(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 12 шілдедегі N 1063 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 22.08.02 ж. N 941
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы N 260 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтардың еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін таңдауына конституциялық құқықтарын іске асыру, халықты құжаттандыру және есепке алу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін қолдану туралы Нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық атқарушы органдар бір айлық мерзімде өздерінің нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 12 шілдедегі
N 1063 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру
және тіркеу ережесі
Редакция документа
Демо – версия документа