(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫН ҚҰЖАТТАНДЫРУ ЖӘН...
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 12 шілдедегі № 1063 қаулысы
(2009.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтардың еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін таңдауына конституциялық құқықтарын іске асыру, халықты құжаттандыру және есепке алу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 260 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Әдiлет министрлігі белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін қолдану туралы Нұсқаулықтарды әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық атқарушы органдар бір айлық мерзімде өздерінің нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
| Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 12 шілдедегі
№ 1063 қаулысымен
Бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1260 қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «шетел азаматтары», «шетел азаматтарына», «шетел азаматының», «шетел азаматтарының» деген сөздер «шетелдіктер», «шетелдіктерге», «шетелдіктің», «шетелдіктердің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру
және тіркеу ережесі
ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1260 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа