(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 12 ШІЛДЕДЕГІ № 1063 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 12 шілдедегі № 1063 Қаулысы
(2011.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтардың еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін таңдауына конституциялық құқықтарын іске асыру, халықты құжаттандыру және есепке алу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 260 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін қолдану туралы нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық атқарушы органдар бір айлық мерзімде өздерінің нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
| Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 12 шілдедегі
№ 1063 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1260 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «шетел азаматтары», «шетел азаматтарына», «шетел азаматының», «шетел азаматтарының» деген сөздер «шетелдіктер», «шетелдіктерге», «шетелдіктің», «шетелдіктердің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу
ережесі
ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1260 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.03. № 166 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа