы арматура жасау

Отқа төзiмдi бұйымдар жасау

26.3

26.30

Қыш тақтайшалар мен тақталар жасау

Қыш тақтайшалар мен тақталар жасау

26.4

 

26.40

Кiрпіш, черепица және өзге де

күйдірілген саз балшықтан құрылыс

бұйымдарын жасау

Кiрпiш, черепица және өзге де

күйдірілген саз балшықтан құрылыс

бұйымдарын жасау

26.5

26.51

26.52

26.53

Цемент, әк және керіш өндiру

Цемент өндiру

Әк өндiру

Керiш өндiру

26.6

 

26.61

 

26.62

 

26.63

26.64

26.65

 

26.66

Құйматастан, керіштен және

цементтен бұйымдар жасау

Құйматастан құрылыс бұйымдарын

жасау

Құрылыста пайдалануға арналған

керіш бұйымдарын жасау

Пайдалануға дайын құйматас шығару

Құрғақ құйматас қоспаларын шығару

Асбестцементтен және талшықты

цементтен бұйымдар жасау

Құйматастан, керіштен және

цементтен өзге де бұйымдар жасау

26.7

 

26.70

Сәндiк және құрылыс тасын кесу,

өңдеу және әрлеу

Сәндiк және құрылыс тасын кесу,

өңдеу және әрлеу

26.8

 

26.82

Өзге де металл емес минералдық

өнiм өндiру

Басқа топтамаларға енгізілмеген,

өзге де металл емес минералдық

өнiм өндiру

27

Металлургия өнеркәсiбi

27.1

 

27.10

Шойын, болат және ферроқорытпа

өндiру

Шойын, болат және ферроқорытпа

өндiру

27.2

27.21

27.22

Құбырлар жасау

Шойыннан құбырлар жасау

Болат құбырлар жасау

27.3

 

27.31

27.32

 

27.33

27.34

Шойын мен болатты өзге де

бастапқы өңдеу

Салқындай сым созу

Таспалар мен жiңiшке жолақтарды

сап салқындай илектеу

Салқындай қалыптау мен майыстыру

Сым жасау

27.4

27.41

 

27.42

27.43

27.44

27.45

Түстi металдар өндіру

Асыл (қымбат бағалы) металдар

өндiру

Алюминий өндiру

Қорғасын, мырыш және қалайы өндiру

Мыс өндiру

Өзге де түстi металдар өндiру

27.5

27.51

27.52

27.53

27.54

Металл құю

Шойын құю

Болат құю

Жеңiл металдар құю

Өзге де түстi металдар құю

28

Дайын металл бұйымдарын жасау

28.1

 

28.11

 

28.12

Құрылыс металл құрастырмалары

мен бұйымдарын жасау

Құрылыс металл құрастырмаларын

жасау

Құрылыс металл бұйымдарын жасау

28.2

 

28.21

 

28.22

Металл резервуарлар, радиаторлар

мен орталық жылыту қазандықтарын

жасау

Металл цистерналар, резервуарлар

мен контейнерлер жасау

Радиаторлар мен орталық жылыту

қазандықтарын жасау

28.3

 

28.30

Орталық жылыту қазандықтарынан

басқа, бу қазандықтарын жасау

Орталық жылыту қазандықтарынан

басқа, бу қазандықтарын жасау

28.5

 

 

28.51

 

28.52

Металл өңдеу және металдарға

металл буын жалату; машина

жасаудың негізгi технологиялық

процестері

Металл өңдеу және металдарға

металл буын жалату

Машина жасаудың негiзгi

технологиялық процестері

28.7

 

28.71

 

28.72

28.73

28.74

 

28.75

Өзге де дайын металл бұйымдарын

жасау

Металл бөшкелер мен соған ұқсас

сыйымдылықтар жасау

Жеңiл металдардан орам жасау

Сымнан бұйымдар жасау

Бекіту бұйымдарын, шынжырлар мен

серiппелер жасау

Өзге де дайын металл бұйымдарын

жасау

29

Машиналар мен жабдықтар жасау

29.1

29.11

 

