«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 Қаулысы (2012.21.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 Қаулысы
(2012.21.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2012.21.01. № 148 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
кіріспенің екінші абзацындағы «Шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» деген сөздерден кейін «, «Босқындар туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) босқын куәлігі.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Босқын куәлігі Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен босқын мәртебесі берілген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа