(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 20 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1946 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық
комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысы
(2008.29.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
2. Мыналар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Үкіметінің 1999 жылғы
20 желтоқсандағы
№ 1946 қаулысына
1-қосымша
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 357; 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) 02.08.04 ж. № 820 (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 362 (бұр. ред. қара); 2006.25.08. № 815 (бұр.ред.қара); 2007.29.01. № 63 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. ЖҒТК-ні төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялар саласындағы уәкілетті органдардың бірінші басшылары тұлғасындағы екі орынбасары болады.
ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Редакция документа
Демо – версия документа