 

 

29.12

29.13

 

29.14

Механикалық жабдықтар жасау

Авиациялық, автомобиль және

мотоциклет қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар жасау

Сорғылар, компрессорлар мен

гидравликалық жүйелер жасау

Крандар мен клапандар жасау

Мойынтiректер, тiстi берілістер,

механикалық беріліс элементтерi

мен жетектер жасау

29.2

 

29.21

29.22

29.23

 

29.24

Жалпы мақсаттағы өзге де

жабдықтар жасау

Пеш және пеш шiлтерлерiн жасау

Көтергiш-көлiк жабдықтарын жасау

Өнеркәсiптiк тоңазытқыш және ауа

тазартқыш жабдықтарын жасау

Басқа топтамаларға енгізілмеген,

жалпы мақсаттағы өзге де

машиналар мен жабдықтар жасау

29.3

 

29.31

 

29.32

Ауыл және орман шаруашылығына

арналған машиналар мен жабдықтар

жасау

Ауыл шаруашылығы тракторларын

жасау

Ауыл және орман шаруашылығына

арналған өзге де машиналар мен

жабдықтар жасау

29.4

29.41

 

29.42

 

29.43

Станоктар жасау

Портативті механикаландырылған

қол аспабын жасау

Металл өңдейтiн өзге де станоктар

жасау

Өзге де станоктар жасау

29.5

 

29.51

 

29.52

 

 

29.53

 

29.54

 

29.55

 

29.56

Арнаулы мақсаттағы өзге де

машиналар мен жабдықтар жасау

Металлургияға арналған машиналар

мен жабдықтар жасау

Пайдалы қазбаларды өндiруге және

құрылысқа арналған машиналар мен

жабдықтар жасау

Сусындар мен темекi бұйымдарын

қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн

өндiруге арналған машиналар мен

жабдықтар жасау

Тоқыма, тігін, үлбiр және былғары

бұйымдарын дайындауға арналған

жабдықтар жасау

Қағаз бен қатырма қағаз дайындауға

арналған машиналар мен жабдықтар

жасау

Басқа топтамаларға енгізiлмеген,

арнаулы мақсаттағы өзге де

машиналар мен жабдықтар жасау

 

 

29.6

29.60

Қару-жарақ пен оқ-дәрi шығару

Қару-жарақ пен оқ-дәрi шығару

  

  

29.7

29.71

29.72

Тұрмыстық аспаптар жасау

Тұрмыстық электр аспаптарын жасау

Тұрмыстық электрлiк емес аспаптар

жасау

30

Кеңсе жабдықтары мен есептеу

техникасын жасау

30.0

 

30.01

30.02

Кеңсе жабдықтары мен есептеу

техникасын жасау

Кеңсе жабдықтарын жасау

Электронды есептеу машиналары мен

ақпаратты өңдеуге арналған өзге

де жабдықтар жасау

31

Электр машиналары мен электр жабдықтарын жасау

31.1

 

31.10

Электр қозғалтқыштар,

генераторлар мен трансформаторлар

жасау

Электр қозғалтқыштар, генераторлар

мен трансформаторлар жасау

31.2

 

31.20

Электрдi бөлетiн және реттейтiн

аппаратуралар жасау

Электрдi бөлетiн және реттейтiн

аппаратуралар жасау

31.3

 

31.30

Оқшауландырылған өткiзгіштер

мен кәбілдер жасау

Оқшауландырылған өткiзгіштер

мен кәбілдер жасау

31.4

 

31.40

Гальвандық элементтер (электр

аккумуляторлары мен бастапқы

элементтер) жасау

Гальвандық элементтер (электр

аккумуляторлары мен бастапқы

элементтер) жасау

31.5

 

31.50

Электр шамдары мен жарық

беретін жабдықтар жасау

Электр шамдары мен жарық

беретін жабдықтар жасау

31.6

31.61

 

31.62

Өзге де электр жабдықтарын жасау

Қозғалтқыштар мен көлiк

құралдарына арналған электр

жабдықтарын жасау

Қозғалтқыштар мен көлiк

құралдарына арналған электр

жабдықтарынан басқа, өзге де

электр жабдықтарын жасау

32

Радиоға, теледидар мен байланысқа арналған аппаратуралар жасау

32.1

 

32.10

Электр және радио элементтерiн

жасау

Электр және радио элементтерiн

жасау

32.2

32.20

Хабар беру аппаратураларын жасау

Хабар беру аппаратураларын жасау

32.3

 

32.30

Дыбыс пен бейнені қабылдауға,

жазуға және шығаруға арналған

аппаратура жасау

Дыбыс пен бейнені қабылдауға,

жазуға және шығаруға арналған

аппаратура жасау

33

Медициналық техника бұйымдарын, өлшеу құралдарын, оптикалық аспаптар мен аппаратуралар жасау

33.1

 

 

33.10

Хирургиялық жабдық пен

ортопедиялық құрылғыларды қоса

алғанда, медициналық техника

бұйымдарын жасау

Хирургиялық жабдық пен

ортопедиялық құрылғыларды қоса

алғанда, медициналық техника

бұйымдарын жасау

  

  

33.2

 

33.20

Технологиялық процестердi бақылау

мен реттеу аспаптарынан басқа,

бақылау-өлшеу аспаптарын жасау

Технологиялық процестердi бақылау

мен реттеу аспаптарынан басқа,

бақылау-өлшеу аспаптарын жасау

34

Автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тiркемелер жасау

34.1

34.10

Автомобильдер жасау

Автомобильдер жасау

34.2

 

34.20

Автомобиль шанақтарын жасау,

тiркемелер мен жартылай

тiркемелер жасау

Автомобиль шанақтарын жасау,

тiркемелер мен жартылай

тiркемелер жасау

34.3

 

34.30

Автомобильдердiң және олардың

қозғалтқыштарының бөлшектерi мен

керек-жарақтарын жасау

Автомобильдердiң және олардың

қозғалтқыштарының бөлшектерi мен

керек-жарақтарын жасау

35

Өзге де көлiк құралдарын жасау

35.1

35.11

35.12

Кеме жасау және жөндеу

Кеме жасау және жөндеу

Спорттық-туристiк кемелер жасау

35.2

35.20

Темір жол жылжымалы құрамын жасау

Темір жол жылжымалы құрамын жасау

35.3

 

35.30

Ғарыш аппараттарын қоса алғанда,

ұшу аппараттарын жасау

Ғарыш аппараттарын қоса алғанда,

ұшу аппараттарын жасау

35.4

35.41

35.42

35.43

Мотоциклдер мен велосипедтер жасау

Мотоциклдер жасау

Велосипедтер жасау

Мүгедектерге арналған арбалар

жасау

36

Жиһаз және басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де өнімдер жасау

36.1

36.11

 

36.12

 

36.13

36.14

36.15

Жиһаз жасау

Отыруға арналған орындықтар мен

басқа да жиһаз жасау

Кеңселер мен сауда кәсiпо-

рындарына арналған жиһаз жасау

Асхана жиһазын жасау

Өзге де жиһаз жасау

Матрастар жасау

36.3

36.30

Музыкалық аспаптар жасау

Музыкалық аспаптар жасау

36.6

 

36.63

Басқа топтамаларға енгiзiлмеген,

әр түрлi өнiмдер жасау

Басқа топтамаларға енгiзiлмеген,

әр түрлi өнiмдер жасау

37

Қайталама шикізатты өңдеу

37.2

 

37.20

Металл емес қалдықтар мен

сынықтарды өңдеу

Металл емес қалдықтар мен

сынықтарды өңдеу

40

Электр энергиясын, газ, бу және ыстық су өндiру

40.1

40.11

40.12

40.13

Электр энергиясын өндiру және бөлу

Электр энергиясын өндiру

Электр энергиясын беру

Электр энергиясын бөлу және сату

40.2

40.21

40.22

Газ тектес отын өндiру және бөлу

Газ өндiру

Газ тектес отынды өткiзгiш

құбырлар арқылы бөлу және оны сату

40.3

40.30

Бумен және ыстық сумен жабдықтау

Бу мен ыстық су шығару және

олармен жабдықтау

41

Су жинау, тазалау және бөлу

41.0

41.00

Су жинау, тазалау және бөлу

Су жинау, тазалау және бөлу

45

Құрылыс

45.2

45.21

 

 

45.23

 

45.24

Ғимараттар мен құрылыстар салу

Ғимараттардың жалпы құрылысын

қоспағанда, жалпы құрылыс жұмыстары

Жолдарды, әуеайлақтарды және

спорттық құрылыстарды салу

Су құрылыстарын салу

55

Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы

55.1

55.10

Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы

Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы

55.2

 

55.21

 

55.22

Қысқа мерзiмдi тұруға арналған

өзге де орындардың қызметтер

ұсынуы

Жастар туристік лагерьлерi мен

таулы туристiк базалардың

қызметтер ұсынуы

Кемпингтердің қызметтер ұсынуы

60

Құрлықта жүретiн көлiк қызметі

60.1

60.10

Темір жол көлiгiнiң қызметi

Темір жол көлiгiнiң қызметi

60.2

 

60.21

 

60.23

 

60.24

Өзге де құрлықта жүретін көлiк

қызметi

Кестеге бағынатын өзге де

құрлықта жүретiн көлiк қызметі

Өзге де құрлықта жүретiн

жолаушылар көлiгiнiң қызметі

Автомобильдiк жүк көлiгiнiң

қызметi

60.3

60.30

Өткiзгiш құбырлармен тасымалдау

Өткiзгiш құбырлармен тасымалдау

61

Су көлiгiнiң қызметі

61.1

61.10

Теңiз көлiгiнiң қызметi

Теңiз көлiгiнiң қызметi

61.2

61.20

Өзен көлiгiнiң қызметi

Өзен көлiгiнiң қызметi

62

Әуе көлiгiнiң қызметi

62.1

 

62.10

Кестеге бағынатын әуе көлiгiнiң

қызметі

Кестеге бағынатын әуе көлiгiнiң

қызметі

62.2

 

62.20

Кестеге бағынбайтын әуе көлiгiнiң

қызметi

Кестеге бағынбайтын әуе көлiгiнiң

қызметi

62.3

62.30

Ғарыш көлiгінiң қызметi

Ғарыш көлiгінiң қызметi

63

Көмекшi және қосымша көлік қызметі

63.1

63.12

Жүктерді көлiкте өңдеу және сақтау

Сақтау және қоймаға қою

63.2

63.21

 

 

 

 

63.22

 

63.23

Өзге де көмекші көлiк қызметi

Азаматтарға тиесілі көлiк

құралдарын сақтау жөніндегі

қызметтердi қоспағанда, құрлықта

жүретін көлiктiң өзге де көмекшi

қызметi

Су көлiгінiң өзге де көмекшi

қызметi

Әуе кеңiстiгiн пайдалануды

реттеудi қоспағанда, әуе көлiгiнiң

өзге де көмекшi қызметi

64

Байланыс

64.2

64.20

Электр байланысы

Электр байланысы

92

Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру жөніндегі қызмет

92.1

 

92.11

Кино- және бейнефильмдермен

байланысты қызмет

Жарнамаға арналғандарды қоспағанда, кино- және бейнефильмдер шығару

92.6

92.61

Спорт саласындағы қызмет

Боулингке арналған залдарды

қоспағанда, спорттық

объектiлердiң қызметi

92.7

 

92.72

Демалыс пен ойын-сауықты

ұйымдастыру жөніндегi қызмет

Басқа топтамаларға енгізілмеген,

тек жағдай қызметі бөлігіндегі

демалыс пен ойын-сауықты

ұйымдастыру жөніндегі өзге де

қызмет

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку